Ааааай жігіттер, мен өзім құдайға шүкір боянбаймын. Қандай жағдай болмасын. Себебі, жігіттердің көбісіне ұнамайтындығын білем, мысалы оны маған сыныптас немесе дос жігіттер айтып жатады "Боянатын қыздар ұнамайды, өтірік келбет жасап алған" деп. Бірақ көшеде көре қалсаң болды беті бес батпан макияж жағылған қыздармен жүреді сол жігіттер. Өз басым қасымды да термей, тырнағымды да өсірмеймін және шашымды да қиғым келмейд. Ол Алланың берген сұлулығын құрту ретінде харам іске жатады. Және ол табиғи сұлулықты ескеріп жатқан бір жігітті көрмедім. Көпке топырақ шашпай-ақ қояйын, кешіріңіздер жігіттер, алайда мен көрген жігіттерден ондай табылмады. Тіпті өздеріңіз шаш өсіріп, сырға таққан жігіттерді көрген де боларсыздар