+1 дауыс
11.1k көрілді
маған "Қарлығаштың ұясы"деген шығарма керек еді.Басы былай басталады Ботагөз бен Қарагөз апалы сіңлі.Үй іші Шымкентке көшпекші еді.деп басталған.Тауып біріңіздерші

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
Орнында бар оңалып, Қызылағаш ауылының ажары ашылып та үлгерді. Бұлт артынан күн шығып, әр жүректі ерекше бір жылылық баурап, үзілген үміт жалғанып, жасқа малынған жанарлар шаттықтан қайта нұрланып, ертеңге деген сенім оты жанданып, қызылағаштықтар тіршілік керуенін жарқын болашаққа нық бұра бастады. 12 наурыз күні дүр сілкіндірген су тасқынының зардабы әп-сәтте тарихқа айналып, Қызылағашта жаңа өмірдің күнпарағы қайта ашылғандай. «Бұрын мұнда осындай ауыл болып еді», - деген аңыздан жеткен әңгімедей болып қалатындай. Ауыл қайтадан түледі.

 Әлқисса, сәрсенбінің сәтті күні облыс әкімі Серік Үмбетов бастаған ел басындағы азаматтар жаңа үлгіде жанданып, бой көтерген Қызылағаш ауылына арнайы атбасын бұрып, бірнеше нысанның ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарға тағы да жаңа үйлердің кілтін табыстап қайтты. Оған республикалық және облыстық бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілдері қатысып, жағымды жаңалықты жалпақ жұртқа жариялап үлгерді. Біздер де сол бір қуанышқа толы сәттің басы-қасында болып қайттық.
 Сонымен, облыс әкімі бастаған бірнеше басқарма басшылары мен мекеме қызметкерлері және БАҚ өкілдері ең алдымен Алматы - Өскемен күре жолының бойындағы Жібек Жолы көшесіне орналасқан аудандық ішкі істер бөліміне қарасты 11 ауылдық учаскелік бөлімшесі ғимаратының ашылуынан бастады. Арнайы лента қиылып, ауыл әжелері шашу шашты. Дәл мынадай кең әрі жарық мекемеде елдің тыныштығын сақтап, темірдей тәртіптің үлгісін көрсетуге әбден болатындай. Учаскелік бөлімшенің есігі жиі-жиі қағылып, қайта-қайта қоңырау шалынып, бұзақылыққа бой алдырмай, қарапайым қазақ ауылында сүттей ұйыған бірлік болса екен деп тіледік іштей. Келесі кезекте мекеменің дәл қасынан учаске бөлімшесінің бастығына берілген жаңа үйге бас сұқты. Ас үй жиһаздарымен бірге қонақ күтетін және жатын бөлмелерге дейін толықтай жабдықталған. Ендігі жерде дәл осындай сыйға лайықты қызметіңді істей білсең болғаны. Одан кейінгі нысана қайта жөндеуден өткізілген ауылдық мешіт. Осы орайда сәл шегініс жасағанды жөн көріп отырмын. Алланың құдіретінің шексіздігіне сол кезде тағы бір мәрте көз жеткізгенбіз. Ол - су тасқыны үйлердей алып тастарды қаңбақ құрлы көрмей, ауылмен қоса сыпырып өткенде, құдайға құлшылық ететін қасиетті үйдің ішіне белуардан су кіргенімен тасқынның соншалықты екпіні тіпті, терезесіне де сызат түсірмеген. Соны көргенде есіме Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) : «Қандай да бір апатты жағдайдың болатынын білсеңдер, мешітті паналаңдар», - деген хадисі оралды.
 Міне, Алланың өзі қорғап қалған мешіттің де алдына келдік. Ауыл тұрғындары ел азаматтары мен қонақтарды шуақты жүзбен қарсы алды.
 Ол жерде ең алдымен су тасқынынан қайтыс болған қызылағаштық қандастарымыздың рухына бағышталып, қасиетті Құран Кәрімнің аяттары оқылып, дұға жасалды. Содан кейін барып мешіттің ішіне енді. Құдайға құлшылық жасап, Құран үйреніп жатқан өрімдей жастарды көріп, қуанып қалдық. «Иманы берік, сабыры мықты, рухы биік, өр намысты, ары таза, салиқалы ұрпақ болса екен», деп іштей тілеу тіледім. Ырымдасақ жақсылыққа балайтын елміз ғой. Құран аяттары оқылып жатқанда мешіттің ішіне ұя салған қос қарлығаш балапандарының аузына жем беріп жатты. Бұл көріністі көрген көпшілік қарлығаштың тірлігін жақсылыққа балап жатты. Осындай әсермен шыққаннан кейінгі атбасын тіреген нысанымыз ауылдық «Қазпошта» ғимаратының ашылуы болды. Заман талабына сай жабдықталып, компьютерлермен қамтамасыз етілген мекеменің ашылу салтанатында сөз алған облыс басшысы «Қазпошта» қызметкерлеріне табысты еңбек етіп, ел игілігі үшін аянбай тер төге беріңдер деген ниетін білдірді. Күрделі жөндеуден өткен Қызылағаш ауылдық әкімдігінің қос қабатты ғимараты да заманауи үлгіде жабдықталған екен. Бөлмелері кең, іші жарық. Ендігі жердегі ауыл әкімінің бір ғана мақсаты бар. Ол - елі үшін аянбай, жанын салып еңбек ету ғана. Күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілген Мәдениет