+1 дауыс
43.2k көрілді
Ағылшын тілін қалай тез үйренуге болады?Менің бір жаман әдетім, бастған істі соңына дейін жеткізбей тастап кететінім бар сондықтан ынталандыратындай болса!:(

14 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Алысқа шет ел аспай, Қазақстанда жүріп ақ, ағылшыннан көп курс өтпей ақ, өз бетіңмен дайындалып, IELTS сияқты тесттен жоғары нәтиже көрсетуге болады ма? Ондай жоғары нәтиже көрсету үшін қандай дайындық қажет? Көптен бері қалай дайындаламын деп бас қатырып жүрсіз бе, әлде дайындықтан шаршап, жоғары ұпай ешқашан алмаспын деп үмітіңізді үздіңіз бе? Немесе үйрететін біреу болса екен деп, «таңғажайып» сиқыршы мұғалімді әлі күтіп жүрсіз бе? Кім болсаңыз да, IELTS-тан жоғары ұпай — 7,5 жинаған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша 2-курс магистранты Ақнұр Жидебекқызының бөліскен тәжірибесінен аларыңыз көп болар деп сенеміз. 

1.Сәлем Ақнұр! Жақында IELTS тестін өте жақсы тапсыруыңмен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанда болып, диссертацияңды жаза жүріп, Listening: 8.5 Reading 8.0 Writing 7.0 Speaking 6.5-ке тапсыру екінің бірінің қолынан келе бермейді деп есептеймін. Білімге ұмтылған көп құрдастарымыз, таныстарымыздың осындай стандартты тестті қалай тапсырамын деп көп кеңес сұрап жататыны да жасырын емес. Әрбір адамның жеке оқиғасы болуына, мақсатқа түрлі жолдармен жететіне қарамастан, сенің айтарыңнан өзіне түйері бар болар. Кеңестеріңмен, алған әсеріңмен бөлісемін деп келіскеніңе көп рахмет! 

— Сәлем, Талшын! Әрине, IELTS тестінен жалпы 7.5 балл жинағаныма қуаныштымын, бірақ өз басым бұл ерекше мән беретіндей көрсеткіш деп ойламаймын, 8.0 немесе 8.5 болса әңгіме басқа. Сондықтан жай ғана өзімнің осы тестті тапсыруға қатысты тәжірибеммен бөлісе отырайын, ең болмағанда бір адамға болса да пайдасы тиіп қалар деген үміттемін. 

2. Ең алдымен сәтті тапсырылған тесттің себебі – ағылшын тіліннің жалпы деңгейінің жоғарылығы деп білемін. Осыған дейінгі ағылшын тілі бойынша дайындығың қандай болды? Ағылшын тілінен курстар алып көрдің бе? Мектепте не университет қабырғасында жүрген кезде ағылшын тілін қаншалықты оқыдың? Шетел азаматтарымен жұмыс істеп көрдің бе? 

Шыны керек, қандай курсқа барып дайындалғандығымды білгісі келіп хабарласып жатқандар көп. Бірақ мен ағылшын тілін оқу мақсатында курсқа өмірімде 2-ақ рет барғанмын. Бірінші рет осыдан 2 жыл бұрын. Ол жерде, өкінішке орай, мұғалім тек әңгіме айтып отыратын, оның үстіне шетелден заңсыз келген және құжатсыз азамат екендігі анықталған соң бұл курстан бас тарттым. Нәтижесінде, басқа оқыту орталықтарына да үлкен күмәнмен қарап, керек дүниені өзім-ақ оқып аламын деп шештім. Екінші рет дәл осы тесттің алдында IELTS-қа дайындайтын курсқа 1 ай бардым. 12 сабақтың 4-ін диссертацияны қорғау кезінде жіберіп алғанмен, қалғаны да жеткілікті болды деп айта аламын. Қысқасы, мектеп және университет қабырғасында сабақты жақсы оқығанның пайдасы осы – курстарға шығынданудың қажеті жоқ. 

