+2 дауыс
78.1k көрілді
"Ел және Елбасы" деген тақырыпқа шығарма керек еді, тауып бере аласыздар ма?

4 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Өз елін,  өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім  – Қазақстан. Даласы, таулары биік  өр, халқы мейірімді  ғажайып  өлке. Республикның өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 19 жыл толғалы отыр. Осны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын.Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі  – халқымыз  өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған,  өмір еңбектің шытырман жолдарынан  өткен, шыңдалған,
болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. Өткенінің өзі  – көпке  үлгі болар  өмірбаян. Нұрсұлтан  Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей,
еңбек жолын Теміртаудан бастап,  Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды», - деген осы болар.Н.Ә.Назарбаев  Қазақстанды  әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген – осы. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің жетістігі деп есептемей. «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Ата-бабаларымыз Батыр халық аттың жалында, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақтық демі біткенше, елін дұшпанға таптатпай, Алтайдан Дунайға, Сібірден Шығысқа дейінгі ұлан-ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана зұлматтарынан аман алып  қалып отырған. «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ кешуінде де тәуелсіздік туын  құлатқан жоқ. Ата-баба ның сол тізгінің Елбасының Нұрсұлтан Әбішұлыда атамыз мықтап ұстаған. Олай деуімізде де себеп бар. өйткені, Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Елдің ата заңы Конституциясы мен рәміздері  өмірге келді. Тәуелсіз Отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында Біріккен  Ұлттар
Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасына тікелей араласуымен болған. Ел ордасы болып Астана бой көтерді. Бұл қала өзінің әсем сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени
ескерткіштерімен, сұлулығымен  әлем назарын  өзіне  қаратып отыр. Мұнда тамаша сәулет  өнері туындылары, солардың ішінде "Ақорда”, "Бәйтерек”, "Бейбітшілік және келісім сарайы”, "Думан” орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан.  Әсем  қаламыз  – Астананың жылдан-жылға жаңарып, көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор. 1998 жыл «Халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды.
1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы тектен-тек емес. Президентіміздің тпсырысымен көптеген  қазақ азаматтары  өзінің ата-бабларының тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ қазақ еліне келіп, өмір сүрулеріне мүмкіндік алды. 2000 жыл «Мәдениетті  қолдау» болып жарияланған. Мәдениет  -әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы. Жаңа ХХІ  ғасырға  қадам басқан шақта  қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін басқа елдерге таныту игіліктің басы. Елбасының Н.Ә.Назарбаев сол туралы: «Біз  – талантты халықтың өнерлі  ұрпағымыз». Ата  – дәстүрін,
ана  – тәрбиесін көріп  өскен, содан нәр алып жетілген  ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. Халық өнері – қазына. Біз сол  өнерді жалғастырушыларымыз» - деп, барлық елді мәдениетті қолдап, атадан қалған
қазынаны ұмытпауға үндеді және оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады.Президентіміз белгіленген «Қазақстан – 2030» бағдарламасы және жыл сайынға Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында»,- деп бізге  үлкен сенім білдірді. «Хан біреу болса керек,  қалғандары тіреу болса керек»,  - деген есті сөз бар. Американдықтар Дж.Вашингтоның, орыстар Бірінші Петрді, түріктер Ататүркті  қастерлейді. Оларды шын мәніндегі
мемлекеттерінің негізін  қалаушысы, ел тағдырының ең бір  қиын кезеңінде тізгін  ұстапшысы, ту көтерген тарихи тұлғасы ретінде  құрметтейді. Сондай текті де дара тұлға – Н.Ә.Назарбаев. Нұрсұлтан  Әбішұлының «Тарих толқынында» еңбегі барысында 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхамедке берген сұхбатында: «Мен Елбасы болсам да, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған,  әруағын  қастерлеп, Алласынасыйынған елдің бір перзентімін» дейді де Президентіміздің ұлылығы мен көрегенділігін айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. Мен осы ізгілікті жадыма сақтай отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөлек қарауға болмайтын егіз ұғым екенін түсіндім.
0 дауыс
Қашанда қарыздармын, елім, саған,
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махабатын,
Туған ел, берерім көп менің саған.

Менің туып, өскен жерім – Қазақстан Республикасы. Қазақ халқында «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген дана сөз бар. Ұлтым өзбек болса да, мен өзімді қазақ қызындай сезінемін. Менің жаным да, тәнім де Қазақстан елінде. Қазақстан көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар» - деген сөз менің еліме арнайы айтылғандай. Себебі Қазақстан жерінде қаншама ұлт өкілдері бір-бірін бауырлас біліп тату – тәтті өмір сүреді. Бір-біріміздің салт – дәстүріміз, әдет – ғұрпымызды құрметтеп, шын бақыттың дәмін тартудамыз. Бұл жерді менің ата-бабаларым да мекендеген. Олар бастарына қандай қиындық туса да мойымай, өз елін қорғап қалуға ат салысқан.
Еліміздің қай жерін, қай тұсын, қандай өлкесін алсақ та көрген жанның көңілін марқайтып, көзін жадырататын көктем табиғатымен ерекшеленген жерлер.

Қазақстан – бүкіл қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған, киелі жер. Ол менің елім. Тұратын жеріміз Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Туған жерді ауызға алғанда ең алғаш ойыңа түсетіні – ыстық туған ауылың елестемей ме? Ия, расында да солай, менің кіндік қаным тамған ауылым – Манкент ауылы.

Ауылымыз шағын болғанымен, біз үшін жанымызға жақын, ең ыстық, ең сұлу өлке. Тұған ел мағынасы терең де жатыр. Оның жұпар атқан жусаны, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрмеген жалғыз аяқ жолдары. Осының бәрі – туған елдің бір бөлшегі.

Балғын балалық шақ, күлдір – күлдір кісінеген, айнала шапқылаған алаяқты құлыншақ! Сәуірде бүршік атқан, қылтиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. өзін үстінде үйіріліп ұшқан шағала! Кемеріне өркелей соққан көгілдір көл! Күннің қызғылт шапағына бөлінген үйлер, осының бәрі – тұтас туған ел!
Біз планетамыздың осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол біздің – Отанымыз.

Қазақ жерін шығыс пен батысты жалғастырған алтын көпір дейді. Осы жерден Ұлы Жібек жолы өткен. Республикамыз пайдалы қазбалар қоймасы. Қазақстанда 15 миллионға жуық адам тұрады. Астанасы Арқанның төрінде орналасқан Астана қаласы. 1991 жылдың 16 желтоқсаннан бастап еліміз тәуелсіздік тун көтерді. Н.Ә.Назарбаев еліміздің тұңғш Президенті болып сайланды. Қазақстан - әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Қазір еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, жаңа Ана заңы, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз аса беделді бірқатар халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды.

Қазақстанның табиғаты тамаша. Мұнда Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Әмудария өзендері, шетсіз, шексіз ұлы дала жатыр. Еліміздің ұлан – байтақ даласында мол байлық бар.

Еліміздің даңқты да, дәулетті өмір сүріп жатқаны қасықтай қаны қалғанша күрескен ата – бабаларымыздың арқасы. Алланың өзі сыйлаған бостандық – қазақ халқының мерейін өсіре түсті. Дербес, тәуілсіз ел ретінде туымызды жария етуге мүмкіндік берді. Алайда бостандық бұлттан кейін шыққан күндей жарқ ете қалған жоқ. Қазақ халқы кең далада еркін өскен ерке бұландай. Халқымыз бостнадықты бәрінен қымбат санаған. Бостандық үшін ел мен жердің жел жағына шығып, қар жастанып, мұз төсене жүріп жаумен шайқасқан. Бостандық жолында күрескен Жәнібек, Кенесары сияқты батырларымыздың аттары тарихта мәңгі қалады. Талай ғасырлар бойы ата – бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап өтті.

1997 жылы Елбасының республика халқына арнаған «Қазақстан 2030» жолдауы жарияланды.
Бұл бағдарламаның негізі мақсатымен міндеті – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру және тыныштығын қорғау.

Ұзақ сапарға аттанған кемеге компас қандай қажет болса, бұл бағдарлама халқымызх үшін сондай маңызды. Бағдарламада белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолында, Қазақстандықтар үшін келешекке деген нық сенім керек, өйткені, бәрі өз қолымызда, халық қолында!

Еліміздің Конституциясында «Қазақ тілі Қазақстан Республикасынң мемлекеттік тілі» - деп жазылған. Қазақстан Республикасының тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазаақ тіоі - өті бай тіл. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы сәттен бастап Қазақстан халқы тәуелсіз, демократиялық құқықтық мемлекет құру жолына заңды түрде түсті деп есептелінеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – тәуелміз, егеменді, бақыт жолындағы еркін мемлекет. Күн сайын өміріміз жақсарып, жарқын болашаққа зор үмітпен қараймз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Еліміздің болашағы бүгінгі күннен басталады «қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызды» деген сөзі бізге, жас ұрпаққа, жас әулетке үлкен жауапкершілік артады. Менің және құрбы достарымның қосар ұлесіміз – терең білім алып, мемлекеттік тілді жетік меңгеру. Ұрпағы өз тілінде, мемлекеттік тілде сөйлеген ұлттың рухы биік.

Тарап кеткен бабаларыңды бауырыңа, ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім! – деп Мағжан атамыз жырлағандай, еліміздің егемендігін танытатын – қазақ тілі болашақта толық күшіне енеді. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, Қазақстанды дүние жүзіне танытады. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ХХІ ғасыр білімді, қазақ тілінде еркін сөйлейтін азаматтарды қажет етеді.

Тілі бөлек, тілегі бір, жаны бөлек, жүрегі бір сан қилы қан кешуден сабырмен өткен сарабдал халқымыз қай қиындықта да тату бірлігін, тамаша тірлігін жалғастыра бермек. Мемлекеттік тәуелсіздікті төрт аяғынан тең тұрғыза алған Н.Ә.Назарбаев еліміздің алда тұрған бірнеше он жылдығына жүйелеп жоспар құрып, халқына қамқорлық жасаудан тайынбайтынын өзі әлднше рет дәлелдеді. Елбасымыздың сарабдал саясатына қолдау көрсету – халықтың еншісінде. Тәуелсіздігіміздің, болашағымыздың негізі рухани тірегі, кепілі – байырғы халқымыз. Ақ пейіл де, ақжарқын халқыма әрқашан Алла жар бола бергей!

Қазақстан қысқа мерзім ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды. Елімізде кәсіпкерлікті дамыту жүзеге асырылуда. Аз ғана жыл ішінде Қазақстанда 200 мыңдай шағын және орта бизнес кәсіпорындары пайда болды. Елімізде тағы басқа демократиялық істер жүзеге асырылды.
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамыуның стратегиясы» атты кітабында көрсетілген міндеттер жүзеге асырылуда. Еліміздің «Қазақстан 2030» атты ұзақ мерзімді бағдарламасында алдағы дамуы айқандалды.

Қазақстан әр бір ұлт өкілдерінің өздерінің мәдени орталықтары ашылған. Еліміздің болашағы халықтьардың келісімі мен бірлігіне байланысты. Қазақстаннның еі зор байлығы – оның халықтары, олардың өзара татулығы. Қазақстанды мекендейтін әр текті ұлттар бір – біріне көмектесіп, тату турады. Қазақ халқы – қайырымды халық. Ол әрқашан мейірімді, қонақжай. Қазақ халқының бай тарихы бар. Оның тарихында аса ірі тарихи тұлғалар мол.

Халық туралы білу үшін, алдымен, оның тілін, салтын, тарихын, дәстүрін, ұлы адамдарын білу керек. Тарихи тұлғалардың өмірін, ойларын, ісін білсең, қазақ туралы да білгенің. «Бірлік болмай, тірлік болмайды»-дейді қазақ мақалы. Шынында да солай. Бізге бірлік керек. «Біз ешкімге тиіспей жатқан елміз» - деп Қазыбек би айтқандай, елімізде тұратын барлық ұлттар татулық пен тыныштықты тілейді.
Отаным – менің мақтанышым, абыройым. Еліміздің ұлан байтақ жері. Бейбіт сүйгіш халқы бүкіл әлемге танымал. Бар әлем біздің жеріміздің кеңдігіне, жер қойнауының байлығына, асу бермес заңғар тауларға, кең жайлаулар, шалқыған көлдер мен мың бұрала аққан күміс күлкілі өзендерге қызыға да, қызғана да қарайды. Жеріміздің әсем табиғаты, сылдырлаған мөлдір бұлақтары, тып-тынық, таза көлдері, сарқыраған өзендрі, көк тіреген алып таулары, барлығы мейірбан халықтарымыздың байлығы. Осындай бай халықтың ұлы жетістіктерге жетуі – біздің қолымызда! Ел тәуелсіздігі ұрпақтар қолында. Біз елбасының бағдарламасын яғни жолдауын қолдаймыз. Елдің, жердің тазалығын сақтайтындарда – біз. Президентіміздің жолдауында жастарды салауатты өмірге үйрету туралы айтылған. Қазақстанның экологиясы нашар аймақтарына Қызылорда, Семей жатады. Өркениетті ел болу үшін экономикамызды, мәдениетімізді, тілімізді дамытуымыз керек. Туған жерді қадірлеу, оны көз қарашығындай қорғау, әр азаматтың игі міндеті!

Қазақ халқы «»Елдің даңқын ер шығарады, ердің даңқын ел шығарады» деп бекер айтпаған. Елдің елдігін, адамгершілік асыл қасиетін айтып, халқымыз ойдай әлемге жар салуда. Жас буын бізде үлес қосайық.

Туған жер, ел туралы тебіренбейтін қазақ жоқ. Мен де еліме тамшыдай болса да өз үлесімді қосқым келеді. Оны тарихын білу – ізгі ниетті адамдарын еске алу, күлшесі мен сүзбенің дәмін құрметтеу, жусанының иісін сезіну мен үшін тым ыстық Отанымыздың қадір – қасиетін қастерлеп, еліміздің көркеюіне атсалысайық.

Бізге жол сілтеуші жұлдыз елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бейбіт сүйгіш саясаты. Мен өз президентіме сенемін. Отанымның жарқын болашағына сенемін!

Автор: В.Х.Қошанова
0 дауыс

<!--QuoteEBegin-->Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін алғаш рет мерекелеп отырмыз. Өткен 2011 жылы Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында депутаттар 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде мемлекеттік мерекелер санатына қосу туралы бастама көтерді. Депутаттар өз ұсыныстарының мәнін Тұңғыш Президенттің дәл сол 1 желтоқсанда сайланып, Қазақстан Республикасында президенттік институтқа қадам дәл осы күні басылғанымен түсіндірген еді. Осылайша «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға тиісті қосымша енгізіліп, 1 желтоқсан ресми негізде Тұңғыш Президент күні болып белгіленсе, жалпы мұның әлемде бар үрдіс болып табылатынын айрықша атап көрсеткен орынды.

Дәл осы уақытта 2012 жылдың 1 желтоқсаны елімізде алғаш рет Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтілуде. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, оның бірлігін қамтамасыз етуші, ел Конституциясын, адам мен азаматтың құқы мен бостандығын қорғаушы ретіндегі рөлі негіз етіп алынған. Шын мәнінде, Елбасының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз.

Іргелі идеялар нақты жобаларға айналып, «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы, бәсекеге қабілетті Қазақстан, интеллектуалдық ұлт, «Мәдени мұра», индустриялық-инновациялық даму ел болашағын айқындады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ислам Конференциясы Ұйымына Қазақстанның төрағалығымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өлшеусіз еңбегі дәйектелді. Халықаралық саяси аренаға осындай көрсеткіштермен шыққан дамушы елдер қысқа уақытта мұндай саяси табыстарға жеткен емес.

