1 қараша. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 1 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.
1 қараша. БЕЙСЕНБІ
Вегетарианшылдардың халықаралық күні. Ол етсіз тамақ жеушілер қауымдастығының 60 жылдық мерейтойына орай 1994 жылдан бастап атап өтіледі.
Алжирдің Ұлттық мейрамы - Төңкеріс күні (1954). Алжир Халық Демократиялық Республикасы - Солтүстік Африкада, Жерорта теңізінің батысында орналасқан мемлекет. Батысында Марокко, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливия, Туниспен шектеседі. Әкімшілік жағынан 15 уәлаятқа бөлінеді. Астанасы - Алжир қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - динар.
Антигуа мен Барбуданың Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1981). Антигуа мен Барбуда - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Аумағы Кариб теңізінің шығыс бөлігіндегі Кіші Антиль архипелагының Антигуа, Барбуда және Редонда аралдарын қамтиды. Астанасы - Сент-Джонс қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары.
КХДР-дің баспа күні (1945). Осы күні Корей Еңбек партиясы ОК-інің «Нодон синмун» газетінің алғашқы саны жарық көрген болатын.
Болгариядағы халықтық оятушылар күні. Мереке болгарлардың ұлт болып қалыптасуына зор еңбек сіңірген елдің барлық қайраткерлеріне арналған. 47 жылдық үзілістен кейін алғаш рет 1992 жылы атап өтілді.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
19 жыл бұрын (1993) Түрікменстанда жаңа ұлттық валюта - манат қабылданды.
16 жыл бұрын (1996) Алматыда бірінші халықаралық «Айналайын» жас таланттар фестивалі өтті.
15 жыл бұрын (1997) Ұланбатырда Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің ашылу салтанаты өтті.
7 жыл бұрын (2005) Қарағандыда «Ашық Азия - Ашық мұражай» тақырыбында І Орталықазиялық мұражай фестивалі ашылды. Будапешт қаласындағы «Ашық қоғам» институтының және Алматыдағы Гете институтының қолдауымен Қарағанды облыстық мәдениет департаменті мен Дешті-Арт орталығы ұйымдастырған аталмыш фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен 30-ға жуық мұражайдың қызметкерлері, Германиядан арнайы келген сарапшы қатысты.
7 жыл бұрын (2005) құны 9 миллион долларға жуық «Қазақ» теплоходы Ресейдің солтүстік-батысында, Карелиядағы «Онега кеме жасау зауытында» суға түсірілді. «Ресейдің тасымалдау жүйесін 2010 жылға дейін түрлендіру» федералды бағдарламасы аясында жасалған бұл теплоход - жергілікті кеме жасау зауытында соңғы жылдары шығарылған өзі типтес 4-ші кеме. Кеме орман ағаштары мен астықтарды, ірі габаритті жүктерді, сондай-ақ халықаралық стандарттағы контейнерлерді тасымалдауға арналған. Жүк көтергіштігі - 5,1 мың тоннаны құрайтын «Қазақ» кемесінің ұзындығы - 108,33 метр, ені - 16,5 метр, бортының биіктігі - 5,5 метр.
49 жыл бұрын (1963) КСРО-да В.Челомеяның конструкторлық бюросы дайындаған әлемдегі ең алғашқы адам басқаратын маневрлі ғарыш кемесі ұшырылды.
19 жыл бұрын (1993) Еуропалық экономикалық қауымдастық Еуропалық одаққа айналды.
48 жыл бұрын (1964) Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының орыс труппасы құрылды. Осы кезең аралығында 200-ден астам спектакль қойылды. Көптеген қойылымдар негізі - адамдар тағдыры, олардың өсу өрістері, адамгершілік еріктері. Сахна саңлақтары арасындағы танымал есімдер қатарында Леонид Фомин, Людмила Шипкова, Раиса Телеуова, Полина Савицкая, Ольга Павлова, т.б. бар.
11 жыл бұрын (2001) Оралда «051 - құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі құрылды.
8 жыл бұрын (2004) Ақтөбеде «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінің күні өтті. Қалалық Оқушылар сарайында газеттер делегациясы қаланың қауымдастығымен кездесу өткізді. Кездесу диалог түрінде өрбіді. Еліміздің басты газеттерінің журналистері мұғалімдердің, ардагерлердің, оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді, атап айтқанда, нашақорлық, қылмыскерлік мәселелерін жариялау жайы көтеріліп, спорт журналистикасын дамыту, т.б. мәселелер әңгімеге арқау болды. «Казахстанкая правда» мен «Егемен Қазақстан» газеттерінің журналистері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті журналистика факультетінің студенттері үшін шеберлік сабақтарын өткізіп, өлкетану мұражайында «дөңгелек үстел» ұйымдастырды, «Шалқар» баспаханасында, педагогикалық институтта, «Ақтөбемұнайгаз СНПС» ААҚ-да болып, Алға, Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарына барды.
