АҚШ медицинаның тағы бір жақсы қыры – науқастардың еркін емдеулін қамтамасыз етуде. Яғни науқастардың ем қабылдау барысында өздерін жақсы сезіну үшін тиісті жағдайлар жасалған. Айталық, кейбір ауруларға иті мен мысығын емханаға алып кіруге рұқсат берілсе, кейбіреуіне тиісінше спортпен айналысуға мүмкіндік туғызған. Ал мұсылмандарға арнайы намазхана дайындалса, жастар мен жасөспірмдер, сәбилерүшін арнаулы ойын алаңдары, спорттық залдар және интернет бөлмелері әзірленген. Әйтеуір емделушіге энергия беретін, көңіл-күйін тұрақты ұстауына тиімді болатын, бастысы емнің нәтижелі қабылануына себеп болатын шарт-жағдайлар тиісінше әзірленген.