Тарихтан сабақ ала отырып, тереңіне үңілген болжаудың, дағдарысқа душар болған қоғамды алға жетелеудің, өркендеуге апаратын жолдар мен іс-әрекет жүйесін табудың күрделілігі мен өзектілігін көрсеткен Елбасының салиқалы саясаты Қазақстанды гүлденудің жолына салып берді.

Қазақстан өз егемендігінің алғашқы жылдары саясат саласындағы стратегиялық мақсатқа күшті президенттік республика құруды жатқызған болатын. Бүкілхалықтық президент сайлауы тұңғыш рет 1991 жылғы 1 желтоқсанда өтіп, ел тарихында тұңғыш рет демократиялық жолмен өзінің көшбасшысын сайлады.

Ата Заңымыз бойынша, Президент – мемлекет басшысы, мемлекетiмiздiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағытын анықтаушы және Қазақстанды ел iшi мен халықаралық қатынаста көрсетушi ең жоғары қызмет иесi бола отырып, бiрiншiден, халық пен мемлекеттiк билiктiң бiрлiгiн бейнелейдi, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепiлi болып табылады, екiншiден, мемлекеттiк билiк тармақтарының өзара үйлесiмдi түрде әрекет етуiн, билiк органдарының Қазақстан халқы алдында жауапкершiлiктi сақтауын қамтамасыз ететін тұлғаға айналды.

Бүгінде еліміздің ішкі саясаттағы тұрақтылығы мен сыртқы саясаттағы табыстарымызға өзгелер қызыға қарайтын дәрежеге жеттік. Бірнеше ұлт пен ұлыстың тату тәтті мекеніне айналған елімізде дінаралық татулық, өзара түсінушілік, өзгенің қадір-қасиетіне сыйластықпен қараудың ерекше үлгісін көрсетуде.

Қазақстан аумақтық тұтастық пен тиіспеушілік кепілдігіне ие болды, сыртқы саяси-экономикалық саясатта «ТМД», «Азия-Тынық мұхит аймағы», «Азия», «Еуропа», «Америка» бағыттары даму үстінде, қалыптасқан шекаралардың бұзылмауы жөнінде іргелес мемлекеттермен ресми келісім-шартқа қол жетті, беделді халықаралық ұйымдар мен бизнес алпауыттары елімізбен санасып отыр.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1993 жылы Ордабасы жерінде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді дана билерімізді еске алу кезінде: «Біз мына дүниенің ең қуатты қозғаушы күші- мүдде екенін, негізгі тарихи қадамдарымыздың сол мүдде ортақтастығы қағидасына сай жасалу керектігін де ерте ұғынып, ерте жүзеге асыра алдық. Бұл ақиқат қағиданы да санамызға сіңірген осы билеріміз еді» деп аттап өтті. Даналықтың мәйегінен, тарихтың тереңінен тағылым алған Елбасы Қазақстанның басты мүддесі сыртқа саясаттағы әріптестік пен ішкі саясаттағы тұрақтылық екеніне тоқталды. Мемлекеттің өркендеуі жолындағы баянды қазынасы да осы екі мүдде екені анық. Заман көшінде Қазақстан өзінің саяси жолын таңдап алды. Әлемдік қауымдастық алдында бұл жол Қазақстан жолы деген атпен белгілі. Қазақстан жолы – конфессияаралық келісім, ұлтаралық татулық, халықтың бірлігі, экономикалық тұрақтылық, азаматтардың құқығы мен бостандықтары, халықаралық әріптестік секілді кең ауқымды қамтиды. Әлем алдында Қазақстан бұл талаптарға толық жауап беретін алатын демократиялық мемлекетке айналды. Мұның барлығы Қазақстанның тарихи таңдауы болатын. Дамыған мемлекеттердің де жүріп өткен жолы да осы. Қазақстан бұл жолмен жүре отырып, өзгеге үлгі боларлықтай өз сүрлеуін сала білді.

Халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруды Қазақстан әлемдік талаптарға сай етуде. Осыдан жиырма жыл бұрынғы Қазақстанды бүгінгі жаңарған жаңа әлемдегі Қазақстанмен салыстыруға келмейді. Алмағайып кезеңдерді бастан өткере отырып, еліміз өткен күндердің барлығын өзіне сабақ етіп, болашаққа жарқын қадамдарын жасады. Экономикалық дамудың көрсеткіші бойынша Орта Азия мемлекеттері ішінен көш бастап, ТМД-ғы алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылды. Ендігі меже елулік. Дүниенің дамыған елу елінің қатарына қосылып, бай қуатты Қазақстан атану біз үшін үлкен мақсат. Бұл істе де еліміз белсенді түрде әрекет етіп келеді. Егемендігіміздің 20 жылы ішінде жан басына шаққандағы жиынтық өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе ұлғайса, Малайзияда – 2 есе, Сингапурде 4 есе өскен екен, ал бізде ол 16 есе көбейді. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық салтанатында Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, «дүние жүзі тарихында ешбір мемлекет азаттығының алғашқы 20 жылында осыншама қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған емес». Расында да, аз уақыттың ішінде осындай толағай табысқа қол жеткізу әлем экономикасының тарихында болған емес. Проблема деп тұйықтала бермей, шырмауын үзіп шыққан Елбасының көреген саясаты қазақстандықтардың көңілінен шықты. Елмен ақыладаса отырып, халқына арқа тіреген Президентке елі әрқашан қолдау білдіре бермек.

Күні кеше ғана тойланған Тәуелсіздігіміздің 20 жылы тарих үшін қас-қағым сәт қана. Үш ғасырға жуық өзгеге телмірген Қазақстан үшін 20 жыл ғасырларға бергісіз уақыт болып шықты. Білгенімізден білмегеніміз көп егемендіктің алғашқы жылдары-ақ алдағы кезеңді бейбітшілік пен жасампаздық үдерісіне айналдыруға болатынын кемелділікпен болжаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер саясатына таң қалмасқа шара жоқ. Ең бастысы Елбасымыз мүмкіндіктерді уыстан шығарып алмай, елдің көшін өркениеттің көшіне ілестіріп берді.

Қазақстан бүгінде әлемге өндірісі жедел дамып келе жатқан, ішкі саясатында тұрақтылыққа қол жеткізген, бейбіт идеялардың елі болып танылуда. Еуразия жүрегінде орналасқан әсем елордамыз Астана қаласы әлемнің саяси картасында бейбітшілік пен келісімнің, рухани дамудың орталығына айналуда. 1997 жылы 10 желтоқсанда еліміздің астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Президент Жарлығы ұлтты біріктіруге, экономикалық және саяси тұрғыдан дамуға ұмтылған маңызды қадам екенін бәріне төреші уақыт өзі дәлелдеп берді. Тарихта Астана қаласы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың төлтуындысы болып ерекше орын алады. Ұлт көшбасшысы ретінде ұлтты біріктіретін қала етіп Ақмола қаласын астана етіп таңдап алуы геосаяси тұрғыдан да маңызды екенін уақыт көрсетіп келеді. Астана қаласы бүгінде көркеюі мен халқының жедел өсіп келе жатқаны жағынан ерекше көзге түсіп келеді. Астана халқымыздың берекесі мен ұлтымыздың бірлігінің символына айналды. Қазіргі уақытта еліміздің азаматтары Астана қаласына ерекше сүйсіпеншілікпен, патриоттық сезіммен, асқан ынтазарлықпен қарайды. Нағыз патриоттар үшін бұл жазылмаған заңдылық. Астана қаласы еліміздің басқару элитасының орталығына ғана емес, рухани бірлігінің ордасына айналды. Қалада жыл сайын емес, тіпті ай сайын емес, күн сайын бой көтеріп жатырған бизнес орталықтары, мәдени кешендер, қол жетімді бағадағы тұрғын үйлер мен саясына келешек ұрпақ тыныстайтын саябақтар, бақжолдары секілді маңызды құрылыстар осының айғағы. Әлем көзімен қарайтын болсақ, Астана – Азиядағы саяси-іскерлік орталығы, бейбітшілік бесігі, жасампаз халқы бар, бірлігі жарасқан мемлекеттің астанасы. Түркі дүниесі Астана қаласын рухани қаламыз деп біледі. Түркі мемлекеттерінің маңызды іс-шараларын өткізу Астанаға сеніп тапсырылып, өз бағасын алуда. Мұсылман әлемі Астана қаласын Ислам елдері ішіндегі саяси тұрақтылық орын алған мемлекеттің астанасы деп қарайды. Елімізге сеніп тапсырылған халықаралық деңгейдегі Ислам конференциясына төрағалық құқығы осының айғағы. Кәрі құрлық елдері Астананы Азия мен Еуропа арасындағы алтын көпір деп санайды. Еуразия жүрегіндегі бұл қаланың бас сәулетшісі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеялары мен жетістіктерін құрметтейді. Ерекше маңыз бере отырып, табыстарына сараптама жасап, қызығушылық танытудан Батыс елдері әсте жалыққан емес. 2011 жылы ЕҚҰЫ-ға Төрағалық құқығын берер алдында Елбасымен ол басқарып отырған елдің саяси-экономикалық жетістіктерімен қатар, гуманистік тұрғыдан да дамуын зерделеді. Бір ауыздан Қазақстан Республикасына Төрағалық ету тапсырылды. Мұның бәрін Елбасының әлемдік қауымдастық алдындағы жеңісі деп білеміз. Өзінің белсенді әрекетін халқының берекелі тіршілігіне ұластырған кемеңгер басшының ісін құптауға әбден тұрарлық.

