0 дауыс
36.7k көрілді
Бүгінгі тарихшылар бұл сөздің не мағына беретінін дәл таба алмай сан-саққа апарып, қисынсыз жорамалдар шығарған. Мысалы, 1) «қаз-ақ», яғни «ақ-қаз» деп; 2) «қазғыш-добытчик» деп; 3) «қай-сақ», «қас-сақ», яғни түбірі «сақ» тайпасының атауы деп, үйлестірмек болады. Мұндағы «қас-сақ» деген болжалды дұрыстау деп санап, қисынсыздығына көз жұмып, «қазақстан тарихы» оқулығына ендіріп те жіберген.  Ал Қытай парсы деректерінде басқалай айтылады.Достар өздерін қалай ойлайсындар ҚАЗАҚ сөзі қандай мағына білдіреді?

11 жауап

0 дауыс
Қазақ этнонимын шығу тегі

Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.

Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған.
0 дауыс
«Қазақ» сөзі – жауынгерлік ұғым.
 «Қазақ» сөзін зерттеген Сәкен Сейфуллин атамыз «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат» атты еңбегінде, Мұқаметжан Тынышбайұлы деген тарихшының еңбегіне сүйене отырып қисынын былайша өрбітеді:
 * 1) Наков деген орыс шежірешісі: «1223-жылы Шыңғыс әскері Кавказ тауынан асып келіп, «қазақ»(касах) жерін басып, қыпшақтарды қиратып, сонан соң орыстарды қиратқан» деп жазған.
 2) Атақты Ноғайханның заманында, Кавказдан черкестерді шақырып келіп, Рылск деген қаланың маңына орнатқан. Сол черкестер өздерін өздері «қазақпыз» деген.
 3) 1397-жыл мен 1410-жылдарда Қырым татарларының біразы Литва еліне ауып барған. Литва королінің хат тасушысы қызметінде болған татарлар «қазақ» атанған. Ол кезде орыстың «казак-орыс» дегендері шықпаған кез еді.
 4) Күншығыс жақта 1456-жылы Жәнібекті хан көтерген ноғайлар – қазақ атана бастап Қазақ хандығын құрғанда, 1474-жылы Қырым ханы Меңлікерей, 3-Иван атты орыс князіне жазған хатында: «Сенің жеріңді тартып алуға мен ұландарымды, мырзаларымды - қазақтарымды жібермеймін» - деген.
 5) 1523-жылы Морозов деген орыс Түрік сұлтанына айтқан сөзінде: «сенің қазақтарың бізге тие береді» деген.
 Бұл мағлұматтардан көретін нәрсе мынау: көп елінен оқшауланып шығып, жауынгерлік кәсібінде болғандарды «қазақ» деген!»- депті Сәкең.*(Сәкен Сейфуллиннің «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат» деген еңбегі Алматыда 1997жылғы Е.Аққошқаров құрастырған, «Қазақ тарихынан» кітабының 284-321-ші беттерінде жарияланған).
 Шоқан Уәлихановтың айтуынша: «қазақ сөзінің әргі мәні – жан мен тәннің еркіндігі мен биік рухын білдіретін, европалық серілікке(рыцарство) тән!»- екен.
 Бүгінгі Ресейдегі Құмық, Ноғай атты халықтар тілінде «қазақ» сөзі әлі күнге дейін «жауынгер» деген мағынасын жоғалтпапты.
 Орыстың әйгілі тарихшылары Н.М.Карамзин, В.В.Бартольд, В.Даль, В.В.Радлов, П.Бутков, Г.Ф.Благова және тағы басқалары, «қазақ» есімін зерттеп, оның әскери термин екенін және көне түркілерден шыққан әскери дәстүрдің атауы екенін атап өткен. Әйгілі «Тихий Дон» романының авторы, жазушы М.Шолохов : «На Дону я – казак, на Урале – казах», - деп, «орыс-казак» дегеннің түбі түркі текті халық екенін меңзеген.
0 дауыс
1.
Қазақ Батыр деген уғымды білдіреді.

