Сепкілден қалай арылсам болады?!

0 дауыс
977 қаралым
Досымның өтiнiшi бойынша,оның бетiнде аздаған сепкiл бар едi,оны кетiру мүмкiнбе? оның қандай жолдары бар ? Айта кетсеңiздер???
Денсаулық Белгісіз

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Әуелі бұл ақтаңдақтың пайда болу себебін білу қажет.
 Ақтаңдақ (пигментті ақтар) теріге туа бітеді. Сондай-ақ ағза қызметіндегі әр түрлі ауытқуларға байланысты немесе сыртқы жағдайлардың (күюден, үсуден кейін) ықпалынан да болуы мүмкін. Әр түрлі ақтаңдақ бүйрек безі ауырған кезде, ағзаға никотин қышқылы, сондай-ақ витаминдер (пеллагра) күрт жетіспей қалған жағдайда пайда болады.
 Ақтаңдақты тұрғылықты жерде дәрігерлік-косметологиялық мекемелерде емдейді. Үй жағдайында дақты аздап кетіру үшін теріні ащы айранмен сүртуге болады. Сондай-ақ кейбір дәрі-дәрмекті өздерің де дайындап ала аласыңдар. Ол үшін бір қасық лимон шырыны мен асқа пайдаланатын әлсіз сірке суын араластырып, оған шай қасық қайнаған су қосады. Мұндай қоспамен бетті күн сайын сүртіп тұру керек. Сондай-ақ бетті туралған лимонмен, қиярмен, ащыған айранмен сүртіп, сонан соң жуады да, опа жағады. Ақтаңдақты толық кетіру үнемі мүмкін бола бермейді. Дегенмен бір-екі ай бойы дәрі-дәрмекті үзбей жағып жүру айтарлықтай нәтиже береді.
https://surak.baribar.kz/98885/
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы