0 дауыс
4.8k көрілді
Итсигек өсімдігі туралы толық, ғылыми мәліметтер табуға көмектесіңдерші. Қандай оқулықтардан, сайттардан табуға болады?

1 жауап

+1 дауыс
Итсигек, жапырақсыз бұйырғын (Anabasis aphylla) – алабұталар тұқымдасы, бұйырғын туысына жататын бір жылдық шала бұта. Қазақстанның батыс, оңтүстік облыстарында кең таралған. Шөл, шөлейтті, тақыр жерлерде өседі. Биіктігі 30 – 75(100) см, тамырының ұзындығы 5 – 6 метрге жетеді. Сабағы көп бұтақты. Жапырағы ұсақ, қынап тәрізді қабыршаққа ұқсас, пішіні үш бұрышты, қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 2 – 3 мм. Сарғылт, қызыл түсті ұсақ бұтақша ұшында масақ тәрізді гүлшоғырын құрайды. Жемісі – қауашақ. Тұқымының пішіні қошқармүйіз тәрізді. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Итсигектің жасыл бұтағынан 7 түрлі алкалоидтар (анабазин, лупинин, т.б.), күлінен сабын жасау, тері илеу үшін сақар алынады. Итсигек – малды емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдік. Шымкент қаласындағы Химия-фармакология зауытында Итсигектің жасыл сабақтарынан анабазин өндіріледі. Итсигекті Қазақстан Ғылыми Академиясының корр. мүшесі Л.Қылышев зерттеп, көп жылдық екпе өсімдікке айналдырды. Итсигек – мәдени өсімдік ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында ұйымдастырылған «Дәрмене» кеңшарында өсіріледі
<img src=" id="il_fi" height="218" width="300" style="padding-right: 8px; padding-top: 8px; padding-bottom: 8px;">
Айболат жауабыныңға үлкен рахмет! Мен бұл тақырыпта ғылыми жоба дайындамақшы едім, басқа да мәліметтер болса алғысым шексіз болар еді. Мәселен, сабын жасау әдісі,басқа-басқа болса.
...