Мектепте ағылшын тілі ел қатарлы аптасына 2 рет болды, 10-сыныпта сол 2 сағаттың бір сағатын Флоридадан келген ерікті мұғалім (волонтер) өткізетін. Ал университетте 1-2 курста 3 семестр, одан кейін араға екі жыл салып магистратурада 1 семестр Business English оқыдық. Сол сәттен тест тапсырғанға дейін тағы 1,5 жыл өтті. Бұл аралықта мен ағылшын тілін арнайы оқыған да, қолданған да жоқпын. Сондықтан IELTS тапсырардың алдындағы дайындығым жаңа нәрсені үйренуге емес, бар білетінімді еске түсіріп, қайталауға бағытталды. 
Оқырмандарға айтарым, егер сіз әлі де университет қабырғасында ағылшын тілін оқитын болсаңыз, алдымен сол сабақтағы тапсырмаларды тыңғылықты және мұқият орындауды әдетке айналдырыңыз. Тегін, арнайы уақыт бөлінген сабақтың мүмкіндіктерін толық пайдаланбай жатып ақылы оқуға ұмтылу жақсы емес. 
Жоғарыда айтып өткен флоридалық оқытушымыздан басқа шетел азаматтарымен жұмыс істеген емеспін. Ал табиғатымнан әр нәрсені мінсіз қалыпқа жеткізуді көздейтін адам болғандықтан, қазіргі ағылшын тілімнің деңгейіне әлі де көңілім толмайды, сондықтан оған «орташа» деген баға берер едім. 

3. Келесі бір факторлардың бірі – уақыт және тәртіп. Көпшілік адам сағат 9-6 арасында жұмыста не сабақта жүреді, тіпті кейде қосымша істерге уақыт табылмайтындай көрінеді. Өз уақытыңды қалай басқардың? Күнделікті ұстанатын оқу тәртібің не оқу жоспарың болды ма? Қандай study plan ұсынар едің?

Менің субъективті пікірім бойынша адам шынымен керек деп тапқан нәрсеге міндетті түрде уақыт табады. Сондықтан, тесттен жоғары балл алу үшін бүкіл сылтауды ысырып қойып, күніне 1,5-2 сағат уақытты дайындыққа арнау қажет. Дұрысы, кем дегенде 3 ай бұрын жоспар құрып, сынақ кітапшаларын тапсырып, оқу керек кітаптардың тізімін реттеп, жан-жақты дайындалу керек. 
Алайда, дәл осы кеңесті өзім қолданбадым. Себебі, тестке алдын-ала жазылып қойғаныммен, дәл сол уақытта мен үшін мемлекеттік емтихан мен магистрлік диссертацияны қорғау әлдеқайда маңызды болды. Сонымен қатар қорғаудан тестке дейін 20 күн (8.06-27.06) бос боламын деген оймен дайындықты осы күндерге шегеріп қойдым. Бәлкім, мұндай шешімге ағылшын тілінде жаңалықтарды оқып, фильмдерді көріп, ең бастысы түсініп жүргендіктен «төмен балл алмаспын» деген ішкі сенімділік әсер еткен болар. 
Бірақ, құрметті достар, бұлай тәуекелге барудың қажеті жоқ. Мүмкіндігінше Cambridge IELTS Collection оқулықтары бойынша тест тапсырып, өз деңгейіңізді шамамен білген соң, қажетті баллға қол жеткізу үшін алдын-ала қамданған жөн. 

4. Енді әрбір секция бойынша кеңестеріңмен бөліссең:


Listening:

Listening бойынша сізге өзіңізден басқа ешкім көмектесе алмайды. Егер күн сайын кем дегенде 30-40 минут бойы ағылшынша подкаст (podcast), жаңалықтар, радио немесе аудио-кітап тыңдайтын болсаңыз, 2 аптадан кейін-ақ оң өзгеріс байқайтыныңызға кепілдік беремін. Сондықтан, көшеде, автобуста, ыдыс жуып, үй жинағанда және т.б. кезде тыңдайтын сүйікті әуендеріңізді ағылшын тіліндегі аудио материалдарға ауыстыруға дайын болыңыз. Нәтижесі көңіліңізді қалдырмайды. 
Көбінесе адамдар ағылшын тіліндегі сериал немесе фильмдерді көруге ұмтылады. Дұрыс-ақ, бірақ келесі дүниелерді ескерген жөн:
1. Егер IELTS тапсыратын болсаңыз британдық немесе австралиялық туындыларды таңдаған жөн. Себебі, Голливуд фильмдерінде американдық акцент басым.
2. Басында субтитрмен көрген жақсы, бірақ ол тыңдаудан гөрі тез оқуға көбірек ұқсайды. Дегенмен, таныс емес сөзді жазып алып, бірден аудармасын қарап, жаттап алуға таптырмайтын дүние. 10-15 фильмнен соң субтитрсіз көруге дағдыланыңыз. 
3. YouTube-тан танымал BBC (Worldwide, Documentary) сияқты арналарға жазылып алсаңыз, жаңалықты сол жерден-ақ көруге болады. Артықшылығы – әлемнің түкпір-түкпірінен хабар тарататын журналистердің неше түрлі акценттерін ести аласыз. Шын өмірде барлығы English file кітаптарының артындағы дисктегі ағай мен апай сияқты түсінікті әрі жай сөйлемейді…
4. BBC words in the news – керемет дүние! Аудио нұсқасымен қоса pdf форматтағы скрипт және күрделі сөздер мен сөз тіркестеріне түсіндірме беріледі.
5. Cambridge IELTS Collection кітаптарындағы Listening-ді жасап шығуға кеңес беремін, емтихан дәл сондай болады. 

Reading:

Reading кезінде «мәтінді толық оқымай-ақ, бір қарап шығып сұрақтарға жауап беруге болады» немесе «сұрақтағы сөзді мәтіннен ізде» деген сияқты «ақылды кеңестер» шындыққа жанаспайды. Біріншіден, әр мәтінге орта есеппен берілетін 20 минут оны толық оқып шығуға да, сұрақтарына жауап беруге де жеткілікті. Екіншіден, Yes/No/Not given немесе True/False/Not given форматындағы сұрақтарға мәтінді мұқият оқымасаңыз қате жауап бере салу оп-оңай. 
Сондықтан, дайындық барысында тестті үнемі (!) таймермен жасап, әр мәтінге 20 минут қана жұмсап үйреніңіз. Тест барысында 1 минут та артық берілмейді.
Reading-нан табысты нәтижеге жету сіздің сөздік қорыңыз бен мәтіндік ақпаратты жылдам қабылдап, қорыта алу қабілетіңізге тікелей байланысты. Ол үшін күнделікті жаңалықтарды ағылшын тіліндегі The Guardian, The Telegraph, Daily Mail сияқты үнқағаздардан оқуға кеңес беремін. Алғашында қиындау болатыны сөзсіз, бірақ өзіңізге қызықты бір саланы таңдап алып (экономика, саясат, спорт, танымал адамдардың биографиясы) соған қатысты жаңалықтарды оқи берсеңіз, уақыт өте келе дағды қалыптасады. 
Басқа тілді үйренетін кейбір адамдардың ең басты қателігі – сөзді жекелей жаттау. Ол не есте қалмайды, қалса да қалай дұрыс қолдану керек екендігін түсінбейді. Сондықтан түсініксіз сөзді мәтіннің ішінде (контекстте) оқып, аударып, сөйлемді қайта оқитын болсаңыз мықтап есіңізде қалатынына сенімдімін. Және Reading-нан жақсы балл алу үшін мәтіндегі барлық сөзді білу міндетті емес, керісінше бұл бөлім сіздің таныс емес сөздері араласқан мәтіннің жалпы мағынасын түсіне білу қабілетіңізді тексеруге арналған. Ендеше, бір сөзді білмей жатсаңыз, уайымға салынбай, сөйлемді интуитивті түрде өзіңізге түсінікті қалыпта оқи беріңіз. 

Writing

Менің жазғандарымды оқып, мені бір IELTS-ті кездейсоқ тапсырған адамға ұқсатып отырған боларсыз. Бірақ жасыратыны жоқ, тестке 1 ай қалғанда дайындықты бастағанша ағылшын тілінде бірде-бір рет эссе жазып көрмеппін. Сондықтан 20 күннің 14 күнін тек қана Writing бөліміне арнадым. Дәл осы тұста Improve your IELTS — Writing skills деген кітап пен курстағы мұғалім көп көмектесті. Кітап бойынша тапсырмаларды өз бетінше орындап, жазған эсселерімді тексертіп отырдым. Сондықтан жазбаша тапсырмаға жақсылап дайындалу үшін білікті оқытушының көмегі керек-ақ. Егер сөздік қорыңыз орташа болса, бұл – 6.0-ден кем емес балл жинауға мүмкіндік беретін тамаша кітап! Ғаламтордан жүктеп алып, қағазға шығарып алуға кеңес беремін. Сатып алудың қажеті жоқ, себебі баспаның жылтыр парақтарына қарағанда кәдімгі А4-ке шыққан кітапты жазып, сызып және шимайлап оқыған ыңғайлырақ. 

Speaking:

Speaking-нан небәрі 6.5 балл алғандықтан не істеу керек дегеннен гөрі не істемеу керек екендігін жақсырақ айта алатын сияқтымын. Бұл жерде ең бастысы тәжірибе. Қазақтың «сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген мақалының кері келіп тұр. Менің ең басты қателігім – бұл бөлімге дайындық ретінде отбасы, спорт, хобби, оқу, жұмыс, дәстүр, мәдениет және т.б. тақырыптарға ойша дайындалғанмен, оларды дауыстап айтпадым, бұл тақырыптарда сөйлемедім және ешкіммен талқыламадым. Сондықтан, Speaking тест басталғанда ағылшын тілінде сұрақтарға жауап беріп отырған Ақнұрдың дауысын есту мен үшін қызық әрі таңсық болып көрінді.
Кеңестер: 
— English club-тарға бару және белсенді болу;
— ұяңдықты жеңіп, қатемен болса да ағылшынша сөйлеп бастау;
— сіздің талпынысыңызды қолдайтын және өзі де ағылшынша сөйлеуді мақсат тұтқан әріптес табу;
— тіпті болмағанда өз-өзіңізбен сөйлесуге болады.
Тағы бір ескеретін нәрсе, Speaking лоторея сияқты, сіздің жақсы жауап беруіңіз дайындығыңыздан бөлек берілген тақырыпқа да байланысты. Кейбір таныстарыма «Әскери коммунизм жайлы пікірің қандай?» немесе «Қазақстандағы ең сүйікті заңың туралы айтып бер» деген сұрақтар келген. Тосыннан қойылған мұндай сауалдарға ағылшын тұрмақ қазақша не айтарыңызды да білмей қалуыңыз ғажап емес… 

5. Тестке бір күн қалғанда: 

Тестке бір күн қалғанда оқу, қайталау, жаттау, кітап ақтару және сынақ тестін жасау дегеннің барлығын тоқтатқан жөн. Қарапайым түрде миды тынықтыру керек. Осы уақытқа дейін оқығаныңыз ешқайда қашып кетпейді, ал бірақ түн ортасына дейін барыңызды салып оқи беретін болсаңыз, ертеңгі маңызды күні зейініңізді тестке аударып, ойды жинақтау қиын болады. Одан да ұйқыны қандырып, тестке сергек баруды ойлаңыз. Мен тестті Рамазан айының бірінші күнінде (28.06.2014) тапсырдым. Сондықтан бір күн бұрын сәресі мен ауызашардың қамын жасап, дүкен аралап, ораза ұстауға дайындалып, ойымды тесттен басқа жаққа бөлдім. 

6. Тест күні. Қобалжу болды ма? Тест жазу барысында шаршамадың ба? Өзіңді қалай ынталандырып отырдың?

Тесттен шыққан соң «қанша балл жинадым екен?» деп уайымдауға болады, бірақ оған дейін тестті ойлап қобалжудан түк пайда жоқ деп ойлаймын. Сондықтан сабыр сақтап, салқынқанды түрде қарау керек. 
Тест басталардың дәл алдында біраз балалар кітап-дәптерлерін ашып, аудиторияға кіргенше солардан көз алмай қараумен болды. Бірақ дәл осыдан нәтиже жақсаратынына күмәнім бар. Ал тесттің өзіне келер болсақ, маған объективтілік пен оның темірдей тәртіппен өтетіндігі қатты ұнады. Аудиторияға кіргеннен шыққанша тест бір деммен өтеді, шаршауға, артық дүние ойлауға, тіпті бас бұруға мұрша жоқ. Ең, ең, ең маңызды дүние – ойды жинақтап, зейінді шоғырландыру. Бір ғана мысал, Listening басталғанша бойдағы үрей, қорқыныш, уайым, күйгелектену және т.б. сезімдерден арылмасаңыз көп нәрсе жоғалтасыз.

