Сіздің ойыңызша DVD-ROM жүйелік блоктың құрамына кіре ме әлде қосалқы бөлшек болып саналады ма?

–1 дауыс
422 қаралым
Мен бір келеңсіз (негізі күлкілі) жағдайға тап болып отырмын, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы бір жүйелік блокқа (системный блок) тапсырыс беріп, келісім шартқа отырып алдыртып отырмыз. Барлығы менің беруім бойынша: (Системный блок Core i5/ DDR 4gb/HDD 500gb) сәйкес келіп тұр. Енді қызық болғанда дисководы мүлдем жоқ, орнатылмаған
Содан, поставщик екеуміз біраз айтысып қалдық, мен жүйелік блокта болуы керек десем, ол болса дисковод деген бөлек құрылғы, келісім шартта көрсетілмеген дейді. Сонда сіздің ойыңызша қалай?
Компьютер құрылыстары

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Мынауыңыз қызық екен, сонда дисковод салатын жер бос тұр ма? негізі құрамына кіреді ғой,  сізден де кеткен қателік дисковдо міндетті түрде DVD ROWболу керек деп жазу керек еді, әйтпесе  CD ROW дисковды бар жүйелік блок алып келуі де мүмкін еді, ал енді мынау поставщикте ұят кішкене аздау екен.  өткен жылдары менде де солай болған бірақ менде дисковдо жайлы  емес w7 лицензиясымен келсін десем жеті компке бір лицензиялы диск алып келіпті басқаларына пираттық нұсқасын қоя салыпты, сонымен менде біраз айтысып, соңында дисктері әкеліп берді. негізі Мем сатып алуда ештемесін қалдырмай ішек қарынын ақтарып тұрып жазбасаңыз, сіздің аз ғана кемшілігіңізден олар қыруар ақша тауып  сізді зиянға ұшыратып кете береді.
Белгісіз
Дұрыс айттыңыз, рахмет, асығыстау жібере салған едім, мынау маған үлкен сабақ болды (жыл аяғы болғасын ақшасын аударып та жіберген едік). Келесіде сіз айтқандай ішек қарнын ақтарып тұрып жазармын. Ия, сосын басқа да қолданушыларға айтарым сол, қай затты бергендеде нақты, түгін қалдырмай жазу керек екен.
0 дауыс
негізінде DVD-ROM жүйелік блоктың бір бөлігі болып саналады. госзакупте бұндай жағдайлар мендеде болған.
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы