+1 дауыс
6.8k көрілді
Жақсы туылған күнге тілектер қажет еді. Өлеңменен де қосылып жақсы туылған күнге тілектер қажет еді.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы менсауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегіндекеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар менқиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.
* * * * *
Время – это корабль, которого никто не в силах остановить. По направлению движения этого корабля в волнах жизни ты тоже поплывешь также быстро, как и сама жизнь. При этом ты попрощавшись с берегами детства, доплывешь до юности, которая является весной человеческой жизни.
Жизнь – это огромная среда, в которой параллельно движутся и радости, и невзгоды, и печали, и веселье, и легкости, и трудности. Есть люди, которые смогли победить невзгоды жизни, и есть люди, которые не смогли пройти через трудности и сломились. Я хочу увидеть тебя в числе первых из них. Постарайся побеждать всякие трудности и тягости в жизни умом и терпением. Небо не бывает без туч, также в жизни человека бывают и пасмурные дни. Но я тебе желаю, чтобы в твоей жизни были только светлые, безоблачные дни. Пусть сбудутся все твои сокровенные мечты.
28
Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі,денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген - сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген - біреулер үшін - ата-анасының қуанғаны, ал біреулерүшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!
* * * * *
На казахском языке есть три пожелания: они и коротки, и глубоко осмысленны. И я тебе их пожелаю. Это: здоровье, счастье и долгая жизнь. Я желаю тебе крепкого здоровья, потому что со здоровьем сопутствует и работа стабильная, и доход приемлемый. Я желаю тебе счастья, счастье для некоторых людей – это быть рядом с любимыми людьми и их здоровье, а для некоторых людей – это радость родителей, для других людей – это видеть своих детей счастливыми. А если есть и здоровье, и счастье, почему бы и не жить долго?! Я желаю крепкого здоровья, чтобы птица счастья не покидала тебя, и желаю жизни долгой!!!
29
Қанша жұлдыз әлемде!
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!
* * * * *
Сколько звезд на небе!
Сколько волн на море!
Я желаю тебе столько же счастья
Будь счастлив в этой жизни нелегкой!
30
Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.
* * * * *
Пусть расцветает твоя жизнь как тюльпан,
Пусть поднимется настроение твое как вода.
Пусть зло никогда не травит твою душу,
Живи долго да счастливо всегда.
31
Құрметті досым туылған күнің құттыболсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!
* * * * *
Дорогой мой друг, с днем рождения. Я искренне поздравляю тебя с этим праздником и желаю тебе здоровья и бесконечного счастья, как чистая горная вода. Если говорить, то искренние пожелания будут выше гор, если написать то устанет рука. Самое главное – пусть твои дороги ведут к нужном направлении, небо будет ясным, пусть любимая твоя всегда будет твоим верным спутником. Пусть сама любовь найдет тебя, и надолго сохранится в твоем сердце!
32
Құрметті …!
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!
0 дауыс
1
Айнұр, туған күнің қуатты болсын!
Қуанышты, бақытты күндер коп боп тұрсын!
Әрдайым аспанын ашық болып
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!
* * * * *
Айнұр, с днем рождения поздравляем!
Пусть будет много радостных и веселых дней!
Пусть всегда будет небо открытым
Пусть дела пойдут в гору, а здоровьебудет крепким!
2
Алла тағала дүниені жаратып, әрбір тіршілік иесінің өмір жасын белгілегенде адамға 25-ақ жыл өмір, ал жылқыға, итке, т.б. андарға 50 жылдан беріпті. Адам өзіне берілген жасты қанағат тұтпай, жануарларға барып жарты жастарын сұрап алыпты.
Міне содан бері адам ұқсап 25 жыл өмір сүрсек, 25 жыл жылқыға, 25 жыл итке, ал кейінгі 25 жылымыз маймылға ұқсап жұртқа күлкі болыпғұмыр кешеді екенбіз.
Бүгінгі туылған күн иесіне адамға ұқсап 25-ақ жыл емес, 100 жыл өмір сүр, ғұмырың бақытты да баяндыболсын деп тілеймін!
* * * * *
Когда бог создавал этот мир, он каждому живому существу отдавал срок жизни. Человеку он дал 25 лет жизни, а лошади, собаке и другим животным по 50 лет. Человек был недоволен, что ему досталось всего 25 лет жизни, и выпросил у зверей их половину жизни.
С тех самых пор человек 25 лет проживает человеческую жизнь, 25 лет жизнь лошади, еще 25 жизнь собаки, оставшиеся 25 лет жизнь обезьяны.
Я желаю нашему имениннику, чтобы он прожил не 25, а все 100 лет своей жизни, но только человеческую! Пусть его жизнь будет полна счастья и успеха!
3
Аққудың - ақтығын
Өмірдің - пәктігін
Арманның - ажарын
Бақыттың - базарын
Денсаулықтың - зорын
Махаббаттың - молын тілеймін
* * * * *
Я желаю тебе: Белизны лебедя
Чистоты жизни
Блистательности мечты
Море счастья
Крепкого здоровья
Море любви верной.
4
Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші-тіл мен көзден аман бол,
Үшінші-берекелі, беделді бол,
Төртінші-арыстандай айбатты бол,
Бесінші-ақылды, қайратты бол.
Алтыншы - өнерлі бол.
* * * * *
Первое – живи долго и счастливо,
Второе – пусть Бог хранит тебя от сглазов и упреков,
Третье – будь богатым и знатным,
Четвертое – будь как лев величественным,
Пятое – будь умным и храбрым.
