+1 дауыс
1.2k көрілді
Құрметті сайт қолданушылары сізге бір өтініш осы  жазылғанды соңына дейін оқып шығыңыз.
осы расымен жаңа жыл қазақ қоғамына керек пе? одан біз не ұтамыз неден ұтыламыз? әрине сіздердің уақыттарыңызды алмай қысқа жазуға тырысайын,
       Кеңес халқы, ұлтына, тіліне, діліне қарамастан жылына бір рет келетін «Жаңа жылды» асыға тосатын. Тағатсыздары жаңа жылдан бір ай бұрын, сабырлылары бір апта бұрын үйлеріне шырша енгізіп, саналы түрде пұтқа табынып, әшекей ілінген ағашты айнала билеп, көңіл көтеретін болды. Бұл халықтың санасын улауға, салтынан қол үздіріп, дінінен ажыратуға таптырмас тәсіл еді. «Жаңа жыл» миссиясының өз міндетін мүлтіксіз атқарғаны соншама күні бүгінге дейін көптеген «санасыз қазақтар» оны салтымыз деп жүр. Жоқ, бұл мәжүсилердің, христиандардың салты деген жанның басы бәлеге қалатын болды. Елбасымыз бастап, әкім қаралар қостап жыл сайын шырша шамын жағып, жаңа жылдық мерекені (пұтқа табыну сайқымазағын) ашық деп жариялайды. Әйда, сосын басталады жын-ойнақ. Ислам тиым салатын барлық харам істер осы жаңа жыл қарсаңында іске асады. Шелек-шелек шарап ішіліп, мастықтың желігімен ауыз айтып жеткізгісіз күнәлар жүзеге асады. Шайтан шапалағын шаттана соғып, көк аспанды тозақ отымен айшықтайды. міне бұл біздің ұтылар тұсымыз ал ұтарымыз бар ма?    ЖОҚ   ендеше ағайын еш пайдасы жоқ тұнып тұрған  күнәһарлыққа неге барамыз, сіз отбасыңзыды жақындарыңызды құтқарыңыз, сіз болып біз болып осы дерттен құтылуға атсалысайық.

3 жауап

0 дауыс
Сіздің айтқаныңыз орынды,есті адамның көкірегіне намыс ұялататын жазба.Бірақта бұны СЖ сайтында емес  [Намыс сайтында ][1]қойсаңыз сол кезде көп пікірленіп,көкірегі ояу азаматтың намысын оятуы анық...Бұл өз пікірім....


  [1]: http://www.namys.kz
Иә тек Намыстықтар ғана емес, СЖС қолданушылары да біле жүрсін деген ниетпен жазған едім, айтпақшы ұмытып барады екенмін ғой,Бұл жазба Он және Муфтиат саттарының материалы негізге алына отырып жазылды,
Белгісіз
0 дауыс
Пұтқа табыну деп артық айтып кеттіңіз. Бүкіл әлем тойлағанда неге біз тойламаймыз? Салтымыз емес мойындаймын бірақ мен жаңа жылды тойлауға қарсы емеспін!
"Халықтың санасын улауға,  салтынан қол үздіріп, дінінен ажыратуға таптырмас тәсіл" бұл сөздеріңізге дәлел барма?
бұған дәлел сіздің көзіңізге көрсетіп тұрып айтарлықтай материалдық немесе көзге көрінетін дәлел қажеті жоқ, қарапайым ғана мысал сол дүрмектің соңынан ере берсек діннен ажырап, санамыз уланбағанда неміз қалады?
Белгісіз
0 дауыс
Мұсылман жамағатында тек екі ғана мейрам бар, ‘Ид аль-адха – Құрбан айт және ‘Ид аль-фитр – Ораза айт. Және осыған қосымша әр аптада болатын мейрам – жұма. Бұл күні Адам ата жаратылды, және осы күні жерге түсірілді, жұма күні ақірет басталады. Және де басқа да оқиғалармен байланысы, артықшылықтары бар, жақсы істер жасаған лайығырақ. Басқа мейрам жоқ.

[Дін ислам сайтынан][1]

 Егер шынымен жаңа жылды тойламау керек болса онда жаңа жыл, әулие Валентин, туған күн, 8-наурыз сияқты және басқа да ислами емес кәпірлердің ойлап шығарған мейрамдарын тойлауға болмайды ""Дін ислам сайтынан""

Ерғали аға дінге қатысты сұрақ!


  [1]: http://dinislam.kz
Сіз атап айтқан мерекелердің ішінде ең көп күнәлар жасалатын осы жаңа жыл, сондықтан осы жазбаны жазып отырмын,
Белгісіз
...