+1 дауыс
5.5k көрілді
"көнеден жеткен көсемсөз" тақырыбында шығарма керек. Ертең азанға дейін...

3 жауап

0 дауыс

Ғұмырнамалық көркем шығармалардың типологиялық ерекшеліктері қарастырылған. Жалпы атауы «ғұмырнамалық» проза деп аталуына қарамастан, бұл ыңғайдағы туындылар іштей ғұмырнамалық (автобиографиялық), мемуарлық, эпистолярлық болып жүйеленеді. Олар бір-бірімен табиғаты жақын, әрі бір шығармада элементтері араласып келе беретіні тағы бар. Ішкі жанрлық жүйеде «ғұмырнамалық» шығарма деп, көбіне белгілі бір қоғамда өмір сүрген даңқты адамдардың өмірінен жазылған деректі туындылар аталады. Айталық, кешегі кеңес өкіметі кезеңінде дүние-ғаламның даңқты тұлғалары өмірінен жазылатын «Жизнь замечательных людей» сериясы бойынша 1933 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жарық көріп келе жатқан деректі кітаптар сериясын ғалымдар осыған жатқызады. Бұл – мейлінше кең, тынысты серия. Сонымен қатар осы сериямен сабақтас «Жизнь в искусстве» (1967 жылдан жарық көреді) сериясы да болып саналады. Ол – бірыңғай өнер адамдары өмірін арқау ететін деректі туындылар жүйесі. «Жизнь замечательных людей» сериясын «Өнегелі өмір», «Тамаша адамдардың өмірі» деп тәржімалап жүрміз. Аталған серия бойынша Мәскеудегі «Молодая гвардия» баспасынан қазақтың айтулы азаматтарына байланысты (Шоқан, Сәкен, Қаныш т.б.) деректі ғұмырнамалық туындылар жарық көргені мәлім. Өзге жанрлардан мұның ерекшелігі – қоғамда даңққа бөленіп өткен тұлға жайында дербес автор (өзге адам) жазады. И. Стрелкова – Шоқан Уәлихановтың, Тұрсынбек Кәкішұлы – Сәкен Сейфуллиннің, Медеу Сәрсекеев – Қаныш Сәтбаевтың өмірі туралы жазды. Біз бұл орайда «Бүкілодақтық» өреде жарық көрген туындыларды ғана айтып отырмыз. Қазақ әдебиетінде  ғұмырнамалық прозаның небір асыл үлгілері бар.

Сонымен қатар ғұмырнамалық шығармалардың  тағы бір жүйесі – «автобиографиялық» туындылар. Әдебиет тарихында небір тамаша автобиографиялық роман, повесть, әңгімелер жазылған. Бұл жүйедегі шығармалардың авторы кейіпкері атының өзі-ақ айтып тұрғандай – өмірі сипатталатын адамның өзі. Автобиографиялық туындылардың бір ерекшелігі – автор мен кейіпкер бір болып келеді. Автор көбіне өз өмір дерегінен ауытқымай, формасын тауып сөйлейді. Алайда, қоғам өмірін жан-жақты қамтып, эпикалық тыныс алып, кең құлашты суреттеуге бара бермейді. Көбіне-көп шығармалардағы уақыт және кеңістік туралы толғамдарды өмірінен өріп шығады. Автобиографиялық шығармалар көп желілі болмай, көбіне бір-екі тармақты ғана болып өрістейді. Мәселен, Дат жазушысы Андерсен Нексенің   «Автобиографиялық повестері», Ғабит Мүсіреповтің өз өмірінен жазған шағын формалы туындысын «Автобиографиялық әңгімесі» деп атағанын білеміз.

Ғұмырнамалық шығармалардың тағы бір жүйесі – мемуар. Мемуар жанрында роман, повесть жазыла береді. Ғұмырнамалық туындылардың бұл жүйесі авторға мейлінше еркіндік береді. С. Айнис, Андрей Белый, Александр Бенуа, Сәбит Мұқанов мемуарлық шығармаларын деп атауға болады. Онда қоғам өмірі басты кейіпкер өмірімен телқабыс алынып, оның қабатында көп желі жарыса қатар тартылып, егізделе суреттеліп кете барады. Кейіпкер табиғаты да эпикалық тыныспен беріліп, характері жан-жақты ашыла береді    [1, 259].

Біз ғұмырнамалық проза дегенде, осының автобиографиялық жүйесіне ден қоямыз. Біз талдайтын шығармалар автобиографиялық сипатта.

Әдеби – көркемдік бастауы тым тереңде болған ұлттық ғұмырнамалық шығармалар уақытпен, дәуірмен бірге алға жылжып, дамып келеді. Жалпы атауы ғұмырнамалық деп алынған туындылар іштей көркемділік – мазмұндық үйлесімі мен формалық баяндауына, жүйелеуіне қарай бірнеше түрге бөліп қауға да болар еді. Мәселен, Ұлы адамдар, ғалымдар, қайраткерлер, жазушылар ғұмырын негіз еткен шығармаларды тек мемуар жанрына жатқыза салу әсте ұтымды емес. Қазақтың ұлттық тарихы мен әдебиетінен өз орнын алған
әл-Фараби, А. Құнанбаев, М. Өтемісұлы, С. Торайғыров, Т. Рысқұлов
т.б. даңқты жандардың өмір тарихынан жазылған дүниелердің негізгі концепциясы жарқын ғұмырдың жаратылысын ашу болғанмен авторлық танымға да мол мүмкіндік беріледі. Бейнелеу ерекшелігіне қарай бұл шығармаларға негізгі фабула өмірлік жол болса да, барлығын ғұмырнамалық жанрға жатқызуға әсте келе бермейді. Бұларды тарихи тұлға өмірінен жазылған көркем туындылар деп қараған жөн. Қазақ ғұмырнамалық шығармаларының кемеліне келгеніне қарамастан, жанрлық жағынан әлі де ара жігін ажырататын мәселелер аз емес [1, 301].

Ғұмырнамалық – көркем проза кейіпкердің өмірнамасын  бейнелеумен ерекшеленеді. Бұрынғы кеңестік және қазіргі ұлттық әдебиеттегі эстетикалық талдау осыны дәлелдейді.

Бүгінгі қазақ мемуаристикасының қалыптасу жайы бүкіл әлем әдебиетінің озығынан, орыс әдебиетінен оқу арқылы жетіле түскен. Ол ұлттық әдебиетіміздегі мемуарлық дәстүрлердің негізгі жолын ескере отырып,  күрделене жаңарған, жаңа мазмұнмен түлеп, мәселен деп бағытта түрлене көркейген жанр. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері назар аудартады. Ескерткіш бойынан биография мен естелік элементтерінің ұшқындарын табамыз. Бұл бүгінгі мемуаристикамыздың, оның ішінде ғұмырнамалық форманың ұлттық саласы сонау көнеден екенін еске алғызады. Алғашқы мемуар ұшқындарының туу себептері ескерткіш авторларының соңына белгі қалдыру ғана мақсатынан емес сияқты. Тоныкөктің «Түрік білгіш қағанының еліне осы ескерткішті бағыштаған, Мен» – деуінде халыққа тәрбиесін мирас етпегі де, үлгі етіп ұрандауы да жоқ еместей. Мүмкін мұндай ескерткіш қалдыру сол кездің дәстүрі үшін аса маңызды болған тәрізді. Орхон-Енисей жазбалары сияқты ескерткіштердегі өмірбаян элементтері сол болған адамның өзі туралы айтқандарына жүйеленеді.

Мемуарға енер материалдардан тек естелік қасиет қана байқалуы тиіс деп ойлау бір жақтылық болар еді. Олай болатыны – адам өмірінің ескерткішінен табылар жазбалардың көбінің мемуар – ескерткіштенуі жиі ұшырайды. Мәселен, Л.Н. Толстойдың Ясная поляналық күнделігі күн аттарымен белгіленер күнделіктен гөрі, жазушының өткенді жазып қалдыра берген жалпы әңгіме жазбалары сипаттас. Бұны Л.Н. Толстой «...Менің жазбаларым менің оңаша ауылдық өмірімде болып жатқан оқиғаларымның  күнделік дәптері іспеттес», – деп атады [1, 487].

Әзілхан Нұршайықовтың өмірбаяндық романы «Өткелдер», «Асулар» деген 2 кітаптан тұрады. Автор аталған романды Ғабит Мүсіреповтің
90 жылдығына арнап жазады және осы естеліктің дүниеге келуіне қайта құру заманының шарапаты себеп болғанын да жасырмайды.

Ә. Нұршайықов өмірбаяндық романға «Өнер» баспасының директоры Сұлтан Оразалиновтың қазақ халқының ұлы жазушысы Ғабит Мүсірепов туралы естелік жазып беру жайындағы өтініш хатын оқығаннан кейін кіріскенін атап өтеді. Ғабит жайында не білетінін сарапқа салады. Өз өмірінде, өз жүрегінде ұлы жазушының қандай із қалдырғандығын саралайды. Өзіне жолдаған оның хаттарын құрастырады, бірге түскен суретіне үңіледі. Ол туралы өз дәптеріне жазған жазуларына көз жүгіртеді. Осы романды қалай бастағандығын баяндайды:

«... бірден бастай алмадым. Бір күнім босқа кетті. Өйткені естелікке ең алдымен лайықты тақырып тауып алу керек. Айтатын ойыңның бәрі сол тақырыптан тарап, содан өрбуі қажет. Ал мен үстелге отырғанда бірнеше тақырып кемеліп келіп, қаламымның ұшына ілінді. Олар: «Асқар таудың аясы», «Ұлттық мақтаныш», «Ана тілінің асқары», «Парасат нұры», «Ұлы ұстаз», «Маңғаз аға» және «Майталман шебер». Осының қайсысына жіп тағарымды білмей қиналдым. Бұлардан да оңтайлы тақырып табамын ба деп және дәмелендім. Тіпті болмаған соң, тақырыбын кейін қоярмын деп, орнын ашып тастадым да, бұл естелікті бастауға бел будым» [2, 8].

Көркем шығарманың табиғатына әсер ететін негізгі факторлар саясат, қоғам, идеология, тарихи жағдайлар өзгергенде, көркем туындылардың келбеті де өзгеріске түсетіні белгілі. Әсіресе, мұндай факторлық әсердің ерекше күштілігін Кеңес өкіметі орнап, Коммунистік партия билеген кешегі социалистік қоғамдағы әдебиеттерден көреміз. Мұнда тұтас  дәуірге татитын ұлы өзгерістердің қалай орнағанын, қалыптасып өркендеуін, нәтижесінің мәнін ашып көрсететін шығармалар жазылған.

Егер сол кездегі  «Тар жол, тайғақ кешу», «Өмір мектебі», «Орындалған арман», «Көз көргенде» негізгі кейіпкерлер автордың өзі болса, «Аспандағы айқас», «Халқым үшін» т.б. автор өзге тұлғалар ғұмырын бейнелейді. Мұның өзі соңғы мемуар кейіпкерлерінің жалпы ерекшелігін  белгілейтін де фактор. Осыдан автобиографияның мазмұнына материал беруші де, дәуір идеологиясын ғұмырнаманы өзгеріске келтіруші екені байқалмайды. Олай болса мемуар сипаттауына да азды-көпті болсын өзгертудің еніп отыруы (кейіпкерлері, объект нысанасы, адам психикасы, адам санасы т.т.) мүмкін жайлар.

Қазіргі қазақ әдебиетінде көркем ғұмырнамалық романдар («Тар жол, тайғақ кешу», «Өмір мектебі», «Көз көрген», «Орындалған арман»,  «Ұстаздың оралуы», «Қыран қазасы қияда»  т.б.), повестік («Ұшқан ұя»), очерктік («Халқым үшін», «Аспандағы айқас»), әңгімелік («Менің өмірбаяным»), новеллалық («Офицер күнделігі», «Мәңгілік өмір», «Айналайын»),  поэзиялық туындылар («Менің өмірім», «Алғашқы адым», «Жолда») т.б. мемуаристиканың қазақ әдебиетінде орныққан түрі. Көлемі және түрі жағынан қазақ ғұмырнамалық шығармаларының мазмұндық ауқымы да, тақырыбы да алуан. Зерттеу объектісіне келу де, ғұмырнамалық мотивтің берілуі де әр түрлі. Мәселен «Өмір мектебі» желісі ғұмырнамаға құрылған. Мұндағы естелік суреттеулер – ғұмырнаманы ашу ретіндегі тәсілдер. Ал, «Тар жол, тайғақ кешу» қоғам өмірінің cан түрлі тартыстарын суреттеу жағдайында басталып, ғұмырнамалық жайды ішкі мазмұнына қарай орайластырады. Кей шығармаларда ғұмырнамалық шығарма соңына дейін бұлтарыссыз, өзге тәсілсіз бір қалыппен қозғалады.

– Балалық шақтан баяндай келетін шығармалар автобиографиялық – ғұмырнамалық болады. Ал «ғұмырнамалық  детальдары аз және кейіпкер өмірдің есейген сәтінің бір мезеттік сәттерін (мейлі көп жылдар болса да) үзік-үзік оқиғаларын қамтитын мемуарлар-мемуар естеліктер» боп қарастырылуы жөн [3, 56].

Мемуар түрінің осындай ғұмырнамалық түрлері жиі кездеседі. Ал, балалық шағы баяндалғаннан бастап, соңғы белестерді жазушының ұсынуы – еркіндегі іс. Мәселен, С. Мұқановтың өмірінің есею жылдарын ұсынуы – мемуарды тіпті таяу мерзімге дейін жазуға болатынын көрсетеді. Бірақ,
С. Мұқанов мемуарлық шығармасын одан әрі созбады. Мұндай жағдай
Л.Н. Толстойда да болған. Ол жөнінде  Л.Д. Опульская былай дейді: «Кейіннен «Есею жылдары» тұралы толғана отырып, Толстой өзі қолданған «автографияның сарынына көңлі толмайтындығын байқап, ойға алған романын жалғастырмауға ниет етеді»

Әдебиетші Наталья Банк «Нить времени» еңбегінде «Күнделікке» байланысты әдебиеттерді мынадай жүйеде:

1) Көркем әдебиетке қатысы жоқ, таза күнделіктер,

2) Күнделіктерден өсіп шыққан көркем, көркем-деректі әдебиет,

3) Күнделіктің әлем әдебиетіне ықпалын қарастырады [4, 28]. Бұл да қызықты бір сәт. Өйткені, күнделік те ғұмырнамалық әдебиеттің ішкі жанрына жатады. Ол – таза күнделіктің мемуар жанрына кіруі. Өз күнделігі, өзгенің күнделігі.

«Словарь литературоведческих терминов» кітабында жалпы мемуар құрамында құрастырылғандықтан да болса керек, түрлі мемуар жазбалары дараланып жатпайды, сондықтан, күнделіктер кесек-кесек қалпында алынады.

