Сарымсақтың пайдасы бар ма?

+2 дауыс
24.0k қаралым
Сарымсақтық иісі жағымсыз екендігі белгілі. Бірақ оның адам ағзасына пайдасы бар ма?
• Санаты: Денсаулық

5 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Сарымсақтың адам өміріне пайдасы мол!Сарымсақтың құрамында селен, германий, магний және тағы басқа көптеген микроэлементтер, амин қышқылдары, А, В, С дәрумендері, калий, фосфор, кальций элементтері, темір, хлор, ақуыз бар.Жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеуде сарымсаққа тең келетін ештеңе жоқ Ал шаш түскен кезде басты күн сайын ұстарамен тақырлап алып, бір апта сарымсақтың, бір апта пияздың сөлімен сүртеді. Сонда шаштың түсуі тоқтап, керісінше жақсы өседі.Сарымсақ – теріге сыздауық, сүйел, теміреткі, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да таптырмайтын ем. Сондай-ақ сарымсақ асқазан-ішек жолының қызметіне жағымды әсер етеді: ас қорытуды жақсартады, қимыл-қозғалыс белсенділігін қалыпқа келтіреді. Бауырыңызды қорғап, өтті айдайды.жәнеде сарымсақ ол адамның минын жақсарттады,Тұмауғада  өте пайдалы! Адамдар тұмау болған жағдайда оны жіптен өткізі,мойнына тағып алады сосын егерде сіз ауырған жағдайда  қолыңыздың тамырының үстіне бассаңыз тез жазылады! Барлық ауруға таптырмайтын ем! Аурудың алдын алу үшін күніне 2-3 түйірін, ал ауруды емдеу үшін 4-6 түйірін жеу керек.
+1 дауыс
Пайдасы өте көп,әсіресе жұқпалы аурулардың алу мен емдеуде сарымсаққа тең келетін ештеңе жоқ десе де болады.
Сондай-ақ сарымсақ асқазан-ішек жолының қызметіне жағымды ісер етеді:  ас қорытуды жақсартады, қимыл-қозғалыс белсенділігін қалыпқа келтіреді.  Бауырыңызды қорғап, өтті айдайды.
Асқазан-ішек жолында кездесетін ауру тудырғыш бактериялардың өсуін тежеп, ішек флорасын ретке келтіреді. Оның ішек паразиттеріне, майда саңырау құлақтарға қарсы әсері де зор. Сарымсақты жиі пайдаланып отыру асқазан мен ішек қатерлі ісігінің алдын алады деп есептеледі. Ол ағзадан сынапты, қорғасынды және басқа да уытты металдардышығарады. Эритроциттердің бұзылуына жол бермейді, темекінің түтінінде, қақталған етте жанә ластанған ауада болатын химиялық канцерогендерден бауырдың зақымдануын болдырмайды.


Сарымсақ адам денсәулығына жан-жақты пайдалы болғанымен вич-ке қарсы егілген, қабылданған дәрілердің белсенділігін жояды екен.Бұл жөнінде америкалық бір топ фармацефт ғалымдар өздерінің зерттеулеріне сүйеніп айтқан.
+2 дауыс
00 г сарымсақта – 150 ккал бар.

Сарымсақтың құрамында селен, кальций, фосфор, темір, магний, A, B1, C, PP дәрумендері бар.
Бактериялармен күрестегі жаны ашымас күрескер

Сарымсақ бактерияларға қарсы қосылыстарға, эфирлі майларға, сонымен қатар бос радикалдардың әрекеттерінен қорғайтын тотықтырғыштарға бай. Бактерияларға қарсы ең күшті қасиетке шикі сарымсақ ие, тіпті, өңдеуден кейін де ол қандағы холестерин деңгейін түсіреді, қанның ұюына қарсы әсер береді, қан айналымы жүйесін қорғайды және асқорыту жүйесіне жақсы әсер етеді. Микроағзаларды, ашытқыларды, саңырауқұлақтар мен вирустарды жояды. Оның вирусқа қарсы әсері қатерлі ісік ауруларының пайда болу қаупін азайтады.
Алғашқы антибиотик