8 жыл бұрын (2004) Қарағанды қаласының «Аяла» вокалды-хореографиялық ансамблі Мәскеуде өткен «Толқын үстінде» халықаралық хореографиялық байқауында бірінші орынды жеңіп алды. «Аяла» ансамблі Қарағанды экономикалық университеті жанынан құрылған. «Толқын үстінде» байқауына ТМД-ның әр елдерінен барлығы 47 өнер ұжымы мен 450 әнші қатысты.
6 жыл бұрын (2006) Солтүстік Қазақстан облысында елімізде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Кеден органдары ардагерлері кеңесінің облыстық филиалы құрылды.
7 жыл бұрын (2005) Павлодардың Шафер үйі мұражайы қазақтың музыка тарихында өзінің қолтаңбасын қалдырған композитор Евгений Брусиловскийдің 100 жылдығына арнап лазер дискісін шығарды. Онда атақты сазгердің әндері мен романстары, ол өңдеп, нотаға түсірген қазақтың халық әндері жазылған.
Евгений Брусиловский - Қазақстандағы кәсіби музыкалық білім берудің негізін салып, Құрманғазы атындағы консерваторияның ірге тасын қалағандардың бірі. Оның қазақтың халық әндері негізінде жазған «Айман-Шолпан» және «Қыз Жібек» опералары - қазақтың осы саладағы музыка өнерінің қарлығаштары ғана емес, халқымыздың музыка шығармашылығының алтын қорына айналған асыл дүниелер.
7 жыл бұрын (2005) Қызылорда облысындағы ерте замандағы тұрақтарда қазба жұмыстарын жүргізген кезде бірегей заттар табылды. Қазба жұмыстары Жаңадария -Сырдария саласы өзендерінің жағалауында орналасқан Ширек Рабат ескі қаласының аумағында жүргізілді, қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданы. Бұл жұмыстар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өткізілді. Көлемі 40 гектар жерді алып жатқан екі қатарлы қамал IV-V ғасырларда тіршілік еткен. Бүгінгі таңда ол археологиялық ескерткіштердің тізіміне енген. Қазба жұмыстары кезінде екі метрлік тереңдікте найзаның ұштары, қыш ыдыстары, алтыннан жасалған бұйымдар табылды.
7 жыл бұрын (2005) «Қазақ» теплоходы Ресейдің солтүстік-батысында, Карелиядағы «Онега кеме жасау зауытында» суға түсірілді. «Ресейдің тасымалдау жүйесін 2010 жылға дейін түрлендіру» федералды бағдарламасы аясында жасалған. Кеме орман ағаштары мен астықтарды, ірі габаритті жүктерді, сондай-ақ, халықаралық стандарттағы контейнерлерді тасымалдауға арналған. Жүк көтергіштігі - 5,1 мың тоннаны құрайтын «Қазақ» кемесінің ұзындығы - 108,33 метр, ені - 16,5 метр, бортының биіктігі - 5,5 метр. «Қазақ» теплоходы Карелия кемелері сериясымен жасалып отыр. ТМД елдері халықтарының құрметіне аталатын бұл сериядағы кемелердің саны 10-ға жеткізілмек.
5 жыл бұрын (2007) Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы заңнамалар институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда жаңадан өзгертулер енгізу арқылы қабылданған Ата заңымызға ғылыми түсініктеменің таныстырылымы болды. «Ата заңымызға енгізілген өзгертулер өте зор мағынаға ие болды және бұл үрдістің маңыздылығы отандық ғалымдармен қатар шетелдік кәсіби мамандардың тарапынан да жоғары бағаланып отыр. Осыған орай Конституциямызды толықтай халықаралық талаптарға сай келеді, әрі республикамыздың одан әрі дамуына оң әсер етеді деуге болады.
ЕСІМДЕР
79 жыл бұрын (1933) заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты БАЙМАҚАНОВ Мұрат Тәжімұратұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын Қазақстанның Әділет министрлігінен бастаған. 1962-1992 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының (кейін Мемлекет және құқық институтының) кіші, аға ғылыми қызметкері, ғылыми хатшысы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директор қ