Естелікті үш бөлімге (естелік, биографиялық естелік, жол жазба естеліктері) бөлу де нақтылы емес. Бұлай қарау жалпының қарарына соның құрамындағыны да теңгермелеу болмақшы.

С. Моминскийдің «Мемуарлық – автобиографиялық жанр туралы»  ойында мемуарлық – автобиографиялық жанрының түбегейлі қасиеттері мен туу заңдылықтары өте  терең жататынын, мемуар құрамы біршама келісімді болатынын «Мемуарларда, әдетте бірнеше жанр түрлері араласып келіп отырады: естеліктер, жазбалар, күнделіктер, өмірбаяндық» [5, 26], – дегендей жүйеде келтірген. Бұл топшалауды әзірге салыстырмалы дұрыстық деп қарауға болады. Түрлі мемуарлық хат – жазба деректерді, көрген – түйгенін, жол суретін тез сәулелендіріп тастайтын ескерткішті жазбалар, ғылыми және естелік іспетті мақалалар, еңбектер т.б. мемуарлық әдебиеттен тыс қарайтын мәселелер емес.

Асылы мемуарлық шығарма қандай жағдайда туады? Ол көбіне қоғамда дүрбелең уақыт өтіп, соның соңынан уақыт-жағдайды таразылаудан келіп туады. Өзін «Ұлы трагикпін» дейтін А. Григорьевтің «Естелік» жазбаларын «Әдеби жәдігерліктер» (Литературные памятники) сериясы бойынша басылымға дайындаған профессор Б.Ф. Егоров былай деп жазады: «Көрініп тұрғандай, уақыттың өзі мемуар жазатындай кез емес болатын: әдетте, естеліктер, құжаттар, хаттар жинағын жасау мен оқуға деген жалпы құлшыныс әлдебір дәуірдің саябырсыған кезінде, біршама тұрақты жағдайда туындайды. Ресейде мұндай: дәуір аздап ертерек, Николай режимінің кұлдыраған және
1 Николайдың өлімінен кейінгі алғашқы жылдарына дөп келген еді. Яғни
50-жылдардың орталары болатын: бұл кезде әдебиет оқырмандарға Герценның «Өткендер мен ойларының» негізгі бөлігін және С.Т. Аксаковтың «Отбасы хроникасын», сондай-ақ балалық шақ пен албырт шақ туралы көптеген автобиографиялық повестерді берді. Алайда, Григорьевтің мемуарлары құрылып жатқан 1862-1864 жылдарға қорытынды жасау мен сабыр мен талдау жүргізуін жайлы уақыт емес болатын: басыбайлы шаруалар жойыла бастаған, елдегі революциялық ахуал зұлымдықпен басып – жаншылған, поляк көтерілісі бой алған және онан талқандалған, әлеуметтік-саяси салада қарқынды журналдық күрес, экономикалық, философиялық, әдеби шиеленіс орын алған кез еді. Әр күні күтпеген кездейсоқ оқиғалар тізбегінен, естелікке мұрша жоқ еді» [6, 256].

Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» ғұмырнамалық романының негізгі композициялық діңгегі автордың өзі әңгімелейтін естеліктер болса, олардың берілу формаларының өзі біркелкі емес. Автордың бірыңғай баяндаудан гөрі формалық түрлендіруге басымырақ мән бергені көрініп тұр. Айтылып отырған әңгімені растап, бекіте түсу үшін түрлі құжаттарды, баспасөз беттеріне жариялағандарды сыналап кіргізіп отыру – мемуар жанрына тән шығармашылық дәстүр. Бірақ бұлжымастай көрінетін міндетті үрдіс емес. Мұндай құжаттарды көлденең тартпай-ақ жазылған мемуарлық шығармалар қазақ әдебиетінде де кездеседі. Автор алдыңғы айтылған шығармашылық дәстүрді пайдалануға көбірек ден қойған деуге болады [7, 99].

Бұл дилогияның анықтамасына «естелік-мемуар» деген атау өзінен-өзі сұранып тұр, шығарма табиғатына байланысты солай деп жіктегеніміз қолайлы деп ойлаймыз. Туындының жазылу формасындағы өзгешеліктің қандай көркемдік-идеялық мәні бар деген сұрақққа келетін болсақ, осы соны форма арқылы автордың ең алдымен оқырманды өзіне тарту жағына күш салғаны байқалады. Белгілі бір тұлға жайында (айталық, бұл арада Ғабит Мүсірепов) әнгімелей отырып, жазушы көбінесе сюжеттік желілерді өз төңірегіне қарай құрады, одан қалса, қойын дәптеріне жазып алған әртүрлі әңгімелерді тізбелеп, жайып салудан да тартына қоймайды [7, 156].

Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» ғұмырнамалық романындағы шығармашылық маңызды факторлардың бірі – автордың жазушылық лабораториясының ашылуы. Ұсынылып отырған кітаптың қалай өмірге келгенін әңгімелеп берумен шектеліп қалмай, айтып келе жатқан әңгімесін шығарманың кез келген тұсынан автор өзінің жазушылық лабораториясына қарай икемдеп бұрып алуға бейім. Мұндай үрдіс екі кітаптың да өн бойынан анық бой көрсетіп, атойлап отырады. Әсіресе өзінің күнделік сипатындағы жазбаларына оралып соға береді.

«Мен және менің замандастарым» өмірбаяндық романының авторы
Ә. Нұршайықов өзінің шығармашылық өмірінің жарқын жақтарынан гөрі көлеңкелі тұстарын, ағалары мен әріптестерінен көрген қорлықтары мен қиянаттарын басымырақ суреттеп кеткен. Және осы бағытта айтылатын әңгімелердің оқылуы қызық, автор тарапынан жасалатын тұжырымдар да субъективизм нышандары байқалғанымен, оқырманға ой салып, пікір түйетіндей деңгейде.

Өткен оқиғаларды дәлдікпен тірілте білуде мұндай жазбалардың атқаратын міндеті ерекше болатындығы көрінеді. Қазақ жазушыларының ішінен қойын кітапшаларының жәрдемі жайлы көбірек айтатындар –
Ә. Нұршайықов пен М. Мағауин. Көп жылдар журналист болып қызмет атқарған Ә. Нұршайықовтың мұндай кітапшаларының саны үш жүзден асып жығылады екен. Олардың басым бөлігінің тікелей әдебиетке қатысы жоқ журналистік қолжазбалар болса, М. Мағауинның «Алтын дәптері» – тек қана әдебиет пен әдебиеттану ғылымының мәселелеріне арналған таза шығармашылық жоспарлар [8, 126].

Тәуелсіздік жылдарында жазылған ғұмырнамалық романдардың пішіндік, стильдік бағыттарында жаңа  ізденістер байқалатынын, тілдік қолданыстары түрленіп, қаламгерлердің суреттеу бейнелілігін арттыруға деген ұмтылысын атап өткен жөн.

Екі кітапта да жазушының бүкіл саналы ғұмырындағы негізгі кезеңдер, маңызды оқиғалар мен елеулі эпизодтар мұрнынан жіпке тізілгендей тәптіштей суреттеліп отырады. Шығарманың сюжетті тым жалықтырып бара жатқан сәттерде оқырманды шаршатпай жүрдек баяндауларға да молынан орын берілген.

Қ. Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романының мазмұндық құрылымында мемуарлық романдардың әр ұлт әдебиетінде кең тараған стандартты үлгісіне жатқызуға болатын көркемдік-құрылымдық негіздер жеткілікті деп санауға дәйектер бар. Белгілі бір көзқарастар тұрғысынан алып қарағанда, шаблонға айналған формада жазылған шығарманың оқырманды қызықтыратын жағы, сөз жоқ, оның мазмұны, келтірген деректері мен фактілері, ұсынатын идеяларының ауқымдылығы мен тілдік қолданысы. Көркемдіктің осынау манызды компоненттерін жазушының дұрыс қолдана білуі нәтижесінде туындының эстетикалық шоқтығын едәуір биікке көтере алған деп айтуға болады.

Тәуелсіздік жылдары жазылған қазақ ғұмырнамалық романдарының тілдік түзілімі, жекелеген кемшіліктеріне қарамастан, бұрыңғы жеткен биіктерінен аласара қоймағандығын, жаңа шығармаларда көркемдік ізденістер үрдісі одан әрі қарай дами түсіп келе жатқандығын көрсетеді.

Мемуарлық роман жазуға дайындық жұмыстарын жүргізудің жауапты бір қыры автордың өмірлік материалдар мен фактілерді шығармасына дұрыс іріктеп ала білуіне байланысты. Адамның өмір жолында көрген, білген,естіген оқиғаларының барлығы мемуар жанрына енгізуге жарайды деп түсіну жаңсақтық. Басқа адамдар үшін елеулі маңызы жоқ, тек автордың жеке өмірінде ғана орын алған тым ұсақ нәрселер мен тұрмыстық детальдарды тықпалай беру көркемдік талаптар тұрғысынан мемуарды ұщпаққа шығара қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды – автор өзін қоршаған қоғамдық ортамен, оқырманның рухани сұранысымен санасы білуі шарт.

«Қазақ әдебиеті тарихы» академиялық басылымның 9-томында айтылған: «Халық басынан кешкен тарихты бейнелеп берудің әдіс-тәсілдері мол. Соның ең өнімдісі, мүмкіндігі мол жылы мемуарлық мемуарлық туындылардан танылады» [9, 167], – деген тұжырым мемуарлық романдардағы дәуір келбетінің көрінуіне қатысты келтірілген ойлармен үндес.

Расында да, біз  шығармаларын талдамаққа ниет етіп отырған
Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов Кеңестік кезеңде тіршілік кешкен, әдебиетке кеңестік кезеңде келген, бірсыпыра шығармаларын сол уақытта жазып, оқырманға кеңінен танылған қаламгерлер. Егер, Желтоқсан оқиғасы болмаса, СССР аталатын алып империя ыдырап, әрбір ұлт тәуелсіздігін алып, дербес  жеке мемлекет болып бөлініп шықпаса, аталған жазушылар мемуарға ден қойып, аталған  шығармаларын жазар ма еді, жоқ па? Мүмкін олар көркем прозалық ізденісін одан әрі тереңдетіп алуан-алуан табиғатты шығармалар жазған болар еді. Мемуар жазбауы мүмкін еді. Жаза қалғанда жасы бұдан да ұлғайып егде тартқанда жазар ма еді? Қалай болғанда да қазақ қоғамындағы бодандықтың аяқталып, тәуелсіздікке қадам басуымыз – аталған жазушылардың мемуар жанрына келуіне белгілі дәрежеде ықпал етті. 

Мемуарлық шығарма формасы әрқилы болып келе береді. Ол да көркем әдебиет секілді жазушыны жаңа түр іздеуге итермелейді. Өмірбаян біреу болғанымен, оны жеткізудің сан-алуан жолдары бар. Мемуарға бастайтын ізденіс – жазушы өмірі мен оның қоғамдық құбылыстар, өзгерістермен бетпе-бет келуі. Алайда, жазушы бетпе-бет келіп отырған тақырыпты өмірлік материалға қарай екшейді, саралайды, содан келіп белгілі бір қалып (форма) пайда болады [9, 196].

Мемуар құрамындағы автобиографиялық, естелік, күнделік, түрлі хат – мақала, жазба қағаздардың алуан формада келгенімен, қатып қалған бұлжымас үлгі межесі жоқ. Көбіне олар «таза» күйінде емес, аралас келеді. Автобиографиялық – ғұмырнамалық деп жүрген шығармалардың өзі де
С. Мұқанов («Өмір мектебі»), С. Айни («Мектеп», «Бұхара»), Ұлық – Заде («Біздің заманымыздың таңы») шығармалардың ішіне естеліктің бірнеше түбірінің, күнделік, хат, жазба қағаздардың да түрлерінің кездесетінін көрсетуі, адам өзінің биографиялық тұтас өмірінен, берісі әр шақтық өмір кезінен мәліметтеуі де ұшырасады. Сондай-ақ түрлі хат-хабар, мақала, жазба қағаздарда да естелік пен биографияның елес берушілігі де жиі ұшырасатыны бар.

Кейде жолдастық хаттардың  да мемуарлық түрде жазылғаны кездеседі. Мемуар ұғымы тек оның құрамымен, не болмаса көпке аян принциптерімен ғана шектелмейді, оның  танылмағы сан түрлі.

Тарих  мемуарда да көрінеді. «Өткендер мен ойлар», «Тар жол, тайғақ кешулердің» зор ерекшеліктерінің бір қыры – тарихтың әдебиетінен де белгіленіп тұр. А. Герценнің «Өткендер мен ойлардағы» өз өмірінен қоғам  болмысының сәулесін сезінгісі келетіні барлығы да, В. Белинскийдің тарихи фактордан зәулім құрылыс тұрғызуға, оны қалаушы – әдебиетшіден керемет күтуінің өз де осылардың дәлеліне меңзейді. Тарихи материалдарды пайдаланып зерттегенде, мемуар сырт қарағанда тарихи романдарымен сәт-сапалас сияқты көрінгенімен, тіпті бөлекше келбетте. Рас, кейде тарихи шығармалардың мемуарға мейлінше таяуласа келетін мезеттері де болады.

Тарихи роман – повесте негізгі кейіпкер, не онымен қатысты адамдар дүниеде сол қалпында шын болып өтті дегеннің өзінде де, олардың басынан өткерген болмыстары да автордың көзімен көргені, сезінгені, аралас болғаны жүйесінде емес, жазушының тарихтан зерттегені, халықтан естігені, өмір құбылысынан, сонымен үндесер жайлардан қорыққаны тұрғысынан барып жазылады. Мұнда сол тарихи кейіпкердің өмір кешулерінің барлығы мемуарлардағыдай түгелденіп жазылмайды және тарихи романды жазушы тарихи кейіпкер образын толықтыра түсу мақсатындағы ізгілік үстінде кейде біршама образдарды, кейбір оқиғалар мен эпизодтары ойдан қиыстыруы да кездеседі [9, 287].

Кейбір шығармаларды жазушы өзі білетін адамдардың өмірінен жаза тұрса да, тарихи негізгі кейіпкерлерден басқаның бәрінің аты – жөнін өзгертіп алатыны кездеседі. Мұндай шығармалар мемуарлық емес, тарихи роман – повестер  дәрежесінде қалады. Тарихи романдардың мемуар шығармалардан тағы бір айырмасы – оларда, автор – кейіпкер боп жүрмейді, ол онда сырт сипатшы ғана.

Кейде романдағы суреттемелер һәм нәрсе түгелдей көз көрген шындықтан келтірмесе де, кітапқа өз атымен емес, автор қойған есімімен енген адамдар – шығарманың мемуарлығын бекерлеп тұрысары да болады. Мемуардың бір қасиеті – дәлдікпен өлшенетіндігінде.

