Мешіт - мұсылмандардың ғибадат ету орны. Үйде оқыған намаздан мешітте оқыған намаздың сауабы 27 есе көп. Адам үйінен дәрет алып, мешітке тек қана құлшылық ету ниетімен шықса. әр бір басқан қадамымен күнәләрі кешіріліп, әр бір басқан қадамына сауап жазылады. Бұхари мен Муслимнен келген хадистер бұған дәлел. Ал, мешітке тек қана басына іс түскенде ғана бару дұрыс емес деп айту қиын әрине, бірақ сол істен арылған соң, мешітке баруды доғару дұрыс емес. Басына іс түскенде тек қана Аллахтан сұрау керек, және тек қана мешітте ғана емес, үйде, сапарда жүрген кезде де дұға етуге болады. Сауаптан құр қалып жүрмейік!!!