+1 дауыс
758 көрілді
Саламатсыздар ма, құрметті СЖ сайтының қолданушылары мен қонақтары!

Ғарышты бағындырудан кейінгі қиын жұмыс, ол тіл аударма жұмысы деген көрінеді. (Авторы есімде қалмаған екен)

Бүгінде, google компаниясының қызықты жобаларының бірі, google.translate тегін аударма қызметі.

Бұнда қазақ тілі жоқ. Жалпы, Орта Азия елдерінің тілі жоқ десе болады. Әрине, оларға ортақ тіл орыс тілі болып тұр.

Оны түзетудің жолын гугл мамандары, ғаламтордағы сапалы аудармасымен бірге жасалған контент саны көп болуы керек деп талап қоюда. Осыған орай, бізде викибілім жобасы ашылғаны да белгілі. Осы википедия жобасы сияқты, бірнеше тілдік ақпарат орналасатын ресурстардағы жұмыстарды пайдаланып, гуглтранслейт қызметі аударма жасайтын көрінеді. Бұл статикалық аударма түріне жатады. Толығырақ төменде жазылады.

Жалпы, машиналық аударма түрі деген не? Ол, арнайы бір алгоритммен құралып, бағдарлама түрінде компьютер арқылы іске асатын бір немесе бірнеше тілдегі мазмұнның өзара аударылуы.

Кеңінен таралған статикалық; динамикалық; гибридті машиналық аудару технологиялары бар бүгінде.

Динамикалық аудару түрі - аудару жасау үшін, Фонетика, Фонология, Морфология, Семантика, Синтаксис, Грамматикалық анализдер жасаудың көмегімен мақсатын орындайды.

Статикалық аударма түрі - гугл транслейт қолданатын технология. Бұл мысалы екі тілдегі мақалаларды салыстыру арқылы, кездесу ықтималдығы көп байқалған сөз немесе сөз тіркестерін теріп алып, балама түрінде ұсынады.

Жоғарыдағы екі аударманың да өз плюс және минус жақтары бар. Екеуін біріктіргенде, гибридті аудару технологиясы деп аталатын амал ойлап шығарылған. Қалай дегенмен де, тамаша орындалған автоматты аудару жүйесі ойлап шығарылған жоқ, десе де бүгінгі жетістіктер де жаман емес дегеннен басқа айтар жоқ.

Осыдан біраз уақыт бұрын, wordpressті аударған едік. Сол кезде осындай бір амал қарастырылған еді, пікірден үзінді:

*"Ағайын, рахмет ниеттеріңізге! Әрине, аударма барысы әрқайсысымызға зор жауапкершілікті арқалауды талап етеді. Аударма кезінде, ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару екінің бірінің қолынан келе бермейтін мүмкіндік, сондықтан, орыс тілінің аудармасынан да үлгі ала отыруларыңызға болады.
Жұмыс барысын түсіндіре кетсем:
Сіз қазір мына мекен-жайда отырсыз делік: http://translate.wordpress.com/projects/wpcom/kk/default?page=1
Демек, біз сияқты орыс бауырларымыз да осы бетте отырады, басты ерекшелік мұнда: kk орнында ru болады. Біздегі http://translate.wordpress.com/projects/wpcom/kk/default?page=1 оларда http://translate.wordpress.com/projects/wpcom/ru/default?page=1 болады, әрі қарай, page= деген жерге, бет нөмірін жаза беруге болады. Сондай-ақ, түрік тілдерін жақсы білетін ағайындар да бар, олар kk орнына tr қоя салады… Амал өте қарарапйым, түсінбесеңіздер, түсініп алу үшін, сұрақ тастағаныңыз жөн болар. Сәттілік!"*

Әрине, бір қызметті аудару мен, бір аудару технологиясына тіл енгізу ісінің айырмашылығы көп. Десе де, осы сияқты, гугл.транслейтте кездесетін түркі тілдес елдердің тілін пайдаланып, қазақ тілін де қосып жіберуге болар деген идея бар.

Сіздің не қосарыңыз бар?
уррраа!!! Алақай!! Уже қосылып қойды! )))

3 жауап

+1 дауыс
AL-ASTER  бовурум, егер мәтінді өзің жазған болсаң не бұл жайында жақсы хабарың болса, онда уйдеосабақ жасап ютубқа іле салсаң бізге түсінгенге жеңілрек және де жақсы-ақ болар еді...
//оның ішінде өзім тез ұқпайтын жалқау адам едім =))//
Бұл менің жеке еңбегімнің қысқаша кіріспесі. Аударма жұмысын  математикалық түрінде сөздерді айнамалыға теңеп, бірімен бірі байланысқан ұзын сонар формула түрінде аударма жасаудың моделін жасап көргенмін. Бірақ, ойлағаннан, іске кіріскен екеуі екі бөлек дүние екен. Көп толықтырулар енгізуге тура келіп жатыр.

Болашақта жақсы жоба етіп, авторлық құқығын қорғап шыққым келеді.

Бұл сұрақ жауапқа қойған себебім, мүмкін басқа да адамдардың көкейінде жүрген идеялар болуы мүмкін дегенім. Ол адамдардың пікірін ескерусіз қалдырмаймын, тиісті қолдау мен еңбегі ескерілетін жағы міндетті түрде қарастырылады.
0 дауыс
ия, мен қосыламын! Гугл амигоның транслэйтіне қазақ тілі енсе интернетті қолдану жеңіл болар еді.  Осы бастаманы жазғаныңа 1 жыл өтіпті. Іс әлі осы күйінше тұр ма? әлде жұмыстар атқарылуда ма? Қосайық. Ол үшін не істеу керек екендігін түсіндір. Барлығымыз қолымыздан келгенше ат салысайық. егер жасай алсақ әрине. Мен бұны қала жүзеге асыру керек екендігін түсінбей отырмын әлі де.
0 дауыс
Транслейт.гугл қызметіне қазақ тілі қосылып қойды. Енді, оның аударма сапасы мен сөздік қорын жақсарту әр азаматтың қосар үлесі болады. Сөзден гөрі іспен нәтиже шығаратын немесе сөзбен де іспен де нәтиже шығаратын адамдарға респекттен басқа айтар жоқ. :)
...