Өз ойыммен бөлісейін. Жалпы қазақ па, басқа ұлт па, осы ырым-тыйымдарды жалқау, салақ, шаруаны бұлданып істейтін қыздары мен келіндеріне шаруасын кейінге қалдырмай, уақытымен тындырып, ел қатарлы жүрсін деп ойлап тапқан-ау, шамасы. Түнде жуылмаған ыдысты шайтан жалап кетеді немесе беті жабылмаған тамақ шайтанның несібесі деген ырымдары да соған байланысты сияқты. Үйді түнде жинама деуі де, кешке отбасы жиналып отырғанда, әрі-бері жүріп отбасылық идиллияны бұзбай, сен де қосылып отыр дегенді білдіреді ма екен?! Мен қазір үй жинайын деп отырмын. Үйде ешкім жоқ. Солай.