Жадыра мен өнер академиясында оқымаймын, бірақ менің естуімше өнер факультетіне түсу үшін Қазақстан тарихымен қазақ тілінің жинаған балымен сосын сенің өзің тандаған өнер саласы бойынша шығармашылық емтихан тапсырасың. Шiлде айынын 3 мен 9 аралығында-ау деймін шамасы. Ал ақылы негізіндегі оқу ақысын білмедім.
Жадыра оның талаптары мынаңдай 2012 - 2013 жылғы ТАЛАПТАР
Талапкерлерге және бағалаудың «кірістік» сынақтық процедураларына, нормаларына (критерийлеріне) қойылатын талаптар.
«Музыкалық театр артисі» мамандандыруы бойынша жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлердің орта білімі немесе кәсіби орта білімі болуы міндет. Талапкерлер өзінің мәдени дәрежесін, ойлау қисынын, талғамын, жігер қажырын, музыкалылығын, дене сымбаттылығын, көрсете білуі шарт. Тілі мен дауысы таза болуы керек. Жас шамасы қыз бала - 21 жасқа дейін, ұл бала – 23 жасқа дейін болуы керек.
Бойының биіктігі:
-қыздар-160 см жоғары;
-ұлдар-170 см жоғары.
Алғашқы шығармашылық байқау:
Жатқа оқу
1.Қара сөз;
2. өлең;
3.прозалық шығармадан мысал (сықақ);
• Би, пластикалық этюд орындау;
• Вокалдық шығарма орындау;
• Ұсынылған жағдайға этюд көрсету.
Шығармашылық емтихандар:
1. Актер шеберлігі.
2. Сахна тілі.
3. Вокал.
4. Пластика.
Талаптар
Талапкердің сахналық түр келбеті болуы тиіс, физикалық жағынан және сөз сөйлеу мәнерінен кемшіліктер болмауы керек.Тыңдау қабілеті, ритм, сезім,музыка, ән салу қабілеті болуы керек.
Талапкер әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардан үзінділерді жатқа оқуы керек. (Проза, өлең, мысал (сатира, юмор, қысқаша әңгіме). Ән мен биге бейімділігі, әншілік қабілеті тексеріледі. Талапкерге қимыл координациясын, музыкалық ырғақты, оқыс құбылыстарға сай әрекет жасау (реакция), зейін мен зердесін тексеруге арналған жаттығулар беріледі. Ұсынылған шартты жағдайға байланысты этюд құрастырып, сезім мен сенімін паш етіп көрсетеді. Ойлап табу қабілеті мен ой жүйріктігі тексеріледі.
Сахнадағы қимыл-қозғалыс және би.
- Талапкердің түр-тұлғасы, есту, сезіну, көру, қимыл қабілеті, сахналық көркемділігі болуы қажет.
-Талапкердің музыкалық ырғақты, өлшем мен екпінді түсінуі бойына сіңіріп қимыл-қозғалыс жасауы керек.
- Би түрлерінен (халық билері, классикалық билер, жастар билерінің ырғақты-брэйк, рок-н-ролл, пантомима, акробатикалық элементтер т.б.) еркіндікте қалауынша көрсетуі тиіс.
- Бойы, дене құрылысы сахналық қалыпқа сай болуы қажет.