Раушангүлділер - ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері қосжынысты, қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлардың сирек те болса дара жыныстылары (біржыныстылары) кездеседі. Раушангүлділердіңдентинніңгүлшоғырлары алуан түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша жапырақшадан және 5күлтеден тұрады. Олардың 4 тостағанша жапырақшалары да (түзу қазтабан) бар. Аталықтары өте көп, кей түрінде (теңгежапырақ) 4-8-9, ұзынды-қысқалы болып шеңберлене орналасады. Аналықтары біреу (шие, шабдалы) немесе өте көп (таңқурай, бүлдірген) болады. Оларды ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Ал жемістері құстар, жарқанаттар және су арқылы таралады.
Дереккөзі: Қазақша слайдтар мен презентациялар
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы