Тал - бұталы және ағаш тектес өсімдік . Табиғатта 170 түрі бар.Биіктігі - 10-15 м, кейбір түрлері 40 м-ге дейін жетеді. Тал түрлерінің көгалдандырудакөбінесе бойы аласа, бұтақтары ирек, жайыла өсетінжалғанбалы сұрыптары қолданылады. Сопақтау келген ұзын жапырақтары бар. Түсі - сұрғылт-жасыл, жас жапырағыақшыл түсті жаңа жарған гүл секілді көрінеді. Талдың тағы бір түрлерін бұтағының әдемілігіне бола өсіреді. Бұтағы ирек, тік немесе жайылып өсетін – ағаш және бұталы түрлері бар. Бірақ оныңбарлық түрі ерте бүр жарып, бірінші болып жапырақтарын түсіреді. Табиғатта ылғалды жерлерде, өзен-су маңайларында өседі. Сондықтан да оның аты латын тілінен аударғанда «sal» - жақын, «lis»- су деген мағына береді. Жапырағындағы ақуыздың құрамы 12-18% болғандықтан, талдың жас шыбықтарына мал әуес келеді.Көктемде сырға секілді үлбіреген гүл жарады. Гүлінде аналық пен аталық қатар орналасатындықтан өзара тез будандасып көбейе береді. Сол себепті де ол өзен-су маңайларында тез таралып, тоғайға айналады. Қазақ жерінде бұтақтары жайылып, төмен қарай салбырап өсетін “мәжнүнтал” және бұтақты түрге жататын “ешкітал” деген түрлері бізге жақсы таныс. Ал, бұтақтары жоғары қарай иректеліп өсетін түрі “максудана” деп аталады. <a href="http://vfl.ru/fotos/9de7ea3b1525379.html"><img src="
alt="1024px-Salix alba 020" title="1024px-Salix alba 020" border="0"></a>