Шарх:
Ырым — қарға, жапалақ, қара мысықтың жолды кесіп кетуі сияқты басқада нәрселермен жамандыққа жору. Адам баласы бір іске қарар берсе, содан соң бұл істен бір нәрсені көреді де оны қайтарады, міне осы ширктің қатарына жатқызылған ырым. Өйткені бұл істі істеуші Аллаға деген тәуекелді қойып, бұл нәрселер келе жатқан жамандыққа тойтарыс беретін бір билікке ие деп сенді. Ал жақсылыққа болжау (Фәл) болса, онда жүректің Алладан басқаға байланысы жоқ. Өйткені адамзат өзін қуантатын нәрсені естігенде не көргенде талапқа сай көңілі көтеріліп, бір күшті сезер, ал бұл Аллаға деген жақсы ой болады.
Хадистерден алынған пайдалар:
- Ырымдануға болмайды.
- Ырым, Алладан басқа оның зияны не пайдасы бар деген сеніммен амалды тастауға себеп болса, серік қосу болады.
- Алла тағаладан жақсылықты күтіп, істерді жақсылыққа болжау сүннет.