7. Пайдалы болған кітаптар: 

Cambridge IELTS Collection 5-7, Improve your IELTS — Writing Skills.

8. Телефонға, компьютерге арналған қосымшалар (application-дер) 

English Topics, IELTS Skills, Dictionary “Английский язык”, Google Translator – барлығын Google Play арқылы жүктеп алуға болады.

9. Пайдалы вебсайттар тізім: 

1. www.bbc.co.uk/podcasts/series/6min
2. www.bbc.co.uk/worldservice/learningenglish/general/ 
3. www.youtube.com/channel/UC16niRr50-MSBwiO3YDb3RA
4. www.youtube.com/channel/UCaRMivfyupj3ucUyJbZbCNg
5. tunein.com/
6. www.examenglish.com/IELTS/IELTS_Band_Scores.html?PageSpeed=noscript
7. www.ielts.org/
8. Twirpx.com – тамаша сайт! Кез келген кітапты тегін жүктеп алуға болады. Сайт авторларына мың алғыс!

Бұдан бөлек өз қажеттілігіңізге қарай жүздеген пайдалы сайттарды тауып алуға болады. Барлығы тек сізге нақты не қажет екендігіне байланысты. Қайталап айтамын, ақшаңызды алып, ағылшын тілі орталығына қарай жүгірместен бұрын ғаламтордың шетсіз-шексіз мүмкіндіктерін пайдаланып көріңіз. 

10. Мұны оқыған жанға қандай тілегің не тағы қосар кеңесің бар?

Ағылшын тілін білу қазір заман талабына айналып отыр. Еңбек нарығында ағылшынша бір сөз қолданбайтын ұйымдардың өзі жұмысқа аларда ағылшын тілінің деңгейін сұрап жатады. Алдыңғы қатарлы оқу орындарына түсу үшін де ағылшын қажет. Сондықтан жоғарыдағы сайттар мен жалпылама кеңестерді пайдаланып, ой, сөз, жоспардан нақты іс-әрекетке көшу керек. 
IELTS тапсыруға ниеттеніп жүрген барлық жандарға сәттілік тілеймін! Барынша жоғары балл жинауды мақсат етіңіз, азды қанағат етіп, маған осы да жетеді деген ой биіктерге жетелемейді. 

Қымбатты Ақнұр, алтын уақытыңды бөліп, кеңестеріңмен бөлісіп, жауаптарыңды осындай көркемділікпен қағаз бетіне түсіргеніңе көп рахмет! Алдыда алар асуларың көп болсын, сендей өз ісін білетін қайсар қазақ қызының әр бастаған ісі алға басатынына сенімдімін. Бұл кеңесті оқыған тағы бір қазақ баласы білімін одан әрі арттырып, өзіне үлкен күш алсын!

Талшын Тоқыжанова 
Филадельфия-Алматы

Дереккөз: http://blogtime.kz/mumkindikter/ielts-75-aknurdyn-okigasy.html

Мен орысша білмеймін маған ағылшынша толық менгеріп кетуге болама қазақшаммен
+1 дауыс
Сөздік қорды дамыту керек. Ол үшін көп кітаптар оқып сөздерін жаттай беру керек. Абай орыс тілін сөйтіп үйреніпті...
Ағылшынша аудармасыз фильмдерді субтитрмен көру және кез-келген ағылшынша аудиотүріндегі әңгіме тауып алып, сынақ хат жазу керек...
http://www.youtube.com/user/dailydictation
Белгісіз
Рахмет әсіресе фильм көру дегенде шабытым келді
+2 дауыс
Егер интернет арқылы үйренем десең, соңына дейін бітірмей жалығып кетуің мүмкін. оданда өз қалаңнан оқытатын лингво орталықтарын тауып алып көпшіліктің арасында оқығаның дұрыс болады.
Интернетте оқу деген ол - теория
Адамдармен қарым қатынаста болып арнайы курстардан өту - практика.

