+2 дауыс
1.0k көрілді
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары барма?

1 жауап

0 дауыс
2. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлерi және
оларға қойылатын талаптар


      3. Бiлiм беру ұйымдары мынадай түрде құрылуы мүмкiн:
      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат;
      сәбилер үйі;
      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі;
      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кемтар балаларға арналған балалар үйі;
      отбасы үлгісі бойынша балалар үйі;
      отбасылық үлгiдегi балалар үйi;
      "балалар үйi-мектеп-кәсiптiк мектеп" кешенi;
      отбасылық үлгідегi балалар ауылы;
      жастар үйi;
      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың уақытша болуына арналған орталық (баспана) және басқалар.
      Бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк, жеке меншiк болуы мүмкiн.
      4. Бiлiм беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкi, өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкте шоты болады.
      Бiлiм беру ұйымы тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердiң психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерiн қорғау талаптарына сәйкес дербес әзiрлейдi.
      5. Бiлiм беру ұйымы өз қызметін "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, заңға тәуелді нормативтiк кесiмдерге, осы Ережеге және ұйымның жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
      6. Бiлiм беру ұйымдары нақты мiндеттерi мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне қойылатын талаптарға қарай:
      ерте және мектепке дейінгі жастағы балалар үшiн;
      мектеп жасындағы балалар үшін;
      ерте, мектепке дейiнгі және мектеп жасындағы балалар үшiн;
      бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер үшiн құрылады.
      7. Білiм беру ұйымдарында әр жастағы және бірыңғай жастағы балалардан тәрбиелеу топтары құрыла алады.
      8. Бiлiм беру ұйымының тәрбиешiлерi үшiн нормативтік жүктеме аптасына 25 сағатты құрайды.
      9. Аумағында ұйым орналасқан жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдары меншiк нысанына қарамастан, жергiлiктi бағынысты ұйымдарда оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттiк жалпыға міндетті бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкестiгiн, балалардың өмiр сҮру, оқу және тәрбиелену жағдайларын, осы ұйымның басшы және педагогикалық кадрлармен толықтырылуын мерзiмдi бақылауды жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесінде әдiстемелiк көмек көрсетедi.
      10. Бiлiм беру ұйымында медициналық қызмет көрсетудi ұйымның әкiмшiлігімен бiрлесе отырып, балалардың денсаулығын қорғауды, олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуды, алдын алу іс-шараларын жүргізудi, ұйымның санитарлық-гигиеналық жағдайын, тамақтандырудың, оның iшiнде емдәмдік тамақтандырудың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз eтeтiн штаттық медициналық персонал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. толығырақ осы жерде http://kz.government.kz/docs/P050059_.htm
...