http://zozh.kz/kz/news/628-konferencija-posvjashhennaja-vsemirnomu-astma-dnju.html мына жерден көрініз
4 мамырда теміржол ауруханасының конференц залында Дүниежүзілік Астма күніне арналған конференция өтті.
Конференцияда баяндамамен келесі мамандар сөз сөйледі:
- профессор Б.А. Айнабекова «Бронхиалды астманың өзектілігі, эпидемиологиясы, анықталуы, классификациясы»;
- м.ғ.к. Н.А. Рутенко «Бронхиалды астманың клиникалық диагностикасыныңқиындықтары»;
- м.ғ.к. М.В. Голубовская «Бронхиалды астма диагностикасындағы зерттеудіңфункционалды әдістерінің рөлі»;
- профессор И.Ю. Козлова «Бронхиалды астманың базисті терапиясы»;
- доцент Р.А. Бакенова «Бронхиалды астма асқынуымен нұсқауларды қарау».
Бронхиалық астма – тыныс жлдарының созылмалы асқынған ауруы. Аллергенге немесе тұмау ауаруларына, дене жүктемесіне, эмоционалды күйзеліске жауап ретінде көрініс табатын құрғақ жөтел ұстамалы ауру болып көрінетін өкпенін созылмалы аллерниялық ауруы. Ол вирустар бронхы қабықшасы шырышын зақымдануына себепші болып, ал өз кезегінде ағзаның қорғаныш күші болып табылмайтын, сондай-ақ баланың иммуналды жүйесін күрт төмендететін аллергендер бронхыге түсуінің нәтижесінде орын алады. Нәтижесінде бронхиалық астманың ұстамалы белгілері: тұншығу, демігу, қырылдау, жөтел және кеуде қуысындағы қысуларды сезу болады.
Дені сау адамнан бронхиалық астма қысқа мерзімде мүгедек қып тастайды. Ол ұйқыға кедергі жасайды, себебі көп жағдайда түнде және таң алдындағы сағаттарда көрінеді. Ол белсенділікті шектейді – егер үнемі ингалыторға жүгініп және уыстап дәрілер ішіп отырсан толымды өмір сүріп көр. Астмаға психологиялық – эмоционалды қалыпта әсер ете алады, мазаңыз кетті – бронхиалды астма ұстамасы орын алды. Біздің планетамыздың 10 % жуығы бронхиалды астмадан азап шегуде. Соңғы жылдары аурудың өсуі айтарлықтай сезіледі. Кейбір елдерде астма «ұлттық апат» болып жарияланған