0 дауыс
11.0k көрілді
болса жаман және жақсы қасиеттерін айтыңыздаршы достар

3 жауап

+1 дауыс
Кете – Қазақ халқының құрылымындағы Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы (қаракесек) тарауына кіретін ру. Негізінен Сыр өңірі мен Ақтөбе облысында орналасқан.
Тарихы
Кете руы туралы алғашқы деректер 12 ғасыпдан бері белгілі. Қидандарға бағынып, 1120 ж. Елюй-Даши басшылығымен, Қарахандар әулеті мемлекетіне қарсы жорыққа қатысқан 18 тайпаның бірі кити делінген. М.Н. Галкин түрікмендердің гоклан тайпасында кета, Н.Н. Аристов башқұрттарда кете руы кездесетінін айтады. Қазақ ғалымы Ә.Нұрмағамбетұлы: “Қырғыз халқының батырлар жырында ұшырасатын “кете” сөзінің мағынасы – қымбат та асыл мата атауын білдіреді, тунгус-маньчжур тілдерінде “кэтэ” – көп ұғымында айтылады”, дейді. М.Тевкелевтің “Қазақ халқының тарихынан материалдар” атты еңбегінде: “Қашқардан оңт.-батысқа қарай Алай тауының шығыс жақ бөлігін қазіргі уақытта қырғыздың қаракесек және төйт рулары мекендейді. Олар ерте кезден бірге тұрады және өздерінің әңгімелеріне қарағанда – бірге туған туыстар”, – делінген. Кете руы Ақкете және Қаракете тармақтарына бөлінеді. Ақкетеден Болпыш би, Ебескі, Алтай батырлар, Шернияз ақын тараған. Ал Қаракетеден [[Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Омар, Сүйіндік пен Сүйкімбай, Алдашбай, Қуанышбай ақындар, Тоқтаболат, Алтай, Бестібай, Бекмырза, Тұңғышбай, Тайшық, Есетбай билер, Қарақисық, Текей батырлар]] шыққан. Кете руы Қазан төңкерісіне дейін Қазалы, Перовскі, Ақтөбе, Қлбішін уезі, Темір уезі, Гурьев уезі, Бөкей ордасын қоныстанған. Ұраны – Майлыбай.
0 дауыс
Агаиын  алимнин  улкен атасы ким екенин блесимбе сонда бари анык болады
0 дауыс
кете руы алимнен тарамаиды  каракесектен уш бала туады  баисары алим  шомекеи  басарыдан бозаншы дан  кете атамыз туады  алимдердин ишинде каракесек теген уру бар содан шатастрады  каракесек атамыз дын  уш баласы 1баисары 2алим 3 шомекеи

Ұқсас сұрақтар

...