Мемуарда көбіне күні бүгінге дейін жасап келе жатқан, не олардың өмір жайын жұрт білмейтін, я, тума – туысы, ұрпағы бар, болмаса автордың өзімен мағыналас та кейінгі жасты адамдар көрінері де болады. Осы адамдар жайлы авторға «Жаманның жамандығын айт, құты қашсын, жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп, әділ де бұлжымас баға беруге тура келеді.

Қазіргі қазақ мемуарлық роман жанрының кемелденген шағында мемуарлық шығармалардың өзі іштей бірнеше формаға бөлінуі анық байқалады. Өзге жанрларда жазылатын көркем шығармалардан мемуар жанрында – шығарма жазудың өзіндік ерекшеліктері бар екеніне осы зерттеу – еңбегімізде толық көз жеткізу үшін, жанрға ең керекті деген мемуарлық шығармалардың арғы-бергі тарихына, бастау-бұлағына барынша тоқталуды жөн санап және осы ойды негізгі объектіге келу барысында ары қарай талдай түсуге тура келеді. Себебі дамыған, іштей бірнеше салаға бөліп қарауға тура келетін мемуарлық шығармалардың өзіндік тоқталар мәселелері де жоқ емес.

Қазақ әдебиеті тарихының ХХ ғасырдағы жазылған көркем шығармалары қатарына көз салар болсақ, өзіміз зерттеп отырған мемуарлық шығармалардың табиғатын тану үшін, мемуардың жанрлық ерекшелігі, түрлі формалық алуандығына баса назар аударуға тура келеді. Әлемдік әдебиет теориясында мемуардың жанрлық сипатын айқындайтын түрлі ғылыми пікірлер, ойлар, сын ескертпелер сан-салалы [9, 402].

Кез-келген көркем шығарманың тылсым болмысын ашу үшін, сол шығарма жанрының даралық ерекшелігіне негізгі талдауды бағыттауға тиіспіз. Өйткені, жанр мәселесі толық анықталмайынша, белгілі бір шығарманың көркемдік құрылымы, идеясы мен тақырыбы жөнінде ұстамды пікір, салиқалы ой қозғау мүмкін еместей. Жанр дегеніміздің өзі кез-келген әдеби болсын, көркем өнердің қай саласынан болмасын, өнердің өзі әдеби болсын, көркем өнердің қалыптасқан типі. Ал соның ішінде әдебиетте жанр деп  тектерді айтамыз. Ғалым М. Серғалиев жанрлық ерекшелікке былайша сипаттама береді, «Жанр ұғымын әдебиет зерттеушілерінің  арасында әр түрлі түсіндірушілік бар. Кейде жанр деп әдебиет түрлері мен суреттеу тәсілдері сипатталады.

... әдебиет түрсіз өмір сүре алмайды. Әдебиет түрлері анағұрлым көп: эпос-роман, повесть, әңгіме, поэма, жыр, толғау, очерк, романс, элегия, пародия т.б. жіктеледі. Көп  жағдайларда жанрларды бір-бірінен ажыратудың қиындығы да кездеседі», – дейді [10, 10].

Бұл мәселе біз зерттегелі отырған шығармалардың жанрлық ерекшелігіне тоқталу барысында да анық аңғарылды.

80-90 жылдары жарық көрген қазақ прозасын зерттей келе, белгілі ғалым Р. Бердібай былай дейді: «Қазақ романының бұл күнде дамып, өркендегені соншама, оның жанрын анықтаудың қажеттілігі туып отыр» [11, 107].

Ғалым пікірінің орынды екенін қазіргі кезеңде жанрлық ерекшелігі жағынан бір текке жатқызғанымен, іштей мазмұны мен пішініне қарай ерекшелініп кететін формалық, түрлік өзгерістері өзекті болып табылатын шығармалардың мәселесін жеке алып қарауға тура келеді. Ол үшін жоғарыда айтылған мемуарлық шығармалардың жалпылама ерекшеліктері мен жекелік қасиеттерін жік-жікке тарата бөліп қараудың қажеттігі туындайды. Мемуарлық жанрдың табиғатына берілген теориялық анықтаманың бірінде «Мемуар – авторлардың өздері қатысқан немесе куә болған тарихи оқиғалар, қоғамдық қайраткерлердің өнегелі өмірлері туралы көркем естеліктер жазбалары» [12,
58], – деп айтылады.

Еңбегіме осы көзқарас тұрғысынан келер болсақ, ғұмырнамалық роман жанрының қазақ әдебиетіндегі екі түрлі ерекшелігін атап айтуға болады.

Шартты түрге бөліп қарағанда, олар былай болып келеді:

1) Автордың өзі қатысып, тікелей ғұмырынан жазылған қоғамдық, тарихи, саяси, әлеуметтік, мазмұн-пішіні, көркемдік деңгейі жоғары жазылған мемуар, яғни ғұмырнамалық романдар.

2) Өмірде болған, деректік, құжаттық, баспасөздік материалдар,  қоғамға еңбек сіңірген қайраткер тұлғалардың ғұмырынан өзге авторлардың жеке тұлға туралы жазған ғұмырнамалық туындылары.

Ойымыз бен мақсатымыз айқын болуы үшін, қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық романдардың көркемдік тағылымы мен тарихи танымына тоқталып өтуге тура келеді. Бұл турасында С. Сейфуллин, С. Мұқанов,
Б. Кенжебаев, С. Көбеев, Т. Бигелдинов, Қ. Доспанова, Б. Момышұлы,
Ғ. Мұстафин, Ж. Сайн, Ә. Жангелдиндердің мемуарлық-автобиографиялық шығармаларындағы кейбір ерекшеліктерге тоқталып өтуге тура келеді.

Ж. Сайн автобиографияны іс-қағаздарынша бастайды. Алғашында бұйығы баяндалады. Ілгерілей тарихтанып кетеді, ақындық шабытпен есіп сөйлеп, шартарапты қамти отыратын жазушы биографияны өзінше безендіреді. Асылы, образ жасауға да әр жазушы  өзінше барысады. С. Сейфуллинді ынтықтыратын көбіне ішкі мазмұн, ол бейненің де мазмұндық жағына көбірек назар аударады, оның публицистика мен философиялық ойларды басым қолдануының бір себебі де осы жақта. С. Мұқановта образдылыққа ден қою мол. Бейнелерге Горькийше келу ондағы табиғи іс. С. Көбеев әңгімесі бар жағынан да педагогикалық түйінді дәлелдеуге бейім. Б. Кенжебаев та кейіпкерін сөйлету арқылы ұсақ детальдардың өзінен түйін жасауы көзге түседі.

Ғұмырнамалық мәнді берудегі оқиғаға автор қатысы да сан түрлі.
С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Б. Кенжебаев, Т. Бигелдинов, Қ. Доспанова өздерін оқиғаға аралас қатыстыра отырып, мәселені өз түсінігі, сезінген-түйгені тұрғысында шешеді. Мұндағы автор – кейіпкер. Оның іс-қимылы да, ой дүниесі де қалтықсыз қасқиып келеді. Өзге мемуарларға қарағанда бір өзгешелігі бар Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген» романында автор өзінің орнына өзін беруші образды қоса отырып, онысын авторлық та, халықтық та сынға ұсынады. Бұл әдістің бір ерекшелігі сол, «Көз көргенде» жазушы өз идеясын беріп отырған Сарыбалаға кейісті білдіре алады. Бұл стильді автор өз өмірінде жіберген өкінішті қатесінің төрелігін айту мақсатында қолданған. Ал, «Тар жол, тайғақ кешу», «Өмір мектебі», «Аспандағы айқас» авторлары бұлай жасай алмайды, олар кейісе тек өзіне ғана тура айтады, не қатесін көз көре мойындай келеді.

Кез келген суреткер шығармашылығы туралы сөз болғанда оны суреткер дүниетанымынсыз қарастыру орынсыз болар еді. Өйткені «биік дүниетану тұрғысы жоқ жерде, шындықты терең, дұрыс тану мүмкін емес» [13, 28]. Ал шындық терең, дұрыс танылмаса, шынайы шығарманың тумасы да анық.

Академик З. Қабдоловтың: «Бір жазушы, айталық адам мінезін қимыл-әрекет үстінде танытуға бейім болса, енді бір жазушы оның көңіл-күйін, сезім-сырын, ой-арманын, әр алуан психологиялық иірімдерін суреттеу арқылы ашуға шебер», – деген жазушы шеберлігі туралы ойлары Бауыржан табиғатына дәл келеді [14, 350].

«Елдегі осындай ахуал, биліктің жалған идеологиясы, орыстық үстем, нәсілшіл, шовинистік пиғылдың күннен күнге өршуі Бауыржанның суреткерлік ұстанымының қалыптасуына да қатты әсер етті. Ол қайткенде де қазақ ұлтын кеңестік идеологияның құрбандығын сақтап қалуға тырысты. Сондықтан, Бауыржанның «Ұшқан ұя» шығармасындағы бүкіл ұлттық болмыс мәселесіне, ұлт тағдырына қатысты салт-дәстүрлерді суреттеуі осындай ұстанымнан туған» [15, 9], – деді Уразбаев «Ұшқан ұя» шығармасындағы зерттеуінде.

Бұл айтылған зерделік ой, біздің пікірімізше, тек қана ғұмырнамалық повестке ғана емес және ерекше зер салатын тағы бір жағдай  «тарихи мәтін» – ғұмырнамалық баяндауға негіз болуы үшін, ол сол туындыдағы тарихи тұлғаға және оның өміріне, дәуіріне, өмір сүрген кезеңіне тікелей қатысты болуы шарт, фактілік қызмет атқаруы керек. Сол себепті де бұл көркем ғұмырнамалық шығармада оқиға орын алуы, көрініс беруі керек. Оқиғаның ортасында кейіпкердің өмірі, өзі болып, қатысқан жағдайлар, яғни «тарихи мәтін» екінші жоспарда негізгі жағдайға жанама түрінде алынады да, көмекші рөл атқарады. Олар шығармада шындықты бейнелеп, жан-жақты даралап көрсетуге, жаңалықты тұстарын жарқырата бейнелеуге арналады. Көненің бізге жеткен жәдігерлерінің де көбіне өткен өмірді білуде бізге үлкен пайдасы бар. Сол секілді көркем-ғұмырнамалық шығармалар «тарихи» талабымен болашақ үшін құнды. Көркем ойлардың тарихилығы – ең бір керек бөлік көркем-ғұмырнамалық шығарма үшін, ол кейіпкердің өткені мен қазіргісін жан-жақты көрсетеді. Бұл көркем-ғұмырнамалық шығарманың туыстастырады. Шарттылықпен бейнеленген кейіпкердің ғұмырнамасы әлеуметтік тарихи образды сомдауға арналған жанр заңдылықтары. Қазақ жазушылары тарихи шындыққа қашанда берік болуға тырысады.

Қазақ мемуар автобиографиясы (ғұмырнамалық) шығармаларының бүгінгі уақытқа яғни қазіргі қазақ әдебиетіне дейінгі жазмышы, міне, осылай тұр. Мемуарлық – ғұмырнамаларда мемуар түрінің тоғысары да, болмаса мол түрлерде кездесер мазмұнымен мән жайы да, көбіне, осы беттен құралады. Әрине, мемуардың басқа ұсақ түрлеріндегі өзіндік ерекшеліктерді бұл бекерге шығармайды. Алайда, барлығы да мемуар жанрлық табиғатынан болмақ.

«Ұлы ақын»,– деп жазғанды В.Г. Белинский, – өзінің «Мені туралы айта отырып, бүкіл адамзат туралы әңгімелейді. Өйткені оның табиғатынан адамзаттық қал-жағдайы білініп тұрады. Сондықтан да оның жабырқау тартқан көңілінен әрбір адам өз мұңын түсіне алады. Одан ақынды ғана емес, сондай-ақ адамды, адамзаттың бауырын таниды» [16, 65]. Мемуар жазушылар өз өмірі, басынан өткергені мен жан тербегені жөнінде жазғанда әр туындылар, біріншіден, ...Олар баяғыда болып келгенімен-ақ, қазіргі оқырманға пайдалы, өйткені ол халқымыздың тарихындағы қуыс қалған орындарды бітеп отырса  керек, екіншіден, С. Айни туралы Юлиус Фучик айтқандай, автордың кітабы «...біздер үшін тамаша бір өнер емес, сондай-ақ көрнекі оқу құралы да. Бұл кітаптар ескі мұң-қайғыны ғана емес, жаңа жетістіктерді де көрсетеді» [17,
338], [18, 128]. Мемуарда «..адамнан артық көркемдік жоқтығы» да [19,
17] «Көркем әдебиеттің материалы адам екені» [20, 7], – де ұмыт болмайды, автор идеалында «.. қаһарман, ... барша ұлы істерді ерлікпен  жүзеге асырушы» халық жатады. Сол себептен де мемуар маңызды, мемуар ұсынушы ақын жазушылар да...адамдардың өмірі туралы парасатты түсінікке, жеке тамаша сезімдер образына жетелейді, олардың туындыларын оқи отырып,біздер барлық жат және жаман қасиеттерден арыламыз, ізгілік пен сұлулықтың көркемдігін танимыз, барлық жақсыны қастерлейтін боламыз, оларды оқи отырып, біздердің өзіміз жақсы мейірімді, текті адамдарға айналамыз» [21, 117]. Осы тұрғыдан қазақ мемуарларының да бүгінгі маңызы тіпті мәнді, оның жанрлық беті бізде әдебиеттік бір саладан дамуда.

Мемуар бұрынғы «memoire», «memoria»-память, белгі семантикасынан бертін, әдеби мағынада, жазушының өмірі, қоғам, ондағы адам жөніндегі ой түйгені, өткергенінен естеліктері, күнделік, хат, жазба ретті белгі, пікірлері көрсеткіштерін беретін әдеби шығармаларға ұлғаяды. Біздіңше, мемуар, әдеби түрдің басқалары сияқты, тіпті көне ертеден бастау алады. Бәлкім ол, жазу, сызу шықпастан да бұрын өз элементтерін адамдар бейнесін қалдыру, жоқтау ретінде де жүргізе келгендей. Жазу пайда болған шақтың алғашқы кездерінде ол ескерткіштік ретпен, болмаса елден-елге ұзақ жол шегушілердің көргенін таңбалар жазбалары сипатты келулері де мүмкін. Осыдан, мәдениеті тездеу дамыған елдерде, сауда-саттығы жол кешкен жұрттарда мемуардың көрдім-білдім түрлі жазбалары, ертелеу жазулары болуы ықтимал (шығыс жұртымен су жолы елдерінде). Сондай-ақ, жорықтар ізінен, ия жеке адамдық ескерткіштен табылар мұралар да таңбасын қалдыратын сөзсіз, жазба мәдениетінсіз жасамады. Мұнда да мәдениетті жұрттың еңбегі бекер тұрмайды. Бұларды ертеден Грек, Рим жұртшылығы мұралары, шығыстағы Орхон-Енисей жазбалары, қазақтағы ауызекі жоқтау түрлері де дәлелдесіп жүретіндері бардай.

