+10 дауыс
57.9k көрілді
Кейде ұйықтап жатып, бастырылып қаламыз. Қатты шошып кетесін. Бүкіл денең өзіңе бағындай 1-2 мунут жатқан жаман екен. Бұған не себеп, қандай ғылыми немесе діни жауап бар?

27 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Пайғамбарымыз (с.а.у)әр күнi кешкiлiк жатар алдында "Ықылас", "Фалак", "Нас" сүрелерiн окып,екi колын ашып, құрғақ түкiрiп және оны  бүкiл денесiне дем салу ретінде сипап шығатын болган.Және 33рет "Субханал-лаh", 33рет "Ал-хамдулиллаh", 33рет "Аллаhу Акбар" деп тасбi тартып,содан соң оң жағымызбен жату қажет. Осылайша атқарып жататын болсақ,түрлі жамандық жуымайды.Хадисте айтылған: "Пайғамбарымызға қызы Фатима мен куйеу баласы Али (р.а) келiп, бiр қызметші сұраған екен.Сонда оларға Пайғамбарымыз:" Сендерге сұрағандарыңызданда жақсырағын айтайын ба?Ұйқыға жатарда 33рет "Субханал-лаh", 33рет "Ал-хамдулиллаh", 33рет "Аллаhу Акбар" деп айтсаңдар, бұл сіздерге қызметшіденде жақсы",-деген екен...
33-ретпе сонда?
Белгісіз
Міндетті түрде тәспімен айту керек пе?
+12 дауыс
мен саған діни жауап берем.

адамдарды бастырып, тұншықтырып өлтіреті жын болған екен. бір күні сол жынды пайғамбарымыз ұстап алып мұрнын кесіп тастаған екен. содан бастап жаңағы жын адамдарды бастырса да ол жынның мұрны жоқ болғандықтан адам тек дем алып жатады екен. аздап қорқып қалғаны болмаса адам одан өлмейді.

саған кеңесім жатарда жуынып, тазаланып жат. және жататын төсегің де, жерің де таза болсын. егер дінге жақын адам болсаң аятул курсиді жеті рет оқып жеті жағыңа (оң сол аст үст алд арт жүрек) үшкіріп (шиф шиф шиф) жатсаң сені ешқандай жын да бастырмайды, жаман түстерді де көрмейсің
жын алдыңда тұрмайды. қолыңа қолын, аяғыңа аяғын, кеудеңе кеудесін, басыңа басын қойып басады. сен түкте істей алмайсың. айқайлауға да шамаң келмейді. тек қана демалып тұрасың :)
Мына жауапты жақсы жауап деп белгілеп қойған кім екен, осы 21 ғасырда жын-шайтан деп отырамыз ба, өте күлкілі жауап, бұл жерде ешқанда діни жауаптың керегі жоқ қарапайым физиалогиялық нәрселер ғой,
Әр жерге исламды, діннің атын жамылып өз идеасын тықпалай беретіндер исламның дұрыс ағымы емес сақ болайық ағайын
+11 дауыс
Ешқандай да шайтан, майтан деген жоқ. Бұл ғылыми түрде зерттеліп, дәлелденген дүние. Сонный паралич деп аталады. Википедиядан оқып көрсең болады: http://ru.wikipedia.org/wiki/Сонный_паралич Синдром старой ведьмы деген атауы да бар. Көбіне жасөспірім шақта болады. Кейін келе кетіп қалады.
Зере шайтан бар, жын да бар. Аллах Та'аламыз өзіне құлшылық ету үшін адамды, періштелерді(шайтан  да періштелер қатарында) және жындарды жаратқан.
Сонда "синдром старой ведьмы" екенине сенип, шайтан екенине сенбеуымиз керек пе?)
мен келиспеймин. Ислам дини гылым али зерртемеген салаларды ашып, аныгын айтып кеткен. Жасоспирим емеспин. 32 дени айелмин. Жана бастырылып калып, издегендеги тапкан жауабым оте дурыс. Фалак, нас жане ыкыласты оку керек. Туннин кесиринен сактайды деген создери бар.
+7 дауыс
Не себептен болатының білмедім!! Бір ақ бұндай жағдай басымнан талай мәрте өткен. Бұндай жағдайда ерінбей тұрып барып наннның үзіндісін алып келіп бас жағыма қойып жатамын. Бітті ұйқытай бер. Бүл жерде шынымды айтсам нанның не сиқыры барын білмеймін, бір ақ талай көмектескен.
Nan tek tamak kizmetin kana atkaradi. Ol bizdi korgai almaidi. Osigan bailanisti bir xissa.Bir sahaba uine kelse aieli tumar tagip alipti. Saxaba aielinen (jailap surap, bas salip urisip ketpei) nege tumar tagip algansin dep suraidi. Aieli aitadi: "menin kozim tarta bergen son, tauipke barip edim, magan tumar berdi. Osi tumardi takkali beri kozimnin tartkani koidi"-deidi. Saxaba aieline: "senin kozindi jin tartip turgan, olardin maksati Allahka serik kostiru. Sen Allahtan jardem suramai, mina tumarga senip Allahka serik koskannan kein olar seni tastadida ketti (iagni maksatina jetti)"-dep aitadi.
Дұрыс айтасыз Жанар! ол нанға ж/е басқаға табыну ШИРК ғой!
ondai jok koi, kaidan wigarip jursiz??? deni duris adam solai jasaima>? kinodan korip jasap jurgen wigarsiz da?)))))))))))
Белгісіз
Мусылман корганы деген китап бар соны алынызда керек дугаларды окып жатыныз жатарда
+7 дауыс

