+1 дауыс
143k көрілді
Бас ауырғанда қандай ем қолдануға болады? Қатты ауырғанда
басынды ауыстыру керек

14 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Біз басымыздың жиі ауыратынын айтсақ та, одан дәрісіз қалай айығу керектігін білмейміз. Шынында басымыз неге ауырады, одан құтылуға бола ма?

Бас ауруының бес себебі

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, планета тұрғындарының 90 пайызының басы ауырады екен. Бұл неден пайда болады, бас қатты ауырса не істеу керек, қандай жағдайда дәрігерге қаралған жөн, дәрі ішеміз бе? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Дәрігерлердің тұжырымдамасына қарағанда, бас ауруына төмендегі жағдайлар себеп болады екен.

1. Шаршау мен қатты күйзелу;

2. Ауа райы құбылуының, климат өзгеруінің немесе магниттік боранның әсері;

3. Суық тию мен вирусты аурулар;

4. Тоңу және қарын ашу;

5. Көпіретін сусындар (газдалған) мен алкогольді сусындар ішу;

Дәрігерлердің соңғы зерттеулері бойынша кейбір дәрілер, тіпті күнделікті пайдаланып жүрген азық-түліктер де бастың ауыруына әкеліп соқтыратын көрінеді.

«Зиянды» ac мәзірі

Құрамында биогендік аминдері бар, яғни сірке суы, кетчуп, майонез бен қыша (горчица), майлы және ысталған тағамдарды, онымен қоса газды сусындарды жиі пайдалану  бас ауруын тудыруға себеп болады. Мәселен, шұжық түрлеріне нитраттарды қосқанда, ол дәмдірек және тәбетті ашатындай өң беріп тұрады екен. Ал нит­рат қосындысы бас ауруын қоздыратын зиянды заттардың бірі. Сондықтан сүрленген шошқа еті (ветчина, бе­кон), хот-дог және чизбургерлерге көп әуес болмағаныңыз жөн.

Кейде басымыз қатты ауырып тұрғанда  «тез жазылсын» деп дәрінің 1 -2 түйірін бірден ішіп аламыз. Келе-келе оған үйреніп, соңында дәрі қабылдамасақ басымыз мүлдем жазылмайтын халге жетеді. Демек, шама келсе, дәріге көп әуестенбеңіз.

Басыңыздың қай бөлігі ауырады?

Басыңыз ауырғанда дәл қай тұсы ауырады, соған көңіл бөлдіңіз бе? Желке ме, әлде маңдайыңыз ба? Мүмкін самайыңыз шығар? Қай жеріңіздің ауырып тұрғанын анық білсеңіз, одан тез арада құтылудың жолын да нақты таба аласыз.

Бастың толықтай ауыруы

Мұндайда бастың қай бөлігі ауырып тұрғаны белгісіз. Аталған жағдайлар көбінесе күні бойы компьютер алдында отырғанда, ұзақ уақыт жұмыс істегенде және қандай да бір жүйкеге тиетін оқиғалар мен қатты ашуланғанда пайда болады. Сондай-ақ иық және мойын бұлшық еттеріне күш түскенде бас қатты ауырады.

Бұндай кезде алдымен шашты 6-8 айрыққа бөліп, екі қолдың саусақтарының ұшын шаштың түбіне дейін апарып, маңдай тұстан желкеге дейін 3-4 peт сипау керек. Одан кейін сағат тілі бойымен айналдыра уқалайды. Бірақ қатты баспай, бөліп алған әрбір айрықтың құйқасына 10 минуттай жайлап массаж жасайсыз. Шашты бірнеше түпке бөліп, бір түбін алып, кері қарай тартыңыз, біраздан кейін шаштың түбі жеңілдейді. Осылайша шаштың барлық бөлігіне жасаңыз. Сосын саусақ ұшымен бірнеше минут бастың шашы бар жерлерін төбеден самайға және желкеге дейін жайлап ұрғылап шығу керек. Ең соңында сау­сақ ұшымен маңдайдан желкеге қарай 10 рет сипаған дұрыс.

