Қамшының қандай мәнi бар?

+1 дауыс
5.0k қаралым
• Санаты: Салт-дәстүр туралы | 5.0k қаралым

2 жауап

+3 дауыс

Қамшының қасиетін жазбай тұрып, алдымен ол туралы біраз мәліметтер берген дұрысырақ болар. Қамшы I Қайыстан өрген, тобылғы сабы бар, көлік жүргізу үшін пайдалынатын құрал. Қамшыға байланысты фразеологиялық сөздік құрастырсақ: Қамшы бойы – қамшының сабы мен өрімінің ұзындығындай. Қамшы болды – бір нәрсеге түрткі болды. Қамшы жеді – таяқ жеді, соққы көрді. Қамшы жұмсады – қамшымен сабады, соқты. Қамшының астына алды – қамшымен ұрды, соқты. Қамшының сабындай - өте қысқа, шолтиған. Қамшы ойнатты – қоқаңдады, қорқытты, сабамақ болды. Қамшы салдырмады – тапсырылған істі ынта-жігерімен тез істеді. Қамшысынан қан сорғалаған (тамған) – қатыгез, қатал, жауыз. Қамшы тастады – дауласқан жақтардың билер алқасынан рұқсат сұрау дәстүрі. Қамшы үйірді – қорқытты, үрейлендірді.
II анат. Еркек малдың жыныс мүшесі; шыбығы деген мағынаны білдіреді. III Қамшыгер – Қамшы ұрысына мықты (шебер) адам. Қамшыгерлік – Қамшы ұрысына мықтылық............. http://www.elrayi.kz/tuindi-2009-04-27.html 

+1 дауыс
Қамшы-деген аттың , ешектің механикалық жылдамдық коробкасы(КПП).Оның автомат түрі де болады, оны өкше (шпора) деп атайды. ол кезде өкшеңмен бір теуіп қаласыңда жылдамдықты реттеп отыра бересің,нақ...

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,938 қолданушы