+1 дауыс
33.3k көрілді
Жаңа жылға арналған қызықты қысқа-қысқа көріністер керек еді.3-сынып оқушыларына арналған

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.
1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Тышқан жылды
Ұзатып сап Доңызды.
2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз
сіздерді Жаңа 2008 тышқан жылы мен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа
жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.

Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.Абай көшесінен үлкен тапсырма ала
келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын.Мен қайдамын?
(Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес.Бірақ, бұл маңызды
емес.Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны
маңызды емес.Неге келіп едім? А иә!Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған
тәуелді.Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту
керек.(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам шығады.)

1.Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!
2.Сайқымазақ:
Барлығыңыз білетіндей шыршада
Өте қызық болатынын.
Өлең айтып, би билеп
Сіздерді достар, құттықтап
Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!!
(Ұқыпсызға көңіл аударады.)
1 Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе?

Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін.Маған екеуміздің
біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.

2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен
кімсің өзің?
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.Родник көшесінен келдім.Жаңа жылға асығып
келдім.Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын.
1 Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің.Қарашы айналаңа адамдарда мереке,
барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсылауда!
2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені
қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.
(Би биленіп,өлең оқылады.)
(Ортаға Чебурашка мен Гена баянмен шығады.)
Чебурашка: Мәссаған, Гена қарашы, қаншама халық келген.Мен осыншама
үлкендермен балаларды ешқашан көрген емеспін.
Гена: Ал мен көрдім.Зоопаркте жұмыс жасасаң бұдан да көп адам көресің.
Чебурашка: Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Мені білесіңдер ме?
Мен әлемге белгісіз жануармын.Ал менің атым ...
Барлығы: Чебурашка.
Гена: Ал менің – менің атым кім?
Барлығы: Крокодил Гена!
Гена: Мәссаған-қандай ақылды балалар! Ал енді Чебурашка, біздің жаңа әнімізді
айтсақ қайтеді.
Чебурашка: Айтсақ айтайық.
Пусть белеют тропинки
И летают снежинки
И заводит пурга хоровод-
Сразу ясно прохожим,
На сосулки похожим,
Что наступит вот-вот Новый год...
Гена: Я ж играю на горможке
У прохожих на виду...
Чебурашка: К сожелению, Новый год-
Он тоже раз в году ...
Чебурашка: Сөздері енді аздап келіспейді.Мен мына жерде өнер көрсетіп кеткен сияқтымын. Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді.Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой.Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық.
(Би биленеді.)
Аяз атамен Ақшақарды шақырайық:
Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.Тышқан жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
(Би биленеді.)
Аяз ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген.Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар.Қане, қайдасыңдар?
Ақшақар маған көмектеседі.
(Би, тақпақ айтылады.)
Ақшақар: Аяз ата, ал мен ең жақсы киінген және өнер көрсеткен сынып жетекшісіне конкурс жариялағым келіп отыр. Ал қане кім бар күшті.
Ақшақар: Жарайсыңдар барлығыңда.Жеңген --------- сынып жетекшісі.
(Аяз ата барлығына дәмді нәрселер береді.)
1- жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.
Доңыз жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!
2-жүргізуші: Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған.Доңыз жылын шығарып салайық.
Доңыз: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2008 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Тышқанға беремін.(Сахнаға Тышқан шығады.)
2-жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.
Тышқан: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым.Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.
Тышқан: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, Доңыз жылы, Қош бол!
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы
бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
- Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
(Көріністер кетеді)
(Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры » әні орындалады )
- Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар.Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады )
1-жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке
қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәріне де жеңеді.Аспанымыз
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...

--------------------

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!» (жаңа жылдық мереке)

1-жүргізуші: -Армысыздар ардақты ағайын, Құрметті қонақтар!

2- жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.

1-жүргізуші

О, жарандар, қараңдар

Естімеген естіңіздер,

Көрмегендер көріңіздер

Тыңдамағандар тыңдаңыздар

Қызықтаңдар, сайрандаңдар,

Келді, міне , сағындырып далама

Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып

Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып

Кәне, кәне келіңіздер

Бір би салып беріңіздер!

Маскарадым басталды,

Би билеңдер, ән салып

Мейрамдаңдар , сайрандаңдар

Жаңа жылды қарсы алып



2- ші жүргізуші:

Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,

Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп келіп тұр!

ойындағы бар мейірім, қуанышын

Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!

Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,

Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.

Адамзаттың армандары асқақтап,

Тебіреніп от сезімі тасып тұр.

Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.

Бабалардың аманатын ақтаймыз.

Қазақстан мәртебесін көтеріп,

Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.

Құт болып, береке бер халқымызға

Мерейін , мәртебесін биікке асыр.

1-жүргізуші

Бәрекелді, Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

Назерке

Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.

Мына отырған барша жан бәрімізге



Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,

Құт –береке боп келгейсің еліме!

Үміт артып армандарға аяулы,

Шаттығыңа бөлегейсің мені де.

Нұргүл

Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың.

Қуанышпен келді той боп Жаңа Жыл

Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым !

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

2- жүргізуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылың.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Сиыр жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Хор: Қош елдің, Жаңа жылым қазағыма

(Жаңа жыл туралы ән айтылып балалар орындарына отырады.Музыка ырғағымен ойланып залға Хан кіреді. Шыршаның алдындағы көрпешеге жайғасып алып) Хан:

-Уәзір, Уәзір, Бүлдірген! Қайдасың ?!

