0 дауыс
3.5k көрілді
О.Қ.О Шардара ауданы жайлы естулеріңіз барма?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
<img src=" id="il_fi" height="418" width="654" style="padding-right: 8px; padding-top: 8px; padding-bottom: 8px;">
иә естідім [Шардара ауданын][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%8B
бірақ барып көрмеппін
+1 дауыс
Шардара ауданы– Оңтүстік Қазақстан облыстың оңтүстік-батыс бөлігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 13 мың км2 (облыстың 11,1%-ын құрайды). Тұрғын саны 70,0 мың адам (2003). Орталығы – Шардара қаласы. Аудан 1969 ж. қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылды. Аумағындағы 27 елді мекен 1 қалалық және 10 ауылдық округке біріктірілген. Аудан жері негізінен Сырдария өзеннің сол жағалауын, Қызылқұм құмының оңтүстік-шығысын ала, аллювийлік жазықта (Шардара даласы) орналасқан. Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958 ж. «Шардара құрылыс» басқармасы құрылды. Кеңестер Одағының әр түкпірінен келген мыңдаған комсомол жастар, жоғары білімді мамандар, осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1967 ж. 15 қазанда Мемлекеттік комиссия сыйымдылығы 5 млрд. 700 млн. м3 Шардара бөгені мен су электр стансасының құрылысының аяқталғаны жөнінде актіге қол қойды. Сол жылы Сырдария өзенін бойлай ұзын 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды. Климаты айқын континенттік. Қысы біршама жұмсақ, қаңтардың жылдық орташа темп-расы –4 – 6ӘС. Жаз айлары ыстық, аңызақты, шілденің ортасы температурасы 28 – 29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 200 мм. Аудан аумағында құрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі құмды (Қызылқұм), сұр, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды-сазды топырақты. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, баялыш, Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал, жиде өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қарақұйрық, бауырымен жорғалаушылар, өзен бойында қаз, үйрек, қырғауыл мекендейді. Шардара ауданының тұрғындарының негізгі бөлігі қазақтар – 93,9%-ын, орыстар 4%-ын құрайды, қалғаны өзбек, әзербайжан, украин, т.б. ұлт өкілдері. Тұрғындарының 60,7% ауылдық елді мекендерде тұрады. Орналасу тығыздығы 1 км2 ге 5,4 адамнан келеді. Аудандағы ірі елді мекендер: Шардара қаласы (25,5 мың адам), Көксу (6,1), Шардара (4,8), Қоссейіт (4,5), Ұзыната (4,3), Қазақстан (4,3), Целинное (3,5) ауылдары. Ауылдарда негізінен күріш, қаракөл қойы, оған қосымша мақта, сүтті, етті мал, жылқы, түйе, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 күріш өсіру тәжірибелік шаруашылығы болған (1988 ж. «Қазақстан», «Целинный» біріктіріліп, «Жиделі», «Аққала», «Байырқұм» кеңшарлары Арыс ауданына берілді). Олардың негізінде ауданда ӨК, ЖШС, 4186 шаруа қожалықтары құрылған. Елді мекендер Қызылқұм каналы мен Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан. Шардара ауданы. бойынша ауыл шаруашылықғының жалпы өнім көлемінің 67,7% мақта шаруашылығына тиесілі. Аудандағы егістік жерлердің 58,8% немесе 30,2 мың гектары мақта егістігі, қой басының 23,9%-ын қаракөл қойы құрайды. Аудан шаруашылығының негізін «Талапты» ӨК, «Қызылқұмда ауылым» ӨК, «НИМЕКС» корпорациясының з-ты, «Мырзакент», «Достық» мақта пункттері, «Мырзакент» АҚ, «Игілік» ЖШС т.б. құрайды. Денсаулық сақтау саласында 43 мекеме жұмыс істейді. Олар ауд. аурухана, 3 ауылдық аурухана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 9 фельдш.-акушерлік пункт, ауд. туберкулезге қарсы диспансер, сан-эпидемиологиялық стансасы, стоматологияық емхана қызмет көрсетеді. Білім беру, мәдениет салаларында 30 жалпы білім беретін мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 35 кітапхана, 10 мәдениет үйі, клубтар, халық театры, 1 кинотеатр, «Шардара толқындары» ансамблі жұмыс істейді. 1969 жылдан ауд. «Өскен өңір» газеті шығады. Аудандағы Ұзыната аулынан 8 км жерде бүтіндей сақталып қалған орта ғасыр ескерткіштерінің бірі – Ұзыната кесенесі орналасқан.
0 дауыс
Қалай естімеуім мүмкін. Мен сол Шардара ауданы, Қызылқұм ауылында өстім. Ехх шардара менің өмірім бір бөлігі ғой!!!!!
0 дауыс
Шардарада туып өстім қазырде осы Шардарада тұрамын,әрине өзіме қатты ұнайды Шардара теңіз,тоғай,дария,шөл,қыр жазық даласы бәрі қаладан алыста емес.
0 дауыс
Шардара каласында мемлекеттик жане жекеменшик бала бакша саны канша ? жауабын кутемин .Алдын ала рахмет.
...