үйінің ауласында облыс әкімі бастаған делегацияны әжелер шашу шашып, арулар гүл шоқтарын ұсынып қарсы алды. Ауланың бір шетіндегі Ұлы Отан соғысы батырларына арналған «Даңқ» ескерткіші де жаңаланыпты. Мәдениет үйінің фоэсінен облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі шалқыған сазды әуенді шашу қылып қарсы алды. Оң жақ қанатында орналасқан ауылдық кітапханамен танысқан Серік Әбікенұлы кітапханашыдан бар мән-жайды білгеннен кейін, жақында ғана 60 жылдық мерейтойына орайластырып жарық көрген «Көз ілмейтін көңіл» кітабын тарту етті. Бұл сәтте зал тола қызылағаштықтар тағы да үлкен қуаныштарын күтіп отырған еді. Облыс басшысы көрермендер залына кіргенде ауыл тұрғындары қошеметпен қарсы алды. Мінбеге көтерілген Серік Әбікенұлы қайғыға қайыспай, жігерлік танытып, бірлік көрсеткен ауыл тұрғындарына деген лебізімен сөзін бастады. «Қымбатты бауырластар, осыдан үш жарым ай уақыт бұрын басымызға түскен ауыртпалықты әлі де ұмыта қойған жоқпыз, ұмытылмайды да. Сіздердің бастарыңызға түскен ауыртпалықты жұмыла көтердік. Міне, санаулы айдың ішінде ел айтса нанғысыз жақсылыққа қолымыз жетті. Осы орайда тығырыққа тірелмей, ертеңге деген сенім отын жаға білген, қолынан келген барлық көмегін аямай, Үкімет басшысынан бастап, жергілікті билік өкілдері, біздерге дейін үлкен жүректілік танытып, қолдау көрсеткен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына айтар алғысымыз шексіз. Қызылағаш қасіреті облыс басшысы ретінде менің де қабырғама батты. Менің қиналғанымды өзім және отбасым ғана жақсы біледі. Бірақ менің жүрегімде жарқын күнге деген сенім болды. Ерте ме, кеш пе осындай шуақты күнге жететінімізді сездім. Бүгін бәріміз сол сенімнің ақталғанына, сезімнің алдамағанына куә болып отырмыз. Осы орайда санаулы мерзімде ауыл тұрғындарын баспанамен қамтамасыз еткен құрылысшыларға алғыс айтуымыз керек, бүкіл ауыл тұрғындары атынан. Алдағы күндерді ол азаматтарды түрлі марапаттарға ұсынуымыз керек. Рас, құрылыс жұмысы алғаш басталғанда: «Ақша жоқ екен, бермей жатыр екен», деген сөздер болды. Несін жасырамыз, құрылысшылар 40 күнге дейін бір тиын алмай жұмыс істеді. Құжаттарды реттеп, заңдастырып, қорға түскен қаржыны әрбір құрылыс мекеменің жұмыс күшіне қарай бөлгенше осынша уақыт өтті. Сондықтан ел арасын бұзатын, алауыздыққа апаратын қаңқу сөздерден қашайық, ағайын. Басшысын сыйламаған, бір-бірін тыңдамаған бауырлас елдер не болып жатыр. Құдай ел ішін сондай алауыздықтан сақтасын. Елбасының сындарлы саясатын қолдап, бірлік танытсақ, біз алмайтын асу болмайды. Сол ынтымақтың арқасында аз уақыт ішінде қызылағаштықтар түгелге дерлік баспаналы болып отыр. Бүгін алдарыңызда 122 үйдің кілтін табыстағалы отырмыз. Сондықтан да бауырлар, қандай жағдайда да бірлігіміз бекем болуын ойлайық. Тырнақ астынан кір іздеп жаман атты қылу оңай. Ең бастысы, ниетіміз түзу болсын. Құдай ниетімізге, пейілімізге береді. Міне, сабырлық танытып едік, жақсылықтың өзі тез жеткендей болды. Құдай қаласа, алдағы уақытта Елбасымыз осы ауылға арнайы келіп, өздеріңізбен жүздеспекші. Тағы бір айта кететін мәселе, жаңа мешітке кіргенімізде ұя салған қарлығашты көрдік. Міне, мына залдың ішінде де қанша қарлығаш ұшып жүр. Бұл - жақсылықтың нышаны. Сіздер де жаңадан ұя салған қарлығаштай жаңа қонысқа орналасып жатырсыздыр. Сол шаңырақтарыңызда балапандарыңызды қанаттандырып, тек қана қызығын көріп жүре беріңіздер». Облыс әкімінің сөзінен кейін тұрғындарға жаңа қоныстың кілттері табыс етілді. Келесі кезекте сахна төріне көтерілген ардақты ана Несіпжамал Алшынбаева, ауыл тұрғыны Дмитрий Юрковскийлер барша қызылағаштықтар атынан Елбасына, облыс және аудан басшыларына, құтты қонысқа қолдарын жеткізген құрылыс компанияларына зор алғыстарын білдірді. Қуанышымызды еселей түскендей Алматыдағы ҚР Халық әртісі, композитор Алтынбек Қоразбаев бастап келген, құрамында Сембек Жұмағалиев, Сүлеймен Ибрагимов, Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова сынды әншілер бар, «Қазақконцерт» өнер бірлестігінің майталмандары қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Сөйтіп, тасқын судан кейін қайта түлеген Қызылағаш ауылының ажары кіріп, сәні мен салтанаты жарасып шыға келді.  Толығырақ [Мына][1] жерден оқи аласыз:)