Жеті қат жер астына түсіп кетті ме ?!

Уәзір: Мен мұндамын , тақсыр, келдім!

Хан: (балаларды енді көргендей соларға қарап) Мынау кімдер? Бұлар неге менің патша сарайымда отыр? Мен неге білмеймін? Тез айтыңдар кімсіңдер?

Уәзір: Сендер кімсіңдер? Кім шақырды сендерді?

1-Жүргізуші:

Біз 5 «А сыныбының оқушыларымыз. Жаңа жылды патша сарайында қарсы алуға келдік.

Хан: Қандай жаңа жыл! Мен неге білмеймін? Ол не? Не істейді онда? (1 бала шығады)



Раушан: Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша

Аппақ атамыз.

Билейміз де ойнаймыз,

Балғын ұл-қыздармыз

Жаңа жылдай жайнаймыз

Жарқын жұлдыздар

Хан: О,о,Кәне менде сендермен

Тұрайыншы шеңберге

Уәзір: Көңілді әнді бастайық

Биді билеп тастайық

2-Жүргізуші: Балалар әлдебір дыбыс естіледі сырттан, жүгіріп келе жаткан аяқ дыбыстары естіле ме қалай өзі?



(Ақшақар жүгіріп кіріп келеді.) Балалар мен алыстан жүгіріп келемін, қатты шаршадым, мені атақты Жалмауыз кемпір қуып келе жатыр, сендер маған көмектесіңдерші, мені тығып қоя аласыңдар ма?



Балалар: Ия,біз сізді тығып қоямыз

(Жалмауыз кеғмпір жүгіріп кірді): Қайда әлгі Қарша қыз, маған тез тауып беріңдер, маған оның сұлулығы керек, тез тап, сендер оны тығып қойдыңдар гой я?!

О,о,о мынау не, бұл жерде не болып жатыр а, мен неге білмеймін?!

1. Әдемілеп тізілген,

Қауын-қарбыз ба ілінген?

Балалар: Жоқ, ойыншықтар

2. Әсем екен шыршамыз

Шауып оны аламыз.(шаппақшы болып жақындаса) балалар жоқ!дейді.



1-Жүргізуші: Қане Жалмауыз кемпір біз сізбен келісіп ойын ойнайық,, біз саған жұмбақ жасырамыз, сен жаубын табасың, егер тапсаң бізбен бірге жаңа жылды қарсы аласың. Ал, егер де жауабын таба алмасаң бұл жерден өз үйіңе қайтасың.

Жалмауыз кемпір: Жарайды, қане кез келген жұмбақтарыңды жасырыңдар, мен барін шеше аламын, мен ақылдымын.





Рысбек:

Қабат – қабат қапталған

Асыл сөзбен апталған

Пырағы бар сөйлейтін

Ол қазына өлмейтін. (кітап)

Жалмауыз кемпір: Қабат – қабат ол не екен?Сөйлейді ме? Ол радио!



2-Жүргізуші: балалар ол не ? Дұрыс кітап.

Рысбек:

Қысы –жазы суға тола. Ол не?

(Жалмауыз кемпір алдына шығып)

- Мен білемін. Ол горшок !

Бәрі күледі. Уәзір ішін басып күледі.



2-Жүргізуші: Таппадың, ол құдық.Жалмауыз кемпір біз жаңа келіскендей, сен жұмбақты шеше алмадың, енді өз үйіңе қайту керек саған.

Жалмауыз кемпір: Өтінемін балалар, мен сендермен қалып Жаңа жылды тойлағым келеді, өтінемін, мен сендермен қалайыншы. Мен сендерге күшті ойын ойнатам. Сендерге күшті би билеп берем, мен қалайыншы сендермен.



1-Жүргізуші: Ал, қанеки достар келісеміз бе?

Балалар: Ия, келісеміз!



1-Жүргізуші: Жас достар! Мынау өтіп бара жатқан жылда мол бақытқа жетіп, көп қуанышқа бөлендіңдер ! Жаңаша қуаныш әкелетін Жаңа жыл да жақын. Әне, көңілді уақыт та келіп жетті.

Уақыт.(әндетіп).Уақыт деген жүйрікпін:

Тоқтамастан құйғыттым.

Жаңа жылға жақынмын,

Жарандар той, сый күтсін!

Уа,адамдар,аман ба?

Көз салыңдар маған да!

Пайдаланып қалыңдар:

Мен қымбатпын әманда!

Тірліктіге-бақытпын,

Бірлікшілге-шаттықпын!

Еселенген өмірді

Есептеген уақытпын!

(Уақыт жүріп бара жатып микрофон арқылы Жаңа жылмен хабарласады.)

Алло,Алло!Жаңа жыл!

Саған дайын жаңа жыр!

Уақытың-көңілді:

Жалғастырам өмірді!

Ау,Жаңа жыл,жарқыным!

Мен өзіңе жақынмын.

Бар адамға қуаныш

Алып келе жатырмын!