практикада тез жақсы үйренесің
0 дауыс
Ағылшын тілін үйрену оңай нәрсе емес.Тек ынта болса болды.Және де интернеттен үйрен.Ағылшынша кино көр.
+1 дауыс
Өзіңнің күнде тыңдайтын ағылшынша өлеңдердің сөздерін аударып, мағынасын түсініп ал!
+1 дауыс
ол үшін ең алдымен көп сөздік білуің керек, сөздіктерді жаттау үшін мысалы бір күнде он сөз жаттайтын болсаң оларды алдымен оқып жазып үйрен, содан кейін сөздіктеріңді әр жерге жазып іліп қой жұмыс істеп жатқанда соларға қарап қайталап жүр және дауыстап сонда тез үйренесің. арктикілділерді де үйрен қай жерде қандай арктикіл қолданатынын ол сөйлем құрауға керек. ағылшынша өлеңдерді тыңда және N.A.V. айтпақшы фильм көр.
0 дауыс

http://massaget.kz/bilim/englishkz

0 дауыс

Бүгінде ағылшын тілін білмеу үлкен кемшілікке айналып барады. Сондықтан аталған тілді жұмысыңыздан бас көтермей-ақ, меңгеріп алуға көмектесетін сервистерді назарларыңызға ұсынамыз. 

Басы

Егер сіз қандай да бір себептерге байланысты ағылшын тілін мектепте де, университетте де оқымасаңыз, бірнеше негізгі курстан бастаған дұрыс. Мысалы, бірінші атақты америкалық лингвист Пол Пимслердің методикасымен жасалған курсты тыңдау, ал сосын Assimil немесе Grammar in use курстарының бірнеше деңгейінен өту. Пимслердің бастапқы аудиокурсы арқылы күнделікті сөйлесуге қажетті негізгі 500 сөзді (жалпы 2000 сөз) жаттап шығуға сөздің дұрыс айтылуын үйренуге және тілді меңгеру үшін сервистердің барлығы дерлік қолданатын интервалды қайталауға дағдылануға болады.  

Тілді мейлінше жақсы меңгеріп шығу үшін ана тілді барынша аз қолдануға тырысу қажет. Бұл дегеніміз тек ағылшын-ағылшын (ағылшын-орыс не болмаса ағылшын-қазақ емес) сөздіктерін қолдану, ақпараттыwww.google.com/ncr арқылы іздеу (ақпаратты орыс немесе қазақ тілдерінде бермейді), Wikipedia-дан Simple English-те мақалалар оқу. Сөздіктердің ішінен Merriam-Webster-ге назар аударыңыз. Аталған сөздіктің сайты әрдайым қызығарлық заттарға толы: өз біліміңді тексеру, сөзжұмбақ шешу және жай ғана сөздік ойындар ойнау. Классикалық сөздіктерге мағыналары әлі еніп үлгермеген сөздерді Urban Dictionary-дан қарауға болады. Контекстегі жаңа тіркеске жасалынған видеоны көру үшін Media рубрикасына назар аударуларыңызға кеңес береміз.

Сөздік қор

Жаңа сөз кездескен кезде, ол қысқа мерзімді есте сақталады, бірақ егер ол сөз қолданылмаса, бірнеше күннен соң ұмытылады. Интервалды қайталау техникасы қандай да бір сөзді ұзақ уақытқа есте сақтауға мүмкіндік береді. Бұрын бұл үшін бір жағында ағылшын сөзі, екінші жағында оның мағынасы жазылатын карточка жасалатын. Енді сөздердіAnki бағдарламасы арқылы қайталауға болады. Бағдарламада карточкаларды тақырыптар бойынша жинауға болады (мысалы, оқылған мақаладан кездескен жаңа сөздер жинағы). Сөзді жаттау кезінде, әрдайым оның қаншалықты оңай еске түскенін көрсетіп өту қажет. Осылайша сервис жаңағы карточканы қанша уақыттан соң ұсынуға болатынын анықтайды (бір минуттан соң ба, 5 сағаттан соң ба әлде 10 күннен кейін бе).