Мұндайда теңіз тұзы немесе қылқан жапырақ сығындысынан дайындалған ванна қабылдап, шашыңызды жуып, шайқурай (зверобой) немесе киікшөптің (душица) қайнатылған суымен (1 литр суға 5 ас қасықтан) басыңызды шайсаңыз, тіпті жақсы. Одан кейін басыңызды түкті орамалмен орап, 2-3 сағат бойы жүріңіз. Басыңыздың ауырғаны бірден басылып, өзіңізді сергек сезінесіз.

Самай мен маңдай ау­ырса…

Бастың бұл бөліктері ауыра бастағанда адамның жүрегі айнып, қолы тоңып, дірілдеп, көру қабілеті төмендей бастайды. Бұл көбінесе ауыр көтергенде, дәрі ішкеннен кейін және ауа райы өзгерген кезде пайда болады. Аталған белгі байқалса, «бас сақинасы» ауруынан қауіптеніңіз. Бұл ми тамырларының тарылуы мен кеңеюі салдарынан туындайды.

Бұндай кезде ауырған самайдың екі жағына екі сұқ саусақты (саусақтың ұшын валериана немесе жалбыз тұнбасына малып отыру керек) апарып, төбеден самайға дейін сағат тілі бойымен 2-3 минут уқалап, кейін оған керісінше бағытпен жүру керек.

Ал егер маңдайыңыз ауырса, қасыңызды жайлап 1-2 минуттай уқалаңыз. Одан кейін екі алақаныңызды маңдайға қойып (саусақтардың ұшы маңдайдың ортасында түйісу керек), баппен екі самайға қарай массаж жасаңыз. Біраздан кейін жылылықтың пайда болғанын сезесіз. Бұған қоса ыстық компресс қоюға болады. Ол үшін бір уыс түймедақ гүліне 1/3 ста­қан қайнаған су құйып, 15 минут жай отта қайнағанға дейін қайтадан ысыту керек. Сосын сүзіп алып, ыстық тұнбаны зығырдан жасалған орамал немесе бірнеше қабатталған дәкеге сіңіріп, маңдайға басса, ауырғанды тез басады.

«Бас сақинасынан» адамдар ыстық және суық компресс қою арқылы айыға алады. Екі кішілеу орамал мен ыстық су құйылған шылапшын дайындап алыңыз. Ал суық суды ағып тұрған кран шүмегінен алған жөн. Алдымен орамалды ыстық суға малып, оны сыққаннан кейін ауырып тұрған жерге 30 секундтай басып тұру керек. Суық су сіңірілген орамалды да 30 секунд ұстаған жөн. Осылайша 2-3 рет жасайды. Одан кейінгі процедураларда компресті 5-6 рет қайталап, уақытты жай­лап 1,5 минутқа дейін ұзартса, 2 аптадан кейін «бас сақинасынан» құлан таза айығып кетуге болады.

Желкеңіз ауыра ма?

Кейде таңертең ұйқыдан тұрғанда  көзіңіздің алды ісіп, желкеңіз кері тартып ауырып тұрғанын сезесіз. Бұл көбінесе күні бойы ауыр жұмыс істегеннен кейін ертеңіне байқалады. Яғни, бұл ми тамырларының тарылып, қан қысымының артқанын білдіреді. Бұндай кезде арқаңыз орнықты болатындай етіп орындыққа отырып, басыңызды кейінге жіберіңіз. Иығыңызды түсіріп, саусақ ұшымен  мойынның жоғарғы екі жағынан төменгі жақ сүйектің бұғанасына дейін 1-2 минуттай жайлап уқалаңыз. Оң қолдың бас бармағы мен ортаңғы саусағының ұшын омыртқа мен желкенің қосылған жеріне апарып, ал сол қолдың алақанын маңдайға қойып, бастапқыда қатты батыра уқалап, соңына қарай уқалауды баяулатады. Мұны 3 минуттай жасайды. Одан соң оң қолдың саусақтарымен желкедегі шаштың түбіне массаж жасап, тағы біраз уақыт жоғары-төмен уқалаңыз. Ең соңында екі қолдың саусақтарымен желкеден иыққа дейін 3-4 рет сипап, массажды аяқтаңыз.