Мемуар тек өткеннің ғана көрсеткіші емес, ол сол уақыттың да ой толғанысы, келешекке де болжам – тәрбие кітабы да. Мемуардың осындай мәні мен қажеттілігін А.И. Герцен де, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский де, жазушылардан – И.С. Тургенов те бағалаған, таныған [22, 35].

Челлини, Руссо, Гете, Гейне, А.И. Герцен, Л.Н. Толстой, Г. Короленко,
М. Горький автобиографиялары, орыс әдебиетіндегі А.С. Пушкин, Г. Гладков, А. Толстой ұлт әдебиеттеріндегі алуан бір мемуар жазбалары, әр ұлттың да, соның ішінде қазақтың да мемуар әдебиетінің қалыптасуында өте бір маңызды жақтардан көрінеді. Алайда,  әр ұлт мемуарының мазмұнды, ұлттық түрлі келісімнің өзінде де көп өзгешеліктері де жоқ болмайды. Материалды өмірдегі барша өзгешеліктер – географиялық орта, ұлт психикасы, дәстүрі, кәсібі, жеке индивидум бет-бейнесі мен ой жүйесі, тұлғасы, адамдардың өмір сүрген уақыты және тағысын-тағылары мен соны суреттеуші автор ерекшеліктері де осыны аңғартады.

Мемуар жанрын зерттеу объектісі, көрсетер тұлғасынан да уақыт адымымен байланысты көрінеді, оның шеберлігі де дәуірден белгіленеді. Тіпті мемуар құрамындағы қай түрінің алда тұруы керектігін де белгілі бір мезгіл айтып отырады. Мемуар автордың білімділігі мен тәжірибе жетімділігі де, оның уақытпен байланысты қадам алысын да талаптайды. Ол заманының әрлі де, аласалы жағының қайсысында да туа береді. Әрине, дәуірдің өзгерген кезі, шығарманың көңілді тұстары болады.

Мемуар жазушылар да түрлі топтан келе беріседі. Олар жазушы әрі философ, публицист әрі қоғам қайраткері, әрі революционер, небір қызметкерде дәрігер, мұғалім, саяхатшы, қатардағы жауынгер де болуы мүмкін-ақ. Бұл – осы жанрдың сан-қырлы сипатынан жазылар мемуарлық – дәлдігінен де, мемуардың жанрлық ерекшеленер өзгешелігінен де, оның жалпы халықтығынан да болмақ. Тек суреттелінуге тиісті объект қана емес, жазушы – автордың кім екендігі, мемуардың тіл құрылысы, оқиғаны баяндауы, шығарма көркемдігі, мемуар түріне де әсер етеді. Мемуар авторларының түрлі кәсіптен болары бұл жанрдың халықпен туыс және сонан екенін, екіншіден, мемуардың жазылуы халықтың жан-жақты іскерлік сипатын көрсетеді. Мемуардың көркем әдебиетпен туыстығы да, өзгешелікпен де келер жақтары да көп-ақ.

Мемуардың қай түрі, қай мөлшері, қай стильде келуі де халықтық тілмен байланысты. Онда сөздігі болсын, адамдарды көркем бейнемен жеткізері болсын, қайткенде де образдау тұрады. Осы себеппен ол жазушының баршасында да көркем әдебиетпен байланысты келеді [22, 105].

Көркем әдебиеттің суреткері – адам, ол өмір сүрген табиғат, қоғам болса, мемуарда да адам тұрмыс құрған орта, адамның ісі мен ойы айтылады. Міне, осылардан да мемуардағы көркем әдебиеттен өзгешелінер көп жайларға қарамастан-ақ, бұлар тұтас көрініседі. Мемуарда оны жазушы автор адам, табиғат, қоғамға деген өз қатынасын, көзқарасын эмоциясымен береді. Автордың жан сезімі қатысқан кітап, оны басқа түрден емес, әдебиеттен байқатады. Міне, осы себептерге байланысты болып табылады.

Мемуар авторы шығармаға өз қатысы, кейіпкер боп көрінері мен сезінері, өсу жолынан сюжет түзіп, композиция жабдықтары, алуан стильде, сан бір профессиядан сөйлері, өмірдегі болған, өзі көрген де естіген адамдарды ғана жазары оларды образды типизацияларымен, көрген жақ моментінен типті әкелері, айтар бейнелерін «фотосуретті» ретте болғанымен әрі өсіреді (домысл), адамдар мен оқиғалар қатысынан бас сюжетке толықтырма ұсақ сюжеттер өрбітіп, олардан да кейде идея, сюжет те ұсынары, адамдар пікірін ауызекі тілге өте таяу тұстары, мемуар жұмысында автор-кейіпкер де, автор -жазушы да боп іс кешері, ғылым мен әдебиетті бір беттен әкелері, жазғанының әр шақта да «тамамдыдан» ұғыну жайлары да әр түрлі. Кейіпкерлердің ішкі психикасын мемуарист жазушы өз сезінісі, ия адамдардың ашылысынан әкеле алады. Мемуар кітаптары тарихи не псевдонимі бар әдеби шығармалардан өзгеше. «Мен» атынан сөйленер өмірде болғаны тарихи келмес шығармалардан да ол дәлдігімен басқаша тұрады. Мемуарда адам биографиясы ұзақ та, тік түсе алады. Бұл жанрда бір адамның естелігінен, екінші одан, үшінші онан, төртінші адамдар естелігі кездесетін жағдайлар болады. Естеліктерден образдардың жасалуы мүмкін [22, 275].

Қазіргі жанрлық тұрғыдан жан-жақты өрістеген қазақ прозасының басым саласын ғұмырнамалық, эссе, эпистолярлық формада жазылған шығармалар құрайды. Зерттеу еңбегім  «Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық романдардың жанрлық ерекшеліктері»- атты шығармаларының көркемдік құрылымы, табиғи танымы, пәлсапалық баяны зерттеу үшін, ең әуелі көркем туындыларды тудырушы аталған авторлардың шығармашылық әлеміне байлауды талап етеді. Бұл аталған ғұмырнамалық романдардың авторлары, яғни автор-кейіпкерлер өздерінің ортаға қатысының бүкіл барысы жайлы (қоғамдық саяси, эстетикалық-моральдық жақтарынан) өз халқының асылын жинақтай келуінен-ұлттық ерекшелігімен танылған.

Өзінің қилы тағдырын ұрпағының болашағына арнаған, сол тағдырдың сырын терең ұғындырып, келешекке жақсысынан үйреніп, жаманынан жиренсін-деген мақсатта жазылған, өнегелі өмір өрімдері Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» ғұмырнамалық баянында өте әдемі үйлесін тапқан. Ғұмырнамалық аталған үш романның жанрлық ерекшелігі, мән-мәнісіне тоқталар болған ғылыми жүйелеудің өзінде бірізділік кездесе бермейді. Біз мұның алдында жазған С. Мұқанов, С. Сейфулин, Ғ. Мұстафин мемуарларының жанры бір болғанын атап өттік және формасы мен мазмұны тұрғысынан келгенде, әр түрлі ерекшеліктер кездеседі [22, 278].

0 дауыс

Алаш алаш болып, аты әлемге та­ныл­ғалы, қазақ қазақ болып, белін буып, ерге қонғалы халқымыздың арғы-бергі дәуірлердің аласапыраны мен сүреңінен көрмегені жоқ. Туы желбіреп, оңы-солына ықпалын жүр­гізген жұлдызды ғасырларды да, Батыс, Шығыстың қыспағына қатар ілігіп, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» зарына тұншыққан қасіретті қалың дәуірлерді де басынан кешкенін жақсы білеміз.

Бұл – тарихтың боямасыз ақиқаты.

Ұлы Жаратушыдан дейсіз бе, тағдырдың тартқан тартуы дейсіз бе, қалай болғанда да қос ғасыр тоғысында өмірге келген Тәуелсіздік дәуірі – сол аламан ғасырлар бауырына басқан ұлт тарихының жалғасты көрінісі.

Сондықтан біздер – қаламгерлер қауы­мы өткен жылы өз тәуелсіздігінің жиыр­ма жылдығын атаған, ендік-бойлы­ғында жаңа саяси-экономикалық реформалардың қан тамыры атқақтаған, аспанын азаттық аңсаған ата-бабалар рухы кезген Қазақ Елінің әр жаңалығы мен әрбір өзгерісін ой-парасат тезінен өткізе отырып, көкірек көзімен көруге ұмтылатынымыз анық.

Шын жазушы үшін өз ойы мен пара­са­тының тезінен артық, көкірегінің көзінен өткір құралдың болуы мүмкін емес.

Ол құралдың есімі – туған жұртының талайлы тағдырына отқа суарылған семсердей болып малынған құдіретті көркем сөз!Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнелі тілімен айтқанда, «Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашыл­дық­тың жалынын лаулата да білген. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі көр­кем сөзі ұдайы философиямен шендесіп жатқан...», сол арқылы өзінің өмір­шеңдік өрісін кеңейткен, кеңейтіп келе жатқан ұлтымыздың ұлы қазынасы!

Қазақтың көркем сөзі – ондаған ғасырлардың жемісі. Көнеден бүгінге жеткен Сөз өнері көшпелі жұрттың өмір сүру салты мен билік құру институттарын да анықтап отырған.

«Қызыл тілді өнер атаулының алды санаған» кемеңгер бабаларымыздың бұл қасиетті көк түріктер кезеңінде де, Алтын Орда, Ақ Орда, Қазақ хандығы дәуірлерінде де, нар заман, зар заман кезеңдерінде де, Абай – Махамбет – Жамбыл ғасырында да, арыстар мен алыптар тағдырына куә болып, реалис­тік-психология мектебі мен «алпысыншы жылдардың» тұсауын кескен, сандаған саңлақтарымыз бен ондаған тарландарымыздың буынын бекітіп, қанатын қатайтқан кешегі кеңес кезінде де тұғырынан таймаған.

Бұл – кешегі басып өткен тари­хымыздың айтары.

Бүгінгінің шындығы қандай? Жаһан­дану дейтін жұмбағы мол, сырын алдыра бермес дәуірдің құбылыстары қазақтың рухани әлеміне сол санатта қазақтың көркем сөзіне қалай әсер етіп, несін ұсынып отыр?!

Екі ғасыр тоғысында ел көңілін елең­детіп, қоғамды қобалжытқан әдеби кеңістіктегі проблемалар қайсы? Болса, қалай шешіліп жатыр?

Небәрі екі он жыл ішінде тәуелсіздік тұғырына қонып, мемлекеттік атрибут­тарының айыл-тартпасын бекем тартып, қажетті халықаралық қатынас-әбзелдерін түгендеп, дамудың жаңа өрісіне шыққан Қазақ Елінің жаңа дәуірдегі әдебиеті қалай дамып, қай бағытта өрбіп келеді? Бүгіні қалай? Ертеңін алдан не күтіп тұр?

Міне...

Қолына қалам ұстаған қауымның қазіргі таңдағы көкейін мазалаған сұрақтар осы десек, жаңылмаған болар едік.

Әдебиетте бір құрылтай аясында мұндай ауқымды сұрақ-сауалдың бәрі­не тауып жауап айтып, мәселе атаулыны түгел шешіп тастау мүмкін емес. Әрі бұл мәселе, бұл қиындықтың бәрін бір ұйымның құзырынан іздеуге де болмайды.

Өйткені, Әдебиет – ұлттық мәселе.

Әдебиет – ұлттың ұлы қазынасы.

Сондықтан бұл бағыттағы әңгіменің бар-бәрін ұлттық дәреже-деңгей мен құзырлы мемлекеттік биіктен қарастыра отырып, шешкеніміз, жауабын да сол тұғырдан іздегеніміз оң болар еді.

Естеріңізде болса, екі құрылтай аралығында өткен екі бірдей Пленум – «Жаңа кезеңдегі ұлт әдебиетін да­мытудың өзекті мәселелері» (28 қараша, 2008 жыл); «Кеңістік. Қоғам. Қаламгер» (25 маусым, 2012 жыл) тікелей осы проблемаларға арналып, жаһандану жағдайында ұлт әдебиетін дамыту мен өрістетудің жолдары қарастырылған еді. Пленумдар барысында дәстүрге кенен әдебиетіміздің өткені, бүгіні, ертеңі туралы ойларын ортаға салған әріптестеріміздің пікір, толғаныстары әдебиет газетінің бетінде жарияланып, көтерілген проблемалар түрлі-түрлі тақырыптағы «дөңгелек үстелдер» мен жанрлық кеңестердегі талқылау, талдау жиындарында өз жалғасын тапқаны белгілі.

Дүниенің өтпелі екенін сезіне отырып, мәңгілік дейтін түпсіз ұғыммен досындай сырласу, ойды тереңнен толғау, заманға сөзін бүкпесіз айту, адамдар жүрегіне жол табу тәрізді сөз сиқырының құдіретін танытар көр­кемдік әлемнің алуан түрлі тәсілдерін еркін игерген қазақтың кемел бітімді, кең тынысты ұлы әдебиетін жиырма бірінші ғасырдың шаң-тозаңына қалдырмай, жел-құзына алдырмай, жаһандану дейтін кезеңде шашасына шаң шалдырмай аман алып өту – халқымызға сын, ең әуелі, сол жаңа кезең әдебиетін жасаушы – қаламгерлер қауымы, осы отырған Сіз бен Бізге сын!

Екі құрылтай аралығындағы ұйым­ның басты жұмыс жүргізу бағыты осы болды!

Жаһандану жағдайындағы құнды­лық­тарды ықтырудың Қазақ Елінде ғана емес, күллі Жер есімді алып плане­таның өне бойында жүріп жатқаны бесенеден белгілі ақиқат. Құндылық­тарды қорғау мен ұлттың болмыс-бітімін сақтау жолындағы күрес кей тұстарда, тіпті, өркениеттер қақтығы­сына айнала жаздап, әлем ушығып отыр. Діни наным-сенімдердің шам­шыл­дығын оятуға күш салу ашық жүріп жатыр.

Бұл аса қауіпті, әсіресе, мәдениеті мен рухы, тілі мен діні сыртқы күштерге кіріптар болып, өз іші  алты бақан ала­уыз күй кешкен елдер үшін қатерлі екеніне көзіміз жете түсуде.

Сол Пленумдарда айтылған мына бір орайлы ойларға қайта соғуды жөн көрдік.

Иә...

Қазіргі кезеңде «кеңістік, қоғам, қаламгер» дейтін үш ұғымды бөле-жара қарауға болмайды. Төрт керегенің іші­н­­де отырып-ақ, ғаламда болып жат­қан оқиғалар мен  жаңалықтарға есі кете тұншығып отырған бүгінгі ұрпақ ақ­па­рат­тар ағынына белшелеп отыр. Адам санасы желдей ескен сол замана міне­зінен шаршай бастаған сыңайлы. Адам санасы шаршаған жерде не тоқырау басталатыны, не имансыздық етек алатыны ежелден белгілі. Кеңістік пен қоғамда болып жатқан осындай аласапыранды өз пайдасына тиімді әрі оңтай­лы пайдалану мақсатында ғалам­дық мүдделер қақтығысының да жүріп жатқаны жасырып-бүгер сыр емес.

Шағын ұлттар шаң қауып, уақыт тасқынында жұтылып бара жатқан­дай.

Дүние ай санап емес, сағат санап өз­геруде.

Алты құрлықтың ендігі мен бойлы­ғында дүмпу көп.

Жер есімді кеңістіктің әзірге тыныштала қояр түрі байқалмайды.

Ұлы дүниенің жағдайын қысқаша төрт сөйлем аясына сыйғызып айтар болсақ, уақыт ұсынар ақиқат осы.

Қазақтың елі мен жері де сол өзгерістер мен дүмпулерден сырт қала алмасы даусыз.

Ел мен Жерді осынау аласапыранды саяси ахуалдар сүреңі мен діни наным-сенім майданынан әзірге аман алып келе жатқан фактордың барын аңғара бастадық. Ол – мемлекет басқарып, билік тізгіні қолында отырған адамның оңы мен солын таразылап, елдің сыртқы күштерімен байланысын қалыпты жағдайда ұстауды, ішкі тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етер ұлтжанды, көреген тұлға болғаны. Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп келе жатқан көп векторлы, ұстанымы берік, өміршең саясаттың айқын көрінісі – бүгінгі Астанасын Арқаға қондырып, Атырауға өз кемелерінің желкенін жайған, Батыс, Шығысымен саяси-экономикалық байланысын тұрақтандырған, Ұлы Дала төсінің қиыры мен қиырын өз темір жолдары мен өзі салған тас жолдары жалғап жатқан, инновация мен еңбекті қоғамның қос қанаты ете білген Қазақстан екенін әлемнің ірі елдері танып, мойындап отыр.

Қазақ Елінің бүгінгі ақиқаты осы.

Біздер, қаламгерлер қауымы, елді, елдік тұтастығымызды бар мақсат, мұраттан жоғары ұстайтынымызды әр уақыт дәлелдеп келеміз. Қажет болса, әлі де дәлелдейміз!

Әдебиеті әлсіз елдің әдебі де, әдібі де әлсіз келеді. Жалпы, әдеп дейтін бекзат ұғым кез келген ұлт мәдениетінің дең­гейі мен рухының беріктігін танытады. Әдіп ұлттың өміршеңдік қабілеті мен күрескерлік қасиетін айғақтайды. Әдебі мен әдібі мықты халықтың тарих ұсынар кез келген уақыт иірімі мен замана ұйығынан өзін-өзі алып шығар, қорғана білер қабілеті мықты болады, Ғабит Мүсіреповтің ел аузына кең тараған қанатты сөзімен айтар болсақ, «Әдебиеті ұлы болмай, ұлт ұлы болмайды».

Қазақ – әлемге теңдесі жоқ ондаған кемеңгер тұлғаларды берген ежелгі жұрт.

Қазақ – ұлы әдебиетті жаратқан Ел.

Сондықтан... Қай ғасыр, қай дәуірде де біздің халқымыз үшін Сөз дейтін киелі өнердің, бүгінгінің тілімен айт­қанда, әдебиеттің орны әркез алабөтен болған! Бола да бермек!

0 дауыс

Олжас және әлемдік көркем ой

«Көне замандар қойнауында бойлай білу көп жағдайларда ұлттық мәдениеттің басқа халықтардың мәдениетімен қаншалықты таныстығы дәрежесімен байланысты. Осындай таныстықтың аясы кең болған сайын өз мәдениеті тарихын жарқыраған қырлары саны да арта түседі, оған тән және жалпы адамзаттық сипаты да мазмұндала көрінеді. Бұл мағынадан алғанда ғасырлар тереңіне кететін тарихқа деген қызығушылық, өзін біртұтас халық ретінде ұғынуға ұмтылу және басқа халықтардың арасындағы өз орнын табуға тырысуы - ұлттық сана сезімнің жоғарғы деңгейін көрсетіп қана қоймайды, сондай-ақ барлық мәдениеттер үшін ортақ басқа ұлттық мәдениеттермен араласуға деген ұмтылушылықтың куәсі болды» [1, 258 б.] - дейтін белгілі мәдениеттанушы ғалым Мұрат Әуезов ескертпесінің О. Сүлейменов шығармашылығын ұғынуға қатысты әдіснамалық маңызы зор. Ол туған халқының тарихын өзі үшін саналы түрде зерттеуге кіріспес бұрын барлық әлемдік мәдениеттерді шығармашылықпен игеріп қайтқан адам. Сондықтан оның поэзиясының әлемдік сарында болуы заңдылық.

Оның қаһармандары мен кейіпкерлері: ақындар мен батырлар, көшпенділер мен қалалықтар, ғалымдар мен қайраткерлер т.б. әр түрлі халықтар мен ұлттардың, мәдениеттер мен діндердің, дүниетанымдардың өкілдері. Олардың барлығына күнделікті пендешілік сүйініш пен күйініш, алауыздықтар мен бақталастықтар тән болғанымен барлығын біртұтас біріктіретін - жалпы адамзаттық рух идеясы бар. Бұл түрік-қазақ эпикалық жәдігерліктерінен, славян жырлары мен Скандинавия руна жазуларынан, Гильгамеш туралы Шумер хроникалары, мұсылман хадистері мен христиан апокрифтерінен Будданың уағыздары және бүгінгі ғарыштық игеруге дейінгі жетістіктерден тоқылған жалпы адамзаттық бірлік рухы идеясы. О. Сүлейменов адамзат мәдениетінің мыңдаған жылдық ортақ байлығын жәй біліп қана қоймайды, оны онан әрі дамытып, осы өмірде жүзеге асырғысы келеді. Өзінің кіндік қанымен туған жерімен байланысқан О. Сүлейменов үшін алыс-жақын құрылықтар мен өркениеттер арасында суайырық құрдымдар да жоқ. Жастайынан аңыз-әңгімелер мен ертегілер әлемінде өмір сүргендіктен               О. Сүлейменов үшін орталық немесе шеткері аймақ ұғымдары жоқ. Оның поэтикалық формуласының: «Бас майданды көру үшін уақыт картасында мен масштабты ірілендіремін» [2, 77 б.] деуі кездейсоқ емес.

«Солай да болғам бір кезде, болғанмын үнді дагоры. Шоқан да болғам, Блок та, Конфуций, тіпті Тагорың! Сэссю да, Шаман Савл да, Будда да болғам, Басынба» [3, 69 б.] - дейді ақын. Мұндай мойындаушылыққа келгенде Олжас жалғыз болған жоқ. Ақынның әлемдік ауқымға ұмтылуы ұлттық мәдениеттегі Махамбет, Шоқан, Абай үрдістерінен бастау алады. Махамбеттің өр поэзиясы мен қайсар мінезі ақынға үлгі болса, Абай мен Шоқанның биік парасат пен ауқымдылық дәстүрлерін Олжас одан әрі жалғастырушы болды. Орыстың ұлы жазушысы Ф. Достоевский Шоқанға мынандай кеңестер береді: «Сіздің қызмет бабыңыз, жалпы жағдайларыңызда не істеу керек деп сіз кеңес сұрайсыз. Меніңше былай еткеніңіз жөн: ғылыммен шұғылдануды тастамаңыз. Сізде өте көп материалдар бар. Дала туралы мақала жазыңыз.7-8 жылдан кейін өзіңіздің Отаныңызға пайдасы тиетіндей етіп, өз тағдырыңызды құра білген болар едіңіз. Мысалы,Дала мен Сіздің халқыңыздың кім екенін түсіндіру және біруақытта орыстардың алдында оның білімді қорғаушысы болып қызмет ету - ұлы мақсат, киелі іс емес пе. Есіңізде болсын, сіз европаша толық білім алған алғашқы адамсыз. Бұған қоса тағдыр сізге кеңпейіл мен таза жүрек беріп, тамаша адам етті. Кейін қалуға, кешігуге болмайды: күш салыңыз, орындамай қоймаңыз, тырысыңыз және тіпті, мүмкін болса, қулыққа да барыңыз. Бәрі де болуы мүмкін ғой, сеніміңіз нық болсын. Менің қымбатты Уәлихановым, сіздің тағдырыңыз туралы менің утопиялық ойларым мен жорамал-нобайларыма сіз күлмеңіз. Менің сізді қадірлейтінім сондай, мен сіз туралы сіздің тағдырыңыз туралы күні бойы армандаймын. Әрине, өзімнің қиялымда мен сіздің тағдырыңызды әлпештеп орналастырып та қойдым. Бірақ армандарымның ішінде бір шындық бар: сіз өз халқыңыздың ішінде европалық білім алған бірінші адамсыз. Осының өзі таңқаларлық жағдай, мұны ұғыну сізге еріксіз түрде міндеттемелер де жүктейді. Сіз алғашқы қадамды қалай жасайсыз: кешіп-пішу қиын. Тағы бір кеңесім (жалпы айтқанда):  азырақ ойланып, азырақ арманға бөленіңіз де көп жұмыс істеңіз» [4, 281-282 б.].

Достоевскийден ұзақ үзінді келтіріп отырғанымыздың себебі: бәрінен бұрын ұлы жазушы ақыл-кеңестерінің Олжас үшін де өзекті болғанына, яғни Шоқан алдында тұрған міндеттердің Олжастың алдында да, басқа жағдай, басқа формада тұрғандығына назар аудару болып отыр. «Кенжелемей», «азырақ армандап, көп жұмыс істеу» Олжасқа да қатысты болды. Шоқан алдындағы мақсат пен міндет бөлек, Олжастың алдындағы мақсат пен міндет бөлек, бірақ сабақтастық пен ауқымдылық ұқсастығы жақын. Шоқан алдында Ресей ғылыми қоғамдық пікірідің көкжиегіне шығу міндеті тұрса, Олжас өз алдына одан да зор адамзаттық көкжиекке шығу міндетін қояды. 1956 жылы Мұхтар Әуезов «Ф.М. Достоевский және Ш. Уәлиханов» атты мақаласында: «Достоевскийдің пікірінше, мәдениетті халықтар үшін мүлде белгісіз Дала тұрмысын - оның өмірінің ерекшеліктері мен  ұрпақтарының тағдырларын толық және жан-жақты баяндайтын ғылыми-зерттеу жұмыстары, көркем туындылар жазуда, оның ең озық өкілдерінің шығармашылық еңбектері орасан зор рөл атқаруы тиіс» [4, 284 б.] - деп, атап көрсеткенін еске салады.

Тағдырдың жазуымен Абай мен Шоқан қазақ сахарасынан шыққан - бірінші еуразиялық патриоттар болды. 2007 жылы «Русский мир» қорының директоры Вячеслав Никоновтың «Бүгінгі орыс мәдениеті мен ғылымын Шоқан Уәлиханов, Абай, Қаныш Сәтпаев немесе Олжас Сүлейменовсіз елестету мүмкін емес. «Достастық» - өткен туралы естелік болып қана қалмай, болашақ туралы арман болу» [5] - керек деуін жай қонақкәде үшін айтылған сөз деп қабылдамау керек. Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім, ержеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім» атты өкініші мен «атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген адамзаттық өсиеті де Олжастың есінде тұрып, жастық шағынан өзінің талантын бағбандай мәпелеп, баптай білді. Материалдарды өзінің жеке өмірінен алған туындыларының ауқымы, О. Сүлейменовтің жеке тәжірибесі шеңберінен асып түсіп жатты. Орасан зор тарихи материалдармен жұмыс істеген Олжастың болашақ туралы жалпы адамзаттық тақырыптарға бой ұруы да табиғи нәрсе. Бұл тұрғыдан алғанда 1961 жылы адамзаттың ғарыштық кеңістікке шығуына орай жазылған «Адамға табын, жер, енді» поэмасының орны ерекше. Поэма адамзаттың ғарышқа ұмтылысының гиміндей. Адамзаттың ұлы минутында пайда болған ұлы сезімді кеңестік саңлақ ақындардың ішінде бірінші болып О. Сүлейменов ғажайып поэтикалық шеберлікпен жырлай білді. «Мен инженер ретінде осы бір құлақ тұндырарлық фактінің мәнін тез түсінген едім... Біз Гагариннің ұшуы бүкіл әлемді тыныштық пен ізгілікке күрт жақындатады деп үміттенген едік және сендік. Бірақ олай болмай шықты. Санадағы шығармашылық содан басталатын түрткі секіріс болған жоқ» [6, 17 п.], - дейді О. Сүлейменов.

Поэмада О. Сүлейменов адамзат тарихын «екі ғасыр - екі заманға» бөледі. «Бірінші ғасыр - тарихтың басы», «жүретін жолды ұғыну ғасыры, боранды сүрлеудің, жанталастың, бақыт пен уайымның, ғасыры болды Алдаспанның». О. Сүлейменовтің түсінігінде, «бірінші ғасыр» - бақыттың әлемдік формуласын іздеу жолындағы өліспей-беріспеудің, өрт пен күлдің ғасыры болды. Ал Гагариннің ғарышқа самғауы, адамзат үшін жаңа заман. Ол қирату мен адасудың, соғыстардың емес, жасампаздықтың, жердегі тіршілікті сақтаудың заманы болуы керек. Ендігі жерде адамзаттың Отаны бір, ол - Жер. «Жоқ Шығыс, жоқ Батыс па, Кәдуілгі Егіздей екі ұлы бар ұлы атаның». Сондықтан ақын Батыс пен Шығысты қарсы қоймай, екі дүние халықтарының арасындағы жаулық пен қырғиқабақтықтың тамырларына балта шапқысы келеді, адам ұғымындағы жалғандық пен үміттің бастауларына үңіледі, адам тарихының барлық қатпарларын арши отырып, адамзатты біріктіретін бірден бір арнаны тапқысы келеді. Оның түсінігінде адамзат абыздары бағы бір замандарда ең қымбатты құндылықтарының бірінен қапияда айырылып қалған. Бүгінгі адамзаттың бір-біріне деген өшпенділіктің себебі де сол.