Дауыс.Уа,құдіретті де,құрметті Уақыт амансың ба?Мен-Жаңа жылмын.Мен барғанша жер анада шырша жайнап тұрсын.Барлық адамға бақыт болып келемін.Қымбатты уақыт,Желтоқсанның соңғы күнін салтанатпен өткіз.Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды.Құрметте оны!Абай бол!Жылдардың арқауы үзілмесін!

Уақыт.Рас айтасың,жақсынығы мол,Жаңа жылым!Ер жүрек елім аман болса,әрбір минутымды бақытты өткіземін.Көк-жасыл көңілді көктем,жадыраған жаз,жемісті Алтын күз бақытты болып өтті.Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.

(Уақыт әуені.Көктем,жаз,күз көріністері музыка фонында уақыттың әуенінің ырғағымен сахнадан жылжып, көрініп өтеді.)



2-Жүргізуші:

-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.



1-жүргізуші:

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!



2-Жүргізуші: Айтыспай – ақ ән орындап, әнмен шақырайық.

(Аяз ата туралы ән орындалады. Ән біткен кезде Аяз ата кіреді, шыршаны айналып алдына келіп тұрады.) Аяз ата:

Сәлем саған өрендерім сүйікті!

(Басын иіп) Амансыңдар ма, балалар

Сәлеметсіздер ме? Қадірлі қонақтар!

Жаңа жылдарың құтты болсын,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!

Егеменді еліміз көркейе берсін!

Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!

Ал, балаларым, мен қанша күн жол жүріп келемін, қасмда ерген Қарша қызымды жолда жоғалтып алдым. Жалмауыз кемпірдің қолына түсіп қалды ма демем, ол мында жүр, енді қайда жүр екен, сендер көрген жоқсындар ма балалар?

(Ақшақар орнынан шығып келеді): Мен мұндамын ата, мені балалар Жалмауыз кемпірден құтқарып қалды, рахмет сендерге балалар!

Аяз ата: Ой, қандай жақсы балалар, рахмет сендерге балапандарым!



1-Жүргізуші: Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз, мына орындыққа отырыңыз!



2-Жүргізуші:

Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Дастарханды отырмыз саған жайып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтық несібесін!



1-Жүргізуші: Қане достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз! Олай болса, Жаңа жылды қарсы алып өз туындысынан шығарған ақын жігіттерімізді шақырсақ



Қуаныш Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

Ернұр Оралды өлкеме

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың.

Бекнұр Тоғай да, баулар да

Ақ күміс жамылды.

Дала да, таулар да

Өзіңді сағынды.

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз.



Асхат Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын !

2-Жүргізуші:

Жас достар, қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың бауы берік болсын. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс –құтымыз азаймасын!

Ортаға биші қыздарымыз Нұргүл, Әйгерім,Айдана және Әсем қыздарыңыздың биін тамашалаңыздар!



1-Жүргізуші:

Балалар қараңдаршы, бүгінгі күн тамаша Өтіп жатыр, Жаңа жылымыз ертегі тәрізді, қандай керемет,демек, бұл жыл ертегі болып өтеді деп ойлаймын?!

Назерке мен Әйгерімнің орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар!



2-Жүргізуші: Айтпақшы, балалар бізге Жалмауыз кемпір уәде берген, сендерге тамаша ойын ойнатам деген еді, қане сол ойынды ойнайықшы.



Жалмауыз кемпір: Бұл ойын «Алдау ойыны» деп аталады.Мен сендерді алдаймын, сендер қателеспей айтқан кезде өздеріннің дене мүшелеріңді алданбай устап калуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.

Мен мұрынымды ұстадым! 1,2,3! ( өзі құлағын ұстайды)

- Мен басымды ұстадым 1,2,3! (иығын ұстайды)

Мен құлақты ұстадым 1,2,3! ( бетін ұстайды)

Мен қолымды жасырдым 1,2,3! ( өзі қол соғады)

Жалмауыз кемпір: Балалар, ішімізде алданғандар бар, мен оларды көріп тұрдым, қане өздері шығып айбын өтесін.



Ақмарал Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл

Нұрбақыт Кел, жаңа жыл, жаңа жыл

Қарсы аламыз біз сені

Ақ көңілмен, ақ пейілмен

Баршамыздың төрінде .

Ақбота Сәлем беріп сіздерге

Бар өнерді саламыз

Өнерлі бала бар деп

Әлемге жар саламыз

Айжан:

Достар, достар!

Тағы да бір жыл жаңа

Қадам басты, ұрлана да нұрлана

Жүректерде лүпілдейді жас үміт.

Ашылады – шашылады бүр жаңа

Кәне. Достар, көтерейік иықты

Аңсайықшы қыран самғар биікті

Ән…………………………………………………………………………………………………………..



1-Жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Әнші қыздарыңыз …………………………………………………………. ортаға шақырамыз.

2-Жүргізуші:

Жүзімізде күлкі ойнап

Естіледі әніміз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билейміз бәріміз,- деп қыздарымыздан қалыспай би билейтін сері жігітіміз Олжасты шақырайық.

1-Жүргізуші: Жаңа жылдағы қоян жылы бізге не жақсылық әкеледі? Ендеше, ортаға «Ақ қоян жылын» шақырайық.



Аққоян: – Сәлеметсіздер ме! Биыл менің де жылым келіп жетті сіздерге. Мен сіздерге бар жақсылықты әкелдім! Сіздерге қысқаша айтып өтейін. Биыл, ақ түсті қоян жылы, бұл жылы еліміз тыныш болады, ақ мол болады, ауа райы бір қалыпты жылы қалпында болады.

1-Жүргізуші: Рахмет ақ қоян!



2-жүргізуші:

Сыныбымыздың биші серісі Олжас болса,ал биші аруы Нұргүліміз бар, Қанеки Нұргүлдің биін тамашалайық



Уақыт: Қош келдің, Жаңа жылым,

Көп болар жаңалығың

Саған жыл бақ сый еттім.

Жаңа нұр күттім, досым,

Жаңа жыл құтты болсын !

Жаңа Жыл: Туғызам айды бүгін

Әр күнім айбынды күн

Күлімдеп нұр шығады

Күншілдік тұншығады

Әкелдім бейбіт күнді

Ешбір жан болмас мұңды

2-Жүргізуші:

Біздің сыныптың жас тілшісі бар еді гой, Ол кім десеңдер мен айтайын, Ол – Іскендірова Айдана. Қане, Айдананы ортаға шақырайық.

Айдана: Армысыздар, құрметті Аяз ата мен қарша қыз! Армсысыздар қадірменді қонақтар! Жаңа жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мен үшін сыныбымыздағы жаңа жыл кеші керемет өтіп жатқан секілді, осы бір жерде ата-аналармен сұхбаттасып өткім келеді.

Аяз ата: Тілші қызымның сұрағына жауап берген ата-аналарға сыйлығым бар,құрметті қонақтар!

Айдана: (сұрақтарын қойып , ата-аналардан жауап алады)



1- Жүргізуші:

- Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,

Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін

Қарсы алдық, сені еселі еңбекпенен

Жарқырап, әне алдымнан шықты күнім

Мен саған әнім менен гүл өрейін

Осы сәт кімге бақыт тілеймін.

Халқымның амандығы саулығы үшін

Көңілді бір көтеріп жіберейін.



2-Жүргізуші:

-Құрметті қонақтар, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың жас өрендері, қашан да әзіл мен күлкіні жанынан тастамайтын, біздің сыныптың «Көңілді тапқыштар» квн командасын ортаға шақырып, өнерлерін тамашаласақ!



КВН аттары: ………………………………………………………………………………………………………………………………

(Квн: Нұргүл, Әйгерім,Раушан,Олжас, Дастан,т.б)

Аяз ата: Ал, балаларым, біраз сендердің өнерлеріңді тамашаладық, бізді тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр,оларды да қуантайық. Мереке тамаша өтті, рахмет сендерге балалар . Енді сыйлығымызды алайық.



1-жүргізуші:

Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік



Жалмауыз кемпір: ООО, Мен де кеттім балалар, басқа жақтың Жаңа жылын тамашалап қайтамын.



Балалар: Сау болыңыз !!!

2- Жүргізуші:

Достар, қарап отырсақ, бізді осындай күйге жеткізіп отырған кімнің арқасы, әрине Ата-анамыздың арқасы. Ендігі кезекті ата-аналармен ойнап көрейік.

«Лотерея ойыны»



1-жүргізуші

Қымбатты достар, қонақтар!

Міне, Жаңа 2011жыл да келді. Ал 2010 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.



2-жүргізуші:

Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.




----------------------------------------------

1-көрініс – Алдар Көсе

(музыка әуені ойнап тұрады)

Әнге салып есекке мінген Алдар Көсе шығады, (сахнаның ортасында киіз үйдің макеті тұрады, онда «Сиқырлы киіз үй» деп жазылған)

А.К. : (есекке) – Др-р-р (жан-жағына қарайды) – байғұс Алдарға семіз қойдың бір жапырақ еті мен бір кесе ыстық шай қайдан табылады екен! Оның босап қалған қарнына бұдан артық Наурызға арналған сыйлық болмас еді, шіркін! Иә, сыйлықсыз қалуға тура келеді-ау деймін!

- Әй! (өзінің қарнын соғады) – Тамақ ішкің келе ме? (құлағын тіге қалады, жауапқа қарнының шұрылы естіледі (фонограмма)) - Әрине, жегің келеді ғой, ә байғұс! Қалай жегің келмесін? Соңғы қымызын қотарып алған майшелектей боссың ғой! (бұрылып киіз үйді көреді) – Міне, керемет! Жасаулы киіз тұр, жанында ешкім жоқ. Алдардың бос қарнын ыстық сорпамен жұбататын жан осынан табылып қалар мүмкін! Әй, кім барсың? (кіре бергенде киіз үй буырқанып, от шашады, А.К қорыққанынан киіз үйден домалап қашады) – Бұл үйге Алдар Көсе қадірсіз қонақ болды.

(Әйелдің көңілді күлкісі шығады)

А.К. – Керемет! Киіз үй маған күліп жатыр!
(дауыс) – Бұл менмін, Алдар Көсе, кереметтердің қорғаушысы, сиқырлы киіз үйдің иесі – Қарашашпын!
А.К. – Қауіпсіз жерге тығылып қалсам ба екен? (Қарашашқа арнап)
- Ай десе ауызы, күн десе көзі бар, сұлу, шық! Сенің әдемілігің мен ақылың жайлы ел ішінде аңыз жүр! Ей, халық! Қолдарың қайда? Қарашаш сұлуды қарсы алыңдар! Мен тығылып қалайын. (сахнаның екінші жағына кетеді.)