----------


казак сзи Батыр деген угымды билдиреди
0 дауыс
Қазақ  - "қас" "Сақ"  - қас деген нағыз, мықты деген мағынаны білдірсе, Сақ деген қазақстан дерінде ертеде мекендеген тайпаның атауы. Қассақ деген сөздегі екі "с" әріптегі солға қарап тірінің үстіне бірі шығып алып "З" әріпіне айналып кеткен, сосын Қазақ сөзі шыққан
0 дауыс
*Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда  "Қазақ" деген атау Орхон,Енисей жазбаларындағы "Қазғақ  оғлұм" деген сөздегі "ғ" әрпінің  түсіп қалу нәтижесінде тұрақтанған.
*Ежелгі Сібір тайпаларының тайпаларының тілдерінде "қазақ" сөзі "мықты","берік","алып" ағынасын берген.
*ХІІІ ғасырға дейін "қазақ" сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып,дастандық сүйгіш "еркін адамдар" деген мағынада қолданылып келген.
+1 дауыс

Қазақ сөзі "қас","сақ" сөздерінің бірігуінен жасалған.Мұнда Нағыз САҚ деген мағына береді Сақтар баяғыда ДОСҚА-АДАЛ,ДҰШПАНҒА-ҚАТАЛ болған

0 дауыс
Қазақ кеңдік еркіндік Бурынгы казак халкы кендикти ансаган
0 дауыс

«ҚАЗАҚ» сөзі қандай мағына береді?

Қазақ халқы бүгінгі күнге басында Аз-Ата (Әз-Әке), Азақ, Азан, Азар, Азық, Азау, Азаулы, Азия, Қаз, Қазақ, Қазан, Қазар, Қазық (Түп қазық), Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан болып бүгінгі күнге жеттік. Сан мыңдаған жылдардан бері қазақ халқы «мың өліп, мың тіріліп» осы түп атасының атынан айрылмай келеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақ елі атауының сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) «Аз». Қазақтың ауыз-екі әңгімелерінде олар «Әз әулие» делінеді. Күні бүгіндегі тарихта аттары қалған Аз, Азаулы елі мен Азау (Азов) теңізінің аттары да солардан қалды. Әлемдегі ең үлкен құрылықтың Аз-ия (Иә, Қазақтың ұлы қағаны Шыңғысхан шыққан Қиян (көпше атауы Қият) руы атауының сөз түбірі, бұл жерде сонымен бірге «Иә, дәл солай» деген мағынада қолданылып тұр) аталуы да осыдан. Ежелгі жыр-дастандардың бәрінде де, тіпті күні бүгінгі жергілікті қазақтардың сөзінде Манқыстауды мекендеген 360 әулиенің ішіндегі ең ерекше қастерлісі осы «Әз әулие» делінеді. Күні бүгінгі сөздік қорымызда да «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Ол Әз Әулие емес қой», «Неге сен оны соншама, Әз әулие қылып отырсың?», немесе «Тасташы әрі, Әз әулие қылмай?» деген сөз тіркестерін жергілікті халық жиі қолданады. Демек, осы әулиелердің ең біріншісі де, ең ұлысы да, ең қасиеттісі де, ең ардақтысы да Қазақ деген атпен бүгінгі күнге жеткен елдің негізін қалаған, түп атамыз осы Әз әулие. Қазақта осы атамыздың есімі данышпан, әзіз (ең аяулы) жан деген мағына да қолданылады. Қазақтың асыл ұлдарына халықтың құрметтеп берген лақап (мадақ) аты осы «ӘЗ» атамыздың есімі. Мысалы, Әз Наурыз, Әз Түрік, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әзіреті Сұлтан (Қожа Ахмет Яссауи), Әзіреті Расул (Мұхаммед Пайғамбар), Баба Түкті Шашты Әзиз, Әбдул Әзиз Баб, Қарабура Әз әулие (Бурахан Әзі) т. б. болып жалғасып кете береді. Әз атамыздың әулеттері көбейіп ел аталып, әлемдік ұлы қағанатқа айналған кезде олар өздерін енді «Аз» емес «Қаз» деп атап осы сөзге бүкіл елдің, мемлекеттің негізгі айрықша белгілерін сыйғызды. Ал, Аз-дың алдында тұрған «Қа» буыны Қар мен Қара деген мағына береді. Себебі, біріншіден Қар (ақша қар) Аға мен Ақиқаттың (шындықтың) балама атауы, екіншіден Қара (қар (ақ) мен қара) аралас, ала деген мағынада қолданылады. Қазақтың Алаш, Алты Алаш ұғымдарының бастауы осы. Міне осылайша, «Қазақ» деген бір ауыз сөзге осы сөзді ойлап тауып дүниеге әкелген елдің барлық болмысы, шежіре-тарихы, мемлекеттік құрылымы:

- Қаз тұру, қаз басу, қаз-қаз басу, қаза болу (адам өмірі);

- Қазық (а. Қағылған орнынан қозғалмайтын қазық; ә. Орнынан қозғалмайтын қазық жұрт, яғни мәңгі ел);

- Түп қазық (Қазақ елі бүкіл әлем елдерінің түп қазығы);

- Темірқазық – а. Орнынан қозғалмайтын аспандағы жұлдыз. Қараңғы түнде адасқан жандар осы жұлдызға қарап жол табады. ә. Балама мағынасы, мәдениеті адасқан (азған) елдер қазық жұртқа (қазаққа) қарап жол табады. Адамның (елдің) ұстанған бағыты (адам баласы бірігіп ел болуға тиіс. Мақал: «Жалғыз ағаш орман емес»);

- Қазы (мемлекеттегі (қағанаттағы) әділ билік). Адасқан елдерге де, адамдарға да біздің аталарымыз ғана төрелік жасауға құқылы болған;

- Қази, қазірет (дін, ар, иман);

- Қазине (құдірет);

- Қазауат (Ғазауат, мұсылман діні үшін жүргізілетін қасиетті соғыс);

- Қазына (мемлекет мүлкі, байлығы);

- Қазу (құдық қазу, арық қазу яғни елді сумен қамтамасыз ету);

- Қазба (жер асты байлығы);

- Қазбалау (өткен тарихқа үңілу);

- Қазғану (күресу);

- Қазір (уақыт өлшемі, қазірге дейін (өткен шақ), қазір (осы шақ), қазірден кейін (келер шақ); Қаз бір, Қаз пір деген екі біріккен сөзден құралған.



Тарих тағлымы: «Қазір (Қаз бір, Қаз пір)», «дәл қазір» және «бүгін» деген уақыт өлшемдері Қазақтың және Нұқ пайғамбар атамыздың және оның қауымының лақап аттары. Қазір деген уақыт өлшемінің Қазақпен, бүгіннің Нұқпен түбірлес болатыны осыдан. Бүгінгі күн (Нұқтың алдындағы қауымдар сияқты, Нұқ қауымы да) өтеді, ал қазіргі уақыт (қазақ) ешқашан өтпейді. Сол үшінде Аталарымыздың таңбасы «Тіл» болып, оларды бүкіл әлем Тау би, Көп би, Қас би (Каспий) деп, ал мына батыстықтар (соның ішінде орыстарда) дәлдеп тұрып ең алғашқы тілі шыққандар (тілділер, язычники) деп атаған.



- Қаз-қатар (ең бірінші дүниеге келген қазақ елінің артынан қаз-қатар тізіліп өзге елдердің дүниеге келуі, қатардың басында орыс, орман, қырым, қытай, арап, парсы сияқты өзге елдер емес Қаздың тұруы тек қана осыны білдіреді). Бұл сөздің басқа мағынасы жоқ;

- Қаз-қалпында (айнымайтын алғашқы бейнесінде. Қаз елінің мемлекеттік құрылымы әу баста қалай болды, күні бүгінде де сол қалпында, ештеңе өзгерген жоқ);

- Қазақи (қазақ үлгісі бойынша жасалған);

- Қазар (а. Қаз – ар (Қаз ардың, яғни сөз түбірінде Ар деген ұғымы бар барлық рулар, тайпалар, елдер мен мемлекеттердің атасы. Мысалы, Ақ (аға) Арыс, Жан Арыс, Бек Арыс, Арап, Армян, Парсы, Қазар қағанаты, Қазар (Қас би) теңізі т.т. );

Түсініктеме: Адамның қорғауға тиіс ары: Ар-иманы (сенімі), Атамекені (Отаны) және отбасы). Осы үш ұғымдағы көрсетілген дүниелер адамда түгел болмаса, немесе оны қорғамаса ол адамды Арсыз (имансыз) деп атаған.

- Қазан (а. Күз айы: егіннің пісіп, малдың семіріп қоймаға, қазанға түсетін мезгілі, яғни адамның да, мемлекеттің де әл-ауқаты, ішер асы; ә. Отқа шыдамды ас пісіретін ыдыс; б. ел, жұрт (Қазан қағанаты, (хандығы));

- Азан-Қазан – барлық әлем елдері, яғни Қаздың інілері мен ұрпақтары, бастау кезеңнен ғасырлар (100 жыл) мен дәуірлер (1000 жыл) өткен сайын аралары алшақтап, тілдері бөлектеніп бірін-бірі түсінбей, у-шу болып кеткен кезеңі), Азан – а. таңертеңгі мезгіл, баламасы бар дүниенің бастауы, ә. Азан шақыру (намазға шақыру), б. Азан шақырып сәбиге ат қою;

- Қазан-Қазан (өте көп, мол);

- Қазақ (Қаз ақ (аға)- Әлем елдерінің ағасы;

- Қазақ (Қаз ақ (ақиқат) – Қазақ елі Ақиқаттың атасы);

- Қазақ – Қаз ақ (Ақ Қаз – сыңары үшін жанын қиятын, ең ару, ең сұлу, ең қасиетті, киелі құс). Атам Қазақтың «Ақ Қу менен Қаз, Адай менен Таз егіз» дейтін мақалдарының сыры осы. Қазақтың адами қасиеті осы ару құсқа ылайық болғаны үшін қойылған. Авторлық құқық сақталып тұр;

- Ата Қаз – (Ақ Қаздарды бастап ұшатын Ата Қаз, ал елге байланыстысы Қазақ әлем елдерінің атасы);

- Қапқаз (Кавказ) – (а. Сөз түбірі Ап (апа) пен Аз (Қаз), яғни қазақтың апасы (анасы) мен атасының атындағы тау. ә. Жерді қоршап тұрған ұлы биіктік, Қазақтың ұлы тауы; б. Қапы, Қазақтың қақпасы) түгел сыйып тұр. Сөз түсінген адамға бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?! Жер бетіндегі қай елдің атауы дәл осындай мән-мағынаға ие бола алады?! Жарайсыңдар, Аталарым! Сөз жасасаң, осылай жаса! Тарих жазсаң осылай жаз!

- Қаз би. - а. Ең алғаш тілі шығып, өз тілдерін Ана тілі деп атаған ұлы халық. Бұл тілде Адам Ата мен Ауа Ана сөйлеген. Бізден және бізге ең жақын туыс елдерден өзге елдер тілдерін Ана тілі деп атамайды. Олар туысқан (родной) немесе орыс тілі, арап тілі, парсы тілі, қытай тілі т.т. деп ұлттарының атына байланысты ғана атайды. Себебі, Олардың өз тілдерін Ана тілі деп атауларына құқықтары жоқ. Авторлық құқық тек қана қазақта. Сондықтан, Қазақтың Ана тілі дегені, бұл бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз; ә. – Адамзаттың рулық шежіресін, яғни өткен тарихты толық меңгерген би адам; б. Адамдар, рулар, тайпалар, елдер арасындағы дауларға билік айтушы адам; г. Билік жасау (ел билеу); Сол үшінде ғой, ежелгі Қазақтарды бүкіл әлем елдерінің Қаз би (Қас би) деп атап жүргендері!

Түсініктеме: Каспий (Қас би) теңізі атауының шығу тегі осы.

Бұл жерде арнайы атап өтілуге тиісті басты бір мәселе бар. Ол қазақ халқының өз елінің орталығын Астана, Астана жұрт деп атайтындығы. Өздеріңіз көріп отырғандай, А-стан-а атауының құрамында, яғни қақ ортасында Стан деген түбір сөз тұр. Демек, «стан» біздің төл сөзіміз. Бұл атау кезінде қазақ даласының орталығы, яғни Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт (Қазық жұрт) тауында дүниеге келген. Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған осы Қазығұрт тауының (Жуды деп те аталады) басы ең алғашқы «стан» (екі-үш күрке және уақытша тұрақ) болды.

Қазақта «Стан» деген түбір сөз тек қана екінші буында қолданылады. Астана, астан (ауру астан, дау қарындастан), дастан, жастан, бастан (О, бастан-ақ), оқыстан, ұстану, ұстанбау, бостандық, ластану т.т. болып кете береді. Яғни, адам баласының мынау тіршілігі қайдан? басталды деген сұраққа Нұқ пайғамбардың алғашқы тұрағы «Станнан» - Түркістаннан басталды деп жауап береді. Олардың (Қосайлардың) сол кеме тоқтаған жерден кейінгі қоныстанған жері, яғни қос-қостан үй тіккен жері Қостанай. Сол қосты тіккендер Қаз Адайдың үшінші буын ұрпағы және екінші немересі Қосайлар. Бұл ұғымдардың барлығының сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) Ос болатыны осыдан. «Ос» - өзек. Мысалы, «Жер өз осінде айналады», Қос нүкте – Қосай Нұқтың лақап аты. Космос – Қосай мост (Қосай көпір). Бұл дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес. Енді осының қасына Қостанай қаласының ортасын қақ жарып өтетін өзен атауының Тобыл (Тобыш - Адай атаның тоғызыншы буын ұрпағы) және сол облыста Адай атты жер мен Адай атты елді мекен бар екенін қосып қойыңыз.