Көне көшпендінің арғымағына мініп алып, жаңа кеңістікке ұмтылғаны сияқты. О. Сүлейменовтің көшпендісі ғаламшарға секіргісі келеді. Бұл тұрғыдан алғанда поэма болашақ әлемдік құбылыс - жаһандасудың жаршысындай. Жаңа оянған Сүлейменовтің көшпендісі томаға тұйық өмір сүргісі келмейді. Ол бүкіл әлемді қамтуға тырысады. Оған түзу, көлбеу, айналма толқынды қозғалыс болсын бәрі бір. Дала, ғалам, киіз үй, ұрыс тактикасы да, ақырғы соңында этикалық нормалары да осы «айналайын» сөзі. Бір замандардағы соғыс пен жаугершілік оған - жат. Көшпенді жаугершілік заманда әйел өзінің биік тұғырына көтеріле алмады, ал Сүлейменовтің көшпендісі үшін - Дала, Отан, тарих, ұлылық, ерлік пен ар-ождан, анамен байланысты. Ол бүкіл әлемді көшпенді немесе отырықшы деп бөлмей, ұлтына, нәсіліне, дініне қарамай айналғысы келеді [7]. Планетарлық деңгейге шыққан Сүлейменовтің көшпендісі өз дүниетанымымен бірге отырықшы халықтардың дүниетанымын да бойына сіңірген адам, сондықтан адамзат тарихының өн бойында өткен ортақ оқиғалар, адамдар мен тағдырлар ұмытылмай жаңа кеңістік пен уақытқа бірге жанды түрде алынып шығады - «Біз өзімізді ғасырлар дертінің жиынтығы етіп жасадық». Поэма негізінен бірінші жақтан айтылатын монологқа құрылғандықтан, басты лирикалық қаһарман Юрий Гагарин - Даланы «Анам» деп қабылдап, ақын оған өз дүниетанымын таңып отырады.

«Көшпенділер мен егіншілік көне замандардан әлемдік бірлікке тартылып отырылды, көшпенді бұл бірлікті «әлемге кіру» деп түсінсе, егіншілер «әлемді өзіне сіңіріп салуға» ұмтылады. Ежелгі көшпендінің «мәңгілік көкке сыйнуы» егіншілерді Көктің ылғал-жауынынан айырып, көшпендінің егіншілерге деген жаулық қатынастарын білдірді» - дейді Мұрат Әуезов [1, 263 б.]. Ал               О. Сүлейменов поэзиясының негізгі сарындарының бірі - «Ойхой Нөсер! Ойхой Жауын!» бүкіл адамзатқа ортақ нұр болып құйылады: - «Жырғаңыздар, жырлаңыздар тартынбай, Жер мен Көктің үйленуі - бұл нөсер» [7, 104 б.]. 

Ғылым мен техникалық революция ғасырындағы адамзаттың ғарыштық кеңістікті игерудегі табыстарын жырлай отырып, ол мүмкін боларлық қауіптен адамзатты сақтандыруды ұмытпайды. Адамға толығымен бағынған кеңістік өзінің шексіздігімен «жерліктерді» тамырынан мүлдем ажыратып жіберуі мүмкін. Ондай жәйіттерді адамзат тарихында көшпенділер біруақыттарда бастан кешкен. Бүгінгі күнгі оның кемшін тағдыры да содан. Оны енді адамзат қайталамауы тиіс, «Европа мекен табиғи байланыстарын үзіп, айырылып қалған дойырлықтарды қайта жасауға кірісті. Мені тамырларым құтқаруда. Расын айту керек, барлық кезде емес. Ауада салбырап тұрған тамырлар, сиырдың құйрықтары тәрізді. Кеңістіктегі бағдарлардың орны ауысты. Біз шардың ішіндегі полюстерді шатастыратындай жылдамдықпен айналған зат сияқтымыз. Құлап бара жатқан шыңдар мен көкке самғаған тамыр жүйелері. Өмір діңгегіне деген әртүрлі көзқарастар» [8, 10 б.] - дейді ақын. Сондықтан Сүлейменовтің ойынша, үшөлшемді кеңістікті: өткен, бүгіні, болашақ - біртұтас сезінуден айырылып қалмау жолы маңызды, - «Кәдімгі біз өткен жол - сонау жарық жұлдызға жеткізетін жол анасы».

О. Сүлейменовтің көне көшпендінің рухани дүниесіне жан бітіруі - жаңа дүние бос жерде қалыптасқан жоқ деген байлам үшін қажет. Бірақ ол өрісі тар ұлттық шеңберде шектелмейді, қазақ даласының аумағын кеңейте түседі, оның көне жетістіктерінен жалпы адамзаттық мағына көреді және бүгінгі күн үшін өзектілендіріледі.О. Сүлейменовтің поэзиясы ХХ ғасырдағы жаңа ұлттың амбициясын білдіреді. Отан сезімі О. Сүлейменов поэзиясының өнбойында, алайда әлемнің көне тарихына еркін бойлаған ақынға өткен және бүгінгі халықтардың ой-арманы мен көңіл- күйі жат емес. Сондықтан оның поэтикалық тілінде орыс-қазақ сөздерінен бөлек, үнді, араб,украин болгар т.б. халықтардың сөздері еркін орнын тауып аударуды керек етпейді. Алайда, адамды Абай ұғымында қабылдайтын Олжас үшін кезкелген адам ең бірінші кезекте адамзаттың ұлы, бірақ оның болашақ жүзінен ақын өз халқының бейнесін де көргісі келеді. 1962 жылы шыққан «Нұрлы күндер» жинағында ақын, осы жалпы адамзаттық сарынды күшейте түседі. «Әзірге адамның ұлтын еске алуға болады, бірақ жақын арада оның қабілетінің ұлттылығы туралы айтуға кеш болады. Мені әлемдік деңгейдегі қандай да бір болмасын ойшылдың өзінің ойын қай тілде тұжырымдағаны мүлде қызықтырмайды. Капиталистік дүние табынатын суретші, коммунист Пикассоның туу туралы куәлігі мен енді ғана ойланып отырмын, - дейді ақын... Бірақ әзірге көптеген халықтар ұлттылығы арқылы лайықты орнын тауып отыр» [9, 169 б.].

О. Сүлейменов поэзиясы уақыт пен кеңістік шеңберінде қаншалықты терең де еркін сырғығанымен, ол ХХ ғасырдың екінші жартысының, ғылым мен техниканың саяси-мәдени кедергілерге қарамастан адамзатты объективті түрде жақындатқан дәуірдің ақыны. Сондықтан оған осы заман халықтарының тағдыры мен көңіл-күйі етене жақын. Тіпті, адамзаттың барлық молалары да оларды жақындатуға қызмет етуі тиіс. 1962 жылы Кариб дағдарысы әлемдік бейбітшілікке үлкен нақты қауіп төндірді. Африка құрылығымен бірге Алжир халқы да француздардан азаттық жолында күресіп жатты. Ақын жүйкесі де шегіне дейін сыр береді. «Молалардың жанында бас киімдеріңізді алып, бет перделеріңізді лақтырып тастаңыздар. Кім өзін интернационалист деп есептейтін болса, бүгінгі күнге ең керектісі: «Мен әрбір жәбірленуші халықтың азаматымын! Мен Мәскеуден Берлинге дейін жердегі 100 ұлттың ар-намысы үшін қан төктім» деп айтатын болсын. Гитлер Парижді таптағанда, мен француз азаматы болдым. Алғашқы коммунарлардың ұрпақтары кісі өлтірушіге айналғанда, мен Алжир халқының азаматымын. Адамзат таңдау жолы алдында тұр: жекеленген адамдардың бақыты үшін немесе барлығының бақыты үшін жүретін жолдар. Бірінші маршрут өзін ақтаған жоқ. Артқа бұрылу - бұл өлім. Тек алға қарай жүру қалып отыр. Еңбек - барлығы үшін. Бостандық барлығы үшін. Бауырластық - барлығы үшін. Бақыт та барлығы үшін. Бейбітшілік иероглифтері - планетаның көгіне көтерілді. Астымызда - Жер. Үстімізде - Күн. Ортақ бір Жер мен ортақ бір Күн» [9, 173 б.] - дейді ақын.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Соғыс пен Бейбітшілік, фашизм мен гуманизм таңдаулары да О. Сүлейменов поэзиясында ұлттық қайнарлар мен жалпы адамзаттық құндылықтармен айшықтала, екінші жағынан «молекулярлық деңгейде» мұқият жырланады. Литвада идиш тілінде гетто туралы мұңлы ән салып тұрған кішкентай Зурна қызды - «Моисейдің қызы» емес «көшпенді Мұсаның қызы деп қабылдайды - «Менің Ибрагимім - Аврамдай, Жақыпым – Яковтай ән салады. Иса - міні Иисус. Менің Моисейім - Мұсам ақшамда күнбатысқа қарап, мұртын тістелейді».

Европадан европалықтар геттосын,

Израильдан мысырлықтар геттосын,

Америкадан қытайлықтар геттосын,

Ал қытайда үнділіктер геттосын

Көрген кезде кетті есім» - дейді ақын.

«Бір соғыс бір соғыспен аяқталды...» өлеңінде ақын соғыста қаза тапқан баласының сүйегін жат жерде қалмасын деп, туған жерге алып келуге бел буып жолға шыққан қазақ шалы суреттеледі. Алыстағы жүздеген молалардың ішінен өз ұлының қабірін тауып алып, қазып алуға емеурін танытқанда, сол жердің әйелдері: «Мұныңыз не?... Бұл арада он сегіз адам жатқан жоқ па? дейді. Қария уәжге тоқтап, жүгіне отырып құран оқиды. Бұл құран жалғыз ұлының рухына ғана емес, діні, тілі, нәсілі бөлек ғасырдың зұлмат күшімен күрескен қалғандарының барлығына бағышталған еді. Соқыр сенімдер шегініп, ортақ қайғы жалпы адамзаттық оймен нұрланады.

«Салқын соғыс» - бітіспес әлемдік идеологиялық күрес жағдайында «айқастан жоғары тұрып» «ақындар мен үкіметті аттап өтіп» әлем халықтарының тағдырына ортақтаса білу, бұл сөзсіз ақынның үлкен азаматтық жеңісі. «Менің сенімімде: ақын мен азамат - бұл екеуі бір нәрсе. Жоңышқа туралы жазса да ол бәрібір азамат. Өйткені адамдар үшін жазады. Осы бір ұғымды өз бойыңда ұштастыра білу - үлкен жауапкершілік. Бұлар бір мидың екі жартышары сияқты» [10, 125 б.], - дейді ақын. «Ақын - өз халқының қорғаушысы» деген қанатты сөз ескірді. Біз, ата-бабаларымыздың ащы тәжірибесін ой елегінен қайта өткізіп, басқа тұжырым жасаймыз: ол - адамдардың қорғаушысы» [11, 32 б.].

«Мен әрбір жәбірленуші халықтың қорғаушысымын» деп жариялаған       О. Сүлейменов үшін азаттық жолында күресіп жатқан Азия-Африка елдері өкілдерінің халықаралық ұйымдардағы қызметі, әлемдік өркениеттік процесстерге кірігуі, өздерінің азаматтық-құқықтары жолындағы күресін мақтан тұтады. Ақынның бұл циклдағы өлеңдерін біріктіретін бір сарын бар, ол - ұлттық қадыр қасиет идеясы. О. Сүлейменов бұрынғы отарлық езгіде болған халықтардың ұлттық ар-намысын қалпына келтіру арқылы ғана, олардың адами қадыр қасиетін қалпына келтіруге болатынын жақсы түсінеді. Сондықтан БҰҰ-ы ғимаратының текпішегінен көтеріліп бара жатқан жас Африка мемлекетінің өкілі эпикалық сарында берілсе, - «дәл сондай еді-ау Маяковский жасында», «Бостандық рейсінде» өлеңінің лирикасына жоғарғы пафос тән. Ақын Алабама штатында автобуспен жол тартқан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, сегрегацияға қарсы күреске жиналған ақ және қара нәсілді жігіттер мен қыздардың тобына қосылып кетеді:

Замананың қиянат зәбірі өткен

Маған таң боп қарайды негр біткен.

Шығып жатса майданға қаптап адам,

Мен де оларға қосылып аттана алам.

Ультра ұлтшыл экстремистер Парижде 15 тамызға өздерінің арандатуларын жасырын белгілеген. Бірін бірі танымайтын көше сыпырушы алжирлік пен өрісі тар көк долы сұлудың бірін бірі көргендегі әсерлері де тартысты. Сәл нәрседен от тұтанғалы тұр. Екі жақта астыртын сақадай сай. Алжирлік те «қойнындағы пышағының жып-жылы сабын үнемі түзетіп» жүреді. «Отельдің әйнегінен қарағанда» өлеңінде ақын бейбітшілікті сақтаудың қаншалықты адами нәзік факторлардан тұратынын, ал нәсілдік арандатудың оспадарлар үшін қаншалықты оңай екенін тамаша береді. Әдетте шетелдік жол сапарларда қарапайым пенде үшін сыртқы көріністердің әсері айрықша. Оларды жат әлем деп жатырқамау үшін биік өре, нақтырағы ақын болу керек. О. Сүлейменовтің «Әйел», «Нөсерге самолеттен қарағанда», «Нью-Йорк нөсері», «Чикаго. Жаратылыстану музейінде» (ақын онда далалықтарға ұқсайтын ежелгі көсемдер фигураларын көреді) өлеңдерін осы тұрғыдан қарау керек. Жаны жадау, жалғызсыраған «Нью-Йорк нөсерінің» өзі Дала жаңбыры боп құйылады:

Зәулім-зәулім үйлердің

Арасында өгейсіп

Жүрсең жаңбыр

Сен мені,

Туысқаным дегейсің.

Адай жігіті мен француз әйелінен туған американдық бала туралы «Ришад қырдың баласы» атты өлеңнің сюжеті де өте қарапайым. Ақын балаға тақия сыйлайды:

«Үнсіз-түнсіз кетті әкесі бұрылып,

Туған жері түсті ме екен есіне

Тапты деп бір туысқанын баласы

Мәз болып жүр анасы.

Әкесі адай, шешесі әсем француз

Ришадты испандық деп қаласыз...»

«Оралу» атты өлеңнің сюжеті де осыған ұқсас қарапайым. «Киелі жерлерден» мінәжәт қылып қайтып оралып келе жатқан жігітке Мәскеуде ғана әжемнің «бір уыс топырақ ала кел» деген бұйымтайын ұмытып кеткені есіне түседі. Бірақ «жер барлық жерде, меніңше, киелі емес пе» деп ұйғарған жігіт туған жеріне Мәскеудің бір уыс топырағын ала келеді.

Дәстүрлерден берік туындай отырып, О. Сүлейменов таптаурын болған метафоралардан бойын аулақ ұстайды. Жаңа тың образдар жасай біледі. Бірақ О. Сүлейменов түсінігінде «Күн мен жүрек қақтаған нұр махаббат» тілі өзгермейді. Сондықтан оның қазіргі ғашықтары да бір кездердегі Шумер ғашықтары сияқты «ұмыт болған» тілдерде сөйлей біледі. Автор саналы түрде бұл сезімнің «кітабилығына» киелілігіне назар аударады. Оның ойынша, «шаң басқан махаббат беттерінде» тек ғашықтарға ғана ашылатын жұмбақ, мыңжылдық сезімнің қуаты жатыр. О. Сүлейменов «Тепе теңдік» атты өлеңінде «болашақ ғасырлар романдарының парақтарын тарақпен тарап аршы, олар қараңғылықтан қорқады, ал жарыққа төзбейді. Аңызақ даладай боп бос жатқан ол беттерден қорықпай, парақтап үңіл: сіз бен біз, олар да тағы да кездесерміз» дейді [12, 118 б.]. Мұндай сарын «Ноктюрн» және Махатма Гандиге арналған «Жер шетіндегі бір минуттық үнсіздік», «Сонда, сонда хабарламалары», «Бал жей ғой, Асан!» өлеңдеріне де тән. Қазіргі заманның Асаны бақытын іздеп жол жөнекей неолитке бас сұғып, ине жасауымен одан өтіп Шумер жазу кестелерін кезеді. Уақыты өте келе зымыранға мінеді, мумиялар кітабын оқып шығып әлемдік кеңістікті өлшейді. Бірақ ол кім болса да: саяхатшы ма, ұшқыш па жай кезбе ме - географиялық, ұлттық мәдени құрсау шеңберінен ада адам. Барлық дәуірлерге кіріп шығып іздегені жай ғана нәрсе - адалдық, адами бақыт.

Адамзат ұлдарына әртүрлі тарихи ерекшеліктер, тұрмыстық, мәдени, экономикалық-саяси ала құлалықтар тән. Қай ғасырда, қай дәуірде болмасын адамзат тарихындағы жасампаздықтан гөрі қиратушылық-дүлей күштердің белең алғанына ақын қатты қапаланады. Ақын - дәстүрлі және бәріне белгілі әлеуметтік-экономикалық себептерінен асып өтіп мұндай қайшылыққа психологиялық тұрғыдан қарайды. Оның ойынша, бір халықтың екінші халыққа деген тарихи реніші, соқыр сенімдері экономикалық формациялардың ауысқанын да ұзақ есте сақталып, халықтардың кекшілдігіне, өзара сенімсіздігі мен өшпенділігіне қызмет етіп, адамдардың ең басты адами құндылықтары туралы ойлануына мүмкіндік бермейді: «Қарғыс атқан реніштің мәңгілігі! Мың жылдық қуанышты есімізде сақтамаймыз, бірақ әлем реніштің бір сәтін ұмытпайды, реніштің қоңырауы аңызақта сайрап тұр... Реніштің бір сәті үшін адамдар ғасырлар бойы кектенуге бар» [13, 6 б.] дей келе, ақын адам баласының керегесінен кері кеткен пендешілік аярлығын түйрей өтіп, оның барлығын түлен түрткен шайтан кейпіне тамаша топтастырады: «Бәрі ақылға сыймды. Киелі азапкерлер адам тобырын мезі етіп, - «пайғамбарлар» жұмақ туралы әбігер болып жатқанда, көңілді шайтан іс туралы айтады: бүгін өмір сүрейік, ертең - көре жатармыз. Шайтан: «Соңымнан!» деп жар салғанда, «Құдайдан» - «Қожайын» артық болып, жұмақтан жердегі өмір жақын болды» [13, 7 б.].

О. Сүлейменовтің поэзиясы - тынымсыз зерттеушіліктің, кешенді ізденістің тұйықтан жол іздеудің поэзиясы. Ақын рухани жұтаңдық пен ой мешеулігінің табиғатын зерттеуде әлеуметтік-қоғамдық әділетсіздіктің шеңберімен қанағаттанбайды. Адамдардың тыныш өмір сүріп, бейбіт тіршілік етуіне кедергі жасайтын себептердің бір ұшығын - жалған ғылым, жалған данагөйліктен іздейді. Ақынның ұғымында әлемдік ғылымда, ол әмбебаптық сипат алып отыр. Ресми данагөйлік пен ғылымның рухани таяздығын көре білу - догматизмі мен жаны сірілігін әшкерелеу қиынның қиыны. Жалған ғылым мен данагөйлікте жалған мұратсыз, дөрекі тұрпайылық өмір сүре алмайды. Тұрпайы мұраттарды пір тұтады. «Құмырсқа» поэмасында бұл мәселенің жай жапсары, анық-қанығы тамаша беріледі. Ойы өлі, «мақтаулы» дүмше данагөйдің бүкіл болмысы: - «Бар әлемнің арманы - Тау жазыққа айналса, ешкім оған көлеңке түсірмесе, жазық бойында тек қана құмырсқа зорайып тұрса. Мен тек кемістікке сенемін. Ұсақ-кембағалдарға табынатын кез келді» [14, 76-77 б.] - ұстанымына бағындырылған.

«Сөздің киесі, құдіреті болды» дейтін қазақы ұғым - О. Сүлейменовтің имандай сенетін негізгі ұстанымы. Оның түсінігінде, адамзат бойындағы ортақ тоқырау мен керенаулықты да сөздің киесімен, яғни - «зәреңді алған үйлесімнің шекарасын да көмей үніңмен жеңуге болады». Ақын, бұл тұжырымды адамзатқа ортақ дүниенің жаратылуы туралы Вавилония аңыздарынан да қосымша туындатып отырғаны жасырын емес - «Жоғарыдағы аспан атауын алмай тұрғанда, ал төменде Жердің атауы болмай тұрғанда» Жаратушы Құдай әрқайсысына атау беріп дүниенің бөліктерін болмыстың жоғынан алып шықты дейтін түсінік бар. Сондықтан О. Сүлейменов өлеңдерінде «сөз» мыңжылдық қадірі қашқан қатпар-түсініктерден тазартылып бәз қалпында, яғни киелі қалпында қолданылады, сөйтіп бүгінгі күннің жалпы адамзаттық мәдениеттерін шешуге бағындырылады. Мысалы, О. Сүлейменовтің Испания туралы өлеңінде фалангистер взводы испан ақынын атуға бұйрық алады. Бұйрықты орындаушылардың керенаулығы мен мәңгүрттігінен адам шошынады - «барлығы жендет болғанда ешкім жендет болмайды». Мұндай жандайшаптықпен олар таңғы күнді де атқан болар еді, өйткені «күн ұйықтауға кедергі жасайды» дейді О. Сүлейменов. Сөйтіп сөзбен тоғышардың рухани керенаулығын бұзады [13, 50-51 б.]. Сондай-ақ болгар ақыны Димчо Дебеляновқа арналған «Ана» өлеңіндегі «өз атыңды өзің шығар ер болсаң - танысын ел» тіркестерінің этимологиясы да өзіңді өзің жаса, тобырдан шыға біл мағынасында қолданылып тұр. Бірақ өзіңді қалай жасау керек? Тобырдан қалай шығу керек? Ең бірінші кезекте адам бол, жалпы адами нормалар мен құндылықтарды игер дейді ақын - «егер сен адам болсаң».

О. Сүлейменовті жалпыадамзаттық құндылықты бір сәтте болса ұмытып, адамдардың тұлға болып қалыптасуын кешеуілдететін халықаралық соқыр сенімдер, ғасырлар жүгінің ауыртпалақтарын алға тарту дәстүрлері еш қанағаттандырмайды. Сондықтан ақын бір халықаралық іс-шарадағы жүлденің сценарий бойынша французға берілгеніне қарсы:

«Французға жүлде - «Марсельеза» үшін бе,

Мен марсельдіктен артық жырлар ем»

дейді ақын немесе келесі бір де «Дүкендегі еттің сорт-сортқа бөлініп паршаланғанындай», тарих та тарауларға бөлініп паршаланған» деп ыза кернейді. Кезінде Олжастың «Арлингтон қабырі» өлеңіндегі «жау моласында да үнсіз қала алмаймын. Жерленген Аттила ма, әлде құл, әлде сүйкімді әйел ме. Өзімде түсіне алмаймын! Әйтеуір кезкелген мола маған қымбат» [9, 105 б.] - деген жолдары да жалпы адамзаттық мағынада айтылып тұрғанына қарамастан, «таптық тұрғыда» жазылмағаны үшін сын-ескертпелер көп айтылып еді.

О. Сүлейменов өзіне Батыс әдеби дәстүрлерімен бірге Шығыс поэзиясының дәстүрлері де жат емес екенін «Назым Хикметке» арналған өлеңдерінде білдіреді.

Алла! Қайттім, ақыл бер,

Таң сәрі - кеш пе ерте ме?

өлеңдерімді артынып - Хорасанға тартсам ба,

парсы-иран ассам ба?

Махаббат жайлы жаздым мен,

Жазғандай Иран шайыры

Таңда олар өлтірген

Ақындарды мұнарадан құлатып [15, 196 б.].

Мәдениеттанушы Әуесхан Қодар: «Егер Мағжан тек Шығысты ғана дәріптесе, Олжас Шығыс пен Батыс арқылы тұлғалық, азаматтық сана қалыптастыруға тырысқан. Сондықтан ол екі рухани дүниені бөлмей, өз жүрегінде ұштастыруға талпынып, «Шығыс әрқашан да шығыс, батыс әрқашан да Батыс» деген ағылшын ақыны Редъярд Киплингпен пікір таластырады. Ақын жолын бастамай тұрып «Аласартпай тауларды асқақтатсам Даламды» десе, ол бұдан кейін де ешқашан дүмбілез дөрекі ұлтшыл болған емес. Керісінше, өз халқын адамзат өркениетіне араластырсам деген ізгі ниетпен жүрді. Оның ең қомақты шығармасы - «Қыш кітабының» өзі де осыған айғақ. Бұл кітапта бірнеше қатпар бар. Соның біріншісі - кеңес ғылымын келеке ету, замандастарының надандығын, тарихи санаға кемістігін келемеждеу. Екіншісі, иран мәдениеті арқылы Шығысты дәріптеу, үшіншісі, көшпенділердің ерлік мәдениетінің сырына үңілу» [16, 56 б.] - дейді. «Қыш кітапта» О. Сүлейменов әдеби камералықтан бас тартты. Бұрынғы ақиқатты білдірген әдеби формалар мен тіл - музей экспонаттарындай рухынан айрылғандай еді. Сондықтан           О. Сүлейменовке жаңа формалар мен тілге жүгінуге тура келді. Ең бастысы өзін толғандырған мәселелерді жеткізудің құралдары маңызды болды да, ақын тілді жаңартты.

О. Сүлейменовтің шығармашылығының қай бағытын алсаңыз да, жалпы адамзаттың бір тарихи тағдыры туралы идеялар биік мұнарадан мен-мұндалап тұрады. Көне замандардан бүгінгі күнге жақындаған сайын бұл ойлар күрделеніп кеңейе түседі. Туған Даладан бастау алып, сонау Париж, Лувр, Монмартр, Мәскеу, Новгород, Владимир, Саратов, Қазақстанның Жетісуы, Арқа, Оңтүстік, Еділ-Жайығын былай қойғанда, барлық құрлықтардың географиялық тарихи атауларымен бірге халықтары, олардың көрнекті өкілдері мен қарапайым адамдарының тыныс тіршілігі, түсініктері мен көңіл күйлерінің эволюциясы нақты реалистік мағынада жырланады, планетарлық Отан сезімін күшейте түседі. Ақын өзінің жер шары халықтары тарихының эмоциональдық әлеміне кіру қабілетін сынайтындай әсер қалдырады. Бұл жағынан алғанда       О. Сүлейменов келесі бір Батыстың ақыны американдық ұлы Уолт Уитменмен жарысқа түскендей. ХІХ ғасырдың жаратылыстану ғылымы адамзатқа жаңа әлем - Ғарышты ашып беріп, У. Уитмен оның мәнін бірінші болып түсініп, планетарлық сананы, планетарлық Отанды жырлады. О. Сүлейменов объективті түрде оның жалғастырушысы болды. О. Сүлейменовтің артықшылығы тек поэтикалық құралдармен шектелмей, ғылыми құралдарды да іске қосып, бұл процеске елеулі екпін берді. Испан ойшылы Ортега и Гасеттің айтуынша, адам өз бойындағы мүмкіндіктерінің жобасы - О. Сүлейменовтің жобасы да нәтижелі шықты.

О. Сүлейменовтің әлем халықтары тарихының эмоционалдық әлеміне кіруінің үлкен құрамдас бөлімін, мүмкін негізгі бөлімін - ежелгі орыс тарихы құрайды. «Эскиздер» - циклындағы өлеңдері автордың ежелгі Русьтің рухани өмірін кез келген орыс маманынан кем білмейтіндігінің куәсі. Ежелгі славяндардың кеңдік, жомарттық, ізгілік қасиеттері еркін, екінші жағынан идеялық тартыс үстінде нанымды беріледі. Қаймағы бұзылмаған әртүрлі әлемдік діни қатпарлардан ада орыс жандүниесіне әлемдік діннің - Иудаизм, Христиандық, ислам - өкілдері өз діндерін сеппекші болады. О. Сүлейменов бұл процессті өте тартысты, әрі мысқылмен береді. Ежелгі орыс мінезін дөп басуына көне славян жылнамаларын, «Игорь полкі туралы жырды» зерттеу тәжірибелері сезіліп отырады. «Волхов, Сиқыршылар» өлеңінде Варяг көсемдерін Новгород вечесі мен қоңырауын, қауға сақал воеводалардың келбетін, ғашықтарының сырласуы көз алдыңызда елестейді. «Врубельдің - Русі» өлеңінде тақырыпты игеру кеңейе түседі. «Асқан Ару Глебованың зары» Ярославнаның жоқтауындай естіледі. Ақырғы соңында Ресейге арналған жалынды публицистикалық арнауларына кезігеміз.

«Біздің жерлеріміз қашанда қатар жүрді. Бұл сені де мені де, қамкөңіл етті. Сен мені хазар, касах, монғол, қайсақ, ақырында - қазақ дедің. Сенің еркін адамдарың менің есімімді алды. Сенің жарамды аттарыңды, мен алатөбел шұбарым дедім. Сенің қалаларыңа мен Сары-ат, Самара деп ат қойдым. Сенің Арбатыңды - арба жолым дедім. Сенің ерлеріңе жаугершілік «Ұр-ах!» Ұранын берген де мен едім. Осы дабырмен сен өзіңнің тәуелсіздігіңді жеңіп алып, басқалардың бостандығына қол салдың, Россия! Нөсер тамшысын аңсаған менің далаларыма, сен Еділдің лайсаң қарғыны болып келдің. Тастар батып, шаңдар су бетіне қалқып шықты. Бірақ Еділ кейін серпіліп, құрғақ құмдауыттарда, кенеттен шөптер пайда болды. ХХғасырдың бостандығы тууы үшін сен менен феодалдық заманның бостандығын тартып алдың. Сенің пушкаларыңның артынан - Пушкин келді. Бұл қатігез жеңіс еді. Сенікі және менікі. ...Сені Азия деседі. Мен мақтан тұтам, Азия! Анам менің Азия!.. Россия! Менің, соғыста атылып кеткен әкелерім айта алмаған, айтуға үлгірмеген және айтқысы келген сөздерін адамдарға айтқым келеді» [9, 163-165 б.].