Біздің бастырылуымыз - жынның әрекеті.

+6 дауыс

Расжын келіп басқанда ештеңе жасай алмайсың. Ояусың көзің ашылмайды, сөйлейін десең жағың ашылмайды. Жанындағы адамнының қорылын естійсін айғайласаңда ол сені естімейді. nurjanbay дың айтқандары дұрыс.

+6 дауыс
Ұйықтардың алдында ЫҚЫЛАС,ФАЛАК,НАС сүрелерін оқып жатсаңыз сізге ИншАллах ешқандай адамдардыңда,жындардыңда шайтаны жолай алмас.
+6 дауыс

Жанардың айтқанындай Ыхлас, Нас, Фалақ сүрелерін оқып, соңында Аятүл күрсіні оқып жатыңыз. Иншаллах Аллахтың қорғауында болғайсыз. Бұл жындардың бастыруы лас әрекеттер істеуден, таза жүрмеуден деп естігем. мүмкін болса дәретпен жүріңіз, дәретпен ұйықтаңыз. осы сүрелерде жаттап алып, жатқанда, ұйқыдан тұрғанда айтып жүрсеңіз абзалырақ. Ал Аятүл күрсіні 7 рет оқу дегенді естімеппін. ол өте жақсы сүрелердің бірі, олай оқыған күнә емес болар мүмкін, бәрі ниетке байланысты ғой. абзалы жоғарыда айтқанымдай істей беріңіз. иншаллах ондай жағдайлар қайталанбас. Альхамдулиллах ондайды көп естігем, бірақ өзім кезігіп көрмеппін.

