+2 дауыс
222k көрілді
Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім.
Кітап білім бұлағы тақырыбына шағын шығарма?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде  де болса білімділікке сәл-пәл  болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.
 
Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.
+1 дауыс
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.

Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.

Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз.  Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.

Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет.  Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру.  Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса.  Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.

Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен  бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.   
Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады.

Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы.

Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу.
2 сәуір – Халықаралық балалар кітаптарының күні күнделікті баланың өмірінің дағыдысына айналса игі ағайын.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Кәрішалова К. Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде (балалар әдебиеті проблемалары)// Саясат. - №3. - 2006. - 28-29б.
2. Дүтбаева Н. Кітап неге оқылмайды: себеп пен салдар// Қазақ әдебиеті. -  2009. - 30 қаңтар. - 1-3б.
+1 дауыс

Кітап оқу Нұрсұлтан Назарбаев

Сіз «Кітап оқудың маңыздылығы неде?» екенін ойланып көрдіңіз бе? Қандай да бір автор, ұстаз немесе ата-ананың жауабын естіп таң қаларсыз деп ойлаймын. Олардың айтары бар екендігі сөзсіз. Мүмкін көптеген МАҢЫЗДЫ нәрселерді айтар.

Мысалы, автор Томи деПаолды алсақ. Бұл американдық жазушы және иллюстратор, ол балаларға арналған 200-ден астам кітабын шығарған. ДеПаола: «Оқу маңызды, себебі егер сіз оқи алсаңыз, барлығы туралы және өзге туралы бәрін біле аласыз», - деген.

Бұл өте маңызды мәлімдеме.

Оқудың МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ неде? Оқу сізге білім алуға қалай көмектеседі?

1. Оқу – белсенді ақыл-ой үрдісі. Телебағдарламаларды көруге қарағанда кітап миыңызды пайдалануға мәжбүрлейді. Сіз ойланасыз. Біліміңіздің тереңдігі мен кеңдігі артады. Ассоциациялар құра бастайсыз және тақырыптан тақырыпқа түйсінуді арттырасыз. Логикалық тұрғыдан ойлау қабілетіңізді жақсартасыз. Зерттеулер ақыл-ой әрекетін ынталандыратын адамдарда есін жоғалту және Альцгеймер ауруы мен кемақылдықтың даму үрдісі баяулайтынын дәлелдеді. Оқу миыңыздың мықты және салауатты болуына көмектеседі.

2. Оқу дағдылар мен эрудицияны дыматуға көмектеседі. Кітаптар заттар шексіз сану туралы ақпаратты ұсынады. Музыка мен спорттан бастап аспаздыққа дейін – ақпарат, міне сол. Сіз не білгіңіз келеді? Алдынан артқа қарай жүрген кезде 360 градусқа бұрылу үшін скейтбордқа рампаны қалай салу қажет? Шахмат ойнаған кезде қарсыласыңызды қалай сан қақтыруға болады? Өзге тілде сөйлеп, сүйікті қызыңызға қалай әсер қалдыруға болады? Оқудың арқасында осы дағдылардың кез келгенін игеріп, оларды кез келген қажетті немесе қалаулы сұраққа шешім табу үшін әр кезде қолданасыз.

3. Оқу сөздік қорыңызды жақсартады. Кез келген мәтінді оқи отыра, мағынасын іздеген-іздемегеніңізге қарамастан сөздерді танып білесіз. Сіз сөйлемнің құрылымы мен контекске сүйене отыра, сөздің мағынасын болжайсыз. «Контекст» - автор қиын немесе ерекше сөздердің мағынасын түсінуге мүмкіндік беретін түрткі сөздердің қызық атауы. Бұндай түрткі сөздерді сол (мағынасын білмеуіңіз мүмкін) сөз тұрған сөйлемнің алдындағы сөйлемнен немесе сол сөйлемнің өзінен таба аласыз. Білмеуіңіз мүмкін сөзбен көршілес сөйлемді оқи отыра, оның мағынасын болжай аласыз. Уақыт өте келе осындай сөздердің көпшілігі сіздің күнделікті ауызекі сөйлеу қорыңыздың бөлігіне айналады. Қиынырақ сөздерді қолдану сіздің сенімділігіңізді нығайтады және кез келген жағдайда жақсы сөйлеуге мүмкіндік береді. Бұл сіздің өзіңіздің жазуыңызға көмектеседі, екпін, жатықтық және басқа авторлардың стилі туралы түсінік береді.

