0 дауыс
225k көрілді
баланың іші өтуін тоқтату үшін не істеу керек?

15 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазір көкөністердің пісе бастаған кезі. Осы мезгілде жеткіншектер әсіресе кішкентай бүлдіршіндер шала піскен немесе жуылмаған жеміс-жидектерді жеп қойып, соның салдарынан түрлі іш ауруларына тап болып жататыны жасырын емес. Ал мұндайда не істеу керек екендігін көпшілігіміз біле бермейміз.

Бала емізіп жүрген ананың ас мәзірі өте қатаң бақылауда болуы тиіс. Бірақ, мұны барлық ана елей бермейді. Алайда дәрігерлер, бала емізетін ананың барлық аллергенді тамақтарды мүмкіндігінше қолданбауға кеңес береді. Олардың қатарына қызыл және қызғылт сары жемістер мен көкөністер кіреді. Атап айтар болсақ, сәбіз, қызыл алма, апельсин, мандарин секілді жемістерден аулақ болыңыз. Сондай-ақ көкөністердің бірнеше түрін қолдануға болмайды. Бала емізіп жүрген ананың ас мәзірінде ақ қырыққабатқа, қиярға, қызанаққа орын жоқ. Себебі қырыққабат ішті кептіреді, ал қияр баланың дәретін бұзады.

Егер күнделікті тұтынып жүрген азық-түліктерді пайдасы мен зияндылығына қарай іріктей бастаса, көбі жарамсыз болып қалары сөзсіз, әрі емізулі әйелдің жеуіне болмайды. Бірақ, дәрумендер мен минералдардың негізгі қоры жеміс-жидек пен көкөністерде болатындықтан, оны талғаммен таңдап жеген дұрыс. Бұл ретте бала емізетін әйел міндетті түрде дәрігер-педиатрдың кеңесіне жүгінуі тиіс.

Дегенмен, жаз маусымы басталғаннан іш ауруы яғни диарея диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына келіп түсіп жататын балалардың дені емшектегі сәбилер. Көбіне анасы қыс бойына сағынған жемістерді құмарлықпен жеп қойып, сәбилерінің іші өтіп жатады. Бұл тұста да дәрігерлер көкөніс пен жемістерден мүлдем бас тартуды ұсынбайды. Мөлшермен, жай ғана дәм ауыз тиюі керек. Егер баланың жасы 6 айдан асып, қосымша тамақтар беріліп жатса, көкөністерді жеуіне болады. Бірақ сәбидің жасы одан кіші болса, бас тартқаны жөн.

Диарея. Бұл — балада су аралас сұйық нәжісінің болуы. Сұйық нәжіспен бірге, ауырған бала өз ағзасындағы керекті су, тұз және көптеген пайдалы заттарды жоғалтады да, ауруы онан сайын асқына түседі. Баланың іш өтуімен бірге құсық пайда болады. Осының салдарынан науқастың денесі дел-сал болып, жағдайы, көңіл-күйі нашарлайды. Осы өзгеріс медицина тілінде «дегитратация” яғни, «сусыздану” деп аталады.

Бала ағзасының сусыздануы әртүрлі болады. Ауыр, орташа және жеңіл. Сусыздану дертін дер кезінде емдемесе, бала одан әрі әлсіреп, басқа да жұқпалы ауруларға қарсы тұратын күшін жоғалтады. Дерт дендеп кетеді.
Сусыздану белгілеріне тоқталар болсақ. Іші өтіп, ағзасы сусызданған бала мен сау баланы салыстырсақ, ауру баланы оның бет әлпетінен-ақ ажыратып алуға болады. Ауру баланың аузы кеберсіп, көңіл-күйі түсіп, мазасыздана жылап, көздері шүңірейіп тұрады. Емшектегі нәрестенің ағзасы сусызданғанын маңдай еңбегінің төмен түсіп кеткенінен білуге болады. Оның дем алысы тереңдеп, жиілей түседі. Ағза сусыздануының негізгі белгілері білінісімен, оған қарсы емдік шараларын бірден жүргізген абзал. Дер кезінде ем алған балада 4-6 сағат ішінде сұйық нәжіспен сыртқа шығып кеткен су мен тұздар тапшылығы қалыпты жүйеге келеді. Мұндайда дереу жедел жәрдемге қоңырау шалыңыз. Олар балаға «регидрон» препаратын беруі мүмкін. Бұл ағзадағы сусыздану процесін тез тежейтін дәрі.

