0 дауыс
1.4k көрілді
Спам деген не:Және ол неге керек?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Күнделікті э-поштамызға кімнен екені белгісіз хаттар келіп тұрады немесе форумдарда, блогтарда бейтаныс адамдар пікір жазып кетеді. Олардың кейбірі жарнама болса, кейбірі бірігіп бизнес істеуге шақырады, тіпті кейбірінде вирус ілесіп жүреді. Бұл белгісіз хаттар мен жарнамалар СПАМ деп аталады.
Спамды кім, қайдан жібереді?
Интернетте э-пошта сервисін (мыс: Яһоо!, МСН, Гмаіл т.б) қолданбай-ақ басқа біреуге бейтаныс атпен (мыс: ехампле@мyсіте.цом) хат жіберу өте оңай. Оның біреуі арнайы програмалар арқылы болса, екінші жолы ПҺП, ЖСП немесе АСП.НЕТ сияқты скрипт жазатын програмдау тілдері арқылы. Спаммерлер (спам жіберушілер) э-пошта адресіңізді Интернеттен адрес жинайтын програмалар арқылы жинап алып, өзінің базасына сақтап қояды да, керекті кезінде қолданады. Тіпті адамдардың жеке мәліметін де жинап алып, басқа компанияларға сататын ұйымдар болады. Олардың көбі э-пошта адресіңізді @ симболы арқылы білетіндіктен, көпшілік оқи алатын сайттарға адресіңізді жазудан абай болыңыз, немесе басқаша тәсіл қолданыңыз. Мысалы сурет арқылы бейнелеу немесе @ орнына “ат”, “ит”, “собачка” сияқты сөздер қолдануға болады.

Спаммерлердің хатын жеке хаттардан қалай ажыратуға болатыны тұрғысында СМТП протоколында қорғаныс жоқ. Тек арнайы програмалар арқылы ғана оны тексеруге болады. Мысалы Уордпресс - АКЫСМЕТ жүйесін қолданады. Бір хатты көп кісіге қатарынан жіберілгенінен де білуге болады. Бірақ ондай жағдайда компания өзінің барлық клиенттеріне хат жіберсе, оны спам деп танып, келген хатты спамға сақтайтын жайттар да кездеседі. Хаттың ішіндегі сөздерден күдіктеніп, спам деп тануға болады. Оны спаммерлер де байқап, сөзді әдейі бұрмалап жібереді екен. Мысалы Віагра сөзін В1агра Віа’гра В Ы А Г Р А Ваігра \ /іагра Ві@граа деп жіберу арқылы. Кейбір компаниялрдың табыс көзі спам хаттар арқылы жарнама тарату болғандықтан спам азаймайды, керісінше көбейіп келеді.
СПАМ туралы қызықты мәліметтер:
Ең көп спамды Майкрософтының негізін қалаушы Билл Гейтс қабылдайды екен. Оның э-пошта адресіне жылына 4 миллион спам келеді.
Спамдағы ең көп жарнаманың орнын өнімдер иеленеді.
Ең көп спамды жіберетіндер АҚШтан, Қытайдан және Оң.Кореядан.
Күніне 90 млрд спам хат жіберіледі.
Рахмет...........!!!!!!!!!!
жақсы жауап басшы плиз
Белгісіз
БАСТЫМ..........
Рахмет саған!!!!
Белгісіз
0 дауыс
Админнің өзі берген жауабы. Спамның қызметі былай. Егер сұрақ немесе жауап мейлі пікір болсын 3 Спам деген белгіні алатын болса қолданушылардан менің поштама автоматты түрде хат келеді. Мына сұрақ Спам алып жатыр деп. Мен ашып көріп егер шынымен де спам (ұятсыз сөз, боқ ауыз сөздер, біреудің жеке басына ауыр соғатын қатысты сөздер, бір сайтты орынсыз жарнамалап жатса- яғни қолданушылар сайт ережесіне сай келмейтін сұрақ немесе жауаптарды көріп қалып Спам деп басып кетсе) мен оны жасырып қойып тіпті сол қолданушыға ескерту жасаймын. Одан бөлек егер мен интернетте жоқ болып Сұрақ немесе Жауап автоматты түрде 5 Спам деген белгіні алса менің қатысуымсыз-ақ Сұрақ немесе Жауап немесе пікір автоматты түрде жасырылынып өшіп қалады. Сондықтан боқауыз сөз, ұятсықсөздер т.б. көріп қалсаңыз ғана спам дегенді басуларыңызды өтінемін.
...