Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептар саны 2010/2011 оқу жылында 0,7% қысқарды, деп көрсетілген ҚР статистика жөніндегі агенттігінің хабарламасында.
«2010/2011 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 7775 күндізгі жалпы білім беру мектептері жұмыс істеген. Оның 7638-і, яғни 98,5% мемлекеттік оқу орындары. Өткен оқу жылымен салыстырғанда мектептер саны 0,7% азайды», -делінген статагенттіктің жұма күні таратылған хабарламасында.
Жалпы білім беретін мектептердің ішінде бастауыш білім беретін мектептердің үлес салмағы - 12,8%, негізгілері – 15%, орталары – 68,9%. Бастауыш мектептердің жалпы мөлшерінің 95,7% ауылды жерлерде орналасқан. Негізгі және орта мектептер бойынша бұл көрсеткіш тиісінше 93,7% және 70,5%. Статистикалық деректерге сәйкес, күндізгі жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылар саны 2,5 млн адамнан асады.
Биылғы оқу жылында «жұмыс істеп тұрған 7646 күндізгі жалпы білім беретін мектептің (арнайы коррекциялық мектептер мен жоғары оқу орындарындағы мектептерді қоспағанда) 3828-і - қазақ, 1573-і - орыс, 58-і - өзбек, 14-і - ұйғыр, 2-і - тәжік, 7-і ағылшын тілінде білім беретін мектептер. Бұдан бөлек, 2164 мектепте оқу екі және одан да көп тілдерде жүргізіледі», деп атап өтілген хабарламада.
Өткен оқу жылымен салыстырғанда тек қазақ тілінде білім беретін мектептер саны 11-ге (0,3%) көбейді. Қазақ тілінде оқитын оқушылардың үлес салмағы жалпы санмен салыстырғанда 70,9% болды.
«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 2010 жылы Қазақстанда 86 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, оның 63-і ауылды жерлерде салынған, деп хабарлайды статагенттігі.