+2 дауыс
3.5k көрілді
медузада ми болады ма?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
жоқ. медузаларда ми болмайды
0 дауыс
Шамамен медузаның ішкі құрылысында 99% пайызы су екен,онда ми болмайтын шығар
0 дауыс
Болса болатын шығар.            (25 әріптен кем болмасын)
+3 дауыс
Медуза теңіздегі тіршілік иесі. Олар ішекқуыстылырға жатады. Медуза суда еркін қозғалып, жүзіп жүреді . Оларда ми әлі жоқ,Оларда жүке сақинасы деген болады онда көптеген жүке клеткалары шоғырланған,және, содан жүйке талшықтары тарайды. Кейбір ғалымдар осы жүйке сақинасын эволюциямен дамып,болашақта миға айналуы мүмкін деген болжау айтады. Кейбір сезім мүшелері де бар.  Мысалы көзшелер. олар жыбырлап тұратын аяқтарының( щупальцы) ұшында орналасқан.
0 дауыс
Медуза — ішекқуыстылардың еркін жүзіп тіршілік ететін дарабастары.Көбіне теңізде жүзіп жүреді, кейбір түрлері су түбіне бекініп тіршілік етеді. Денесі көлденеңінен 2 — 3 миллметрден 40 сантиметрге дейін, қолшатыр немесе қоңырау пішінді. Қоңыраулы медуза су түбінде уақытының жартысын өткізіп, сол жерде тіршілік ететін бентекикалық (су түбінде тіршілік ететін) ағзалармен қоректенеді. Медуза қоңырауының диаметрі 10-см-ге дейін өседі және мыңдаған әдемі ақ қармауышпен қоршалады. Сыртқы төбешік бөлігін — эксумбрелла, ішкі ойығын — субум-брелла деп атайды. Медузаның құрылысының ерекшелігі — олардың қаңқасы болмайды. Бірақ сүйеніш тақташаның орнында қалың қабаты, аралық зат — мезоглея болады. Медузалардың жалпы салмағының 98 пайызы судан тұрады. Шатырының жиегінде сезім мүшелері дамиды және қармалауыштары (ұзындығы 30 метрдей) орналасқан, ол шатырдың жиегін жиырып, Медузаның жүзуіне көмектеседі. Ауыз сабақшасының ұшында орналасқан ауыз тесігі жұтқыншақ арқылы қарынымен жалғасады. Қорытылмаған қорек ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жүйке сабақшалары өзара жалғасып, біртұтас жүйке сақинасын түзеді. Көзшелерінің құрылысы қарапайым жынысты. Жыныс бездері қарынының маңында немесе одан шығатын радиалды өзектердің астында, кейде ауыз сабақшасында орналасады. Жұмыртқалы медуза- Монтерей шығанағында табылған үлкен медуза түрлерінің бірі. Қанды қарын медузаның қызыл құрсағы оның қорегінен био-люминесценциялық жарықты жасыруға көмектеседі. Жазда көк медузалар тобы тобы балық аулауға кедергі жасап, Солтүстік Австралияның жағалық сызығынан асып кетеді. Медузалар тұқымдастығына адам өміріне қауіпті уы бар теңіз арасы да жатады.Медузалардың кейбір түрі медузаларды жейді.Ал кейбіреулері өз көлемінің жартысындай қорегін асқазанына сыйғыза алады.Ас табақ медузасы тапқан тамағын қармалауыштарынан асқазанға өткізу үшін екі сағаттай уақытын кетіруі мүмкін.
0 дауыс
медузада 99% емес 98 пайыз
0 дауыс
Жоқ, бірақ 650 миллион жыл өмір сүреді

Ұқсас сұрақтар

...