Popling деп аталатын басқа бір сервис тіпті жұмыс істеп жатқан кезде де сөз жазылған карточкаларды экранда жылжитын бетте шығарады. Бетті елемеуге де немесе бірнеше секунд сөзбен жұмыс істеуге уақыт бөлуге де болады. Сонымен қатар, осындай форматқа ұқсас Memrise сервисі де бар.

Аталған сервистерден бөлек сөздермен жұмыс істеудің түрлі әдістерін Lingualeo, Busuu секілді сайттар да ұсынады. Lingualeo-нің ерекшелігі ретінде өзіңіз ұнатқан материалдың ішіндегі сөздермен ғана жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтуға болады. Ал Busuu-дың артықшылығы – бизнес-ағылшынның арнайы курсы мен тіл меңгеріп жатқан басқа қолданушылармен тілдесу.

Іскер қатынасхаттар

Ағылшын тілін жазбаша түрде үйрену элементтері кемеліне жеткен сайт деп Livemocha.com-ды айтуға келеді. Сіз орындаған тапсырмаларды сол тілде сөйлейтіндерге тексеруге жібересіз және өзіңіз де басқа біреудің тапсырмаларын тексере аласыз. Сервистегі қолданушылардың саны бүгінде 16 миллионнан асады сол себепті өзіңізге «мұғалім» тауып алу еш қиындық тудырмайды. Сонымен қатар, жазуға Lang-8 сервисі арқылы да машықтана аласыз. Бұл сервис үйреніп жатқан тіл бойынша қай жерде күнделік жүргізуге болатынын әлеуметтік желілердің есіне салып тұрады. Бір ғана айырмашылық – тіл білетін достарыңыз қателеріңізді сіздің жазбаларыңызда дұрыстай алады. Өз бетінше жазып үйренуге сондай-ақNobuna сервисі де көмектеседі.

Бұл жерде қызықты видеоларды көруге сосын естігендеріңді жазуға болады. Осылайша Nobuna жазуды да айтылған сөзді түсінуді де үйретеді.

Сөйлесуге машықтану

Әңгіме-дүкен құруға болатын адамды жоғарыда айтылған Livemocha, Busuu сайттары арқылы-ақ табуға болады. Бірақ, әңгімелесушіні тек жынысына, жасына, тіл білу деңгейіне қарай сұрыптамай, сонымен қатар, қолданушылардың екеуіне де ортақ тақырыптың болуын ескеретін сайт та бар. Ол – Palabea.

Palabea сайты қолданушылардың видеоойындарды немесе Дүниежүзі тарихын ағылшын тілінде талқылауға дайын екендіктерін айтуға мүмкіндік береді. Аталған тақырып кімде-кімге қызығушылық танытса, диалог құруларына болады. Бірақ, жоғары көрсетілген сайттардың барлығы уақыт өткеннен кейін ақша талап ете бастайды. Егер шығындалғыңыз келмесе, Skype-тағы арнай топтар арқылы диалог құратын адамды табуға болады немесе My Happy Planet сайтында сіз үйреніп жатқан тілде сөйлейтін адаммен тегін тілдесе аласыз.

Оқу

Оқығанда да ең қызығын оқыған дұрыс. Түрлі әдебиет TechCrunch-тағы мақалалардан пайдалырақ себебі, бір жағынан жаңа сөздер көп кездессе, екінші жағынан лексикасы алуан түрлі келеді. Оқыған кезде білмейтін сөздердің астын сызып, оларды Anki-ге салып отырыңыз. Егер электронды кітапқа ақша жұмсағыңыз келмесе, мәтінді тегін кітапханалардан жүктеп алуға болады. Соның ішінде Gutenberg Project, ManyBooks сайтарына кіріп көрсеңіз болады.

Атақты Amazon сайтында да тегін электронды кітаптарға арналған арнайы бөлім бар. Егер түгел бір кітапты оқып шығуға білім деңгейіңіз жетпесе, бизнес кітаптардың қысқаша мазмұны берілген Readitfor.meсервисінің қызметіне жүгініңіз. Оқуды әдетке айналдыруға DailyLit сервисі біршама септігін тигізеді. Ол күн сайын электронды поштаңызға кітаптан алынған шағын үзінділерді жіберіп отырады. Егер оқырман оқуды жалғастырғысы келсе, мәтін соңындағы батырманы басуы тиіс.

