неге бұзық? маған ұнамайды! мысал, кейбреулер (қыздар) қасында жақсы төбелесе алатын жігітпен журеді, бұл кейбіреуге мақтан!!!
Қандай ауылдансың?)) Қазір төбелесу модадан қалып кеткен ғой)) Кішкентай балалар сияқты төбелесіп жатпайт ешкім))) Қатты төбелесетін ұлдармен жүретінін қайдам, бірақ қыздардың біразы бұзық балаларды ұнататынын білдім))
ауылдан емеспін, бірак 1 жағдайлар болып калса, кыздарға корғайтын адам керекко, егер касында өлімсіреп қалған 1 сүмек турса, кыздар оны каламайды,,, бірак жігіт те жан жакты болу керек!!! 8 кырлы 1 сырлы болу керек соның ішінде катты тобелеспесе де аз болса да хабары болу керек еркектің!!!!
Сөзіңізге қосыламын. Табиғат қашан да іске жарамайтындар мен өлімсірегендерді қатардан шығарып отырған. Және лайықты қыздың жанында, лайықты ер болуы тиіс, тиісінше лайықты ердің жанында лайықты қыздың болуы заңдылық. Осы орайда, Шаханов ағамыздың ГИМАЛАЙ ЖОЛБАРЫСТАРЫ немесе малдық сана туралы мұңы еріксіз еске түседі:
Біздер қашан арыламыз дүлей-шампа күдіктен?
Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан.
Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен
Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам...
Соның айтқан әңгімесі қалып қойды есімде:
Қалың орман арасында, не құзар шың төсінде,
Не асқақ тау баурайымен сапар тартсаң жолға алыс,
Қайтпек керек, қарсы алдыңнан шыға келсе жолбарыс?
Ең бастысы, сабыр сақтап, еңкейместен тік тұру,
Аңға, малға жақындамас болмысыңды ұқтыру.
Осы шартты орындасаң, одан қауіп күтпегін,
Ал, еңкейіп, төрт аяқты малға ұқсасаң - біткенің.
Сол сәтінде-ақ тарғыл мысық қан толтырып көзіне,
Серіппедей тартыла кеп атылады өзіңе.
Бұл сұраққа ғылым әлі толық жауап таппаған:
Адам кейпін сақтағанды жыртқыш неге жақтаған?
Бәлкім, тәңір пенделерін ойға тарту үшін де,
Жаратты ма жолбарысты осындай өр пішінде?
Іңкәр тірлік жолындасың.
Қимылыңа мән бер сен,
Қай кезде де еңсе бүкпеу - ердің басты құралы.
...Мен де кейде адамдығы аласарған жан көрсем,
Ыза буған жолбарыстай атылғым кеп тұрады...
Бір белгілі бизнесменнің нақсүйері, сыңары,
Талай дарын ағып өткен,
Менің жастық шағым өткен
Алматыда, алма пейіл, сауда зейін қалада,
Жалт-жұлт еткен әсем тонын сары ала,
Гималайдың ең соңғы, ең атбалды,
Мекен еткен өр құзар шың шатқалды
Барысының терісі деп мақтанды,
Жанарында бір дарақы от жанды.
Бірақ менің бұл жел сөзге тіпті сенгім келмеді,
Жолбарысын жоғалтса егер - таулардың да өлгені.
Жоқ, Гималай, қасиеттім, сен тұра бер тағыңда,
Ізгілігін күдік басып,
Тағдырынан рух қашып,
Ұқсап әрі жойқын, ессіз ағынға,
Адамдарды малдық сана жетекке алған шағында
Және олардың қалуы үшін өз міндеті сабында,
Тәңір ойын жолбарыстың көзі арқылы қабылда...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Ой түзелсе, өрлер сенің бағың да!
Неге дейсіз ба? Өйткені Бұзық балдар өзінің ішкі сезімдерін қыздарға ашық айта береді, ұялу дегенді білмейді. Ал қыздардың көбісіне ашық сөйлескендер ұнайды. Егер де сіздерде батыл болсаңыздар, қыздарға бұзық балдардың керегі де болмай қалады. ))))))))) Ал маған бұзық балдар емес қызды сыйлай білетін адамгершілігі бар жігіттер ұнайды.....
о.О Чувак, Чувак, мен воще то бұзық балалардың қатарындамын))))
Қыздардың 80 пайызы ұзын бойлылығына және мускуласына қарайды. Жігіттің ірі, ұзын бойлы, көп нәрсегі ынтасы бар, ашық сезімін айта алатын және еркек сияғы барлар ұнайды. Қасында өзі сияқты майысып, қыздар арасынан ажырата алмай қалатын жігітті қажет етпейді. Жігіт болған соң бір ерекшелігі болуы керек қой қызға ұнайтын.
Қыздардың айтып жүрген түрі не важно, мінезі, адамгершілігі, темекі шекпейтін ішпейтін деп жатканы әшейін өзін алдауы. Олар Ұзын бойлы, накачаенный жігіт көрсе есінен адасады.
Оны теледидардан көргеннен соң ғой. Ал оларды былай тірідей көрсінші, фотоға бір-екі рет түседі де кетіп қалады. Астанаға келген бір кәрістің актерлары келген етін. Біздің қыздар такой маленький деп бірталайы айналып кеткен. Сықси көздер шынымен соншалықты әдемі болса, бүкіл әлемнің қыздары шулайтын еді ғой.
сенің айтқанында дұрыс )))бірақ әр адамның таңдауы әртүрлі!!!!!!қазіргі подросковый кезде арине бұзық балдар ұнайд көп қыздарға жәнеде авторитетный болса екен деп армандайды!!!Бірақ бұзық балага ұнайм деп тым шектен шығудын қажеті жоқ
Көпке топырақ шашпасаныз деймін! "О вкусе не спорят"дейді гой...Әркімнін талғамы әр түрлі!
Жақсы қыздарға бұзық жiгiттер, жаксы жiгiттерге бұзық қыздар ұнайды көбiнесе. Менiң ойымша, олар бiр-бiрiн мiнездерiн, iс, қылықтарын ұнатып қалуы мүмкiн. Өздерiн шектеп келе жатқан нәрселердi кейбiр адамдар жасағанда оларға қызығады, ал кейбiрi басқа адамның мiнезiн өзгертем деп ғашык болып қалуы мүмкiн.
Соқыр атқа- қотыр ат үйір десей негізі талғамына байланысты болар.
Әркімнің ойы әр түрлі, бірақ бұзық балаға қарайтын мен жоқ. Өзімдей адамға қарасам бір жөн, кез-келген адамның "сүйем" дегеніне еріп, қол ұстасқанның несі жақсы?! Әлі уақыт бар ғой жігітті кейінге қойсақ та болады Қазіргі негізгі мақсатым сабақты жақсы бітіріп, қызыл дипломмен бітіру.
иә, келісемін. Бірақ неге екенін ойланып көрмеппін. Бәлкім, қылықтары. Бұзық болса да осы өмірде қолынан келетін уақытта барлық ойларын, істерін жүзеге асырып алуда. Ойына жетуді көздеген адам неге ұнамасқа?! =)
Жалпы қазіргі жағдайда көптеген қыздарға (барлығы емес) авторитеті бар, бұзық балалар ұнайды. Оның бәрі бала махаббат. Жас кезде от басып, артынан опық жемес үшін, жігітті қоя тұрып сабақты қатырып, жақсы мамандыққа ие болып барып, жігіт іздеуге шығуға болады. Ол кезде нағыз махаббат басталады. (десем қате емес пе екен?)