+7 дауыс
Оның себебi ыңғайсыз ұйықтап қалудан.Және жаман орында ұйықтап қалса. ..))
+1 дауыс
бұл -жындардың балаларының ермегі дегенді имамдар жиі айтады. ал жоғарыда айтылып кеткендей, физиологиялық себептері де жоқ емес. көп ретте бұл күнделікті режимін бұзылса боп жатады. яғни жату-тұру уқыты ауысса, тамақ ішу жиілігі бұзылса болып жатады. кейде тым артық стресс те септігін тигізеді. қан айналымында толықтай болмаса да, үзік-үзік қан түйіршіктерінің бітелуі осыған алып келеді-міс. бұл осыған себепші болатын болса, жындардың не қатысы бар деген сұрақ туындайды. тазалық болмаған жерде материялық жағдайымыз да мәз болмайды, рухани жағдайымызды айтпағанда. қазіргі заманда икс-рэйлердің көмегімен бұның да байыбына бір күні жетерміз.
мен арасында бастырып турамын. бугин тунде бастырылганымда касымда уйыктап жаткан баламнын устинде кишкентай биреу отырган сиякты болды . бирак тура алмай бираз жаттым. турганнан кеин баламнын жамылган корпесин силкип биссмилламды айттым.
0 дауыс
Мендеде мундай жагдай оте коп болады. Бирак себебин издесем ар турли факторлар асер етеди екен дегенимен бул нарсеге жай баракат карауга болмайды. Мен Алланын жалгыз екенине сенем жане бизди Алла жаратканана да деседе намаз окымаймын. Бирак ырымга жане порчага сенбеймин. Деседе сенин молдага барып окытылганын дурыс жане жатар алдында аяттар окып жатканын дурыс. Мен американдык орыс жане отандык галымдардын осы сонный паралич (бастырылып калу) туралы енбектерин окыдым олар комектеспеди даригерге де бардым еш пайдасы жок. Менде бул жагдай оте жии болатын тусте уйыктап жатсамда сабакта кишкене козим илинип кетседе. Ислам дини хак дин жатар алдында аят окып жат жане жаман тус не бастырылып калсан ешкимге айтпа сен уйыктап жатканда жындар сенин жанына (душа)кирип алгысы келеди жане сен оган карсылык корсеткенде осындай жагдай болады екен.Мен клубка баратынмын ишетинмин т.б. сол кезде бул жии болатын ал казир онын барин тастадым Аллага шукир казир бари жаксы. Сендеде бари жаксы болсын жанын журектин тазалыгы ен бастысы жане Аллага деген сеним сондыктан оз озинди жетилдирип оз озинди таразту к.к.
0 дауыс
Салем барыне! Админ шыгаршы!Бул жагдай кеше тунгы 2.30 да болды.Тунде сагат 12 де жатып калган болатынмын.Тунде сагат 2.30 оянып кеткендей болдым,бырак мен ол уакытта ояу едым деп ойлаймын.Конак болмесы жанымда болатын ,мен спальняда жатырмын,2 кабатта кішкентай сіңлім жатыр.Кенет қонақ болмеде быреу жургенын сездым,журегым қысылып,тынысым тарылып калды.устыме бырдеме шыгып алгандай.тосегымнын жанында быреу отыр,салкын терыге  оранып кетты денем.денемды козгалту мумкын емес,катып калгандай.тылымды кәлимаға келтыре алмай киналдым .аузымды кулыптап койгандай.3 рет осылай болды.быр кезде алгы макулык сал де болсын босаткандай болды. Бісміллә рахман рахим деп арен айттып .катты айқайлап жыбердым осылай бырнеше рет кайталанды.конак болмесынде уйыктап жаткан апкем ештенены сезгем жок ,катып калгандаймын дид .Быр кезде тагы да келды анау макулык бісміллә деп ем әлгі макулык "ыыыырррр"деп дауыс шыгарды.Мен дереу корпе астына кырып кеттым әлгі нарсе жанымнан кетпей қойды. 2 жарым сашат бойы қорыққанымнан уйыктай алмай жаттым тагы келе ме деген оймен ,құлағыма наушникты тыгып музыка тындап жаттым .тан ата бастады ,корпе астынан басымды шыгаруга бел будым .солай танга карай уйыктап кеттым .Азанда апкеме болган жайтты  хабарладым.Ол сенің бісміллә дегенынды естымедым ,бырак тунде тыкыр-тыкыр  етып жургенын есымде деды.Мен ол уакытта журмек түгілі ,корпе астынан шыгуга корыккам,апкем кудай озы сақтасын. Уйды аластау керек дейсің ғой деды.Мен үнсіз калдым.Бугын тунде жүрегім токтап калады ма деп катты коркам.Комектесыныздеры не ыстесем болады?!Менің ойымша бул жын,өйткені ол дауыс шыгарды иттің даусына сәл келеды екен,бірақ ол дауыс әлдеқайда қорқынышты...Мен катты коркам,бул не нарсе болды екен деген ой алы де басымнан кетер емес (((((((
0 дауыс
Түн iшiнде шырт ұйқымнан ояндым. Не түсiм, не өңiм екенi белгiсiз, әйтеуiр бiр ауыр нәрсенiң үстiмнен басып жатқанын сез­дiм. Қозғала алар емес­пiн. Денем қимылдай алмағаны былай тұр­сын, “бiссiмiлләнi” айта алмай жатырмын. Үнiм шықпайды. Үстiмдегi ауыр нәрсе болса, онан бетер тұншықтырып барады. Бiрнеше минуттан соң әлгi нәрсе жiбергендей болды. Төсектен атып тұрып жарықты жақтым. Ештеңе көрiнбейдi. О, тоба, сонда бағанағы нәрсе не болды? Түс дейiн десем, өңiмде болғанын анық бiлемiн. Есiмдi жиған соң, бәлкiм, шаршағандықтан қоз­ғала алмай қалған болармын деп топшыладым. Бiрақ ұзақ уақыт бойы көз iлмедiм. Оқыс оқиға қайта қайталана ма деп қорықтым. Сәлден кейiн ұйқыға кетiппiн.

