Достар, мен өзім ұнататын жігітпен араласып жүргеніме бір жылдан асты.Біз басқалар тәрізді "жүрмейміз".Бірақ арамыздағы сезімді айтып жеткізе алмаспын.Қысқасы,екеумізді де ғашықтық сезімі жаулаған.ИншаАллаһ болашақта шаңырақ көтеріп,үй болу - біздің арманымыз.Ол намазхан,яғни намаз оқиды,ал менің дінге сенімім болса-дағы туыстарымның қарсы болуына байланысты әлі намаз оқымаймын.Ал енді сіздерге қояр сұрағым:Біз бірге бола аламыз ба?Менің намазымның жоқтығы қандай да бір себеп боп, отбасын құруымызға кедергі келтірмей ме?