ҚҰЛАҚ АУРУЛАРЫ ТУРАЛЫ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ
Ақтөбе облыстық кеңес беру және диагностика орталығындағы сурдологиялық орталық еліміз бойынша Алматы қаласынан кейін тек біздің Ақтөбе қаласында ғана бар екен. Мұндағы орталық Қазақстанның батыс аймағын қамтуға тиісті. Бүгінде құлағы ауыратын, туа бітті есту қабілеті нашар балалар көптеп кездесетінін дәрігерлер жасырмайды. Олардың көбі дер кезінде дәрігерге қаралып, нақты диагнозын қойдырып, ем-домын алуды кейінге қалдыра беретіні өкінішті. Құлақ та адамның басқа мүшелері сияқты барынша мұқият назар аударуды қажет ететінорганның бірі.
Қанат ҚҰМАР, дәрігер-судолог:
- Құлақ – есту органы. Ол дыбыс өткізетін және қабылдайтын екі бөлімнен тұрады. Құрылымы - сыртқы есту түтігі, дабыл жарғағы, ортаңғы құлақ қуысы, балғашық, төс, үзеңгі, шағын дыбыс қуысы, ұлу,евстахий түтігі сияқты бөліктерден тұрады. Сыртқы құлаққа: құлақ қалқаны, сыртқы есту түтігі, ортаңғы құлаққа: есту сүйекшелері жатады. Ішкі құлақта құлақ құрышы,онда сезімтал есту клеткалары мен вестабулар аппараты – тепе-теңдік органы орналасқан.
Құлақ ауруы, естуінің нашарлауы түрлі жағдайлардан болуы мүмкін. Құлақтың әр түрлі бөлімдері қабынып ауырады. Сол кезде адам естімей қалып, қиналады.Мұрын мен мұрын-тамақ жолдары сырқаттанса, евстахиев түтігі қабынуының салдарынан дабыл қуысына ауаның келуі қиындайды, дыбыс өткізгіштік бұзылады. Бұл қабыну ұзаққа созылса, ортаңғы құлақта жапсырма және тыртық пайда болады, құлақ көмескі естиді.
Сурдологиялық орталықта клиникалық аудиометр, темпанометрсияқты аппараттар бар. Мұнда 5 жастан бастап құлағы ауыр еститін балаларды қарап, оларға диагноз қойылады. Ем-дом жолдарына кеңес береміз.
Темпанометрдің көме-гімен есту қабілеті бұзыл-ған жағдайда және орталық құлақтың сырқатын анықтай аламыз.
Бізде сондай-ақ, ойындық аудиометр аппараты бар. Бұл құрылғының көмегімен балалардың есту қабілетінің деңгейін анықтауғаболады. Құлағына арнайы тыңдау құрыл-ғысын киген бала ойын залында отырғандай жағдайда қойылған сұрақтарға екі қолына ұстап отырған тегеріштегі нүктені басу ар-қылы жауап береді. Яғни, бала берілген дыбысты қай құлағымен естіп отырғандығынан белгі береді. Бұл балалардың есту қабілетін нақты анықтауға арнайы, оңтайлы жасалған, жұмыс істеуге өте қолайлы заманауи аппарат болып есептеледі.
Сонымен бірге орталықтағы «Иклипс» аппараты арқылы туа біттіесту қабілетінде зақымы бар кішкентай сәбилерді тексеруден өткізіп, нақты диагноз қойылады.
Балалардың туа бітті есту қабілеттерінің зақымдану салдары әр түрлі болып келеді. Оған жүктілік кезеңіндегі ананың әртүрлі аурулары, олардың кейбір гармондық препараттар қабылдауы себеп болуы мүмкін. Мұның себептері өте көп.
Аталмыш орталықта облыс бойынша нейро-сенсорлық есту қабілеті нашар 23 бала бірінші санатбойынша есепте тұрса, екінші санат бойынша 14 бала есепке тіркелген. Бұл тексерілу барысында құлақ аурулары анықталғандар. Ал, тексерілмей жүргендер қаншама.
Бала құлағының мүкістігі аденоидтен (тамақ-мұрын бездерініңұлғаюы). Бас сүйек жарақаттанғанда, ми қыртысы қабынса да, қан тамыры склерозға ұшыраса да есту қиындайды. Құлаққа құлық қатып, тесігін мүлдем бітеп тастаса да естілмейді. Бас шай-қалса да құлақ естімей қалады. Құлақ ауырғанда, есту нашарлағанда дәрігерге қаралу қажет, олардың кеңесімен есту аппаратын сатып алып, пайдаланған жөн.