Шестое – будь искусным и умелым.
5
Будьте здоровы, богаты и счастливы!
Дендеріңіз сау, бай-қуатты, бақытты болыңыздар!
6
Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-ай
Мына адамдар неге жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай
Мына дүние неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Құшақ құшақ гүл шоқтарын лақтырып:
Мынау шапан, мынау атың, мін – демей
* * * * *
Сегодня мой день рождения,
Почему эти люди не поздравляют меня
Я бы и сам устроил банкет
Но средства малы, о боже мой.
Почему все молчат, не поздравят меня?
Почему не загорелся огонь праздника?
Почему не дарят букеты цветов?
И не говорят: это – чапан, это – лошадь, садись на здоровье.
7
Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдапжанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
* * * * *
Сегодня день твоего рождения – твоя радость, твой праздник. Мы пришли чтобы разделить твою радость и вместе с тем радушно поздравляем тебя с этим праздником. Если капнуть в огонь масла, он разагорится, а если капнуть воду, он погаснет. Родной мой, пусть твое счастье загорится от одной капли масла, а пламя этого огня пусть согреет твою жизнь! Будь счастлив!
8
Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай
ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар,ардақты әке және де айнымас адал дос.
Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!
0 дауыс
Жылдарыңыз жемісті
Айларыңыз арайлы
Күндеріңіз көңілді
Сағаттарыңыз сәтті
Минуттарыңыз мәнді болсын
* * * * *
Пусть ваши года будут плодотворными
Пусть ваши месяцы будут светлыми
Пусть ваши дни будут веселыми
Пусть ваши часы будут удачными
Пусть ваши минуты будут важными.
12
Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!
* * * * *
Желаю настроения, как безграничноеозеро,
Желаю жизни, как неиссякаемая река.
Желаю, чтобы небо твое было открытым как лунная ночь,
А враги твои были дальше от тебя.
Если сказать, то пожеланий очень много,
Если написать, то и руки устанут.
А пожелания сердца моего
Я тебе искренне доставлю в виде стихотворения!!
13
Көтеріп тұрып, құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір.
Өмірің өкіндірмесін, арманың алдамасын!
* * * * *
Жизнь сама поднимает, сама опускает,
Она сама рассмешит, сама опечалит.
Когда ты рыдаешь не найдя ответ
Она сама успокоит и найдет ответ.
Не теряй надежду, не печалься,
Даже опустившись улыбается жизнь.
Стань крепким вопреки сильным ветрам
Жизнь любит выносливых людей.
Пусть в этой жизни не будет сожалений и сбудутся мечты!
14
Көңілің күлген күндей ашық болсын
сүйгенің бір өзіңе ғашық болсын
Әрқашан сүйгеніңмен бірге болып
Алдыңнан бақыт жолы ашық болсын.
* * * * *
Пусть твоя душа будеть открыта, как солнце светлое,
Пусть твоя любимая боготворит тебя одного.
Будь вместе со своей любимой
Живите долго и счастливо.
15
От чистого сердца желаем счастья и успехов!
Шын жүректен бақыт пен табыс тілейміз!
16
Пусть Ваш дастархан будет всегда изобилен!
Сіздің үйдің дастарқаны әрқашан дәмге толы болсын!
17
Пусть исполнятся все ваши мечты и желания!
Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!
18
Пусть каждый Ваш день будет радостным!
Әр күніңіз қуанышты болсын!
19
С Днем рождения!
Туған күніңізбен!
20
Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң - төз
Жарыссаң - оз
Ойнасаң - ұт
Күрессең - жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!
* * * * *
Я хочу тебе пожелать
Не страдай в этой жизни
Если страдаешь - потерпи
Если соревнуешься - побеждай
Если играешь - побеждай
Если борешься - побеждай
Никого не обижай
Но и себя не дай в обиду.
Не гонись за выгодой
Не топтай свою гордость
Никого не превозноси
Никого не ругай
Держи свое слово
Не отставай от других
Никого не клеветай
Никогда не держи зла
Не сплетничай о других
Будь крепким всегда
Возьми пример с хороших людей!
21
Тілеймін бұл өмірде бақыт саған,
Тілеймін талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда
Көрейін сені достым заңғарлардан!
* * * * *
Желаю тебе в этой жизни много счастья,
Желаю тебе неустанных крыльев и великой мечты.
Пусть будеть твой авторитет высоким
Хочу тебя увидеть среди юристов!
22
Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін!
* * * * *
В день рождения, я хочу пожелать
Нескончаемого счастья!
Блаженного времени!
Блистательной мечты!
Изюминку счастья!
Долгой жизни!
Широкой души!
Милости от Бога!
Верной любви!
Блогословение Бога!
Крепкого здоровья!
Много счастья!
Замечательного будущего!
Счастливого будущего!
Замечательной жизни!
Бессмертной славы!
Радостных дней!
Радостных вечеров!
Незабываемых ночей!
Друг, мой, я тебе желаю!
23
Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!
* * * * *
День рождения это праздник для каждого
Я поспешил поздравить друга моего
Все искренние пожелания подарю тебе одному
Чтобы сбылись мечты твои в этой жизни нелегкой
Я желаю тебе крепкого здоровья
Желаю, чтобы сиял от счастья всегда
Ты настоящий друг, который поддержит в трудную минуту
Пусть наша дружба проживет очень долго!!!
...