+1 дауыс
8.5k көрілді
Ашура түні/күні әр жылдың қай күнінде келеді ?! Және Ашура күнінен бір күн бұрын Ораза ұстап және Ашура күнінде де Ораза ұстағанда жалпы екі күн Ораза ұстайма? Жоқ әлде 1 айма? Мәлімет керек еді достар! Алла разы болсын!

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
МУХАРРАМ АЙЫНЫҢ ОРАЗАСЫ.

"Рамазан оразасынан кейін оразаның абзалы—Аллаһ Тағаланың Мухаррам айының оразасы. Парыз намазынан кейін ең абзал намаз—түнгі (тәһәжжуд) намаз. Хадисті Әбу һурайрадан (р.л.г.) Имам Муслим жәнв Имам Тирмизи риуаят етті.

"Расулуллаһ (с.ғ.с.) Ашура (Мухаррам айының 10 күні) оразасын ұстап, оны өзгелерге де бүйырды.” Хадисті Ибн Аббастан (р.л.г.) Имам Бухари жэне Имам Муслилі риуаят етті.

"Расулуллаһ (с.ғ.с.) Арафа куні ораза үстаудың қасиеттілігі жайында сүралғанда: "Өткен жыл мен келер жыддың күнәсін жуып—шаяды”, - деп жауап берді. Кейін Мухаррам айыньң оныншы күнінде ораза үстаудың қасиеттілігі жайында сүралғанда: "Өткен жылдың күнәларын жуып—шаяды”,—деп жауап берді.” Хадисті Омардан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті.

"Расулуллаһ (с.ғ.с.) Мәдинаға һижрат етіп келгеннен кейін, ондағы яһудилердін Мухаррам айының оныншы күні ораза үстайтынын байқадьт. Яһудилер бүл жайында сүралғанда: "Бүл—Аллаһ Тағала Мүса (ғ.с.) мен Исраил (Яғқүб ғ.с.) үрпақтарын Перғауынның зорлық—зомбылығьшан құтқарған күн. Біз осының кұрметіне ораза ұстаймыз”,—деп айтқанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Мүсаға (ғ.с.) олардан гөрі біз жақынбыз!”,-деп Мухаррам айының оныншы күні ораза үстауды бүйырды.” Хадисті Ибн Аббастан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті.

"Жәһилийат дәуірінде (Исламнан бүрын) Құрайш қабиласы (тайпасы) Мухаррам айының оныншы күні ораза үстайтын. Расулуллах (с.ғ.с.) та бүл оразаны үстайтын. Мәдинаға һижрат еткеннен (қоныс аударғаннан) кейін бүл оразаны Өзі (с.ғ.с.) ұстап, оны басқаларға да бүйырды. Рамазан айында ораза ұстау парыз етілгеннен кейін: "Қалаған адам Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстасын, қаламаса ұстамасын”,—деп айтты.” Хадисті Айша анамыздан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті. "Иман" блогынан.


Шынында да Ашура күні мұсылман жұртшылығы үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі ұсталған оразасы мен құт берекесінде жатыр. Хадисте: «Кімде-кім Ашура күні отбасы мен үй-ішіне сый-сияпат жасаса, Аллаһ Тағала жыл бойы оның рызығына берекет пен кеңшілік нәсіп етеді». «Мухаррам айында ораза ұста, өйткені ол Аллаһтың айы. Онда сондай бір күн бар, Аллаһ сол күні бір қауымның тәубесін қабыл еткен және сол күні басқа бір қауымға да кешірім етеді» делінген.

