0 дауыс
3.2k көрілді
Қандай Антивирус жақсы?

22 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қандай антивирус таңдау қажет?
Қандай антивирус жақсы, қандай антивирус алу керек деген сұрақтар қазір кез-келген компьютер қолданушысынығ алдынан шығатыны айдан анық. Өйткені сіздің компьютеріңізде маңызды құжаттар сақтаулы тұр, ал қарапайым антивирус күтпеген мәселерлер туындатуы мүмкін.

Қандай антивирус таңдау қажет?
Қазір интернет басты ақпарат көзі болып табылады. Көптеген жағдайларда вирустар осы интернет арқлы келуі де мүмкін. Мұндай вирустар әлемнің барлық компьютерлерінде тарайды.
Антивирус компьютерді қорғауға арналған бағдарлама. Антивирус — қондырғаннан кейін компьютердегі папкалар мен файлдарды тексеріп, ондағы біздің вирус деп атап жүрген бағдарламамызды іздейді. Егер антивирус сондай бағдарламаны тапса, қолданушыдан не істеу керектігі туралы хабарлама береді. Уақыт өткен сайын вирустар да дамып келеді, кейбір антивирустар оны таба да алмайды және сол сияқты компьютерге де соншалықты қауіпті бола бастады. Вирустар көптеген жолдар арқылы тарайды: сайттарды қараған кезде, файлдарды көшірген кезде және әлеуметтік желілер арқылы. Антивирус шығаратын компанияларда қарап қалып жатқан жоқ, оларда өз антивирустарын барынша дамытып жатыр.

Ең жақсы антивирус қандай?

Антивирус таңдауда ең басты мәселе, әрине оның жұмыс істеуі мен ақшасы.
Антивирус таңдауда соңғы шешімді өздеріңіз таңдайсыздар. Ал мен барынша антивирустардың жұмысы туралы айтып өтемін. Ал қай антивирусты таңдайтыныңызды өзіңіз шешесіз.

Avast-осы антивирусты мен өзім де қолданып жүрмін. Әрине бәріңде соны қондыр дегендей ақыл айта алмаймын. Бірақ бұл антивирустың қорғанысы өте жақсы және компьютердің ресурсын да көп жемейді. Ең бастысы бұл антивирустың тегін лицензиясы бар.

Nod32-бұл да жақсы антивирус, жүйелік ресурстарды аз жейді. Алғашы версиясы 1987 жылы шықты. Қазір Касперский антивирусымен таласқа түсе алатын антивирус.

Касперский-Сапалы және өте атақты антивирус. Көптеген вирустар компьютерге кірген кезде ең алдымен осы антивирусты іздеп, ағытып тастауға тырысады. Тек бір кемшілігі көмпьютердің ресурсын көп жейді.

Dr.Web-Ауыз толтырып айтатындай жақсы емес. Бірақ оның қосымшалары алдына жан салар емес. Мысалы Dr.Web CureIt. Бар болғаны соңғы версиясын көшіріп алып, қосу керек. Ал Dr.Web LiveCD компьютерді вирустан оңай тазартып, компьютердегі файлды басқа қатқыл дискіге көшіруге мүмкіндік береді.

Norton Antivirus-жақсы антивирус, вирустан да жақсы тазартады, тек компьютерге көп жүктеме түсіреді.

Мен антивирустар туралы айтып шықтым, ал таңдау өз еріктеріңізде.
P.S. Дегенмен де антивирусқа толық сеніп алуға да болмайды. Өйткені кейбір вирустар кез-келген антивирусты ағытып тастай алады және компьютеріңізді толықтай жұмыстан шығаруы мүмкін
Доктор жақсы  инттернетке
+1 дауыс
Касперскийге жетпейді ешқандай қарсывирус.
–1 дауыс
"Аваст" антивирусы деп ойлаймын!!
+2 дауыс
Бәрінен де Касперский жақсы.Маған қосылатындар барма?
0 дауыс
Өз басым Аваст деп білемін! Әрине әр адам өзі біледіғой!
+2 дауыс
Антивирус  Каперского деген оте жаксы!Бекжан саган косыламын!
0 дауыс
[Ең тиімді, қарапайым, әрі сапалы, арзан антивирустардың тізімі][1]


  [1]: http://www.top10list.com/top,10,antivirus,protection/top-ten-antivirus-protection.asp
0 дауыс
Eset Nod32 жақсы керемет! Бұл менің өз ойым
Антивирус Каперского жақсы сосын......................
0 дауыс
Касперский антивирусы жақсы! Ал ұялы телефонның операциялық жүйесіне келетін болсақ (мысалы Andriod) Доктор Веб жақсы.
0 дауыс
Доктор Веб антивирусы керемет!
0 дауыс
ESET NOD32 Super !!!!!!!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс
Сәлеметсіздерме! Әрине Dr.Web антивирусы басқаларына қарағанда мықтырақ!
0 дауыс
Қандай  антивирус болмасын бәрі жақсы. Тек оны қандай вирусқа қолданатыныңа байланысты таңда. "Троянский" болса (через интернет кіретін вирус) "Касперский-2011 интернет секюрити" жақсы. Жалпы Касперский антивирустары барлық вирусты бөліп, таңдап, жояды.
0 дауыс
Каперско антивирусЫ ұнайды
0 дауыс

әрине лицензиясы бар касперский ең  мықтысы!

...