4. Оқу сізге әлемді көрсетеді. Сіз өз ауданыңыз, қалаңыз, облысыңыз немесе еліңізден алшақ ешқайда шықпасаңыз да, басқа жерлер мен оқиғалар туралы ақпаратпен ой-өрісіңізді кеңейте аласыз. Өзге мәдениет, тіл және жерлер туралы; дүниежүзіндегі адамдар және олардың жетістіктері туралы; өткен күндердегі жағдайлар және бүгінде болып жатқан оқиғалар туралы біле аласыз. Кез келген саладағы өзекті және/немесе қызықты жергілікті, ұлттық немесе халықаралық тақырыптар туралы хабардар боласыз: ауа-райы, бизнес, ойын-сауық, саясат, поп-мәдениет және т.б.

5. Оқу кезбе. Сіз кез келген жерде: қалалық көлікте, күнделікті істер арасында, кезекте тұрғанда, рейс кешіккенде немесе күту залында оқи аласыз – оқуға болатын жерлер өте көп. Оқуға болатын мәтіндер саны да сондай көп: жарнама хабарландыруларынан бастап мақалаға дейін, өлеңнен кітапқа дейін, мақаладан қысқа оқиғаларға дейін, блогтан сайтқа дейін және т.б. Сіз Интернетте, iPhone және көптеген жуырда ойлап табылған басқа құралдардың көмегімен оқи аласыз.

6. Оқу өміріңізді өзгерте алады. Тек ойлап көріңізші, егер сіз барлығы туралы және кез келген туралы бәрін біле алсаңыз, бұл білім сіздің өміріңізді қалай өзгерте алады. Қарапайым жасөспірімді мысалға алып көрейік. Өмірді өзгерту үшін не оқу керек? Жаңа дағдыны игеру немесе дарынын жетілдіру қызмет бабының өсуіне әкелуі мүмкін. Мүмкін оқушы зерттелетін пәндердің бірін көбірек білетін шығар, бұл оны болашақта одан әрі білім алып, жақсы жұмысқа ие болатын қызыға оқитын және білетін оқушы етеді. Мүмкін олар басқа қауымдастықта болып жатқан оқиғалар туралы оқып, сол идеяны пайдаланып, өз қауымдастығына түрткі болатын әлденені құру үшін одан әрі дамытады. Немесе жаңа бірдеңе ойлап табады. Мұндай заттар өмірді өзгертеді.

10 жасар Ричи Стачовскиді алыңыз, ол Гавайя жағалауында аквалангпен сүңгігенде көрген қызықты балықтар мен кораллдар туралы отбасына айтып беру үшін 1996 жылы су астында сөйлесу құрылғысын ойлап тапты. Біраз уақыт су асты акустикасын зерттеді, бұл осы өнертабысты ойлап табуға әкелді. Өзі жинаған 267 долларды алып, оны құймақшаларды жақсы көргендіктен ShortStack LLC деген атаумен патенттеді. Бүгінде Стачовски – тәжірибелі кәсіпкер. Оның өнертабысы сізді қызықтырған мәселе туралы оқу жаңалық ашуға әкелуі мүмкін екенін дәлелдеді.

Немесе малавийлік Уильям КамКуамба, 14 жасар бала оқуына ақы төлей алмаған соң мектептен қуып шығарылғаннан кейін күнін кітапханада өткізетін. 2% малавийлікте электр мен су құбыры жоқ еді, сондықтан ол африкалық ауылда металл қалдықтары, трактордың бөлшектері мен велосипед доңғалақтарынан электр энергиясын беретін жел диірменін салу тәсілін табу үшін ескі ғылыми кітаптарды оқыды. Кезінде ол қуылған болса, енді көршілері оған рэгги тыңдауға келеді. Және де ол ауылына электр және су құбырын тартты. Бұл көрші ауылдарға жел диірмендерін салуға, оның өмірі туралы кітап жазуға және фильм шығаруға және Нью-Гэмпшир штатындағы Дармут колледжінде оқуға негіз болды, колледжді 2014 жылы аяқтады.

Оқу ақыл-парасатыңызды толықтыру үшін жол салады. Бұл МАҢЫЗДЫ. Кітапты алыңыз да, көз жеткізіңіз. ☺)

0 дауыс
Адам әркез кітапты оқуы керек. Себебі , кітап біздің қайнар көзіміз.Кітапсыз адам ақылды,мейірімді ,дана бола ала салмады.Олар тырысты кітап шығару үшін ,кейінгі біздің ұрпағымыз оқысын деп шығарды.Қазіргі таңда адамдар көбінесе компьютермен оқиды .Ол біз үшін бізге өте зиян.Кітапты өзіміз қолымызға алып оқысақ , ол есімізде мәңгі қалады. Сондықтан әркез кітапты таза ниет пен игілікті адам болу үшін оқыңдар

.
...