АШУРА КҮНІ

Мухаррам айы мен осы айдағы Ашура күні дінімізде қала берді діндер тарихында ерекше орынға ие. Ашура күні – Мухаррам айының оныншы күні. Бұл күн биыл желтоқсан айының 27-жұлдызына сәйкес келеді. Хадис кітаптарында бұл күннің Ашура деп аталуының сыры осы күні Аллаһ Тағала он пайғамбарға он түрлі сый бергендігінің нәтижесі екендігі айтылады. Олар:
1.Мұса (а.с.) пайғамбардың мұғжизасы. Ол осы күні теңізді жарып шығып, Ферғаунды әскерімен қоса теңізге батырады.
2.Нух (а.с.) пайғамбар кемесін Жуди тауының үстіне осы күні тіреген.
3.Юнус (а.с.) пайғамбар балық ішінен осы күні құтылған.
4.Адам (а.с.) пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.
5.Юсуф (а.с.) пайғамбар бауырлары тастаған құдықтан осы күні шығарылған.
6.Иса (а.с.) пайғамбар осы күні дүниеге келген және осы күні көкке көтерілген.
7.Дәуіт (а.с.) пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.
8.Ибраһим (а.с.) пайғамбардың ұлы Исмаил (а.с.) пайғамбар осы күні дүниеге келген.
9.Якуб (а.с.) пайғамбар ұлы Юсуф (а.с.) үшін қайғырып соқыр болған көздері осы күні қайта көре бастаған.
10.Айюб (а.с.) пайғамбар науқасынан осы күні айыққан. (Сахих Муслим түсініктемесі 6: 140)
Осындай маңызды оқиғалар орын тепкен Ашура күні мұсылмандар арасында да Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінен бері жалғасын тауып келеді. Мухаррам айы мен Ашура күні тіпті яһудилер мен христиандар тарапынан да қасиетті деп саналған күн болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға һижра жасаған уақытта сол жердегі яһудилердің ораза ұстағандарын көреді. Сосын оның себебін сұрағанда, олар: «Бүгін Аллаһтың Мұсаны дұшпандарынан құтқарып, Ферғаунды суға батырған күні. Мұса бұл күні шүкірлік ретінде ораза ұстаған», - деп жауап береді. Сонда Расулуллаһ (с.а.у.) : «Мұсаның сүннетін орындауға сіздерден гөрі біз лайықтымыз әрі құқылымыз» - деп, сол күні ораза тұтып, оны өзгелерге де ұстауды әмір етеді. (Ибн Мәжә, Сиям:31)
Ашура күні тек яһудилер мен христиандарда ғана емес, Нұх (а.с.) пайғамбардан бері қасиетті деп саналған. Тіпті Исламнан бұрын жаһилия дәуірінде, яғни арабтар арасында Ибраһим (а.с.) пайғамбардан бері қасиет тұтылып, ораза ұстаған көрінеді. Бұл жөнінде Айша (р.а.) анамыз былай дейді : «Ашура жәһилия дәуірінде Құрайш тайпасы арасында ораза ұстаған күн болатын. Пайғамбарымыз да осыған сәйкес әрекет ететін-ді. Мәдинаға һижра жасағаннан кейін де бұл оразаны жалғастырды және басқаларға да әмір етті. Рамазан оразасы парыз етілгеннен кейін ғана Ашура күнгі оразаны тастады. Бұдан кейін мұсылмандардың қалағаны ұстап, қаламағаны ораза ұстамады». (Бухари, Саум: 69) Басқа бір риуаятта : «...Қалаған кісі ұстасын, қаламаған ұстамаса да болады» - дегендігі айтылған. (Муслим, Сиям: 117) Осының нәтижесінде Ашура күнгі ораза сүннет ораза ретінде қалды.
Ашура күнгі оразаның артықшылығы Рамазан айындағы оразадан кейін тұрады. Бұған байланысты бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.у.) : «Рамазаннан кейін қай кезде ораза ұстауыма насихат етесіз» - деп сұрағанында, Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Мухаррам айында ораза ұста, өйткені ол Аллаһтың айы. Онда сондай бір күн бар, Аллаһ сол күні бір қауымның тәубасын қабыл еткен және сол күні басқа бір қауымға да кешірім етеді» - деген. (Тирмизи, Саум: 40) Тирмизи келтірген тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Ашура күні ұсталған оразаның Аллаһ алдында сол күннен бұрынғы бір жылдың күнәларына кәфәрат болатындығына үлкен үміт артамын» - деген. Тағы бір хадисінде: «Рамазан айынан кейінгі ең абзал ораза – Аллаһтың айы болған Мухаррам айында ұсталған ораза» (Ибн Мажә, Сиям:43) - деп, бұл күні ұсталған оразаның артықшылығын білдірген. Сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне сай Ашура оразасын ұстап, оның сауабына жетуді Аллаһ баршамызға нәсіп етсін.
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ашура оразасын ұстағанда яһудилерге ұқсамау үшін Ашурадан бір күн бұрын не бір күн кейін қоса ораза ұстауды насихат еткен. Бұл күні оразадан басқа да қайырлы, сауапты істерді істеген абзал болады. Әсіресе, мүмин кісі өзінің отбасы мүшелеріне осы Ашура күні көбірек сый-сыяпат жасауы қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде : «Кім Ашура күні жанұясы мен үй ішіне сый-сыяпат жасаса, Аллаһ Тағала жыл бойы оның рызығына берекет пен кеңшілік нәсіп етеді» - деген. Бұл күні жанұя мүшелерімен қатар туған-туыстарын, дос-жарандары мен жетімдерді және көрші-қолаңды да ұмытпаған жөн.
Сондықтан осы күннің қадір-қасиетін біліп, шамамыз келгенше жақсылық жасауға тырысайық. Осы күннің септігімен Аллаһ Тағала жыл бойы үй-ішіміздің береке ырысын арттырып, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді нығайтсын!