О. Сүлейменовтің ғылыми-зерттеушілік жалпы адамзаттық сипаттағы өлеңдері мен мақалалары негізінен 60-70-жылдары жазылды. Жалпы адамзаттық, азаматтық іс-әрекеттері де осы жылдардан бастау алады. 1965 жылы «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында, ақын Соғыстың қаншалықты қасіретті және асқақ сөздерді тудырғанын айта келе: «Қаһармандық - тарихты әлі жалықтырған жоқ. Вьетнам - бұл бүгінгі күндердің Испаниясы: Мен онда найза мен қалам болғым келеді» - деп мәлімдеді. Ақын әлемнің ең қызықты тұлғасы ретінде Венгрияда туылып Ресейде әділет жолында күрескен және Испанияда осы жолда қаза тапқан Мате Залканы айтады. Қазақ ССР-і Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алысымен ақын оны американ солдаттарының құрбаны болған Вьетнамның Согми деревнясының тұрғындарына көмекке жібереді. Қазақстан жазушылары Одағының Азия-Африка елдері ақын-жазушыларының халықаралық интеллектуалдық қозғалысының бөлімін басқарады.

О. Сүлейменовтің поэзиясы ғана емес ғылыми ізденістерінің бағыты да жалпы адамзаттық бірлік санасын қалыптастыруға бағытталған. Ақынның шығармашылығы тек түркі-славян әлемінің халықтарын ғана емес, барлық құрылық елдері халықтарын толғандырады. Себебі оның шығармашылығы қазіргі заманның дәстүрлі дүниетанымның классикалық формаларынан да ерекшеленеді. Классикалық философия дүниетанымның негізінен дүниені оймен танудың ұғымдарына, ғылымның заңдарына бағындырылған. Сүлейменовтің ерекшелігі сонда оның ойлары поэтикалық образдармен көмкеріліп, академиялық ізденістерге қарағанда неғұрлым жанды және бедерлі қабылданады. Бұл орайда Луй Арагонның: «Менің жеке басым, логикалық ақыли құрғақ тұжырымдар тізбегіне қарағанда, идеялардың поэтикалық ассоциацияларына көбірек сенемін» [17, 248 б.] - деген сөздері еске түседі. Сондықтан ақынның өлеңдері, публицистикалық мақалалары мен эсселері оның адамзаттық ойларының «архитектоникасына» ену тұрғысынан алып қарағанда да айрықша ұтымды шығады. Ғылыми ізденістері де жалпы адамзаттық басты көкейкесті мәселелермен үндесіп жатады. «Бүгінде біз тек - біздің ұлттық тарихтың категорияларымен рухани өмір сүре алмаймыз. Мәдени интеграция планетарлық сананы тәрбиеледі. Біз ғаламның тіршілік сыйланған бірден бір ғарыштық денесі - Жер екенін білдік. Бұдан бір ғасыр бұрын ғана, ол шексіз болып көрінген еді. Ол біздің ортақ Отанымыз. Біз азбыз, біз ғаламда жалғыз тұяқпыз. Сондықтан Жер планетасында не нәрсе өтіп кетсе де - біздің Ортақ тарихымыз. Ежелгі грек мәдениеті - төлқұжатында «грек» болып жазылғандікі ғана емес, біздің бәріміздікі. Сондай ақ Шумер, Ежелгі Қытай, Перғауындық Египет мәдениеті де солай. Бұл менің сенімім» [6, 16 б.], - дейді ақын.

1962 жылдан басталған ақынның тұңғыш ғылыми мақалалары «Игорь полкі туралы жырдың» мәтіні мен мазмұнын ғалымдардың бөлек-бөлек зерттеуіне қарсы бағытталса және оның нәтижесін «Аз и Я» кітабы қорытындыласа, нақ осы еңбегінің екінші бөлімінде ақын әлемдік тарих, тілтану ғылымындағы ғылыми бытыраңқылыққа қарсы шығады. Әлемдік гуманитарлық ғылымдағы оқшаулық орта ғасырлардағы феодалдық бытыраңқылық атмосфераларын еске түсіретін. О. Сүлейменов кеңестік қана емес, әлемдік тілтану, тарих және саяси ғылымдардағы академиялық бытыраңқылықтың объективті және субъективті себептерін ашып көрсетеді. Парадоксальдығы сонда ХХ ғасырдағы әлемдік қоғамдық ғылымдардың, мектептердің гуманистік деңгейі Сократ, Конфуций, Пушкин, Толстой, Абай т.б. жеке тұлғалық мәдениетінен кемшін түсіп жатты. «Данагөйлер келесі ұрпаққа өздерінің қайтіп өмір сүргісі келгенін өсиетпен қалдырады,- дейді ақын. - Біз әзірге бұрынғы өткен данагөйлерден аз білеміз.Бірақ біз нақты өмірде қалай болатынын және идеалды жағдайда қандай болу керек екенін тиянақтылықпен ажырата білеміз. Данышпандар аяқтарының астына қарамай құрдымға құлады. Мамансымақтар идеалистер болған жоқ Олардың көзқарастары соқпақ жол үстіндегі тастардан жоғары көтеріле алмады. Бүгінгі әдебиетшілер биік мұратқа пендешілікпен қарайды» [18, 7 б.].

Ғалымдар бытыраңқылығының ғылыми, идеологиялық, діни, географиялық, саяси себептерімен шектелмей, ақын - тарих қойнауындағы жалпы адамзаттық ғасырлар бойғы адасулардың қайнар көзін деректерге деген ала құла, бытыраңқы көзқарастардан іздейді. Адамдардың күнделікті бейбіт өмірі, күнделікті тарихы - адамзат тарихының құрамдас бөлімі. Бірақ өкінішке орай, олардың барлығы жазба деректерде бейнеленбей, О. Сүлейменовтің түсінігінде өзіндік адамзаттық «ақ таңдақтарды» құрап отыр. Осылайша адамзаттың ой тарихындағы ең түйіткілді, ең жаны сірі соқыр сенімдердің бірі академиялық соқыр сенімдерге қарсы шығып гуманитарлық «Берлин қабырғасын» құлатқысы келеді. Сөйтіп адамдардың бірігуіне жол ашуға ұмтылады. «Тарихнаманың ғылыми еместігінің себептерінің бірі жазба деректерге деген соқыр сенімде жатыр,- дейді О. Сүлейменов, - Олардың әрқайсысы жекелей және жинақтай алғанда күнделікті айтылып жүрген және таптаурын болған «Тарих дұрыс» деген мәтелді теріске шығарды. Ежелгі жылнамалардың кез келген мәліметіне құдайдай сеніп, біз өткен туралы жалған түсінік алдық. Тарихи оқиғалар көбіне біржақты сипатталған және оның әділ, шын екені әлі дәлелдеуді талап етеді. Біздің бабаларымыздың санасында өздерінің ішкі бөгесіндері болды; әрбір жергілікті жерге, әрбір дәуірге өз бөгесіндері тән еді. Барлық ежелгі жазушылар әлемін біріктірген не нәрсе - тартысты драмаға деген кеселді құмарлық болды. Соғыс және Бейбітшілік. Бұл ХIХ ғасырдың жазушысы көрген оппозициялық формула». Бірақ ежелгі шығармалардың формуласы қарапайым, ол - соғыс. Соғыстың әрбір қас қағым сәтін бейнелеген. Ал бейбіт ғасырларға жылнамаларда орын берілмеген» [19, 185 б.]. Сондықтан өзінің зерттеу жұмыстарында О.Сүлейменов әлем халықтарының тілдеріне, сөздіктерінің материалдарына тікелей шығып, сенуге болатын бірден бір объективті дерек ретінде сүйенеді.

О. Сүлейменовтің ғасырлар тоғысында дүниеге келген іргетасты еңбектері «Жазу тілі», «Қиылысқан параллельдер» де «Аз и Я»-ның жалғасы іспеттес осы адамзаттық рухта жалғасын табады. Толассыз фантазия, адам ой-арманының шексіз самғауы. Санқилы жорамалдар да бұл еңбектерге тән. Бірақ олардың барлығы тарих, тілтану, философия, саясаттану, әлеуметтану, экономика ғылымдарының ең соңғы жетістіктеріне сүйенген. О. Сүлейменов ғылыми ізденістері мен идеяларының танымалдылығы осымен түсіндірілсе керек. Құпия жазуларды, тілдер мен аңыздарды жаңаша тарқатып түсіндіру оның ойынша адамзат тарихын жаңаша түсінуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қазіргі таңда бүкіл әлем елдерінде жекеленген халықтардың тарихы жасанды түрде бөлініп, оқшау оқылатындығына қарамастан, біздің бүкіл адамзат тарихымыздың негізі бір, өзара байланысты. О. Сүлейменовтің ғылымы мен поэзиясы ежелгі және жаңа замандарда үзілген байланыстарды қайта қалпына келтіруге бағытталған. Әрбір ұлттық мәдениет пен жалпы адамзаттық мәдени мұраттар туысқандығы басым бағыт алады.

Әлем азаматы ретінде О. Сүлейменовті өткен ғасырлардың кеселдері ғана емес, қазіргі заманауи адамзаттық және ұлттық дерттер де қатты толғандырады. Ол үшін планетаны мекендеген халықтар мен олардың үкіметтері ортақ мүддені шешу мәселесіне күш біріктіру керек. Табиғи жаһандасу жағдайында көптеген халықтардың интеллектуалдарын жалпы адамзаттық мәдениетпен ұлттық мәдениеттердің арақатынасы мәселелері қызықтырады. Уайым мен үрей де жоқ емес. О. Сүлейменовтің ойынша, аман қалу философиясы ғасырлар тәжірибесінен өткен мәдени-рухани дәстүрлерге деген байсалды қатынастарды талап етеді, адамзат мәдениетінің неғұрлым іргетасы негіздерін дамыту керек. Әрбір ұлт өз мәдениетінің дәстүрін сақтап қана қоймай, оған жаңа мазмұн беруі керек. Ал О. Сүлейменовтің соңғы кітаптары жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениеттерде қалыптасқан қазіргі рухани және интеллектуальдық вакумды - бос кеңістікті толықтыруға мүмкіндік береді. Өз мәдениетіне жаңа мазмұн бере алмай жатқан ұлттардың тағдыры күрделі. Осы тұрғыдан алғанда                       О. Сүлейменовтің соңғы еңбектері қазақ мәдениетінің ғана емес, әлемдік мәдениеттердің қазіргі жаһандану жағдайындағы «бейбіт қатар өмір сүруіне» көмектеседі. Шынында да Ф. Достоевский айтпақшы «оның ең озық өкілдерінің шығармашылық еңбектері орасан зор роль атқарады».

Әдетте, О. Сүлейменовті Отандық оппоненттері ақынды ұлттық мәдениет пен тіл тағдырларына қарағанда, әлемдік проблемалардың жетегінде кетті деп кінәләйді. Бірақ шын мәнісінде оны көп жағдайда - әлемдік мәдениетте ұлттық мәдениет көптүрлілігінің жойылып кетпеуі толғандырады. Ал оның бірден бір кепілін, ақын «Поездар кешіккенде» өлеңінде былайша білдіреді:

Басып қалсам клавишті - «Атойлап!»

Эпостардан құйындатып жігіттер,

Үш жүз жылға кешіксе де

Листтен бұрын құтқаруға асығады [11, 244 б.].

Ақынның туған тілге қатысты мына бір жан тебірентерлік сөздері де оның кепілі: «Бабаларымның тілі - мыңжылдықтың тілі. Уақыт бойында сен саз балшықтай иленіп, отқа қақталдың. Қылыштың соққысы мен қамшының ысқырығы, ерлеріміздің өрлігі мен әйелдердің ыстық табы да сенде. Шумер, ғұн тілдерінің ұмыт болған үндері монғол сөздерінің қырылы да сенен естіледі. Сен қайда тудың? Өртке оранған Жетісуда ма? Сен бізге тамырларымыз арқылы берілдің. Сөйтіп, сен жүрегіміздің дүрсілі, ойымыздың қоңырауы болып тұла бойымызды кернеттің. Тағдыр мені қалай шыр айналдырса да - ант етемін! Мен саған қайтып оралам. Өмірімнің басында, әлде соңында. Алыстан, құтты саяхаттан, қымбат жасаумен, үлде мен бүлдеге оранып, ұмыт қалған әкесіне оралған перзентіндей ораламын» [13, 267 б.].

Авиабилетімен әлемді кезіп жүре бергенше, «Зәулім екі қабатты үй салуға кеңес бергендерге» құлақ салмай, Африка, Франция, Азияны шарлаған қазіргі көшпенді О. Сүлейменовтің рухани әлемі өте күрделі, біруақытта өте түсінікті де қарапайым. О. Сүлейменов үшін көшпенділерлің эстетикалық мұраттары жаһандасу заманында із-түссіз жоғалып кетпейді. Бүтіндей бір дәуірді құрап, «жалпы адамзаттық рухтың» құрамдас бөлімі болды. Қазақ халқының рухани тәжірибесі бүгінгі жаһандасу заманында оның ұрпақтарының кәдесіне жарайды дейтін түсінік - О. Сүлейменовтің негізгі ұстанымы. Мәдениеттанушы Мұрат Әуезов жазғандай: «Сірә, О. Сүлейменовтің ақындық дарынының басты ерекшелігі - өз халқының рухани өмірінің терең де, арналы ағыстарына «тартыла» білуінде. Оның орыстілді поэзиясында дүниені тұщынудың ұлттық стереотиптері тартыссыз және ақыли стиллизациясының ебедейсіз нобайларынсыз еркін көрінеді. Пұтқа табынған көне заманның, бөлінбейтін, біртұтас әлем туралы тарих сыннан өткізіп асқақтатқан баяғы ата-бабаларымыздың түсініктері - О. Сүлейменовтің поэзиясында үзіліп қалған байланыстардың стихиясына қарсы қойылады. Өзі қайта жасаған әлем көрінісінен ұлттық мәдениет мұраттары мен жалпыадамзаттық мәдениет мұраттарының туыстығын көре білуіне мүмкіндік беріп, рухани кемелдік дәрежесімен ерекшеленетін оның поэзиясының сипатты белгілері - азаматтық, патриоттық пафос, үлкен оқиғалар әлеміне деген белсенді қатынас, ұсақ-түйектер мен фактілерді философиялық тұрғыда ұғыну болып табылады» [1, 264 б.].

Түйіндей келгенде, О. Сүлейменов әлемдік көркемойдың дамуына қомақты үлес қосты. Оның поэзиясында әлем халықтары поэзиясының барлық дәстүрлері мен мектептерінің жетістіктері дамытылып, ғылыми ақындық сипатқа ие болды және ҒТР дәуірінің заманауи көркемдік талаптарына жауап беріп, зор ақындық үн ретінде мойындалды. 

Ұқсас сұрақтар

...