+2 дауыс
3.0k көрілді
<br>
Шаншардан Нұржан Төлендиев кетіп қалғаннан кейін көбісі Шаншарды қызық емес болып қалды деп айтып жүр. Маған Алдараспаннан гөрі Шаншар қызық, Алдараспанда осал емес, ол да қызық. Ал сіздердің ойларыңша Алдараспан  қызық па жоқ әлде Шаншар басымдау ма?!

12 жауап

0 дауыс
Маған Алдараспан театрі қызық.Шаншар театрінің бірқойылымына күліп көргем жоқ.Менің ойымша Шаншардан Алдараспан мықты
0 дауыс
Мен екі театрды бөліп жармайм. Өйткені екі театрда да өнерлі адамдар бар. Соның бірі, маған қатты ұнайтын актер мен актриса Уәли, Жұлдыз және Нұржан менің көңілімнен шықты. Ия, екі театрдыңда осалдау жерлері бар, сонда да олар өз қойылымдарын халыққа паш етіп жүр. Мен екі театрғада дауыс берер едім...
0 дауыс
Қанша дегенмен Алдараспан Шаншардан түлеп ұшқан шәкiрттерi деуге болады.Ұстаздан шәкiрт озар демекшi Алдараспан қазiргi уақытта озып тұр...
Маған екеуі ұнайды.Бірақ шаншардан Нұржан кеткелі сән кетті деуге болады.Айтпаққшы Жұлдызай алдараспанна кетті деп естідім
+1 дауыс
Шаншар - керемет театр, Алдараспан- жас театр. Шаншардың мықтылығын ДУ ДУМАН бағдарламасынан көрдік қой. Ал АЛДАРАСПАН солардан үлгі алып жүрген әлі пісіп жетілмеген театр. Шаншармен Алдараспанды салыстыруға келмейді.
Ақтоты ханым бріншіден ду думанға қатысқан басқа театрлар шаншар театрының шаңына да ілесе алмайды. Екіншіден ду думанға алдараспан театры қатысқан жоқ.
0 дауыс
Менин ойымша Шаншар болуы керек. Шаншарды кызыкты деп ойлаймын.
0 дауыс

Менің ойымша Шаншар театры қызық.

0 дауыс

Жалпы сатира дегеніміз қоғамның жағымсыз жақтарын күлкі ете отырып өткір сынау. Бұл  жағынан келгенде Алдараспан театры Шаншарға қарағанда бір бас жоғары тұрған сияқты. Оны кейінгі кездегі қойылымдардан-ақ байқауға болады. Алдараспанның дәрігерлер туралы, дениз туралы , көкпар туралы т.б қойған қойылымдар қәзіргі қоғамда болып жатқан жағдайлар. Шаншарға келер болсақ әзілдері тек бір ғана күлуге жарарлық әзілдер болып кетті соңғы әзілдері өгізбайдың отбасы, күйеуі мен әйелі туралы т.б бірақ бұл шаншарды жаман деген сөзім емес, әр театрдың өз көрермені бар, маған Алдараспан ұнайды. Жалпы екі театрда қазаққа керек.

0 дауыс

Үшеуінің бастары (Уәлибек, Жүсіп, Нұржан) бірікпегесін екі театрда онша болмай тұр. Шаншарда сценарийді жазған көбінесе Жүсіп пен Уәлибек болды. Нұржан бөлініп шыққаннан кейін, қанша жерден ойнау шеберлігі мықты болсада сценарий онша емес болғандықтан деңгейі төмендеп бара жатыр. Ал, Шаншар мықты актерлерінен айырылды. Оларда төмендеді, бірақ Алдараспаннан жақсы.

0 дауыс

Менімше  екеуі  де  қызық  бірақ  маған  Шаншар  ұнайды

0 дауыс
Маған Алдараспан ұнайды Алдараспанның әзілдері өте күлкілі
0 дауыс

Негізі менің ойымша екеуіде бірдей бірақ қазір Шаншардың дәуірі өтті енді қазір АЛДАРАСПАН мықты себебі Алдараспан ол Шаншардың шәкірттері.Қазақта мынадай бір сөз бар Ұстаздан шәкір озар

0 дауыс
Алдараспан әзілдері мән мағанасы сайызырақ, реалдықтан өте қашық.

Шаншарда Нуржанның орыны байқалса да, әзілдері салмақты, өмірдегі қубылыстарға уйқас келеді.
Маған Шаншар театры унайды.
...