Келесi күнi жора‑жолдастарыма түндегi оқиғаны айтып бердiм. Бiрi “ол ештеңе де емес, бастырылып қалу ғана” дегендi айт­са, ендi бiрi “үйдi аластат” деген ақыл‑кеңесiн бердi. Не де болса, бәле‑жаладан аулақ деп, үйдi тазартып, аластап, құран оқыттым. Десек те кешке ұйқыға жатарда сол оқиға қайталана ма деп қорқатын болдым.
Одан кейiнгi күндерде де мазам кеттi. Түнеукүнгi оқиғаның түбiне жетiп, себебiн түсiнгiм келдi. Адам не себептi бастырылып қалады? Ол жай ғана шаршағандық немесе дұрыс жатпаудың салдары ма, әлде тылсым күштiң қатысы бар ма?
Мұндай оқиғаны жылына бiрнеше мәрте өткеретiндер бар көрiнедi. Мұны медицина ұйқы кезiндегi сал деп түсiндiредi. Яғни, ұйқыға кетпей тұрып немесе оянған соң бұлшық еттердiң жиырылып қалуы. Физио­логиялық тұрғыдан алғанда, бұл кәдiмгi паралич ауруына жақын. Әдетте мұндай оқыс жағдай мидың белсендiлiгi артып, бұлшық еттер әлсiреген ұйқы кезеңiнде болады. Осы кезде адам денесiнiң қозғала алмай қалуы қалыпты жағдай. Себебi адам миы кенеттен оянып кеткенiмен, дене параличi бiрнеше минут бойы жалғасады. Яғни, адам миы ояу болғанымен, денесi әлi ұйқы кезеңiнде. Дененiң қозғала алмай қалуы бiрнеше секундтан бiрнеше минутқа дейiн жалғасады. Алайда оны бастан өткерген адам үшiн ол бiрнеше минут емес, одан әлдеқайда көп уақыт болып көрiнедi.
Дене параличi әдетте шалқалай жат­қанда басатынын оқыдым. Медицина мұндай кезде адамға тылсым нәрсенiң – үй иесi, белгiсiз адамдардың елестеуi заңдылық деп түсiндiредi. Кеуденi бiреу басып жатуы, тыныс алудың қиындауы, көздi аша алмау, дыбыс шығара алмау, осының бәрi ұйқы кезiндегi параличке тән нәрсе.
Алайда медицина мұны дұрыс жатпау, ұйқының бұзылуы салдарынан болатын сал­ға жақын күй десе де, халық оны әлi күнге дейiн тылсым күштермен байланыстырады.
Көнекөз танысым бұл ешқандай да ауру емес, тек үй иесiнiң немесе жынның тiрлiгi болуы мүмкiн екенiн айтты. Оның айтуынша, үй иесiне әлдебiр нәрсе ұнамаса немесе қонысты ауыстырған кезде бұрын­ғы үй қожайынының иесi қалып қойса, әлгiндей келеңсiз оқиғалар болып тұрады. Қайсыбiреулер үй иесi жақсылық не жамандықты сездiргiсi келгенде, қожайынының кеудесiне мiнiп алады деп сенедi.
Әр халық ұйқы кезiндегi беймәлiм құбылысты әрқалай түсiндiредi. Чуваш халқының аңыз‑әңгiмелерiнде вубар деген жын бар. Сол вубар әйел немесе еркек, тiптi үй жануарының кейпiне енiп, ұйқыдағы адам денесiне мiнiп алып, тұншықтырады екен. Аңызға сенсек, вубарға тап болған адам ауырады да, ал вубардың өзi одан күш жинайды. Чуваштар дуагерлер сиқырдың арқасында вубарға айналып, адамдарды дуа­лайды деп сенген. Сондықтан одан сақтанудың жолдарын iздестiрген. Түн iшiнде вубар келген жағдайда, ол туралы үй жануарына айтып берсе, ол қайта келмейдi деп есептеген. Вубар елестеген адам үйдiң кiреберiсiне күл шашатын дәстүр де болған.