Антибиотиктер біздің өмірімізге енбес бұрын, өзінің қасиеттері арқасында сарымсақ вирусты аурулардан қорғаныш ретінде, сонымен қатар тырысқақ, оба немесе тұмау індеттері кезінде олардың алдын алатын құрал ретінде қолданылды. Оның дәрілер мен егулерден ерекшелігі бактерия штамдарында төзімділік туындамайды және адам үшін уытты емес.
Егер осы иіс болмаса …

Сарымсақтың өзіне тән иісі оны кескен немесе езген кезде пайда болатын күкірттің энзиматиялық қосылыстарының ыдырауынан туындайды. Бұл жағымсыз жанама әсерді алманы, ақжелкенді, жалбыз жапырақтарын, жебіршөпті, эстрагонды немесе балдыркөкті шайнау арқылы кетіруге болады
Халықаралық дәмдеуіш

Сарымсаққа міне 4000 жыл, ол Орта Азиядан шыққан және бүкіл дүние жүзінде өсіріледі. Әлемнің барлық тағамдарында, әсіресе жерорта теңізі, ресей, болгар, түрік және араб тағамдарында дәмдеуіш ретінде қатты бағаланады.
+1 дауыс
Сарымсақтың физиологиялық пайдасын жақсы жазып кетіпті ғой, енді психологиялық пайдасын да айта кетейін:
1. Егер бір қыздан (жігіттен)  құтыла алмай жүрсеңіз пайдасы тиіп қалар
2. Кезекте тұрғанда, қоғамдық көлікте т.б. жерлерде (кейбіреулердің айтуынша ГАЙ тоқтанқанда да пайдасы бар дейді)
3.Егер сіз вампир атаулының бар екендігіне сенетін болсаңыз  
*Көптен ешкім қумай кетіпті ғой, аздап қуып қояйын*
![enter image description here][1]


  [1]:
+1 дауыс
Қысқаша айтқанда жуаға қарағанда сарымсақ вирусқа қарсы таптырмас көкөніс!
Қазір не көп, тұмаумен ауыратын адам көп, ал тұмаудың қоздырғышы - вирус!

Сарымсақтың пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра ешкімде оның иісін жақсы көрмейді. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір сарымсақ жеуге кеңес береді. Оны турап, үгітіп, немесе бір бөлігін бүтіндей жеу керек.

Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактериаларды құртады екен.

Сарымсақтың ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауруын басады және салқын тигенге ем. Сондай-ақ ревмотизм, гепатит, қырқұлақ ауруларына, баспаға, тұмауға қарсы, зәр жүргізгенге, қақырық түсіруге қолданылатындығы халық емшілігі әдістерінде бар.

Кейінгі кезде сарымсақтың қанның артериалық қысымын азайтып, қандағы холестерин деңгейін төмендететіні, қан тамырларында тромбылардың пайда болуына қарсы әрекет ететіні мәлім болады.

Біздің заманымыздың керемет кеселдерінің біріне айналған аллергия да сарымсақтан сескенеді екен. Оның бір бөлігін алып, бір-екі қасық қайнаған суға үгітіп, езіп алып тамақтан кейін күніне 3-4 реттен қабылдаса, бір аптадан кейін-ақ адам сауғып кетеді.

Мұндай ем тіпті демікпе мен аллергиялық сипаттағы тері бөртпелеріне шипалы көрінеді.

Бір бөлік сәбіз шырынын, белгілі бір мөлшердегі өсімдік майын және бірер тамшы сарымсақ шырынын мұқият араластырып, мұрынға күніне бірнеше рет тамызып отырса, күзде-көктемде салқын тигенде, тұмауға қарсы ем екен.

