0 дауыс
6.5k көрілді
AutoCAD программасымен жумыс жасайтын мамандарды кiм деп атайды жане олардын айлыгы шамамен канша болады

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Амиго, автокад бағдарламасы мен үшін, адамзаттың компьютерлік программа саласындағы жетістігі. Бұл модельдеу программасы. Модельдеу, яғни белгілі бір объектінің мүсінін математикалық дәлдікпен жасайтын тамаша құрал. Менің білуімше, бұл программаның кітапханасы бай. Өндірістік процессті барынша жеңіл, жылдам әрі дәл нәтиже беретін бағдарлама: құрылыс нысандарын (үй, мост, зауыт/фабрика және олардың ішкі ұсақ бөлшектері), тұрмыстық техника, ірі/ұсақ детальдер, медициналық құралдар, биологиялық объектілер моделі, инеръер, дизайн, барлық дерлік бағыттағы графикалық туындылар, құрал-жабдықтардың моделін жасай алатын программа. Сонымен қатар, бұл программа арқылы жер сілкінісі, цунами, химиялық реакция, физикалық дене бөлшектерінің соқтығысу әрекетін бақылау және реал өмірдегі нәтижесін жоғары ықтималдықтағы дәлдікпен болжау мүмкіндігін жасай алады. Бұл бағдарламаның бағыты математикалық графика болғанымен, түрлі салаға арналған нұсқалары бар. Әсіресе, дизайнер, архитектор, интеръер, арнайы салалық мамандар үшін модельдеу бағыттары бойынша бөлінеді. Әркім өзіне керек автокадты таңдасын дегеннен басқа айтар жоқ. Модельдердің дайын нұсқаларын мына бір сайттан да кқруге болады екен: http://grabcad.com/library
Амиго жауаптарыңа қатты риза боламын.
+1 дауыс
AutoCAD программасымен жобалаушы мамандар жұмыс жасайды. Айлығы жоғары, әрине маманның өз қабілетіне байланысты, үлкен қалаларда табыс көп, қысқасы керемет мамандық, адамзат барда құрылыс ешуақытта тоқтамайды, мен де жобалаушы маманмын...
0 дауыс
AutoCad өте керемет программа жұмыс жасап білсең
...