Қазақстан халқының дамуы мен гүлденуі жолында қыруар еңбек атқарған Елбасының еңбегін бүкілхалықтық деңгейде бағалау соңғы жылдары анық көрініс бере бастады. Алыптың қуатын халықтан, халықтың қуатын бірліктен көретін еліміз үшін Елбасының қыруар еңбегін бағалау, ерекше атап өту маңызды болып табылды. Бұл қолдау – еліміздің Тұңғыш Президентінің мемлекеттілікті нығайту, Қазақстанның серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және оның халықаралық беделін арттыруға бағытталған көреген саясатын шүбәсіз мойындау болып табылады. Елбасының қыруар еңбегі біржақты тұрғыдан ғана бағаланып қоймайды. Халық даналығындағы ханда қырық кісінің ақылы болады деген сөз текке айтылмаса керек. Елінің дамуы, тұрақтылығы, Ұлы көштен қалмауы үшін небір қиындықтарды өткеріп келе жатқан Н.Назарбаевтың еңбегін халқы аса жоғары бағалайды. Туа біткен қасиетіне жүре біткен сапасын тоғыстырған елін сүйген азамат ретіндегі болмысы қандай құрметке болса да лайық. Жақсының жақсысын айтып, нұрын тасытатын халқымыз бұл орайда жаңылған жоқ. Ақ киізге көтеріп сайлаған Тұңғыш Президентіне сол күнді мәңгі есте қалдыру мақсатында желтоқсанның алғашқы күнін мереке етіп берді.

Азаматтық ұстанымы жоғары, өз келешегіне бейжай қарамайтын барша отандастарымызға осы орайда ризашылығымызды білдіреміз. Сондай-ақ, халықтың бастамасын белсенді, әрі жан-жақты қолдаған Парламент депутаттарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Барша қазақстандықтарды алғаш тойланып отырған Тұңғыш Президент күнімен және алда келе жатырған Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, егемен еліміздің гүлденуі мен тұрақтылығы жолындағы қызметтерінде табыстан табысқа жете берулеріне тілек білдіргіміз келеді.
<!--QuoteEnd-->

0 дауыс
Қазіргі таңда елдігі аскактап,татулығы жарасқан елбердің бірі Қазақстан.Шынында да,қазакстанды қазіргі таңда 100-ден астам ел мойындады.Қазақстан мәданиет,рухани тұрғыдан да өте бай.Осындай дәрежеге жеткен тәуелсіз елдің туын көтерген тұрлаулы тұлғалардың бірі-Н.Ә.Назарбаев
...