Мукарам Зунинқызы. "Рахмет Самалынан"



Ашурада атқарылар 7 іс

Ашура - «ашара» сөзінен шыққан, мағынасы - «он» дегенді білдіреді. Ашура күні тұтылған ораза адамды өткен және алдағы күнәларынан тазартады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бiр хадисiнде:
«Арафа күнi ораза тұту бiр жолғы ұсақ күнәсiне кәффарат болар. Ал ашура күнi ораза тұтса бiр жылға үлкен және жаңылыс iстеген күнәсiне кәффарат болар».
 
1. Бұл күнi зiкiрлер және дұға жасалынады.
2. Мұхарам айының 9-10 күнi немесе 10-11 күнi ораза тұтылады. Нұһ а.с. кемесi ашура күнi тоқтаған. Яғни топан Ережеп айының бiрiнде басталып мұхарам айының оныншы күнi Жудди тауына тоқтаған Хз Нұһ (а.с.) және мүминдер осы күнi шүкiр етiп ораза ұстады. Қалған ризықтан ашура пiсiрдi. Яғни қалған барлық тамақ түрiн қосып пiсiрген. Ол – ашура деп аталған ерекше тамақ. Ашура күнi садақа беру, бiреуге сый ұсыну, ораза ұстау – сүннет болып табылған.
3. Ғұсыл алынады. (Дененi толық жуу). «Ашура күнi кiмде-кiм ғұсыл етсе өлiм ауруынан басқасының бәрiне ем болады» – деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан.
4. Бiр мүмин ауыз ашар жасаса, бүтiн мүминге ауыз ашар жасағанымен тең болады.
5. Бiр ауруды зиярат ету. «Ашура күнi бiр ауруды зиярат етсе, бүкiл адамды зиярат еткенмен бiрдей болады.
6. Кiмде-кiм 10 мүминге сәлем берер болса, бүкiл мүминге сәлем бергенмен тең болады.
7.
ақпарат мына жерден алынды;http://dinislam.kz/news/ashura_kuni_muharram_aiy/2009-12-25-1869
2012 жылғы Ашура күні өтіп кеттіме? Әлде осы Декабрдың 27 сіндема? 1 ай Ораза ұстайма?
+1 дауыс
2014 жылдың 3 қарашасы
рахмет, Аллаһ разы болсын! ораза ұстадым сол күні.
0 дауыс
Сәлеметсіз бе, Ашура күнгі оразаны қарыз ораза қалса да ұстауға болады ма???
...