2-көрініс – Қарашаш, Алдар Көсе

(Ән салып Қарашаш шығады)

Қ. – Армысыңдар, балалар! (Балалар жауап береді)

Қ. – (А.К-ні көреді) – Қандай қауіптен тығылып жатырсың атақты қу Алдар?

А.К. – (ренішпен) мен туралы, Қарашаш, сен осылай айтсаң онда анау айтқандай атақты болғаным ғой. Алдар Көсеге ең үлкен қауіп бос қарыннан келейін деп отыр. Алдар Көсе бай ауыл үшін ең қауіпті адам, өткір әзілі мен күлкісі үшін оны қуады (мұңайып). Бірақ жаманы соның салдарынан қарнымның аш қалатыны. Кедейдің үйі қуана тамақтандырар еді, бірақ беретін ештеңесі жоқ. Ал шық бермес байлар ит те мүжімейтін қу сүйекті аяйды. Ал сенің үйіңнен байғұс Алдарды жұбататын бірдеңе табыла ма екен? (қуалана)

Қ. – Бұл көп кереметке толы сиқырлы киіз үй, Алдар Көсе! Бірақ бұған кіруді әлі ешкімге жазбаған.

А.К. – Міне керемет! Ішіне кіруге болмайтын киіз үйден сонда не пайда?

Қ. – Есесіне әрбір адам шыға алады және құр қол емес, сыйлықпен: ақымақ адам – ақымақтығымен, ақылды адам – ақылымен.

А.К. – Ал аш адам бос қарнымен шығатын шығар. Маған ондай сыйлықтың түкке қажеті жоқ!

Қ. – Ал ол енді сол аш адамның ниеті мен жүрегінің қандай болатынына байланысты. Егер жүрегі қарау, ниеті тар болса бақытты көрмек түгіл дәмете алмайды, ал егер кең пейіл, ақкөңіл болса, онда міндетті түрде табады.

А.К. – Тағы да жолға аш қарын шығатын болдым.

Қ. – Аш қарын? Қайда кеттің?

А.К. – Бос қарныма бақыт іздеуге барамын. (атты алады, ат қатты күледі (фонограмма), кенет А.К. тың тыңдап, иіскей бастайды, киіз үйді айнала жүгіріп, жан-жағына қарайды)

Қ. – Не боп қалды, Алдар Көсе?

А.К. – (ауа жұтып) – Қой етінің иісі шығып кетті! Мұрным мені ешқашан алдаған емес, қой етінің иісін ол күншілік жерден сезеді. Солай ма, серігім?  (ат күледі)

Қ. – Ал маған әзірге сиқырлы киіз үйде бола тұрған дұрыс болар. (музыка естіледі, біреу келе жатады)

3-көрініс – Бай, Алдар Көсе

(Бай әндетіп атқа мініп жатады)

Бай. – (қаһарлана) – Менің жалымымдағы бұл не қылған киіз үй? (киіз үйге кіреді де атылып қайта шығады, құйрығын қағып жатады) (А.К-ге) – Менің жайылылымыма аш атыңды жаюға кім саған рұхсат берді, қайыршы қу? Осы маңайда бұдан басқа сенің тағы бір табын жылқың жайлып жатқан болар. Ертең таңертең бар малыңның бұл жерден көзін жоятын бол. Тілімді алмасаң жаныңды шығарамын.

А.К. – (сыртқа) – Ей, үрленген бос қап! (байға) - Өзімізде бір ғана атым болса, сонша малды қайдан табам?

Бай. – Ендеше, кедейлердің жылқысын жоясың, қатты кісінеп ұйқы берер емес.

А.К. – (сыртқа) – Тоқтай тұр, бәлем! Көрсетермін әлі! (балаларға) Келіңдер, балалар, байды аш иттердің үргеніне салып қорқытайық! (балалар үреді)

Бай. – Ойбай, ойбай! А иттердің тобы ғой мынау!

А.К. – О! Жомарт та мейірімдім, егер сен кедейлердің бар жылқысын жоғалтқызып жіберсең, қасқырларға түнде қорқытатын еш нәрсе қалмайды да олар сенің табын-табын қойыңа шабады. Сонда сенің көзіңнің қойдың майлы еті бұлбұл ұшатын болады.

Бай. – Ой! Уақытында айтқаныңа рахмет саған, барлық кедейлерге жылқыларын менің жайылымыма жайсын деп айту керек. Ал саған жақсы ақыл бергенің үшін «мә, қойдың семіз еті!» (А.К. етті дорбасына салып да желпіне бастайды, бай оған қарайды)

А.К. – (өтірік желпініп) – Үх, мына тұлыпым осынша ыстық болады?

Бай. – Сенің андағы жыртық-жыртық тұлыпыңда қалай ыстық болады?

А.К. – Сен көрмей тқұрмысың?

Бай. – Көріп тұрмын, қарғалар тоныңның түгін қалдырмай жыртып тастапты, жүнінен тесігі көп!

А.К. – Міне, тесігінің көбі не деген рахат еді!

Бай. – Оның несі рахат?

А.К. – Суық пен жел бір тесіктен кіріп, екінші тесіктен шығып кетеді де маған тек жылуы қалады.