Соған сәйкес, орыс тілінде «станица» (үй саны 2-3 үйден тұратын кішкентай елді мекен) және уақытша тұрақ «станция» (поездардың 5-10 минут аялдап өтетін жері), полевой стан (егіншілердің уақытша тұрағы), «охотничьи стан» (аңды бір жерде жатып мәңгі ауламайсың), «сенокосный стан» (бір жердің шөбін мәңгі шаппайсың, 2-3 күннен кейін басқа жерге ауып қонасың) делінсе, бұл сөз парсы тілінде сол елдің шет аймағындағы көлемі кішкентай елді мекен (провинция) дегенді білдіреді.

Осыған сәйкес ең алғашқы кеме тоқтап, кемедегілердің тұрақтаған жері мен елі Астана жұрт деп аталып келеді. Осы үлгіні басшылыққа алған бүкіл әлем елдері өз елдерінің басқару жүйесі орналасқан қаласын Астана немесе Бас қала деп атайды. Астанасы (бас қаласы) жоқ ел болмайды.

Демек, келешек те Қазақ елін, оның Ана тілін, теңдессіз Ұлы мәдениетін сол ежелгі Ұлы Аталарымыздай бүкіл әлем елдерінің рухани астанасына айналдыру және оны мойындату келер ұрпақтың абыройлы борышы болмақ.



Тарих тағлымы: «Қазақ» деген бір ауыз сөзге адамның да, осы сөзді ойлап тауып дүниеге әкелген елдің де барлық болмысы, мемлекеттік құрылымы: Қаз тұру, қаз басу, қаз-қаз басу, қаза болу (адам өмірі); Қазық, түп қазық (Қазақ елі бүкіл әлем елдерінің түп қазығы), Темірқазық - ұстанған бағыты (адам баласы бірігіп ел болуға тиіс. Мақал: «Жалғыз ағаш орман емес»), Қазы (мемлекеттегі әділ билік), Қази, қазырет (дін, ар, иман), Қазине (құдірет), Қазауат (мұсылман діні үшін жүргізілген қасиетті соғыс), Қазына (мемлекет мүлкі, байлығы), Қазу (елді сумен қамтамасыз ету), Қазбалау (өткен тарихқа үңілу), Қазғану (қазақ болу үшін күресу), Қазір (уақыт өлшемі), Қазан (а. Күз айы: егіннің пісіп, малдың семіріп қоймаға, қазанға түсетін мезгілі, яғни адамның да, мемлекеттің де әл-ауқаты, ішер асы; ә. Отқа шыдамды ас пісіретін ыдыс; б. ел, жұрт), Қаз-қатар (ең бірінші дүниеге келген қазақ елінің артынан қаз-қатар тізіліп өзге елдердің дүниеге келуі), Қаз-қалпында (сол алғашқы өзгермеген бейнесінде қалуы), Қазақи (қазақ үлгісі бойынша жасалған), Қаз би (адамзаттың бүкіл шежіресін білетін, әлемді билеуші және оларға билік айтушы ең ұлы ел) түгел сыйып тұр. Сөз түсінген адамға бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?! Жер бетіндегі қай елдің атауы осындай мән-мағынаға ие бола алады?! Бүткіл жер бетінде атауы дәл осындай мағына беретін бірде-бір ел болып көрмеген, бола да алмайды.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстаудан

0 дауыс
тілдің қасиетін сөз мағынасынан басқа тағы қандай нәрселер білдіреді
0 дауыс
Қазақ сөзі азаттық,еркіндік ұғымын береді
0 дауыс
Менің пікірімше қазақ сөзі Сақ сөзіне қатысы бар, Сақтардың 2000-3000 жыл тарихы бар, неге арабтарға әкеліп тірейді , арабтар пайғамбар келгенше надан болды ғо, Деректі қытайдан іздеу керек.
...