Ерітінді дайындайтын ұнтақ болмаған жағдайда, тұзды-глюкозалы ерітіндіні қолдан жасап алуға да болады. Бұл үшін таза жуылған 200 мл. стақанға қайнаған су құйып, дәлірек айтсақ, сұқ саусақпен басбармақтың шымшымындай тұзды соған салады, әбден араластырады. Тұз еріді-ау дегенде дәмін татып көреді, су дәмі көздің жасынан сәл ғана болуы тиіс. Егер ащы болса, оны төгіңкіреп, үстіне тағы да қайнаған су құяды. Дәмінің дәлдігі көңілге қонымды болса, енді сол тұзды суға бір шәй қасық қант салып, тағы араластырады. Осылайша дайындалған ерітіндіні ауру балаға шәй қасықпен ішкізіп отыру керек. Жаңа туған нәрестеге ерітінді ішкізу үшін тамшылатқышты қолдануға болады. Есте ұстайтын нәрсе, қолданылатын ыдыс, қасық, тамшылатқыш таза болуы тиіс. Пайдаланар алдында қайнаған сумен шайып алыңыз.

Әдетте кейбір аналар нәрестенің іші өтіп ауырса, тісі жарып жатыр деп ойлап көп мән бере қоймайды. Тәуіпке түкіртіп, дем салдыртады. Медициналық тұрғыдан алғанда, ол әрекеттердің ағзаға ешқандай әсері жоқ. Қайта уақыт өтіп, баланың жағдайы нашарлап, ағзаның сусыздану процесі күшейе түседі. Ал оның соңы асқынуларға соқтырады. Кейбір балаларды түрлі «оқытулардан» соң ауыр халде ауруханаға жеткізеді. Бірақ, ондай кезде сәбидің өмірін сақтап қалу екіталай.

Батпа Ережепқызы, балалар педиатры: «Іш өту, диарея кезіндегі сұйықтық және тіршілік үшін маңызды микроэлементтердің жоғалуы салдарынан болатын ішек қызметінің бұзылуы бала денсаулығына қауіп келтіруі мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда емшек жасындағы бүлдіршіндер мен төменгі жастағы балалардың тамақтануын, оның ішінде жедел ішек инфекцияларын емдеу кезіндегі тамақтануын оңтайландыру мәселесі өзекті болып отыр. Іш өту кезінде организм жоғалт
0 дауыс
куриш суы. смекта регидрон береди билиуимше
аптекадан сухой тертый куриный желудок сату керек. соны ишсе тыйылады деп естидим. бирак берип корген емеспин
0 дауыс
Баланың іші өткен жағдайда Регидрон немесе Хилак Форте деген жақсы дәрілер бар!Осыларды қолданып көріңіз!Анамның айтуы бойынша!
0 дауыс
оны дәрігерлік саиттан сұрайсың!
0 дауыс
Угл дарисин бериниз сизге айтар кенесим оси
0 дауыс
Баланыздын иши откен жагдайда бисептол(сироп)2,5мл*3,бифидум кутыдагы унтагын кайнаган суга араластырып бериниз.Иши откен балага куриштин суына сал кант араластырып ишкизиниз.Ишек жумысы реттелгенше кунине 1 рет 7-8 тамшы хилак форте ишкизуге болады.Хилак Форте тым кышкыл десениз чай касык суга араластырып бериниз.Уголь актив.кишкентай балага зиян)Лучше 1/2 мезим дурыс.
Қазақша əріптерді қолданыңыз.
Белгісіз
0 дауыс
Егер ана сүтімен еметін бала болса, анасы цефозалинді тамырдан алу керек. Мен баламның екі ай бойы іші өткенде біреудің кеңесі бойынша осылай жасадым. Басында сенбегенмін. Екі ай қиналып жүргенімді ұмытып,бірнеше күнде баламның іші сап тыйылды
0 дауыс
менмн  2  ки  кызым  бар  улкеним   тез   ушынып   иш  отеди  не  истеуге  болады .
0 дауыс
Кызыма 3ай болды.Омыраудагы сутимди емеди де иши отед.Емген бойда иши отед.Нестесем болад.Томенги жагы кызарып кетти.Комектесиниздерши,
0 дауыс
2 ши кун кызымнын иши су боп отип жатыр.подгузниктен отип кетип жатыр.6 айдан асып едик.бари тиси жарып жаткангой деп айтат.мен тиси екен деп аландамай жата алмаймын.не истесем екен?
0 дауыс
Эмигель-ф, бифидумбактерин, регидрон Оптим берди бугин детский врачымыз иши откенге бизге
0 дауыс
Менин кызым 14 кундик кунине 3-4 рет үлкен дәретке отырады бирак сұйық бұл жаңа туылган наресте ушин калыпты жагдай ма?
0 дауыс
Менин кызымнын иши откенине 1аптадан асты не истесем болады регидрон бердим сондада отип жатыр 4айдан астык,пикирлериниз мен ушин оте манызды
0 дауыс
Регидрон А мен Б ны қосып берсе жақсы көмектеседі екен.
0 дауыс
Маған анам марганцовка беретін.2 литр банка алып,ішіне марганцовка шамалы саласыз(ютубтан қараған дұрыс).Сол банкідегі дайын емнің бәрін ішіп қою керек,алдын ала қасыңызға лэгон алсаңыз дұрыс.Міндетті түрде бірден емес,шамалдап ішсеңіз де жараиды.Бастысы марганцовка ішкеннен ішіңіз толық тазартылады.

Ұқсас сұрақтар

...