0 дауыс
19.8k көрілді
Жынданып байқаусызда айнаны лақтырып қалып едім,енді не болады???

7 жауап

+2 дауыс
Негізі, ештеңе де болмау керек, бірақ қазақ халқы ырымшыл, не болса да жақсылыққа жоруға тырысыңыз, жамандықтың бәрі сонымен кетсін деңіз)
+1 дауыс
жай сынған болады базарға барасыңда жаңасын алып келесің
+1 дауыс
Ештеңе де болмайды. Мен бірнеше рет қол айналарымды сындырып алғам. Бастысы сол сынған айнаның бөліктеріне қарауға болмайды дегенді естіп жүрмін. Жинап-жинап, өртеп жіберіңіз!
+1 дауыс
Ештене да болмайды, ырымдарга сенбениз.
0 дауыс
Айна сынса қыйрап, парша-парша болып кетеді. Және айна сынған жер бүлінеді. Жақсылап тазалаңыз сол жерді а то үйіңіздегі біреудің аяғына қиығы кіріп кетеді.
+1 дауыс
Ырым-тыйым жайлы басымдағы бар нәрсені ақтарғанымда есіме бірден сап ете түскені: — айна.Бұл бәлені төңіректеген қаншама ырым-тыйым бар десеңізші! Мүмкін, адам баласы өзін тек айнадан ғана көретін болғандықтан, киелі деп есептейтін шығар...



 Айна сынып қалса, жақсылық болмайды. Иә, дәл солай, бірнеше рет дәлелденген. Менің әлемімде. Оқушы кезімізде олимпиадаға барушы ек. Содан бір облыстық олимпиадаға кетер алдында айна сындырып алдым. Бірінші орын алам деп барған мен бейбақ ( кім бірінші орын алмаймын деп барады дейсің бірақ?) ) үшінші орынға әзер іліктім. Тартыспен. Айғайласып жүріп. (Лицейлерге береміз дейді орындарды… Жақсы, ол өз алдына бөлеееек әңгіме)  Сондықтан, айнаға әрі үреймен, әрі құрметпен қарап әлпештеп жүремін.))

Түнде айнаға қарауға болмайды. Өйткені, ол жақтан басқа біреу қарап тұруы мүмкін. (Қорқынышты, иә?))

Найзағай ойнап жатқанда айнаның бетін ашық қалдыруға болмайды. Матамен бүркеп қою керек.  Бұл да ырым ғой деймін. Өйткені, найзағай тас қамал үйдің терезесінен өтіп айнаға жарқ етіп түседі деген ақылға сыймайды.

Енді айнадан бөлек әлемде барлық адам секілді мен де оң аяғымды "қастерлеймін". Ол әрқашан бірінші болуы керек )) Әсіресе, табалдырықтың тұсында.

Сосын дастарханның бұрышына отыруға болмайды. Тұрмысқа шықпай қаласың деседі.

 Асты (сіздерде «еттің наны» дей ме?) дастарханға әкелгенде ең бірінші болып отағасы бастау керек. Осы ырым бізде бұлжытпай орындалатын.

Әлбетте, ырымнан көп нәрсе жоқ. Көбіне сенбеймін. Ол ырымды шығарған да мен сияқты, сен сияқты пенде баласы ғой, сондықтан оның да қателесуіне түсіністікпен қарауға болады. Шашты жалбыратпа, шайтан.… деп басталатын ырымға тіпті қолымды бір-ақ сілтеймін. Менің түсінігімде, шаш — адамның ең көрікті жерлерінің бірі, сондықтан ол сұлулық елге паш етілуі керек…
ештене болмайды ырым бари отирик АЛЛА га серик(ширх) коспаныздар
""""Түнде айнаға қарауға болмайды. Өйткені, ол жақтан басқа біреу қарап тұруы мүмкін. """ Бұны ғалымдар дәлелдеп қойған ғой қалқам. Түндеде күндізде айнаға қарағанда "басқа біреу қарап тұрады" ол әрине "өзін"))
+1 дауыс
Егер сынған айнаға қарасаң бақытсыз боласың деген естуім бар бірақ сынса не болтынын білмеймін
...