қыздар, сендерге ең алғашқы кездесуде гүл сыйлаған ұнайды ма? және сыйласа сол гүлді үйлеріне апарсындарма, жасырын емес, көпшілік қыздар кездесуге үйінен "құрбымның үйіне барамын" деп шығады ғой, сонда біз берген гүлді подезге тастап кетесіздер ме? осы жайлы білгім келеді, мүмкін гүл емес шоколад апару керек пе?)) жігіттер, сендер алғашқы кездесуге қаншаның көлеміндегі гүл аласыздар? допустим, гүл сататын танысыңыз жоқ деп ойлайық))
Гүлді қыздар қауымы өте жақсы көретіні бәріне мәлім ғой... Менің ойымша, бірінші кездесуге гүлмен барған жөн ер-азаматтарға...Ал егер сақталып тұратын зат сыйлағыңыз келсе оны бірте-бірте бере жатарсыз.Қызыңыздың талғамын танып білген уақытта...Егер бірінші кездесуде оған сувенир немесе т.б. зат сыйға тартсаңыз ол ұнамауы мүмкін ғой ,себебі оның талғамынан бейхабарсыз...Ал гүл сыйласаңыз шатаспайсыз!.Себебі гүлді ұнатпайтын қыз жоқ!..
Әрине,,кімге ұнамайды дейсіз...Гүлді ұнатпайтын қыз баласы жоқ шығар,сірә...Ал гүлді үйіне апаруы, немесе апармауы қыздың өзіне байланысты.. Егер гүлді жанына жақын немесе ұнайтын адамынан алса,қандай сылтау айтса да міндетті түрде үйіне апарады.. Ал егер өзіне ұнамайтын адамнан алса подьезге тастап кетуі әбден мүмкін.... (ақшаңыз аз болып қалып жатса шоколад сатып алсаңызда болады =)) )