0 дауыс
808 көрілді
Шетелдерден елімізге қанша қазақ отбасы көшіп келді? Қай жақтарға қоыныстанып жатқандығы туралы ақпаратты қалай біле аламыз?

1 жауап

0 дауыс
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Тәуелсіздік алған кезден бастап шетелдердегі қазақтар елге шақырылып, ұлы көш басталған еді. Біз де сол көшпен Қытай елінен келгенбіз. Өкінішке қарай, ол көш 2012 жылы тоқтап қалды.  Осы орайда менің білгім келгені, осы уақыт аралығында шетелдерден Қазақстанға қанша қазақ отбасы көшіп келді?

 Іскер МАҚСҰТ, Алматы облысы

 Нақты статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап 2011 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде  елімізге алыс және жақын шетелдерден 210 225 отбасы немесе 824 170 этникалық қазақ көшіп келген. Оның ішінде Өзбекстаннан – 126 790 отбасы (494 565 адам), Қытай Халық Республикасынан – 25 764 отбасы (85 487 адам), Моңғолиядан – 22 124 отбасы (110 856 адам).

 Барлық қоныс аударушылардың ішінде еңбекке жарамды жастағылар 54,4 (448 459) пайызды құрайды. 18 жасқа дейінгі балалар 41,2 (339 433) пайыз болса, зейнеткерлік жастағылары 4,4 (36 278) пайызға тең. Ал биылғы жылдың үш айында шетелден 3190 қазақ отбасы көшіп келді, яғни тағы да 10 491 адам атажұртына оралды.

 Елге оралған азаматтарға еңбекке орналасуына, қайтадан жаңа мамандық алуына қолдау жасалады. Барлығына да медициналық қызмет көрсету қолжетімді болуы қарастырылған. Бейімдеу орталықтарында құжаттарын дұрыстап алуға кеңестер беріледі. Аты-жөндерінің мемлекеттік тілде дұрыс жазылуына баса мән берілуде. Өйткені кейбір шетелде берілген құжаттарда азаматтардың аты-жөні қате жазылып кеткендері аз емес.
...