сұраққа қараса ПАРИ
Мен сұрақты оқығанда "Басы былай басталады Ботагөз бен Қарагөз апалы сіңлі.Үй іші Шымкентке көшпекші еді.деп басталған." мынадай сөздер жоқ болатын, сен өңдеп осындай сөздер қостың.
 Оспан 14 минут бұрын Кітап, Әдебиет Сұрақ қойды
Оспан 4 минут бұрын Өңдеді

Сұрақты қоймас бұрын, алдымен ойланып, сосын барып қойғаның жөн болар!
Сұрақтың ішінде тұрған еді ғой
Ботагөз бен Қарагөз апалы – сіңілі. Үй іші Шымкентке көшпекші еді.Тек оқу жылының аяқталуын күтіп жүрген.

Міне, көптен күткен күн де келді. Көкесі бірнеше жігітті ертіп келіп, дәу көк қасқа машинаға үй жиһаздарын тией бастады. Ботагөз бен Қарагөз де жүктерді тасуға көмектесті. Көңілдері көп нәрсені қимайды.

Олар жолға шықты. Бірер сағатта машина бейтаныс әсем үйдің ауласына келіп тоқтады.

Міне, біздің үйіміз осы, - деді аналары. Ботагөз бен Қарагөз жаңа үйді тамашалап, аралауға кірісті.

Бір кезде Қарагөз терезе жақтауындағы қарлығаштың ұясын көріп:

Алақай! – деп қуана айқайлап жіберді. Аң-таң болған Ботагөз жүгіріп сіңілісінің қасына келді. Екеуі қарлығаш ұясын ұзақ тамашалады. Жып-жинақы. Тостаған секілді. Қандай шебер жасалған! Ішінде қарлығаш балапан басып отыр. Жәудіреп екі қызға кезек қарап қояды.

Әкесі:

Қарлығаш – адамға ең жақын жүретін құс. Ұясына тиіспеңдер, қайта ертең балапандары шықса, жем-су құйып, қамқорлықтарыңа алыңдар, - деді. Осыдан кейін екеуі күн сайын ұя алдына жем-су қоятын болды. Мұны қарлығаш түсінді. Қыздарға бауыр басып кетті. Көп ұзамай балапандар да пайда болды. Шиқ-шиқ етіп тамақ сұрайды. Ана қарлығаштың жұмысы тіпті көбейді. Күні бойы құрт-құмырсқа, шегіртке тасумен әуре.

Бір күні аулада ойнап жүрген қос қыз дәл жандарынан зу-зу етіп өте шыққан қарлығаштарды байқады. Қараса, апанда төрт қарлығаш түгелімен ұшып жүр. Екеуі қол шапалақтап мәз болды. Қарлығаштар да оларды айнала ұшады. Қуанғаны болар.
...