Өз басым сол түнгi келеңсiз оқиғаны шаршау немесе дұрыс жатпаумен байланыстырмадым. Себебi осы күнге дейiн мұндай нәрсенi бастан өткерген емеспiн.
Жер бетiндегi адамдардың кемiнде 20-40 пайызы ұйқы кезiндегi сал күйiн бiрнеше мәрте бастан өткередi. Әр сенiм, әр адам мұның себебiн әрқилы түсiндiредi. Дегенмен мұндай күйден шығудың жолдары бiр: алдымен Аллаға сиынып, үйдi тазарту. Сонан кейiн түн iшiнде осындай жағдай қайталанса, бас бармақты, көздi не тiлдi қимылдату. Кейбiреулер мұрын арқылы дыбыс шығару көмектеседi десе, ендi бiрi керiсiнше, қозғалмай дененi бос ұстау сол күйден шығарады деп есеп­тейдi.
 Бота Жылқыбаева,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
Баcқа мақалаларға ^
0 дауыс
Салеметсиздерме
Мендеде бундай жагдай коп болады. Бугин тагы бастырылдым и катты корыктым. Енди уйктаганым сол ед оянп кеттим катты дауыстар естилед не дауыс екени есимнен шыгып кетти. Тилимди калимага келтире алмадым козим ашык тур уйдин ишин корип турм тек козгала алмайм жане дауысым шыкпайды. Жане бул 5 6 рет кайтпланды ягни енди денемди босатады да оянам уйктамакга тырысам бирак уйктам кетем де тагы бастырылам осылайша кайталана беред. Сосн сонгысында ау дим тилимди калимага келтирдим сол кезде дауысым еркектин дауысы шыккандай болд сосын демалсам иттин ырылдаганындай дем алганымды естидим коркып кеттим ишиме шын кирип кетти ма деп корыктым. Менде бастырылу 2 3 айда 1 2 рет кайталанп турад. Алдынгы бастырылганымда козиме кара бирдене коринген болатын ол кезде ол маган жакындап келе жатты мен тилимди калимага келтиргенде ол жай кете бастады. Солай болды. Ал онын алдынгы бастырылганда тек кулагыма шу дауыс естилди не дауыс екенин тусиндире алмайм айтеур мен тилимди какалимага келтирдим барибир ештене болмады содан мен айгайлап бар дауысыммен айтайн деп айгайлап айткан едим жанагы дауыс одан бетер катты шыгады кудды бир музыка косылып турган калонканын жанында тургандай катты шыгад .кейде жай гана бастырылам ондай коркынышты болмайд сонда бастырылып жатып тагы да бастырылдымба деймде жата берем ози басылады осылай менде бастырылу коп болады кейде кулагыма дрель дин дауысы шыгады кудды ремонт болп жаткандай кейде ырылдаган дауыс кейде тениз толкынынын дауысы айта берсем коп. Мен буны медицина мен байланыстырайын десем козге коринетин естилетин нарселер болад . Билмейм бир куш секилди. Неликтен болатынын билгим келед.
0 дауыс
Тунги сагат 2.3 ке дейн сотка компьютерде отырасын арине ол содан.уакылы уйктасан еш нарсе болмайд
...