Әлемде ең танымал, ең жақсы, ең сәнді әндердің болатынын білесіз... Ал «Ең қысқа әннің болуы мүкін бе?» деген сұрақ сізді мазаламай ма? Мұндай композициялық туынды бар. Мұны өзінің белгілі бір дәрежесіне жеткізе «Napalm Death» деп аталатын Ұлыбританияның ағылшын тілді музыкалық тобы орындайды. «You Suffer» (қазақ тіліне аударғанда – «сен қайғырасың») әні дәл 1,316 секундты алады. Иә, 1,316 секундты! Осынысымен де ол әлемдік рекорд жаңартып, Гиннестің рекордтар кітабынан ойып тұрып орын алған.
Бұл шығарма 1986 жылы Николас Буллен мен Джастин Броадрик «From Enslavement to Obliteration» деп аталатын кезекті жаңа композицяларын шығаруға кірісіп жүрген кезінде дүниеге келген. Кейіннен 1987 жылы жарыққа шыққан. 2007 жылы осы әнге клип түсіріліп, аңызға айналған табысты ән болып музыка тарихында қалды.
Ал әлемдегі ең ұзақ ән ше? Осыған дейін The Hoosiers деп аталатын ағылшындақ топ 46 минутқа созылатын "Choices" әнін шығарып қойған болатын. Жақында жаңа рекорд қойылмақ.
Әлемдегі ең ұзақ әнді дүниеге әкелу үшін австралиялық музыканттар күн сайын студияға жиналады. Ондай ерекше шығарманы тудыру тек нағыз музыка сүйер дарындардың қолынан ғана келетін дүние. Әннің жарыққа шығуы үшін Австралияның түкпір-түкпірінен 168 музыкант ат салыспақ. Идеяның авторы, сонымен қатар, болашақ рекордтың орындаушысы, Австралияның ішкі істер және мәдени мұра жөніндегі министрі Питер Гарретт. Ол әрі Сиднейлік «Midnight Oil» атты рок-группаның белсенді музыканты. Топтың басты екі мақсаты бар: біріншісі - Nordoff-Robbins Music Therapy (адамдарды музыкалық терапеямен емдеу) қайырымдылық қорының ақшасын түгендеп, орнын толтыру, ал екіншісі - дарынды тәуелсіз музыканттардың барын көрсету. Сонымен қатар, музыканттар Гиннестің рекордтар кітабына енуді де армандап отыр. Сондықтан олар арнайы сарапшыларды шақырып, концерттен түскен қаражаттың аталған қайырымдылық қорына өткізілетіндігіне көздерін жеткізбек. Олардың қарсыластары да жоқ емес, осы уақытқа шейін The Hoosiers деп аталатын ағылшындақ топ 46 минутқа созылатын "Choices" әнін шығарып қойған болатын. Алға жоспарланып отырған австралиялық музыканттардың композицясы осы ағылшындық топтың қойған рекордынан асып түсер ме екен?! Оған уақыт төреші.