ангина болса айта кетіңіз
* Жарты стақан су мен алма сірке қышқылын араластырып, сағат сайын тамақты шаяды.
* Тамақ енді ісе бастағанда бір стақан қайнаған суға 1 шәй қасық ас содасын араластырып, күніне 4-5 рет шаяды. Сонан соң жылы сүт ішіп, баспаның алдын алады.
* 0,5 стақан бал мен мүкжидекті араластырып, эмальды ыдыста 2-3 минут қайнатады. Қайнатпаны 1 шәй қасықтан күніне 3-4 рет ішеді.
* Шәй орнына аскөкті демдеп ішуге болады.
* Тамақ ауырғанда бір стақан қайнаған суға жарты шәй қасық ас содасы мен тұз, бірнеше тамшы йод қосып, шаяды. Мұндай қоспамен шайған соң тамақтың ауырғаны бір күнде басылады.