0 дауыс
7.1k көрілді
интернетти ойлап тапкан ким жане кашан

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.
 Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
 1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
 Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
 Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
 Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
 Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
0 дауыс
Интернет деген бірнеше сервистердің жиынтығы. интернетті жеке дара ойлап тапқан ешкім жоқ.
Интернет - гипперсілтеме, веб беттер, WWW, домен, желі және тағыда басқа сервистерден тұрады.

 1989 жылы Швейцариялық алып корпорайия ЦЕРНнің қызметкері, компания ішінде ақпарат алмасуға арналған гипперсілтеме, WWW ойлап тапты. кейін бұл барлық әлемге таралып кеткен
0 дауыс
Интернеттің пайда болу тарихы

Интернеттің пайда болуына XX ғ. 60-жылдардың аяғында жарық көрген ARPANet есептеу желісі үлкен септігін тигізген. Бұл желіні Advanced Resaerch Project Agency деп аталатын АҚШ-тың үкіметтік ұйымы құрастырған болатын. ARPANet желісі орталықтандырылмағанына қарамастан, ақпараттық дестелер өздерінің белгіленген жерлерін тауып, қабылдаушының рұқсатымен есептеуіш құрылғысына енетін. Таратылатын десте қабылдаушыға әр түрлі жолдармен келетіндіктен, бұндай жүйе өте тұрақты әрі қолдануға тиімді еді.

80 жылдардың басында ақпарат таратуды басқаратын TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) хаттамасы пайда болып, ARPANet желісіндегі ақпаратты тарататын басты ережелер топтамасына айналды. Дәл сол уақытта TCP/IP хаттамасының әр түрлі компьютерлік желілерді байланыстыра алатын мүмкіндігі белгілі болды. Бұл хаттаманың көмегімен әр түрлі желілер ұлттық, тіпті халықаралық деңгейде ақпарат алмасу мүмкіндігіне қол жеткізген. Осылайша интернет термині алғаш рет осындай «желілер желісін» белгілеу үшін қолданылған.

1989 жылы ARPANet жобасы тәмамдалады. 90-жылдардың басында дүниежүзіндегі ірі-ірі корпорациялар интернеттің көмегімен электронды пошта арқылы ақпаратты тарату мүмкіндігін көптеп пайдалана бастайды. Бірақ, Ұлттық ғылым фондының қаулысымен интернет желісін коммерциялық мақсатпен қолдануға тыйым салынып, оның толыққанды дамуын тежеген. 1991 жылы жоғарыда айтылған қаулы өз күшін жойып, интернет желісі жеке тұлғаларға, мекемелер мен өндіріс көздеріне қолжетімді болып, ғаламтордың дамуы жаңа деңгейге шықты.

1993 жылы Mosaic атты алғашқы графикалық браузер жарық көріп, осы тарихи оқиға  интернеттің дамуына түрткі болған. 1993 жылы Netscape дербес компьютерлеріне арнайы жазылған браузердің коммерциялық нұсқасынан кейін өмірге Netscape Commerce Server келген. Бұл серверлік бағдарламаның көмегімен түрлі мекемелер веб-сайттарды жариялау мен web-парақтарын оқшауланған компьютерлерге жіберу мүмкіндіктерін алып, қорғалған желілер арқылы несие карточкаларымен де жұмыс істей алатын. Осылайша, 90-жылдары интернет технологиялар қарқынды дамып, нәтижесінде «желілер желісі» ақпарат тарату мен коммерциялық әрекеттерді жүзеге асыру механизміне айналды.

Интернет желісі әлемдік коммуникационды инфраструктураның маңызды бөлшегі болып табылады. Интернеттің дамығаны соншалық, қалтаңызда  ұялы телефон немесе қалталы компьютер болса, желіге еш қиындықсыз еніп, ғаламторды шарлай бересіз. Теледидар, радио мен газет парақтарының орнын біртіндеп интернет желісі басып келеді.
...