Бизнес-подкасттар

Жүгіру, серуендеу кезінде, автобуста, автокөлікте, үй жинау кезінде және ұйықтар алдында уақыт бөліп ағылшын тілінде подкаст тыңдауға болады. Мысалы, Monocle радиосында бағдарламалардың жазбалары,Wired.co.uk, Tech Weekly Podcast болатын апталық шолулар, The Economist пен WSJ-дегі дыбыстандырылған мақалалар, Freakonomicsпен The Nerdist-тің жаңа сериаларын тыңдауыңызға болады. Дегенмен, кейбірінде мәтін жылдам оқылады сондықтан, түсінбеуіңіз мүмкін.

Пайдалы видео

Тыңдау ұнамай ма? Онда кино, сериал, телешоу көруге болады. Мәселен, әр апта сайын Entrepreneurial Thought Leaders-те Стэнфорд университетінде өтетін видеолекциялар жарияланып тұрады. Көңіл-күйді көтеру үшін Saturday Night Live-тің жаңа бағдарламасын тамашалауға болады. Ал ағылшын тілін мақсатты түрде меңгеріп, полиглоттардың тәжірибесімен шабыттанғыңыз келсе, YouTube-та мынадай арналарға жазылыңыз: James ESL, Fluency MC, Loki2504.

Жанды сөйлесу

Тілді жетілдіруде әлемде ешбір нәрсе жанды сөйлесуге жетпейді. Сіз үйреніп жатқан тіл ана тілі болып саналатын адаммен тілдесуге дайын болмасаңыз, ағылшын тілін үйреніп жүргендермен сөйлесуге болады. Ал ағылшын ана тілі болып саналатын адаммен сөйлескіңіз келсе, «Білім» орталығына баруыңызға болады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

0 дауыс
ютюб та  ағылшын тілін үйрену деген видео
0 дауыс
Мына мақалада ағылшын тілін үйрену үшін қажетті сілтемелер бар: Зерікпей ағылшын тілін қалай үйренуге болады Назарларыңызға оқу барысын қызықты өткізуге болатын 14 ресурсты ұсынамыз. Ойындар, аудиожазбалар, кроссвордтар, қызықты топтамалар – өз қалауыңыз бойынша таңдаңыз: http://bilim-all.kz/article/2037-Zerikpei-agylshyn-tilin-qalai-uirenuge-bolady
0 дауыс

Кез келген шет тілін үйренгенде, негізгі күш жаңа сөздерді жаттауға кетеді. Себебі, жаңа сөз үйренбей, ешқандай грамматика, ережелерді қолданудың жөні жоқ. Жаңадан тіл үйренушілер үшін ең керекті 100 сөз, кейіннен 500 сөз, орташа деңгейге жеткенде 1000 сөз, сосын 3000 сөз, соңында әркім білуі тиіс 5000 сөз жаттау стратегиясы бар. www.justenglish.kz деген сайтта ағылшын тілін үйренушілерге біраз қазақша қызықты материалдар бар екен. Сол жақтан да қарап көруге болады. Жалпы, киноны көп көрген абзал.

0 дауыс
Агылшын тилин тез ари жылдам уйрену ушин не истеу керек
0 дауыс
ағылшынша етістіктерді жаттап қана қоймай сөздіктіде жаттау керек
0 дауыс
Ағылшынша үйренудің тиімді жолы.

Өзіңнің сүйікті ағылшынша музыканызды тыңдаңыз.

Сүйікті кинонызды ағылшынша көр.

Күнделік арнап, ішіне ағылшынша күнделікті жаз.

Ағылшынша кітап оқы.

Ағылшынша йренуді енді бастасаңыз кино көріп емес, ағылшынша мультфильм көріңіз сол кезде үйренуіңіз жеңіл әрі тиімді болады.

Програмалармен жұмыс жасаудың керегі жоқ. Бәрібір көмектеспейді!

Телефоныңыздың ішін ағылшын тіліне өзгерт.
...