Бай. – (сыртқа) – Мына кедейден керемет тонын қалай алсам екен ә?

А.К. – (сыртқа) – Мына байден керемет тонын қалай алсам екен ә?

Бай. – Маған тоныңды сатсаңшы!

А.К. – О не дегеніңіз байеке! Сата алмаймын, онсыз мен қатып қаламын! (А.К бұл жөнінде тыңдағысы д келмейтін түр көрсетеді).

Бай. – Мен саған өз тонымды беремін, оның үстінен тағы ақша қосамын.

А.К. – Егер атыңды да беретін болсаң, ойланып көретін едім.

Бай. – Жарайды, атты да ал, тонды да ал, ақшаны да ал.

А.К. – Алдымен атыңды тексеріп алайын, өзі арықтау ма қалай?

Бай. – Жүйрік, күйлі ат, шапқанда ұшқан құсқа жеткізбейді!

А.К. – Тексеріп көрелік, кімнің аты көңілдірек екен? (ат үстінде билейді, Бай мен А.К. көңілді)

А.К. – Жақсы ат,аламын. Тонымды ал, бірақ байқап ки, сақта бұл өзі қымбат тон!
(Шауып кетеді)

Бай. – (Тонды өлшеп көріп, дауыстап ойын айтып жүр) – Мына тесіктен кіріп, мына тесіктен шығады... Мынадан кетеді, мынаған кіреді! (қатты дауыстап) – Алаяқ! Алдап кетті! (Атқа мінеді, ат күледі) – Шу-шу,шу! (ат жүрмейді, өзі болдырып тұрған ат өліп қалады) - Өліп қалды! Өзіме де сол керек ақымақ бай!

(фонограмма) А.К. – Жылама, бай, далада мыңдаған жол бар, бір сәттілікті жоғалтсаң, екінші сәттілікке кез келерсің. Мұңайма!

4-көрініс – Қарашаш пен Бай

(Қарашаштың әні мен балалардың биі)

Бай. – Киіз үйіңді менің жайылымыма қоюға саған кім рұхсат берді?

Қ. – Бұл көмек керек кезде жаныңнан табылатын сиқырлы киіз үй. Мен оның иесі Қарашаш боламын!

Бай. – Ха-ха-ха! (күледі) Мен сияқты байға сен сияқты әйел қандай көмек бере алушы еді? Ха-ха-ха! Мен мысалы байлықты бақытты армандаймын, бірақ оның қуанышы аз.

Қ. - Әркімнің өз бақыты өзіне. Біреулерде еңбекқорлық, ал сендегі ол қасиет қарағаштың түбінде ұйықтап қалған болар, сірә!

Бай. – Маған оны оятуға көмектессеңші енді.

Қ. – Бір ақылды ақсақал: «Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра» деген екен. Алтынның шын қадірі кімге белгілі? Байға емес, оны шығаратын ісмерге. Кім жолды дұрыс көрсете алады? Жолға шығайын деп жатқан адам емес, сол жолды жүріп келген адам. Жер бетін  аралап жүре бер, сен де бақытыңды табарсын!

Бай. – Алысқа бару – оңай емес, қиын жұмысты мен үшін құлдарым істейді. Оның үстіне ең жақсы атымды да жоғалтып алдым. Жаңа етігіммен жерде жүруге аяймын. Сен соншалықты ақылды болсаң таң атқанға дейін маған ешқашан ескірмейтін, тастан етік тігіп қой. Хе-хе! (қаһарлана) - әйтпесе!

Қ. – Егер сен де маған қылшықтан тері, жіптен май жасап қойсаң сенің тапсырмаң орындалады, бай!

Бай. - Өй, ақымақсың-ау, Қарашаш! Қылшықтан тері, жіптен май жасалушы бола ма?

Балалар. – Жоқ!

Қ. – Балалардың өзі сенен ақылды, Бай!

Бай. – Кім ақылды? Балалар? Хе-хе-хе! (кенет селт етіп, иіскей бастайды) Бәрінен менің мұрным парасатты, ол менің қойымның майлы етін басқа ештеңемен шатастырмайды (тығылады).

5-көрініс –

(Алдар Көсе әндетіп қайтып келе жатады)

Балалар онымен бірге Қарашаш билеп келе жатыр, Бай артынан келіп Алдар Көсені қарнынан шап береді.

Бай. - Әп, бәлем! Ұсталдың ба, өтірікші!

А.К. – О! Қандай жаман сөздер айтып жатырсың, Бай! Мұның бәрі менің жасаған жақсылықтарым үшін бе?

Бай. – Қайдағы жақсылық? Сен  байғұс байларды тонайтын қу кедейсің! Семіз қойымның етін,  атым мен тонымды қайтар!

А.К. – Ойбай, сенің аузың Алдар Көсеге осындай сөздерді айтуға қалай барады? Майлы етіңізді мен досыма бердім (қарнын қағады), ал тоныңды керемет түске айырбастадым!

Бай. – Ал алтын көрінбей ме екен?

А.К. – Көрінеді, көрінеді!

Бай. – Тыңда! Маған түсіңді сатшы?

А.К. – Жақсы түс қымбат тұрады, сенің оған ақшаң жетпейді. Одан да сен маған жаңа етігіңді бер, мен саған түсімді берейін.