Одан кейін ауырған жерді басатын шай дайындаңыз. Оны дайындау үшін бақбақ (одуванчик) тамырын аздап ұнтақтап, оған аз мөлшерде  мелис­са мен қалақайды (крапива) қосып, бәрін араластырып, бір шай қасығына қайнаған бір стақан су құйып, термоста 2-3 сағаттай ұстайды. Осы дайын болған тұнбаны таңертең және күндіз бір стақаннан, ал кешке 2 стақаннан 3-4 апта бойы ішу керек.

Дәрігерге қашан бару керек?

Ешқандай себепсіз аяқ астынан басыңыз ауырып, дәрі ішсеңіз де басылмаса, онда сіз те­рапевт немесе невропатолог дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Егер бойыңызды әлсіздік билеп, басыңыз айналып, қимыл-қозғалысыңыз, есту және көру қабілетіңіз нашарласа, онымен қоса қызуыңыз көтеріліп, лоқсып, дем алуыңыз қиындап кетсе, бірден «Жедел жәрдемді» шақыртыңыз.

Күміс қасықтың пайдасы

Күмістің пайдалылығы ежелден белгілі. Әлемге әйгілі патша Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) жорыққа шыққанда күміс құтымен бұзылмайтын, керемет шипалы су алып жүреді деген аңыз бар.  Ал судың ерекше қасиетке ие болып бұзылмай сақталуы күміс ыдысқа байланысты екен. Күмістің емдік қасиеті мол. Ол тістің қызыл иегін зақымданудан сақтайды, түрлі бактерияларды жойып, асқазан-ішек жолдарын тазартады. Сондықтан адамдар күміс қасықтарды пайдаланады. Қасық жұмсақ қақталған ақ күмістен  жасалса, тіпті жақсы. Мұндай күмістің иондары суға бөлініп, ерітінді түрінде ағзаға сіңеді. Қолданыла келе күміс қасықтың жиегі мүжіле  бастайды. Бұл ағзаның күміс иондарын қаншалықты пайдаланғанын көрсетеді екен.

Күміс қасық, әсіресе, жас балаларға пайдалы. Балаға бал­ды, тосапты және т.б. тағамдарды күміс қасықпен қою күйінде берсеңіз, бала ағзасы күмісті жеткілікті түрде қабылдайды. Өйткені бала қасықты ауызында көбірек ұстаған кезде күміс иондары оның ағзасына көбірек тарала бастайды.