Сарымсақты дұрыс сақтаудың маңызы зор. Тоңазытқышта төрт ай сақталған сарымсақтың бактерияға қарсы қарымы шамамен екі есе, ал бір жыл сақталса 48 есе кемиді. Дегенмен, сарымсақты сақтайтын ем жақсы әдістің өзі де осы екен, өйткені әдеттегі бөлмедегідей жағдайда ұсталса, біршама уақыттан кейін оның емдік қасиеттерінен ештеңе қалмайтын көрінеді.

Сонымен, сарымсақ жұрттың бәріне дерлік пайдалы делік.

Дерлік дегенді қосып отырғанымыз, асқазан жүйесінде уытты жарасы, гастриті бар, не болмаса бүйрегі қабынған адамдардың аталмыш ем-домдарды қолдану барысында абай болғаны абзал.

Сарымсақ құдіреті
Бізге жақсы таныс және жоғарыда айтып кеткен сарымсақтың шипалық қасиеті мол. Соған қарамай сарымсақты сирек қолданамыз. Сарымсақ қандай ауруларға дауа болады?

Сарымсақтың құдіретін халық ерте кезден-ақ білген. Бірақ оны екінің бірі қолдана бермейтіні өкінішті. Ең алдымен айтарымыз, сарымсақ құрамында витаминнің көптеген түрі бар, басқа да пайдалы заттар мол. Сарымсақты өсірудің де еш қиындығы жоқ. Кәдімгі пиязды қалай егіп өсірсе, оны да осылай өсіре беруге болады. АҚШ-та сарымсақтың шипалық қасиетін ұзақ уақыт зерттеп, одан тиімді препарат жасап шығарған. Бал және асханалық сіркесумен (алма сіркесуы адан да жақсы) араластырып жасаған препарат төмендегідей ауруларды емдейді.

Рак. Ғалымдар сарымсақ құрамында рак клеткаларының өсуін тежейтін, фитохимиялық заттар бар. Рак ауруларын емдейтін ұлттық институттың мәліметтері бойынша, сарымсақты үзбей пайдаланатын адамдар арасында асқазан мен тоқ ішек рагіне шалдығушылар саны жоққа тән. Сондықтан сарымсақтың әсерін күшейте түсу үшін оны күн сайын майдалап езіп, сіркесу және балмен араластырып, үзбей пайдаланған мақұл.

Холестерин. Англияның «Ланцет» деген медициналық журналы ағзадағы холестеринді азайтып, қаннан толық бөліп шығарудың тиімді тәсілі күн сайын сарымсақ жеу деп есептейді. Ол үшін сарымсақты үккіште өткізіп, сіркесумен араластырып, дәміне қарай бал қосады. Бір жолға бір-екі бөлік жетеді.

Демікпе. Екі бөлік сарымсақты майдалап езіп, бір қасық алма сіркесуымен араластырады, бірнеше тамшы бал қосады. Соны әрқашан таңертең аш қарынға ішсеңіз, өзіңізді жақсы сезінесіз, біртіндеп құлантаза сауығуыңыз мүмкін.

Диабет. Американдық диетолог Клейннің зерттеуі бойынша, едәуір мөлшердегі сарымсақ бұршақ (горох) және үрме бұршақ (фасоль) қосындысы диабетпен сақтанатындардың қанын сұйылтуға ықпал етіп, қан айналымын түзейді, қан құрамындағы қант азаяды. Аталмыш қосындыға алма сіркесуы мен бал қосса әсері тіпті молая түседі.

Тамағыңыз ауырып, тұмау болсаңыз. Мұндай ахуал көп адамда кездеседі. Үй жағдайында емделу үшін әркім өз бетінше дәрі жасауға болады. Ол үшін бәрнеше бөлік сарымсақты үккіштен өткізіп, бір стакан сүтке салып, араластырады. Онан соң қайнатып, біраз суытады. Сол тұнбаны күніне бір шай ас қасықтан бернеше рет суытады. Осы тұнбаны күніне бір ас қасықтан бір рет ішсе, тамақтың ауырғаны басылып, тұмау жеңіл өтеді, әрі жиі ауырмайтын боласыз
127,777 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,815 қолданушы