0 дауыс
13.6k көрілді
Маған қожа руының шежіресі керек болып түр тауып беріңіздерші.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қожа

VII - ғасырда Араб жерінде жаңа Ислам діні пайда болады. Ислам араб тілінен – мойынсұну, бейбітшілік деп аударылады. Исламның қасиетті кітабы – Құран Кәрім. Бұл кітап Хазрет Мұхаммед Мұстафаға с.ғ.с. берілді. Мұхаммед с.ғ.с. соңғы пайғамбар, дүние жүзіне соңғы хақ дін Исламды үйретті, таратты. Ислам дінін бүгінгі күні 1,5 миллиардқа жуық, ал кейбір деректер бойынша 2 миллиард адам ұстанады. Қазақ даласына Ислам діні араб дін таратушыларымен келді. Осы араб дін таратушылардың ұрпақтары кейін қожа атанып, араларынан белгілі дін басылар, имам, ишан, қазы-қазірет, әулие, тақуа мен дуаналар шыққан.

Қожа - сөзі парсы тілінен алынған «хваджа» خواجه сөзі - мағынасы қожайын, мырза, ие. Осы қожайын сөзі кейін орыс тіліне еніп «хозяйн» яғни «ие» сөзі болып аударылып мағынасы қалған. Орта Азия халықтары арасындағы өздерін Мұхаммед с.ғ.с. пағамбардың және төрт халифасынан таралаған ұрпақтары және жергілікті Ислам дінін үйреткен, дін жолында білім берген тұлғалар қожа атанып кеткен.

Бүгінгі күні Қазақстанда Қожалар деп аталып жүрген әулеттер:

Бірінші - Алланың Расулының немере інісі Хазреті Алидің екі ұлы, Хусейннің ұрпағы - Сейт қожалар. Хазреті Хасанның ұрпағы Ховандық қожалар Ташкент қаласында біраз үй бар.

Хазреті Алидің Рум патшасының қызы Ханафия анамыздан тұған ұлы, Мұхаммад Ханафияның ұрпағы Абдул Жаппар - Абдул Фаттах - Абдул Қаххар - Абд ар Рахман, Абд - Рахым. Абд Ар Рахман - Исхақ баб пен Абд  ул Жалил баб, Абд ул-Жалил бабтан тарайтын Хорасан қожалар, Дуана қожалар және Нияз қожа балалары.

Исхақ бабтың ұрпақтары Аққорғандық қожалар мен Бахшайыш қожалар.

Абд Рахым Бабтың ұрпағы - Қарахандық қожалар. Бұл әулет Қарахандық, Қуланбастық, Ақ көлдік және Зергер қожалар.

Екінші: Әбу Бәкр Сыддықтың ұрпағы, Сунақ қожалар (алты сыйық) және Шәмші қожалар мен Қылауыз қожалар.

Үшінші: Хазреті Омардың әулеті, Қырық садақ қожалар, Шайхантауыр қожалар және Бабайлық қожалар.

Жергілікті халықтан шыққан Ислами білім алған, халыққа «илм хикмет» - дін жолын үйреткен, және осы дін жолында жүргендер кейіннен қожа атын алып, қожалар қауымына қосылып кеткен. Олар: Керейт, Түрікпен қожалар.

Осы қожа ұрпақтары қазір Қазақ жерінде және Орта Азия халықтарында өсіп өніп, тұрғылықты жеріндегі елмен араласып солармен бір тұтас халық болып әдет-ғұрып, салт дәстүрлері жергілікті халықтармен астасып кеткен. Қазақтың ел тізгіні «Алаш» ұранды үш жүз, ақсүек «Арқар» ұранды төре руы және асыл тұқымды «АЛЛА» ұранды қожа руы бүгін қазақ этносын құрап отыр. Осы әр-бір ру өз шежіресін жүргізуде. Қожа руының таңбасы « ﺁ » (әлиф - әрпі), Ұраны АЛЛА, Қожа Ахмет.

Шежіре - арабша «шаджарат» деген сөзден шыққан ағаштың бұтағы, тармақ, деген сөз. Қазақша мағынасы үрімбұтақ тізбесі дегенге тура келеді. Шежіре халықтың қасиетті мұрасы, қазына және рухани мәдениетінің маңызды бір саласы деп білу ләзім.

Қожа-молдалар Совет өкіметі орныққанға дейін, халық арасында дінді уағыздаумен қатар, неке қию, сүндетке отырғызу, жаназа шығару, зікір салып емдеу ж.т.б. рәсімдерін атқарып отырған. Қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды.

Ата тегімізді білу, түгендеу, тарату - әулет парызы. Ата текті білу ар мен қанның таза болу үшін де қажет. Тегін білгеннің түсінігі көп, адамгершілдік, мейірім шапағаты мол, туыстық, бауырмалдық сезімдері жоғары болады. Атам қазақтан қалған «Аталы адам азбайды», «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөздер тегін емес. Әрбір қазақ баласы: «Қайдан пайда болдым?», «Қайдан келдім?», «Кім болам?», «Қайда барамын?» деп өз-өзіне сұрақ қойса игі.
немесе мына сілтеуден қарап көріңіз осында толық мағлұмат бар
http://www.kozhalar.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=18%3Akozhast&catid=3%3Amakala2&Itemid=10
0 дауыс
Қай кожаның шежіресі керек? Олар көпке бөлінеді. Диуана қожа, сеит қожа, қорасан кожа т.б.
...