Бай. – Келістік!

А.К. – Қолыңды әкел!

(Бай етігін қуана шешіп Алдарға береді)

Бай. - Әкел, түсіңді!

А.К. – Тоқтай тұр. Құлағыңды жап, көзіңді жұм!

Бай. – Неге?

А.К. – Түсті жоғалтып алмас үшін.

Бай. – Түсіндім! (құлағы мен көзін жұмады, Алдар таяқ алып байдың басынан бір салады – тарсыл естіледі)

А.К. – Ал енді тура жүре бер – байқа, көзің мен құлағыңды ашпа, менің түсім жылдам, ұшып кетуі мүмкін. Көзіңді алтынға әбден көзің тойғанда ғана ашасың.

Бай. – Ал ол қашан пайда болады?

А.К. - Әлі көрінген жоқ па?

Бай. – Жо-оқ!

А.К. – Ендеше түс әлі дұрыс кірген жоқ. Тоқтай тұр! (Таяқты ала сала Байды тағы ұрады) – Алтын ұшқындар көзіңнен ұшып жатыр ма?

Бай. – Иә!

А.К. – Енді тура жүре бер, ешқайда бұрылма. Әйтпесе бақыт сенен қашып кетеді!

(Бай музыка әуенімен кетеді)

6-көрініс

Алдар Көсе, Қарашаш

А.К. – Бүгін қалай дегенмен де жақсы күн болды. Сыйлықтар өзінен өзі келіп қолыма құйылып жатыр. Бүгін бақыт менің жанымда. (арқасын қасып қояды) – Қызық, бақыт менің  жанымда, бірақ оны көзім көрмейді. (Жан-жағына қарайды, қу дауыспен) – Бақыт, шық! (алысқа қарайды) – О, Алла! Бұл менің бақытым ба? (сахна арқылы көзі мен құлағын жауып, бірдеңелерді міңгірлеп Бай кетіп бара жатады)

А.К. – (қулана) – Хе! Мені алдай алмайсың! Мынаның түрі бақытқа ұқсамайды. Қандай екен ол? Бір көзіммен болсын көре ғой! (әуен шығады, киіз үйден Қарашаш шығады, А.К. оған күдіктене қарайды)

Қ. – Алдар Көсе не іздеп жатырсың?

А.К. – (қулана) – Бақытымды қарайлап отырмын. Сен көрген жоқсың ба?

Қ. – Бақытты көру қиын, ал сезінуге болады. Әркім оны өзінше сезінеді. Жас қыздар оны көктемнің жайма шуақ күнінде билеп, көңілденгенде сезінеді.

А.К. – Соны көрсе ғой, шіркін!

Қ. – Ол қиын емес!
(Залмен би)

А.К. – Қашан мен өз бақытымды сезінемін? (Жер сілкініп жатқандай қатты адымдар естіледі)

Қ. – О! Естідім! Бұл келе жатқан менің бақытым болар? Міне  керемет! Үлкен болуы кере. Жердің өзі дүрсілдеп кетті ғой. Ал мен оның сиқырлы киіз үйде тығылып жатқанын да білмеппін! (киіз үйге) - Әй, шық!

Батырдың дауысы – Шыға алмаймын! Мен таудаймын!

А.К. – Міне, сәттілік! Айтпап па едім Алдар Көсені бақыты сатпайды деп! Демек сен тым үлкенмін дейсің бе?
Батырдың дауысы – Аспанға дейін жетемін.

А.К. – Жарайды! Мен көзі тоймайтын сараң бай емеспін, маған аз бақыт та жетеді. Сен кішірейе алмайсың ба?

Батырдың даусы – Қазір көрейін

(Музыка)

7-көрініс

Батыр, Алдар Көсе

(Батырдың әні)

Батыр. – Армысың жолаушы!

А.К. – Армысың, бақытым менің! Даусың өзгеріп кеткен сияқты ма?

Батыр. – Мен мың есеге кішірейдім ғой!

А.К. – Арықтап қалған екенсің ғой, бақытым менің! Ештеңе етпейді. Алдар Көсемен жүрсең аштан қалмайсың!

Батыр. – Рахмет, бірақ сен мені неге бақытым деп айтасың?

А.К. – Ал сен менің бақытым емеспісің?

Батыр. – Мен – Батыр-тауасармын. Ал сен кімсің?

А.К. – Мен атақты Алдар Көсемін.

Батыр. – Неңмен атақтысың?

А.К. – Ерліктерімен

Батыр. – Ендеше сен де мен сияқты батыр болдың ғой. Қайда жол тартып бара жатырсың?

А.К. – Дүние кең, жол көп. Батырды кездестірмесем өзім батыр болармын.

Батыр. – Кел екеуіміз күш сынасайық, Тауды кім алысырақ лақтырады екен?

А.К. – (мазасыздана аспанға қарайды)

Батыр. – Несіне бөгеліп тұрсың?

А.К. – Тауды жоғарыға лақтырсам, аспан айналып түсе ме деп қорқып тұрмын.

Батыр. – (қорқып кетіп) – Күшіңе сендім, бірдеңені бүлдіріп қоймай тұрғанда қоя қой, әйтпесе екеуіміз де мерт болармыз.