+2 дауыс
Егер дәрі дәрмек табылмай жатса басымды қатты қысып байлап тастаймын. сонда кішкене болсын жазылғандай болады. сол кезде маңдайыңда қанша ажым барын біліп алуға болады, ажымдар бадырайып шығып кетеді.
Орынды екен)
Орынды екен рахмет
Мә күшті рахмет
Ой қайта қайт жазыла бердіғо кешіріңіз
+2 дауыс
Қайталанған сұрақ, осыы жерден қара
https://surak.baribar.kz/34761/
https://surak.baribar.kz/218298/
https://surak.baribar.kz/167331/
хех мынау менің жауабым қатесімен бірге көшіріп қойыпсынғо.
иа  осыдан қарасын деп ем го
Белгісіз
0 дауыс
үй жағдайында алдымен басқа жаттығу жасау керек,басты төмен-жоғары,оңға-солға бұру арқылы.Ен бастысы басты дем алдыру кажет.
+1 дауыс
Көбіне бас ауырғанда сақина ұстап қалды дейді. Самайдан жоғары  3 см жерде адам басында дөңгелек ойық болады. Сол жерді бас бармағыңызбен уқалаңыз! Мен солай жасайм. Жазылады.:)
0 дауыс
Бас ауыру — әр түрлі себептерден болатын ауырсыну сезімі. Қан айналу жүйесінің қызметі бұзылғанда (гипертониялық аурулар, гипотония, бас сақинасы — мигрень) миға қан біркелкі келмейді де, бас сырқырап, солқылдап және тырысып ауырады. Басы ауырып отырған адамның мазасы кетеді, мойын бұлшық еттері құрысады. Маңдай, самай, төбе аймақтарынан ауру сезімі үшкіл нервтер, ал шүйдеден — кезбе, тіл-жұтқыншақ нервтері және мойын өрімдері арқылы беріледі. Бас ауыру белгісінің күші ми бөлігінің қызметтеріне, әр адамның табиғи жаратылысына, атап айтқанда, ауру сезімін қабылдау деңгейіне де байланысты болады. Бас ауыру жұқпалы аурулардан, көз, құлақ сырқаттарынан (мысалы, алысты көре алмау, отит, т.б.), уланудан, жүйке сырқаттарынан, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, қан құрамындағы зат алмасу процестерін үдететін (адреналин, гистамин, т.б.) заттардың шамадан тыс көбейіп кетуінен де болады. Бас ауырудың көп кездесетін белгісінің бірі — бас айналу. Ол қалыпты жағдайда да, мысалы, әйелдердің жүкті кезінде, лифтімен тез көтерілгенде, биіктен төмен қарағанда, жылдам қозғалған нәрсені бақылағанда, т.б. байқалады. Бас ауырудың себебін дәл анықтау үшін лабораториялық әдістер пайдаланылады (мысалы, бас, мойын сүйектерін рентгенге түсіру; қанын, зәрін талдаудан өткізу). Ауру анықталмаған жағдайда, жұлын-ми жолын инемен тесіп, алынған сұйықты биохимиялық талдаудан өткізеді; қысқаша Биопсия
0 дауыс
Менин жасым 23те.оте уайымшыл адаммын.студентпин кейде акша жагы кысып жибереди.тагы да проблемалар кобейип жатады.сол кезде басыым айналып алсыз сезиңинп кусып журегим айниды.бирнеше рет талып кулап та калгам универде.каназдык деп диагноз койды .кобинде менде стресс.кан аздык сондыітан басым жиы типти кунде ауырады.музыка шулы жер унамайды миым кысып кетеди.маган кандай комек айта аласыздар?
0 дауыс
Меніңде басым күнде ауырады, Құдайдың құтты күні ауырдаы десем де болады? Сосын обедтен кейін уйқым келіп, әлсіреп ктеемін. Күні бойы дел-сал болып жүремін. Мұндайда не істеуге болады?
0 дауыс
егер бастын оң жақ бөлігі ауырса не болады? және де ерініңіз ұйып қалса?
0 дауыс
Менин  басымның сол жағы мен маңдайыма ауырады төмен карасам мықты ауырады ол не ушин аяғым ауыр болғандықтан ба??
0 дауыс
Менің басым қатты ауырады шаншып  па түйіп  па өзім де түсінбейм өтінем жауап беріңіздерш
0 дауыс
екі көздің ортасын яғни мурынның устін сук саусақпен басу Дәрі қабылдауға асықпаңыз   егерде ауырғаны басылмаса ғана дәрі қабылдап көріңіз
0 дауыс
Басыңызды өлшейсіз. Ол үшін бас орауға жететін жіп аласыз да екі қабаттап дәл  ортасын тауып алып белгілеп түйесіз. Түйіншекті екі қастың ортасына дәлдеп басыңызға құлақ үстімен артқы шекеге дейін орап ұстап тұрып жоғарыдан шешіп аласыз да түйіншекпен теңестіресіз. Егер бір жағы бос болса басыңыз ауып кеткені деген сөз. Қақтыру кк
0 дауыс
Алдымен, ыңғайланып отырып, не шалқалап жатып алыңыз. Ойыңыздағы барлық негативтерді шығарып, өзіңізді еркін ұстаңыз. Бас ауруыңыз, массаж кезінде, не 10-15 минутта өте шығады.

Қытайлықтар:

Алдымен, бас қатты ауырғанда, акупрессура нүктелерін 1-5 минут бойында айналдыра массаж жасайды;

Екіншіден,созылмалы аурулар кезінде ол нүктелерге қатты салмақ салмай, сұқ саусақ не басбармақпен 30 секунд уқалайды;

Үшіншіден, акупрессураны бұрыннан жасап жүргендер болса, сұқ саусақты қатты баса отырып, 3-5 минут бойы массаж жасайды.

Керек болса, бұл тәсілді күніне бірнеше рет қолдана беріңіз. Оның денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ.
...