Газбаллонын қалай қауіпсіз қолдануға болады?

0 дауыс
2.4k қаралым
газ баллонын қалай дұрыс қолдану керек? мысалы катты аязда далада  газ баллонын қолдануға болама? газ баллонының суыққа және ыстыққа төзімділігі қанша градус?
• Санаты: Ұялы телефон Белгісіз

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Газды дұрыс қолдану ережелері
.


Газды орнату мен қолдануда өрт қауіпсіздік ережелерін  бұзу себептерінен болатын өрттер тұрғын үйлер мен материалдық құндылықтарды жоюға, адамдардың өлімі мен жарақаттануына әкеліп соқтырады. Бұл өрттердің басты себептері - құбырлардың, жалғастырып тұратын тораптардың саңлаулануына байланысты немесе газ плиталардың оттықтары арқылы газдың шығуынан болады. Газ баллондарын пайдалану 2 қабаттан, саны жағынан 8 пәтерден аспайтын  тұрғын ғимараттарда қолдануға рұқсат етіледі. Ең бастысы  - Сіздің газ қондырғыңыз дұрыс жұмыс істеуі керек. Оны өзіңіз жөндеуге немесе білмейтін адамға жөндетуге болмайды. Жөндеу мен қызмет көрсету жұмыстары  -  маманның ісі.
Табиғи және баллондағы сұйылтылған газ ауамен қосылып жарылыс беретін қауіпті қоспа құрайды. Сол себепті бөлмеде газдың иісін сезе қалсаңыз сіріңке, оттық шақпақ жағуға, электрді қосуға немесе сөндіруге, бөлмеге ашық отпен немесе тұтанған шылыммен кіруге тыйым салынады – осының бәрі газдың жарылысын тудыруы мүмкін. Газдың иісі  пайда болса тез арада газ  құралдарын сөндіру керек немесе балоннан редукторды босатып, пәтердің ауасын тазартып, бөлмеде бар адамдардың шығуын қамтамасыз ету қажет.
ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Газ баллонын төңкеріп немесе қиғаш қоюға болмайды. Егер газ баллондар үйдің жанына жайғастырылса, олардың  әйнек пен есіктен ара қашықтығы 1 метрден кем болмауы керек,  оларға күн сәулесі түспеуін қамтамасыз ету керек. Баллондарды жерге көмуге, жер төледе немесе жер деңгейінен төмен орналастыруға болмайды.   Газ баллонды жанында жанып тұрған от, қосылған электр құралдары болғанда ауыстыруға болмайды. Баллонды ауыстырардан бұрын ауыстырылатын және жаңа крандар жабық болуына көзіңізді жеткізіңіз. Газы бар баллондарды газ плиталарынан 0,5 мертден кем, жылу беретін радиаторлар мен пештерден 1 метрден кем,  пеш оттықтарының есіктеріне қарсы  2 метрден кем ара  қашықтықта орналастыруға болмайды. Әр баллонды ауыстырғаннан кейін сабын көпіршігінің көмегімен (отпен емес!) қосылған жерлерін тексеру  керек. Содан кейін ғана газ плитаны қосуға болады, баллонның кранын әр қолданудан кейін жауып отыру керек.
Егер Сіз қатты шыққан газдың иісін сезсеңіз:
Кранды жауып, бөлменің ауасын тазарту керек. Ешқандай жағдайда от жақпаңыз, ұшқын немесе доға пайда болмас үшін ешқандай электр құралдарын іске қоспаңыз. Газ баллоны сатылып алынған газбен жабдықтау мекемесінің авариялық қызметін шақыру керек.
Түбі терең ыдыстарды плитаның камфоркасына қоюға болмайды.
Жұмыс істеп тұрған газды құралдарды қараусыз қалдыруға болмайды.
Газды құралдардың қасына мектепке дейінгі балаларды, кәрі адамдар мен мас күйіндегі адамдарды жіберуге болмайды. Газды құралдарды бөлмені жылыту үшін пайдалануға болмайды. Газ құрылғыларына жіп байлауға, сонымен қатар киімдерді және шашты кептіруге тыйым салынады.
Плитада жанынжа тез жанатын ормал немесе қағаздарды қалдыруға болмайды.Газды құбырларды жөндеуге немесе жаңадан өзгертуге болмайды. Газды құбыр орналасқан бөлмелерде дем алу немесе ұйықтауға болмайды.
8.2.5 мемлекетаралық құрылыс нормаларына келісе «Газтарату жүйелері» 4.03-01-2003 жылғы МҚН тұрғын ғимараттағы пәтерлерде газ баллон қою рұқсат берілген (пәтерде бір ғана балон), және де екі қабаттан аспайтын ғимараттарда.
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

127,779 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,816 қолданушы