А.К. – Екеуміздің қайсымыз күштірек екенімізді енді қалай білеміз? (желкесін қасып) – Таптым! Жердің миын кім шығарса сол күшті болады!

Батыр. – Келістік! (Бар күшімен жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады, сұмдық қатты дауыс шығады, ол кезде А.К. жерге айранын тығып жатады)

А.К. – (қарайды) – Ештеңе көрінбейді.Ал енді қара, мен саусағыммен жерді шұқысам миын шығарамын. (жерді саусағымен басады, музыка ойнап, сол уақытта, жерден айран шығады).

Батыр. – Егер сен бір саусағыңмен жердің миын шығарсаң маған сенімен күш сынасып қажеті жоқ одан да мен дүниені аралап тағы да күш жинайын.

А.К. – Күш жинасымен тағы да кел, батыр!

Батыр. – Жарайды, Алдар Көсе! (Музыка әуенімен кетеді)

8-көрініс

Балаларды сайысы

Қ. – Мына батырды сен жеңдің, Алдар Көсе? Бірақ бүгін мұнда қандай батырлардың жиналғанын сен білмейсің.

А.К. – Қазір біз олардың күшін тексереміз.

Анау жерде сахнада балалармен ойын жүргізіліп жатады:

1.    Ақ сандық пен көк сандық – бірнеше жұп ер балалар бір-біріне арқаларын беріп тұрып, көтереді.

2.    Тұтқынға алу - Әр сыныптан 4-5 бала қатыса алады. Екі қатарға қарсы тұрған балалар бір-бірінің қолдарынан тартады, кімнің күшті екені сыналады.

9-көрініс

(музыка естіледі)

А.К. – Бізге тағы бір қонақ келе жатыр! (қарайлап тұрады). – Бұл дәл айтсам менің сорым келе жатыр! (музыка әуенімен Бай қайтып келе жатады, А.К. ұйықтаған болып қалады, Бай құлағы мен көзін жауып алып келе жатады, жалаң аяқ, сүрініп, құлап қалады, көзін ашып, Жан-жағына қарайды).

Бай. – Міне керемет! Қайдан кетсем сонда қайтып келдім! Бай үшін бүгін жаман болды. Таңертең қарным тоқ, көйлегім көк болып еді, енді қарным аш, жалаңаш келе жатырмын. Менің байлық бағым менен алыстап бара жатыр-ау деймін

Қ. – Ол жалқау және ақымақ.

А.К. – Білем, қолыма түссе екен бір! (қаһарлана жұдырығын түйеді)
(қорыл естіледі, бай ұйықтап жатқанды көріп, оған жақындайды да түртеді)

Бай. - Әй, менің көзімен қорылжайтын кім едің сен? (қорыл күшейе түседі) – Сен кімсің? (Басын бүркеп алып тұрады)

А.К. – Мен сенің – бақытыңмын!

Бай. – (қуанып кетіп) - Әйтеуір таптым ғой сені! Әйтпесе мен сені біржола жоғалтып алдым ғой деп ойлап едім. (қаһарлана) – Сен, көк жалқау, қожайының басынан қиындық кешіп жүргенде неге дем алып жатырсың?

А.К. – Мен деп алған жоқпын сенің түсіңді күзеттім!

Бай. – Қандай түс?

А.К. – Алдар Көсе наурызға 33 сыйлық тауып алған екен деймін.

Бай. – Сыйлық деген не?

А.К. – Ол енді мынандай ... (қолымен көрсетеді) мынандай ...

Бай. – Айтсаңшы енді

А.К. – оны Алдар Көсе біледі!

Бай. – Сен онда оған барып кел, байқа жолда бір үйге тастап кетпесін.

А.К. - Әрине, қожайын. Мен сенің бақытыңмын ғой!

Бай. – Тез барып кел, байға бақсыз өмір сүруге болмайды.
(Алдар Көсе мәз болып кетеді)

10-көрініс

Бай. – Эх, далада күн қандай! Ал маған күннің көзі де күлімдейді. Өзімнің күйбең тіршілігіммен мен нағыз мереке мен күлкінің не екенін де ұмыттым. (Қарашашқа) – Мына киіз үйдің крегі не, әйтеуір маған көмектеспейді?

А.К. – Жылама, бай! Біз сені көңілдендіреміз!

(Қарашаш балалардың арасында ең күлкілі түрге байқау өткізеді)

11-көрініс

(Алдар Көсе әуенденіп қайтып келеді)

Бай. - Әп, бәрекелді, міне сен де ұсталдың!

А.К. – (көңілсіздене) Бұл не күн өзі? Тағы да сол бай!

Бай. – Енді сен менен құтылмайсың!

А.К. - Әрине, мен сенің бақытыңмын ғой!

Бай. – Не?

А.К. – Бүгін мен сенің бақытың болдым!

Бай. – Жыртық тон мен өтірік түс қайдағы бақыт болушы еді?

А.К. – Ал Алдар Көсесіз сен оны білмес едің?

А.К. – Тұлып тек басында ақшаның ызыңы ғана бар ақымақтарды жылытпайды!

Бай. – Ал 33 сыйлық қайда?

А.К. – Күнымен далада жүргенде түсіріп алыппын, тауып алғаң келсе күнімен тағы жолда жүр!

(Қорытынды ән)


-
...