0 дауыс
964 көрілді
Қазақстандағы әншілер айына қанша табыс табады? Табыс көздерін ашық жариялайтын әншілер бар ма екен?

2 жауап

0 дауыс
Әншілердің табысын есептеп шығару қиын. Өйткені тіршілігінің көзі  қазақтың тойына байланысты болып тұрған қазақстандық орындаушылар үшін тұрақты табыстың жоқ екені  белгілі. Десекте Мақпал Исабекова  жеті өлеңнен тұратын жарты сағаттық өнер көрсеткені үшін 4000 долларға жуық АҚШ долларын алады екен. Сонда орта есепке шаққанда оның бір айтқан  әні 571 доллар тұрады деген сөз.

Ал бұрын  30-40 минуттық өнер көрсеткені үшін 20 000 доллар алатын «А-Студио» тобының бұрынғы мүшесі Батырхан Шүкеновтың  «ставкасы» екі есеге кеміген, демек он мың долларға түседі.

Бірақ отандық сахнада өз орнын қалыптастырған Нағима Есқалиева, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісовалардың  кештерде 30-40 минуттық ән айтқаны 7 000-8 000 доллардан аспаса қажет.

 Бір-біріне сәйкес келетін қазақстандық музыканттар мен әншілердің табысын үшке жіктеуге болады екен.

Премиум категориясы бойынша жоғарыда аты аталған: Батырхан Шүкенов, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішов, Мақпал Жүнісова және Нұрлан Абдуллиндер 30-40 минуттық ән салғандары үшін  5000-10 000 доллар   аралығын да ақы сұрайды.

Ал медиум, яғни 3000-5000 доллар аралығында орташа ақы алатындарға Мақпал Исабековадан бастап, Қайрат Түнтеков, Дильназ Ахмадиева, «Лидо», Парвиз Назаров және «Тринидад» тобы жатады.

Эконом, яғни  үнемді түсіп, 500-3000 доллар аралығында сұрайтындарға «Кешью», Алмас Кішкенбаев, «Текила» және «Арнау» тобы кіреді.
Мәліметтер мына жерден алынды  http://www.qazaquni.kz/4516.html
0 дауыс
Олар ай сайын таппайды. Әр айда әр түрлі болады. Себебі ол өзі біледі, жұмыс жасағысы келсе жасайды, жасағысы келмесе жасамайды. Жасамаса, жаңа әндер жаздырмаса әрине аз табады.
...